- •5В050300 – «Психология» мамандығы студенттеріне арналған
- •Пәннің бағдарламасы Семей 2015
- •Мазмұны.
- •2. Жалпы мәліметтер.
- •3. Пәннің мақсаты мен міндеті
- •4. Глоссарий
- •5. Курс форматы
- •6. Курс саясаты
- •7. Дәріс сабақтары
- •2.Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері мен үғымдары
- •2.Арнайы білім берудің мақсат міндеттері
- •2.Қазіргі арнайы педагогиканың құрылысы мен пәндік салалары
- •1.4 Психикалық дамуы тежелген, тірек- қимыл аппараты және есту қабілеті бұзылған балаларды түзете отырып дамыту жұмыстарының ерекшеліктері
- •1.5 Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған тренинг жаттығулар Тірек- қимыл аппарты бұзылған балаларға арналған психологиялық тренингтер
- •Есту қабілеті ауытқыған балаларға арналған тренинг жаттығулар
- •1.6 Дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалардың танымдық процестерін дамытуға арналған ойындар
- •1.7 Бекітуге арналған сұрақтары:
- •1.8 Коррекциялық педагогика пәні мен міндеттері тақырыбы бойынша Тест
- •Пайдаланылған әдебитеттер:
- •Мектепке дейінгі педагогикалық коррекция
- •2.1 Баланың мінез-құлқындағы агрессивтіліктің себебі және одан арылу жолдары
- •Жанұя тәрбиесінің кейбір кемшіліктерінің коррекциясы
- •2.3 Мектепке дейінгі жастағы балалармен әңгімелесу сұрақтары
- •2.4 Мектепке дейінгі балаларға арналған ойындар
- •Бекітуге арналған сұрақтар:
- •Мектепке дейінгі педагогикалық коррекция тақырыбы бойынша Тест
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Мария Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі
- •М. Монтессоридің концепциясының мазмұны
- •3.2 Балалар іс-әрекетіндегі қабылдау мүшелерін дамыту
- •3.3 М.Монтессори жасаған жүйе бойынша балаларды оқуға және жазуға үйрету
- •3.4 Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тренингтер
- •Бекітуге арналған сұрақтар:
- •Мария Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі тақырыбы бойынша Тест
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция
- •4.1 Балалардың мектепке даярлығы
- •4.2 Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар
- •«Танысу»
- •Бастауыш сынып оқушыларындағы педагогикалық тәрбиеден босаңсуды психологиялық-педагогикалық коррекциялау жүйесі
- •4.3 Бастауыш сынып оқушыларында қорқыныш пен үрейдің көрініс беруі.
- •4.4 Оқушылардың педагогикалық тәрбиеден босаңсуының алдын алу
- •4.5 Коррекциялық бағдарлама үлгісі
- •Міндеттері:
- •Коррекциялық топқа іріктеу критерилері.
- •Қоршағандарға тәуелділікті коррекциялау.
- •Есті дамыту.
- •Зейінін дамыту.
- •Өшпенділікті басу.
- •Бағдарламаның тиімділік критерилері.
- •4.6 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар
- •2. «Керісіншелер елі».
- •3. «Ормандағы ағаштар» ойыны.
- •4. "Ондай болуы мүмкін емес"
- •5. "Егер осылай болса..."
- •6. "Сиқырлы қалам"
- •Бекітуге арналған сұрақтар
- •4.8 Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция тақырыбы бойынша тест
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Сабақ барысы
- •«Біз және біздің сынып»
- •5.6 Бекітуге арналған сұрақтар:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •6.1 Педагогикалық қолдау – объективті шындық ретінде
- •6.2 Жеткіншектердің мінез-құлқының кері жақтары
- •6.3 Жеткіншектердің адекватты емес мінез-құлқының алдын алу мен түзету
- •6.4 Жеткіншекті қайта тәрбиелеу ерекшелігі
- •Жеткіншектердің қауіпті әрекеттері
- •Үйреншікті әдет иірімі
- •Темекі түтінінің құрамы қандай
- •6.6 Жасөспірімдердің топтағы қарым-қатынасын қалыптастыруға арналған тренингтер
- •6.7 Жеткіншектерге арналған сабақ жоспарының үлгісі
- •3. Міндеттері:
- •7. Ми шабуыл Ассоциоция ойыны
- •6.8 Бекітуге арналған сұрақтар:
- •6.9 Жасөспірім және жеткіншек жастағы тәрбиелеу мен оқыту мәселелері тақырыбы бойынша Тест
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Ақыл-ой кемістігі бар балаларды үйрету
- •7.1 Шет елдердегі хх ғасырдың ортасына дейінгі ақыл-ой кемістігінің көрінуіне байланысты әдістерлің өңделуі.
- •7.2 Шетелдегі ақыл-ойы кем балаларды зерттеудің заманауи жағдайы
- •7.3 Ақыл-ой дамуында артта қалған балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама.
- •7.4 Ақыл-ой кемістігі бар балаларға жүргізілетін коррекциялық жұмыс.
