Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Психиатрия.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
408.58 Кб
Скачать

Дифференциалды диагноз қою.

Балаларда қояншыққа тән реакциялар болады. Олар көбіне әртүрлі әсерлерде (ыстығы көтерілгенде) кездеседі. Кейін бұл жағдай қайталанбауы мүмкін. Бірақ 10 пайыз балалардың анамнезі бойынша бұл реакциялар келешекте қояншыққа ауысады. Мұндай қояншықтар туған кезде зақымданған, менингоэнцефалиті бар (мидың органикалық кемістігі) балаларда жиі дамиды.

Қояншықтық реакция, қояншық тәрізді синдром және қояншық ауруының арасында айқын шекара жоқ. Бір түрі екіншісіне ауысып отыруы мүмкін. Әрбір ұстамалы тырысу шыққан тегіне қарамай келесі ұстамалы тырысуларға жол ашады.

Қояншықтық ұстаманы истериялық ұстамадан ажырата білу үшін истерияның психикалық зақымданудан кейін болатынын, кез келген жерге құлап зақымданбайтынын білу қажет. Аура, тоникалық, клоникалық, ұйқы кезеңдері қайталанбайды және истерия ұзаққа (1 сағат) созылады. Ақыл айтып, ұрсып тоқтатуға, тежеуге болады.

Қояншықтықта ұстама 2 минут, әрі кеткенде 6 минуттан аспайды және ауру ұстамадан кейін өзімен не болғанын білмейді. (амнезия)

Қояншықтың шығуы мен патогенезі

Шығу тегі туралы әңгіме қозғағанда құрсақта не өмірдің алғашқы кездерінде болған инфекциялық аурулар мен уланудың маңызды екенін ескеру қажет. Туған кездегі мидың зақымдануы да үлкен роль атқарады. Нағыз және генді қояншық ауруының шығуына тұқым қуалаушылық факторы зор әсер етеді. Аурулардың отбасы мүшелерінің 60 пайызының электроэнцефалограммасында (ЭЭГ) қояншыққа тән өзгерістер кездеседі.

Аурудың шығу тегі көп себепті болғанымен патогенезі біреу-ақ. Ол – зат алмасудың, яғни белок, май, көмірсу, судың организмде ауысуының бұзылуының салдары.

Емдеу.

Ауруды ұзақ уақыт және үнемі, күрделі және әр адамның ағза ерекшеліктерін ескере отырып, емдеу керек. Аурудың ұстамасының аяқталуы, емдеу біткенін көрсетпейді, әрі қарай 3-5 жылдай емдеп, ЭЭГ арқылы бақылап отыру қажет.

Ауру көпшілік дем алатын орындарда, көлікте, үйінде т.б. жерлерде құрысып құлауы мүмкін.

Алғашқы көмек айналадағы қоршаған адамдарды тыныштандырып, аурудың әрі қарай жарақат алмауына бағытталуы керек.

Дереу аурудың сырт киімдерінің түймелерін босатып, басын, аяқ-қолдарын еденге, жарға соқтырмайтын амалдар жасалынады.

Тілін тістеп тастамауы үшін аузына (тістерінің арасына) шпатель немесе қолда бар тісті бүлдірмейтін заттар (ағаш қасық, карындаш) қыстырылады.

Егер ұстама қайталана берсе ауруды жақын жердегі емхана немесе ауруханаға алып барған жөн.

Ауруханадағы құрысуға қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады.

Адамның жасына қарай фенобарбитал (люминал) пайдаланылады. Тәуліктік мөлшері 0,05-тен 0,15-0,3 ге дейін. Қояншыққа қарсы арнайы қосындының құрамына 0,02-0,05 г фенобарбитал, 0,05-0,2 г бромурал, 0,02-0,3 г папаверин, 0,015 г кофеин, 0,25-0,5 г кальций глюконаты кіреді. Дәрігердің ұсынуымен тегретол, финлепсин, бензонал, гексамедин, дефинин дәрілері жас мөлшеріне, жынысына қарап, аурудың қабылдауы-қабылдамауына (побочные действия) байланысты ұзақ мерзімге тағайындалады. Егер ауру әртүрлі себептермен 1-2 күнге үзіліс жасаса ұстама қайталанып, аурудың жағдайы бұрынғы күйіне түседі.

Ұзақ қолданғанда болатын бас айналу, тәлтіректеп жүру, ұйқышылық сияқты қосымша белгілерді дәрінің мөлшерін азайту арқылы жоюға болады. Тамақ ішу ережесін, дем алу және еңбек ету мерзімдерін дұрыс сақтау, витаминдер, глютамин қышқылын алу аурудың жағдайын жақсартады.

Қояншық статусында (ұстамалының жиілеуі) 2-4 мл 0,5 пайыз седуксенді физиологиялық ерітіндімен бірге тамырға жібереді. Магнезийдің күкірт қышқылын 5-10 мл 25% түрінде бұлшық етке немесе тамырға жіберген дұрыс. Клизмамен 3,0 г хлоралгидрат жасалады. Құрысу тоқтамаған жағдайда 1,0 г гексеналды бұлшық етке егеді.

Ауруды күту кезінде медицина қызметкерлері олардың ашушаң, жылауық, өте ұқыпты, ызақор және дәрменсіз екенін естен шығармай төзімді болуы керек. Қояншық ауруы бар адамдар көлік жүргізуге, от пен судың қасында, биікте және қозғалатын механизмдермен жұмыс істеуге жіберілмейді. Ал егер жеке басы аз өзгерсе, тырысуы сирек болса ол өзінің үйреншікті жұмысын атқара алады. Ұстамасы жиі-жиі қайталанып, әрі ақыл кемістігі болса, ІІ немесе І топ мүгедектігі беріледі.

Бұл аурулар қылмыс жасаса, ұстамасы жиі әрі ақылы кем адамдар психикалық ауруханаға, ал сирек ұстайтындар сот арқылы жауапқа тартылады.