- •Батыс Қазақстан медициналық колледжі
- •Психиатрия
- •Психиатрия пәні және даму тарихы туралы түсінік
- •Жалпы психиатрия
- •Психиатриялық көмекті ұйымдастыру
- •Жалпы психопатология
- •І.Танып-білу жүйесінің бұзылуы.
- •Ойлаудың бұзылуы (мышление)
- •Ес және оның бұзылуы
- •Зейінннің (назар) бұзылуы
- •Іі. Сезімнің бұзылуы (эмоция)
- •Ііі. Қозғалыс-жігердің (поведенческая сфера) бұзылуы
- •Жігердің бұзылуына:
- •Жыныстық инстинктің бұзылуы
- •Іv. Сананың бұзылуы.
- •Психопатологиялық синдромдар.
- •Сандырақ синдромдары (бред)
- •Эмоциялық синдромдар.
- •Апатиялық синдром.
- •Кататониялық синдромдар.
- •Корсаков синдромы (амнестикалық синдром).
- •Астениялық синдром.
- •Арнайы психиатрия.
- •Ішкі себептер.
- •Психикалық ауруларды зерттеу тәсілдері.
- •Қояншық
- •Дифференциалды диагноз қою.
- •Қояншықтың шығуы мен патогенезі
- •Бас сүйек пен ми зақымдануындағы психикалық бұзылулар
- •Маскүнемдік
- •Маскүнемдіктің шығу тегі мен патогенезі:
- •Маскүнемдік психоздар
- •Нашақорлық
- •Нашақорлық қайдан келген?
- •Есірткі заттардың қандай топтары бар?
- •Психикалық тәуелділік
- •Физикалық тәуелділік (ағзалардың тәуелділігі)
- •Тыныштандырғыш заттар Героин
- •Дәрі – дәрмекке әуестік
- •Қоздырғыш заттар (стимуляторы)
- •Амфетамин деген не?
- •Экстази
- •Кокаин (крэк)
- •Адамның ой-санасын өзгертетін немесе галлюцинация тудыратын заттар Кендір және оның түрлері. (Конопля)
- •Гашиш қолданушыларды қалай анықтауға болады?
- •Уқұмарлық (токсикомания)
- •Есiрткіні не себептен қолданады?
- •Шизофрения
- •Маниакальды - депрессивті психоз (циклофрения)
- •Қартайған кездегі психикалық аурулар (инволюциялық психоздар)
- •Психиатриялық ауруларға ауруханаға дейінгі жедел жәрдем көрсету стандарттары.
- •1. Жедел галлюцинаторлы - параноидты синдром:
- •6. Эпилептикалық статус.
- •Психогенді аурулар (невроздар және реактивті психоздар)
- •Невроздар.
- •Психопатия.
- •Олигофрения.
- •IV тарау.
- •V тарау
- •VI тарау
Жалпы психиатрия
Жоғарыда психиатрия ғылымы жалпы және жеке болып екіге бөлінетінін айтқан едік.
Жалпы психиатрия - психиатриялық ауруларға тән жекеленген белгілер мен синдромдарды немесе осы белгілердің тіркескен заңдылығын зерттеу және танып-білу (познавательная сфера), эмоция, қозғалыс-жігер (поведенческая сфера), сана сияқты психикалық қызметтердің бұзылуын тексереді.
Ал, жеке психиатрия: психиатриялық нақты ауруларды, оларды тауып, және емдеуді зерттейтін бөлім.
Тұлға
Адамның дене құрылысын біз анатомия, физиология т.с.с. ғылымдар арқылы білеміз. Медицина қызметкерлері үшін адам тәнінің құрылысын ғана білу аз, жан дүниесінің де құрылысын білу қажет. Оқытуға оңай болу үшін адам жан дүниесін 4 бөліктен тұрады деп алайық:
бірінші - танып-білу (познавательная сфера),
екінші - сезім (эмоция),
үшінші -қозғалыс-жігер (поведенческая сфера),
төртіншісі - сана.
Қысқаша: ТБ+С+ҚЖ+С деп танып-білу,сезім, қозғалыс-жігер, сана сөздерінің бас әріптерін алсақ тұлғаның формуласы (личность) мынандай болады:
Т=ТБ+С+ҚЖ+С.