- •7.5 Мүмкіндігі шектеулі, ақыл-ойы кем оқушылардың танымдық қызығулығын ойын арқылы арттыру.
- •7.6 Үйден оқытылатын психикалық дамуы тежелген балалардың сауаттылығын арттыру
- •7.7 Ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігі төмен оқушылармен тренинг сабақ
- •7.8 Бекітуге арналған сұрақтар
- •7.9 Ақыл-ой кемістігі бар балаларды үйрету тақырыбы бойынша Тест
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •8.7 Бекітуге арналған сұрақтар
- •8.8 Қиын балаларды тәрбиелеудегі дәстүрлі емес әдістер тақырыбы бойынша тест
- •8.1 Қиын балаларға жалпы сипаттама
- •8.2 Қиын балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері.
- •8.3 «Гайденс» эксперименті.
- •8.4 Қиын балалардың мінез-құлқын түзертудің мәселелері
- •8.5 Жасөспірімдердің сыныптастарымен қарым-қатынасын жақсартуға арналған тренингтер
- •8.7 Бекітуге арналған сұрақтар:
- •8.8 Қиын балаларды тәрбиелеудегі дәстүрлі емес әдістер тақырыбы бойынша Тест.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1 Бөлім. Арнайы педагогиканың тарихы
- •2 Бөлім. Арнайы педагогиканың ғылыми-теориялық негіздері
- •3 Бөлім . Арнайы білім берудің педагогикалық жүйелері
- •25. Специальная педагогика / Под ред. Н.М.Назаровой. - в 3 т. - м.: Академия, 2008.
- •11.Қорытынды бақылау сұрақтары
- •1.7 Бекітуге арналған сұрақтары:
- •Арнайы педагогика және түзету психологисы бойынша Тест
- •12. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бағалау жүйесі
7.8 Бекітуге арналған сұрақтар
Интеллектуалдық дамудың көрсеткіші сөйлеу жағдайына байланысты деп кім есептеген?
Ақыл-ой қабылдауының басты көрсеткіші адамның сенсорлық қызметінің жағдайы деп айтқан және алғаш тестілеуді жүргізген ағылшын биологы?
Т. Симон және А. Бине қандай тесттің нақты жүйесін құрды?
«Өлшемдік жартас» тестінің кемшілігі неде?
АҚШ-та ақыл-ойы кем балаларды іріктеуге арналған комиссия құрамына қандай мамандар кіреді?
7.9 Ақыл-ой кемістігі бар балаларды үйрету тақырыбы бойынша Тест
Психологиялық әдебиеттерде кездесетін М. Кеттелдің есімімен байланысты термин?
«интеллектуалдық тест»+
«жекелей тест»
«топық тест»
«сенсорлық тест»
«соматикалық тест»
Күрделі психологиялық үрдістерді анықтауға және бағалауға мүмкіндік беретін тесттік зерттеудің серияларын дайындаған неміс психологы?
А. Бине
М. Кеттел
Э. Крепелин+
Ф. Гальтон
Э. Сеген
«Өлшемдік жартас» тестінің алғашқы нұсқасы қай жылы шықты?
1805 жылы
1900 жылы
1910 жылы
1905 жылы+
1915 жылы
«Өлшемдік жартас» тестінің екінші нұсқасы қай жылы шықты?
1905 жылы
1907 жылы
1918 жылы
1923 жылы
1908 жылы+
«Өлшемдік жартас» тестінің екінші нұсқасы қандай жастағы балаларды зерттеуге арналған?
5 пен 7 жас аралығы
8 бен 16 жас аралығы
5 пен 13 жас аралығы
3 пен 13 жас аралығы+
1 мен 3 жас аралығы
Пайдаланылған әдебиеттер:
Под.ред. В.С. Кукушина. Коррекционная педагогика. Москва-Ростов-на-Дону. 2004
//«Мектептегі психология- Психология в школе» №10, 2011 қазан 18-23 беттер, - Муралинова Г.
//«Қызықты психология» №3, 2010 қаңтар 18-19 беттер
//«Мектептегі психология – Психология в школе» №2 (26), 2010, 34-36 беттер, - Пірназарова А.
//«Мектептегі психология - Психология в школе» №3 (21), 2009. 44-45 беттер, - Амандықова З.
13- дәріс. Тақырыбы: Жалпы және арнайы білім беру: интеграция және дифференциация. Инклюзивті білім беру. Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру. Арнайы педагогика және гуманистік білім беру жүйелері. (2 сағат)
Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз етиетін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады.
Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.
Инклюзивті оқыту- барлық кемтар балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді, барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Педагогика тарихында Европалық білім беру тәжірибесіне бірге оқыту феномені деген педагогикалық идеяны енгізген педагог И.Г.Песталоцци (1746-1827) болды. Көру, есту, зият кемістігі бар балаларды сау балалармен бірге оқыту идеясы XIX ғ. бірінші жартысында европалық мұғалімдердің ойын жайлаған идея болды (Франция, Германия, Австрия т.б.).
Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-нң Конвенциясында 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын. Инклюзивті білі беру мәселесі шкет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздернің білім беру саясатына осы бағдарламны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы ресми дерек Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді. Инклюзивті білім жүйесін дамыту: 2015 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардыжалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады,; 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін қөтергіш жабдықтар, пандустар,, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен арнайы парталар, арнайы үстелдер және басқа да компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады делінген. Сондай-ақ аталмыш бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып- тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалмақ. Бүгінгі таңда үйден оқып білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлі –жарымы компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Арнайы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың екі жұмыс істейтін міндеттің шешіміне байланысты:
Жаңа құралдарды қолдану қызметімен балаларды үйрету
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы дамуы және бұзылысын түзету мақсатында жаңа компьютерлік технологияны қолдану.
Оқытуда басқа құралдармен салыстыру бойынша компьютерлік технологиянының артықшылығы:
Жеке түзетумен оқыту мүмкіншілігі; білімді меңгеру тәсілімен тек қана оның теңдестік темпі үшін әр балалға қамтамасыз ету мүмкіншілігі;
Дербес өнімді қызметтер мүмкіншілігін ұсынуда;
Кепілденген жүйелік көмекті қамтамасыз ету;
Біздің елімізде инклюзивті білім идеясына қоғамның қатынасы әлі де болса төмендігі байқалады. Бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал,теледидар, радио) арқылы инклюзив идеясын халыққа жеткізу жеткілікті дамымаған десе де болады.Көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары мүмкіндігі шектеулі балалар кейпін «кемтар», «мүгедек», «әрдайым материалдық жәрдемді қажет ететін» қоғам мүшесі ретінде көрсетеді.Инклюзивті білім беру проблемасын жүйелі түрде шешу қажет , яғни тікелей немесе жанама қатысты барлық ішкі жүйені (білім беру, әлеуметтік, нормативті-құқықтық, экономикалық) мемлекеттік, аумақтық деңгейде келтіріп шешім қабылдау. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді-енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде, орта мектеп педагогтарының 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007 жылы 49 пайызы ғана қолдамаған. Яғни педагогтардың басым көпшілігі мұндай балаларды мектепке қабылдауға дайын болды. Ал ата-аналардың 79 пайызы түсінбей, «неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды. Бұл инклюзивтік білім берудің дамып жатқанын көрсетеді. Бірақ шешімін таппаған мәселелер көп. Орта білім беретін мектептерде педагогтарды дайындау, мектептердің ондай балаларды қабылдауға дайын болуы секілді мәселелер шешілу керек. Елімізде инклюзивті білімнің нашар дамуы «ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім бағдарламасында» сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп-қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап көрсетілді және 2 кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Республиканың мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесінде ерекше қажеттілікті балаларды оқыту мен тәрбиелеу қазіргі заманғы қазақстандық әлеуметтік экономикалық жағдайларды, ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Оның үстіне, инклюзивті оқыту мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде сезімтал бағдарлама мен кадрлық базамен қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асуы қажет, ал әдістемелер баланың ерекше мүмкіндіктері мен қабілетіне, сонымен қатар оның дамуындағы ерекше қиындықтар сипатына сәйкес болғаны жөн.
Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық-медицина-педагогикалық кеңестің қортындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік білім жалпы беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген.
Атап айтсақ мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі –еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.
Инклюзивті білім беру оқыту процессінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педогогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшілігінде ескерген жөн.Жалпы инклюзивті білім беру – мүміндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудін бір формасы. Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін : жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама-қайшы қоймай, қайта жақындатады.
Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті білім берудін мазмұны:Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:
* жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары:
* мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары
мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы
Мен педагогикалық практикадан өткенімде инклюзивті сыныппен жұмыс жасадым.Онда Диляра есімді инклюзивті білім алатын қыз бала болды.Сол сыныппен жұмыс жасау барысында инклюзивті білім беру керек екендігін түсіндім. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі екенін естен шығармау керек. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады.
Сөзімді қорыта келе айтатыным,
Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.
Қорыта айтқанда,қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім -барлығы үшін»деген ұстанымды қолдаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж
2. А. А. Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы, 2008 ж
3. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы
4. Дефектологиялық сөздік .
14- дәріс. Тақырыбы: Даму ауытқулары бар балаларды тәрбиелеп отыратын отбасыларды психологиялық зерделеу (2 сағат)
Жоспар:
8.1 Қиын балаларға жалпы сипаттама
8.2 Қиын балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері
8.3 «Гайденс» эксперименті
8.4 Қиын балалардың мінез-құлқын түзертудің мәселелері
8.5 Жасөспірімдердің сыныптастарымен қарым-қатынасын жақсартуға арналған тренингтер
8.6 Ата – аналар мен балалар арасындағы қарым – қатынасты жақсарту мақсатында қолданылатын ойындар
