- •Батыс Қазақстан медициналық колледжі
- •Психиатрия
- •Психиатрия пәні және даму тарихы туралы түсінік
- •Жалпы психиатрия
- •Психиатриялық көмекті ұйымдастыру
- •Жалпы психопатология
- •І.Танып-білу жүйесінің бұзылуы.
- •Ойлаудың бұзылуы (мышление)
- •Ес және оның бұзылуы
- •Зейінннің (назар) бұзылуы
- •Іі. Сезімнің бұзылуы (эмоция)
- •Ііі. Қозғалыс-жігердің (поведенческая сфера) бұзылуы
- •Жігердің бұзылуына:
- •Жыныстық инстинктің бұзылуы
- •Іv. Сананың бұзылуы.
- •Психопатологиялық синдромдар.
- •Сандырақ синдромдары (бред)
- •Эмоциялық синдромдар.
- •Апатиялық синдром.
- •Кататониялық синдромдар.
- •Корсаков синдромы (амнестикалық синдром).
- •Астениялық синдром.
- •Арнайы психиатрия.
- •Ішкі себептер.
- •Психикалық ауруларды зерттеу тәсілдері.
- •Қояншық
- •Дифференциалды диагноз қою.
- •Қояншықтың шығуы мен патогенезі
- •Бас сүйек пен ми зақымдануындағы психикалық бұзылулар
- •Маскүнемдік
- •Маскүнемдіктің шығу тегі мен патогенезі:
- •Маскүнемдік психоздар
- •Нашақорлық
- •Нашақорлық қайдан келген?
- •Есірткі заттардың қандай топтары бар?
- •Психикалық тәуелділік
- •Физикалық тәуелділік (ағзалардың тәуелділігі)
- •Тыныштандырғыш заттар Героин
- •Дәрі – дәрмекке әуестік
- •Қоздырғыш заттар (стимуляторы)
- •Амфетамин деген не?
- •Экстази
- •Кокаин (крэк)
- •Адамның ой-санасын өзгертетін немесе галлюцинация тудыратын заттар Кендір және оның түрлері. (Конопля)
- •Гашиш қолданушыларды қалай анықтауға болады?
- •Уқұмарлық (токсикомания)
- •Есiрткіні не себептен қолданады?
- •Шизофрения
- •Маниакальды - депрессивті психоз (циклофрения)
- •Қартайған кездегі психикалық аурулар (инволюциялық психоздар)
- •Психиатриялық ауруларға ауруханаға дейінгі жедел жәрдем көрсету стандарттары.
- •1. Жедел галлюцинаторлы - параноидты синдром:
- •6. Эпилептикалық статус.
- •Психогенді аурулар (невроздар және реактивті психоздар)
- •Невроздар.
- •Психопатия.
- •Олигофрения.
- •IV тарау.
- •V тарау
- •VI тарау
Маскүнемдіктің шығу тегі мен патогенезі:
Аурудың дамуына үш бірдей себеп бар деп есептеледі. Олар – әлеуметтік, психологиялық және тұқым қуалаушылық. Ми – бассүйек зақымданған адамдарда да маскүнемдік жылдам дамитыны белгілі.
Ата-анасы маскүнем балаларда «нәрестенің алкогольді белгісі» деген атпен эмбриопатия белгілері кездеседі. Балаларда жоғары психомоторлық қозу болып, физикалық, психикалық дамуы баяулап, дисморфоз белгілері орын алады.
Емдеу.
Маскүнемдікті емдеу, аурулардың өздерін маскүнем деп есептемеуіне байланысты өте қиын. Өз еріктерімен келмеулеріне байланысты Қазақстанда еріксіз емдеу мекемелері ашылған. Емдеу және реабилитациялау көмегі ауруханалармен,наркологиялық диспансерлерде, психиатриялық ауруханалардың наркологиялық бөлімшелерінде,наркокабинеттерде,анонимдік кабинеттерде өткізіледі.
Ауруханада емдеу кезінде алдымен 5-10 күн усыздандыру емін өткізіп, одан соң 40-45 күн ішінде шартты рефлекс және сенсибилизациялау сияқты арнайы емдеу тәсілдері қолданылады. Емдеудің арнайы тәсілдерін қолданбастан бұрын мұқият түрде соматикалық зерттеулер өткізу қажет.