Танып-білу жүйесі арқылы біз қоршаған ортаны танимыз, түсінеміз, қабылдаймыз, ойлаймыз, еске сақтаймыз, назар саламыз (зейін), елестетеміз.
а) Қабылдау дегеніміз - айналада болып жатқан объективтік құбылыстарды сезу ағзалары арқылы қабылдап алу. Оған көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және тері арқылы сезу қабілеті жатады. Қабылдаудың 80-90 пайызы көру ағзасы арқылы болса,қалған 10-20 пайызы басқа дене мүшелерінің үлесінде.
б) Ойлау - сезім мүшелері арқылы келетін әсерлерді өңдеудің және алынған мәліметтерді талдаудың арқасында пайда болатын түйсік. Қортындылау. Басқаша айтқанда ойлау дегеніміз - адамның миында заттар мен құбылыстардың бір-бірімен байланыс жағдайындағы жалпылама бейнеленуі.Ойлаудың бұзылуы ауру адамның сөйлегенінен білінеді.
в) Ес, еске сақтау дегеніміз - құбылыстарды еске сақтау және
еске түсіру қабілеті. Көп рет қайталанған құбылыстар есте ұзаққа қалады. Есі жақсы адам көп біледі интеллектік деңгейі жоғары болады. Ақылы кем адамдардың механикалық есі, кейбір олигофрендердің музыкалық есі жақсы болуы мүмкін. Ес назармен тығыз байланысты.
г) Назар (зейін) дегеніміз - психиканың бір нәрсеге
бағытталуы, объектіге көңіл қою. Аса назар аударылған нәрсе есте сақталып қалады. Есіне көп нәрселерді сақтап қалған адамдардың интеллекті жоғары болып келеді. Сондықтан ес пен интеллектінің алдын алатын назардың (зейін қою) адам өмірінде алатын орны өте жоғары.
Назар - ерікті, еріксіз болып бөлінеді. Егер бір нәрсені есте сақтау үшін адам өзін-өзі зорлап зейін қойса алдағы уақытта алғашқыда қиын көрінген нәрсе үйреншікті жұмысқа айналады,бұл еріксіз назар.
Назардың бұзылуы - алаңғасарлық және бір бағыттылық.
Біріншісінде - адам жеңіл бір нәрседен екінші нәрсеге ауытқи береді, екіншісінде - зейінін қадалған жерінен аудару қиынға соғады.
д) Елестету - ойша елестету немесе көз алдына келтіру. Адам өзінің өткен өмірін,болашақ өмірін немесе әр түрлі нәрселерді көрмесе де, көз алдына елестете алады. «Кілт» деген сөз арқылы оның формасын,неден жасалғанын айтып бере алады.
Сезім (эмоция). Өмірде кездесетін әр түрлі құбылыстарды адам сезіммен қабылдайды. Оған өзінің қарым-қатынасын іс-қимылы арқылы білдіреді. Эмоция - төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы болып екіге бөлінеді.
Төменгісі - адамның күнделікті органикалық қажеттілігіне байланысты (ашығу,шөлдеу).
Жоғары эмоция - жанұя, отан алдындағы борыш, эстетикалық қажеттілік. Эмоция адамның ішкі жай-күйімен қоршаған ортасына байланысты. Жақсы жаңалық қуантса,жаман хабар адамды күйзелтеді. Қарны ашса, туысқандарын сағынса, сүйгенін сағынса жабырқайды,көрсе қуанады.
3. Қозғалыс -жігер (поведенческая сфера) немесе іс-әрекет дегеніміз-адамның тек қана қабылдап қана қоймай өзінің ойлағандарын іс-әрекетке ауыстыруы, ол оның жүріс-тұрысынан белгілі болады. Әрбір іс-әрекеттің өзінің белгілі себептері болады.
И.М. Сеченовтың еңбегінде қозғалыс еріксіз истинкт,және ерікті болып екіге бөлінеді.
Шартсыз рефлекске байланысты қозғалыстар (ауырғанда, күйгенде қолды тартып алу, жүру, жазу, мимика) еріксіз қозғалысқа жатса,
ерікті қозғалыс ми қыртысының талдау-синтездік қызметінің қортындысы. Әр нәрсені ойлап барып істеу.
