- •5В050300 – «Психология» мамандығы студенттеріне арналған
- •Пәннің бағдарламасы Семей 2015
- •Мазмұны.
- •2. Жалпы мәліметтер.
- •3. Пәннің мақсаты мен міндеті
- •4. Глоссарий
- •5. Курс форматы
- •6. Курс саясаты
- •7. Дәріс сабақтары
- •2.Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері мен үғымдары
- •2.Арнайы білім берудің мақсат міндеттері
- •2.Қазіргі арнайы педагогиканың құрылысы мен пәндік салалары
- •1.4 Психикалық дамуы тежелген, тірек- қимыл аппараты және есту қабілеті бұзылған балаларды түзете отырып дамыту жұмыстарының ерекшеліктері
- •1.5 Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған тренинг жаттығулар Тірек- қимыл аппарты бұзылған балаларға арналған психологиялық тренингтер
- •Есту қабілеті ауытқыған балаларға арналған тренинг жаттығулар
- •1.6 Дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалардың танымдық процестерін дамытуға арналған ойындар
- •1.7 Бекітуге арналған сұрақтары:
- •1.8 Коррекциялық педагогика пәні мен міндеттері тақырыбы бойынша Тест
- •Пайдаланылған әдебитеттер:
- •Мектепке дейінгі педагогикалық коррекция
- •2.1 Баланың мінез-құлқындағы агрессивтіліктің себебі және одан арылу жолдары
- •Жанұя тәрбиесінің кейбір кемшіліктерінің коррекциясы
- •2.3 Мектепке дейінгі жастағы балалармен әңгімелесу сұрақтары
- •2.4 Мектепке дейінгі балаларға арналған ойындар
- •Бекітуге арналған сұрақтар:
- •Мектепке дейінгі педагогикалық коррекция тақырыбы бойынша Тест
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Мария Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі
- •М. Монтессоридің концепциясының мазмұны
- •3.2 Балалар іс-әрекетіндегі қабылдау мүшелерін дамыту
- •3.3 М.Монтессори жасаған жүйе бойынша балаларды оқуға және жазуға үйрету
- •3.4 Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тренингтер
- •Бекітуге арналған сұрақтар:
- •Мария Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі тақырыбы бойынша Тест
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция
- •4.1 Балалардың мектепке даярлығы
- •4.2 Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар
- •«Танысу»
- •Бастауыш сынып оқушыларындағы педагогикалық тәрбиеден босаңсуды психологиялық-педагогикалық коррекциялау жүйесі
- •4.3 Бастауыш сынып оқушыларында қорқыныш пен үрейдің көрініс беруі.
- •4.4 Оқушылардың педагогикалық тәрбиеден босаңсуының алдын алу
- •4.5 Коррекциялық бағдарлама үлгісі
- •Міндеттері:
- •Коррекциялық топқа іріктеу критерилері.
- •Қоршағандарға тәуелділікті коррекциялау.
- •Есті дамыту.
- •Зейінін дамыту.
- •Өшпенділікті басу.
- •Бағдарламаның тиімділік критерилері.
- •4.6 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар
- •2. «Керісіншелер елі».
- •3. «Ормандағы ағаштар» ойыны.
- •4. "Ондай болуы мүмкін емес"
- •5. "Егер осылай болса..."
- •6. "Сиқырлы қалам"
- •Бекітуге арналған сұрақтар
- •4.8 Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция тақырыбы бойынша тест
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Сабақ барысы
- •«Біз және біздің сынып»
- •5.6 Бекітуге арналған сұрақтар:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •6.1 Педагогикалық қолдау – объективті шындық ретінде
- •6.2 Жеткіншектердің мінез-құлқының кері жақтары
- •6.3 Жеткіншектердің адекватты емес мінез-құлқының алдын алу мен түзету
- •6.4 Жеткіншекті қайта тәрбиелеу ерекшелігі
- •Жеткіншектердің қауіпті әрекеттері
- •Үйреншікті әдет иірімі
- •Темекі түтінінің құрамы қандай
- •6.6 Жасөспірімдердің топтағы қарым-қатынасын қалыптастыруға арналған тренингтер
- •6.7 Жеткіншектерге арналған сабақ жоспарының үлгісі
- •3. Міндеттері:
- •7. Ми шабуыл Ассоциоция ойыны
- •6.8 Бекітуге арналған сұрақтар:
- •6.9 Жасөспірім және жеткіншек жастағы тәрбиелеу мен оқыту мәселелері тақырыбы бойынша Тест
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Ақыл-ой кемістігі бар балаларды үйрету
- •7.1 Шет елдердегі хх ғасырдың ортасына дейінгі ақыл-ой кемістігінің көрінуіне байланысты әдістерлің өңделуі.
