Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Психиатрия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
408.58 Кб
Скачать

Ес және оның бұзылуы

Ес дегеніміз – құбылыстарды есте қалдыру, сақтау және еске түсіру. Адамның көргенінің, естігенінің көбі есте қалмайды. Көп рет қайталанған құбылыстар есте қалады. Ұмыту шартты рефлекстік байланыстардың өтуімен байланысты. Қайталау, жаттығу материалдарды есте сақтап қалуға көмектеседі. Еске сақтау қабілеті жақсы адам көп біледі, интеллекті жоғары болады.

Естің бұзылуы

  • гипомнезия – қартаюына байланысты естің нашарлауы,

  • гипермнезия – жұқпалы аурулармен, желікпемен ауырғанда кездесетін еске сақтаудың жоғарлауы, парамнезия – естің алдануы (конфабуляция) болып үшке бөлінеді.

Конфабуляция бұл өмірдің ұмытылған кезеңдерінің орнын ойдан шығарып толтыру. Ұзақ уақыт ауруханадан шықпаған ауру: «мен кеше ауылға барып бала-шағаларыммен болдым, қонақта болдым немесе айға барып, жұлдызға барып демалып келдім, әйел алдым, концерт қойып келдім» деген сияқты әңгімелерді айтады және соған өздері сенеді.

Зейінннің (назар) бұзылуы

Зейін (внимание) психиканың белгілі бір объектіге

бағытталуы, зейін қою. Ол еспен тығыз байланысты.

Ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді.

Ерікті зейін – қалыпты жағдайдағы үйреншікті әдет. Еріксіз зейін – зорлап көңіл қою, жаттап алуға тырысу. Зейіннің бұзылуын екіге бөледі:

алаңғасарлық – зейіннің оңай бір нәрседен екіншіге ауысуы;

бірбағыттылық (қасару) – бір объектіден екіншісіне қиналып ауысу.

Іі. Сезімнің бұзылуы (эмоция)

Сезім бұзылғанда депрессия (гипотимия) жиі кездеседі.

Адамның көңіл-күйі төмендеп қайғылы, мұңды болады. Зарығудың ауыр түрінде ауру өзін-өзі өлтіруге дейін барады (суицидальдық ойлар). Депрессиямен ауырған аурулардың бет пішіні қайғылы, салы суға кеткендей болып жүреді.

Эйфория – көңіл-күйдің патологиялық жоғарлауы. Адам өзін-өзі жоғары санап, денсаулығын мықты сезініп, өзін шыдамды, күшті деп есептейді. Қоршаған орта жақсы болып көрінеді. Ойлары жылдам өтеді. Үнемі қуаныш сезімінде жүреді.

Аффект – адам өзін-өзі ұстай алмайтын қысқа мерзімді сезімнің кілт бұзылуы. Пантомимикалық және вегетативтік өзгерістер қатар кездесетін жағдай. Бұл жағдайларда адам өзіне-өзі есеп бере алмайды. Патологиялық аффектінің айырмашылық белгісі – сананың түнеруі және болған оқиғаның естен толық шығуы.

Физиолгиялық аффект кезінде (ұрсысқанда, өте жаман хабар алғанда) сана өзгермейді, амнезия болмайды.

Дисфория – зарығу, ашыну, кею жағдайындағы наразылық білдіру. Маниакальді адамның көңіл-күйі көтеріңкі бола тұрып сәл нәрсеге ренжуі, ашу шақыруы мүмкін. Қояншыққа, ми атеросклерозына және мидың басқа да органикалық ауруларына тән белгі.

Эмоциональдық селсоқтықта (апатия) сезім мүлдем

жоғалады. Шизофренияда, ми ісігінде жиі кездеседі.

Ііі. Қозғалыс-жігердің (поведенческая сфера) бұзылуы

Психиатрия тәжірибесінде ерікті қозғалыстардың бұзылуына көңіл аударылады. Бұзылудың айқын көрінісі ретінде ауру адамдардың қозуы кездеседі.

Қозудың түрлері: психопаттық, маниакальді, кататоникалық, геберфрениялық болып бөлінеді.

Қозуға қарама-қарсы қозғалыс бұзылуы

- ступор жағдайы болып есептелінеді. Кататониялық ступор кезінде қозғалыс тоқтатылып, ауру бір қалыпта қатып қалады.

Психогендік ступор – қатты психикалық зақымданғанда болады.

Мидың маңдай бөлімі зақымданғанда ықылассыз, босаң, адинамиялық белгілері бар апатико-адинамикалық ступор кездеседі. Ерікті қозғалыстардың бұзылуының белгісі ретінде әрбір әрекетті қайталайтын стеротиптік ыңғайсыз жағдайда бір қалыпты тұрып қалатын балауыз иілгіштік каталепсия (восковая гибкость),

  • әрбір сыртқы әрекетке қарсыласатын – негативизм,

  • біреудің сөзін және әрекетін қайталайтын-эхолалия, эхопраксия

  • мүлде үндемейтін – мутизм кездеседі.