Шартты рефлекстік ем – апоморфиннің, эметиннің және басқа құстыратын қосындылардың арқасында алкогольге деген тұрақты жүрек айныту – құстыратын реакция. 25-30 күннің ішінде сенсабилизациялық емдеуде тетурам, циамид, метранидазол, фуразолидон, никотин қышқылы қолданылады.
Емдеу кезінде психотерапия мен еңбек терапиясы міндетті түрде қолданылуы керек. Есепке алынғаннан кейін 5 жыл бойы диспансерлік емдеу және емханалық бақылау жүргізіледі. Аурудың алдын алу үшін жалпы мемлекеттік, қоғамдық, әкімшіліктік, заң және медико-гигиеналық шаралар қолданылуы керек. Үгіт-насихат жұмысы кең түрде мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, мекемелерде жүргізілуі қажет.
Маскүнемдік психоздар
Маскүнемдіктің 2-ші және 3-ші кезеңдерінде дамиды. Елесті ауру (белая горячка, делирий) көп мезгіл салынып ішуден кейін бірнеше сағаттан соң немесе 1-2 күннен соң дамиды. Психикалық бұзылу делириозды сананың бұзылуы ретінде білінеді.
Қорқынышты көру елестеушілігі болады. Ауру адам қайда екенін, уақыттың қанша болғанын, айналадағылардың кім екенін білмейді.
Есту және жанасу елестеушіліктері де кездеседі. Олар қияли түрде жануарларды, шыбын-шіркейді, тышқан, жылан, шайтандарды көріп, естіп, өздеріне қауіп туғызатын адамдардан, аңдардан қашып жүріп айналадағы адамдарға, өздеріне қарсы әрекеттер жасайды. Айқын психомоторлы қозу, жекеленген сандырақ ойлар келіп, жүріс-тұрысы ауруына сай болады.
Делирий 1-2 сағат немесе 1-2 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Психоздан кейін болған жағдайлар жартылай есінде қалады. Соматикалық бұзылулар жүрек, қан тамырлары өзгерісіне, тахикардияға, қан қысымының өзгерісі, бауыр аурулары, дене қызуы көтерілуі арқылы байқалады.
Егер елесті ауруда көбіне көру емес, есту елестеушілігі басым болса онда ол жағдайды – галлюциноз деп атайды. Аурудың санасы бұзылмайды, өзін ұрсатын, сынайтын немесе бұйыратын дауыстар естіп, оладан құтыла алмай қиналады. Кейде осы дауыстарға үйреніп, сөйлесіп отыратын да кездер болады.
Маскүнемдік параноид екі түрде кездеседі:
Біріншісі – ізге түсу, улау сияқты әсер ету сандырақтары аурудың үрейленуі, қашуы, тығылуы арқылы білінеді.
Екіншісі – қызғану сандырағы ретінде қалыптасады, яғни ауру әйелін (күйеуін) жөнсіз көршілерінен, тумаларынан, кездейсоқ танымайтын адамдардан қызғана бастайды. Қызғанып, адам өлтіруге дейін баруы мүмкін.
Корсаков психозы ауруды алғашқы жазған дәрігердің атымен аталған бұл ауру ішімдікті салынып ішетін 50 жастан асқан адамдарда кездеседі.
Есі қатты бұзылғандықтан ауруда фиксациялық амнезия дамиды, яғни ол қазіргі болып жатқан оқиғаларды есінде сақтамай, бұрынғы өткен оқиғаларды қазіргідей қылып айтады. Мысалы, ауруханада жатып, «мен кеше самолетпен Мәскеуге бардым, халықаралық көрмеде болдым» деп өмірінде бұдан 20-30 жыл бұрын болған жағдайды айтады. Ауру ұзаққа созылады, жазылмайды.
Емдеу.
Әуелі усыздандыру емдері қолданылады, тамырға глюкоза, физиологиялық ерітінді, гемодез жасалады.
Жүрек, қан тамырларына әсер еткіш дәрілер мен нейролептиктерден тәулігіне 5-15 мг галоперидол 2-3 рет немесе тизерцин 50-75 мг жіберіледі., 0,5% седуксен ерітіндісін 2-6 мл тамырға жіберген дұрыс.
Елесті аурудың қай түрінде де аурулар тек ауруханада емделуі қажет. Маскүнемдік психоз жағдайында қоғамға қарсы қауіпті әрекет жасаған ауру адамдар қабілетсіз болып саналады (невменяемый).