Истинкт - жыныстық, тағамдық өзін-өзі сақтау және аналық инстинкті болып төрт топқа бөлінеді.
4. Сана (сознание) - адамның қоршаған ортадағы шындықты бейнелеуінің ең жоғарғы түрі. Адамзатты жан-жануарлардан ажырататын қоғамдық еңбегінің жемісі, нәтижесі. Жеке психикалық процесс.
Тұлға туралы көзқарасымызды одан әрі жалғастырсақ, тұлға тек қана танып білу, сезім, қимыл-жігер және санадан ғана тұрмайтынын білеміз , бұларға қосымша:
Темперамент – туа бітетін қасиет, өмір бойы егер бастың қатты жарақаты болмаса, қатты уланбаса өзгеріссіз қалатын құзыреттілік. И.П.Павловтың еңбектерінде темперамент:
-сангвиниктік (күшті, ұстамды, пысық);
-флегматиктік (күшті, ұстамды бірақ ынтасыз, жігерсіз)
-холериктік (күшті, ұстамсыз және ұшқалақ);
-меланхоликтік (әлсіз, ұстамсыз және шалағай, жасық) болып төртке бөлініп көрсетілген.
Мінез – белгілі бір адамға ғана тән қасиет (характер).
Тұлғаның басқа адамдарға, қоғамға деген көзқарасы, қарым-қатынасын білдіреді. Өмір өткелдерінде өзгеріске ұшырап отыратын, тәрбие мен үйретуге байланысты, өскен ортасына қарай қалыптасатын құлық.
Мақсат – адамның алдына қойған ақ тілегі. Осындай болсам, осыған жетсем деген арман, болмаса да ұқсап бағу, біреудің ойында баю болса, біреулер оқып, білуге құмар.
Осы тұлғаға тән қасиеттерге адамды қоршаған ортаның зиянды әрекеттерінен (стресс) қорғайтын қасиетін психикалық қорғау жүйесін қоссақ, тұлға дегеніміз – танып-білу, сезім, қозғалыс-жігер, сана, темперамент, мінез, мақсат, психикалық қорғау жүйесі болады немесе қысқаша:
Тұлға=ТБ.С.ҚЖ.С+ТММ+ПҚЖ.
Денсаулық дегеніміз – тән менен жанның,әлеуметтік өмірдің тепе теңдігі.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымдастығының дерегі бойынша психикалық денсаулық дегеніміз:
тән мен жанның тұтастығының бұзылмауы, тұрақтылығы;
өзіне-өзі сын көзбен қарай алуы;
өмірде кездесетін неше түрлі қиындықтарға
психикалық қорғаныс жүйесінің төтеп бере алуы;
қоғамға, өскен ортаға, әлеуметтік жағдайдағы заң,
тәртіпке сай бола білу;
алға қойған мақсатқа жете білу.
Осы жоғарыда көрсетілген дені сау тұлғаларға тән қасиеттері бар адамдарды, азаматтарды қоғамда психикалық ауру деп табу – заңды бұзу болып табылады. Психикалық ауруларды тек арнайы білімі бар дәрігерлер ғана анықтап, ем қолдана алады.
1994 жылы психиатрлардың кәсіби этикалық Кодексі қабылданып, онда негізгі этикалық қалып, ережелер қабылданды:
автономиялық принцип – тұлғаны сыйлау, оның тәуелсіздігіне, таңдаған жолына араласпау.
залал келтірмеу принципі – арнайы тіке және басқа біреулер арқылы ауруға кесел келтірмеу.
қамқорлық принципі – әрқашан аурудың мүддесін қорғау.
әділеттілік принципі – дәрі-дәрмектерді ауруларға алаламай бөлу, тең бөлу.
Медицина қызметкерлері әрқашанда ашық, шыншыл, аурулардың жеке өміріне араласпай, олар туралы белгілі болған жәйттерді басқаларға айтпай емдеуге міндетті. Оқушылармен тәжірибе жұмыстарын өткізгенде ауруларды өздерінің еркінсіз оқу процесіне пайдалануға болмайды.