- •7.2 Шетелдегі ақыл-ойы кем балаларды зерттеудің заманауи жағдайы
- •7.3 Ақыл-ой дамуында артта қалған балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама.
- •7.4 Ақыл-ой кемістігі бар балаларға жүргізілетін коррекциялық жұмыс.
- •7.5 Мүмкіндігі шектеулі, ақыл-ойы кем оқушылардың танымдық қызығулығын ойын арқылы арттыру.
- •7.6 Үйден оқытылатын психикалық дамуы тежелген балалардың сауаттылығын арттыру
- •7.7 Ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігі төмен оқушылармен тренинг сабақ
- •7.8 Бекітуге арналған сұрақтар
- •7.9 Ақыл-ой кемістігі бар балаларды үйрету тақырыбы бойынша Тест
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •8.7 Бекітуге арналған сұрақтар
- •8.8 Қиын балаларды тәрбиелеудегі дәстүрлі емес әдістер тақырыбы бойынша тест
- •8.1 Қиын балаларға жалпы сипаттама
- •8.2 Қиын балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері.
- •8.3 «Гайденс» эксперименті.
- •8.4 Қиын балалардың мінез-құлқын түзертудің мәселелері
- •8.5 Жасөспірімдердің сыныптастарымен қарым-қатынасын жақсартуға арналған тренингтер
- •8.7 Бекітуге арналған сұрақтар:
- •8.8 Қиын балаларды тәрбиелеудегі дәстүрлі емес әдістер тақырыбы бойынша Тест.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1 Бөлім. Арнайы педагогиканың тарихы
- •2 Бөлім. Арнайы педагогиканың ғылыми-теориялық негіздері
- •3 Бөлім . Арнайы білім берудің педагогикалық жүйелері
- •25. Специальная педагогика / Под ред. Н.М.Назаровой. - в 3 т. - м.: Академия, 2008.
- •11.Қорытынды бақылау сұрақтары
- •1.7 Бекітуге арналған сұрақтары:
- •Арнайы педагогика және түзету психологисы бойынша Тест
- •12. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бағалау жүйесі
4.3 Бастауыш сынып оқушыларында қорқыныш пен үрейдің көрініс беруі.
Баланың мектеп табалдырығын аттауы тұлғалық жаңашылдықтың – оқушының ішкі көзқарастың пайда болуымен байланысты. Ішкі көзқарас – бұл баланың оқуға бағыттылығын, оның мектепке деген жағымды эмоционалдық қатынасын, жақсы оқушы үлгісіне сай болуға талпынысын қамтамсыз ететін мотивациялық орталық. Баланың оқушы ретіндегі ішікі позициясын бейнелейтін қажеттіліктері қанағаттандырылмаған жағдайда ол эмоционалды жағымсыз қайғыруларды бастан кешіруі мүмкін: үнемі мектептегі сәтсіздіктерді тосу, педагогтар мен сыныптастарының оған деген жағымсыз қарым-қатынасы, мектептен қорқу, барғысы келмеу.
Қорқыныш – адам санасында белгілі бір төнген қауіптің бейнеленуі; ал үрей – төніп тұрған қауіпті эмоционалды сезіну. Қорқыныштан үрейдің айырмашылығы – ол әрқашан тек жағымсыз емес, кейде қуанышты толқу түрінде де болуы мүмкін. Балада тұлғасының психикалық структурасына, өмірлік тәжірибесіне, ата-анасымен және құрдастарымен қарым-қатынасына байланысты үрей де, қорқыныш та болуы мүмкін. Қорқыныш та, үрей де алаңдаушылық сезімінен бастау алады. Оны баланың сұрақ қойған кезде қобалжып, жауап таба алмауынан, сөйлегенде дауысы дірілдегеннен немесе мүлде үндемеген жағдайларда көруге болады. Сұраққа жауап беріп тұрған оқушы көп артық қимылдар жасайды немесе мүлде қозғалмайды. Мұндай белгілер ағзаның психофизиологиялық қызметіне артық күш түскендігін көрсетеді. Қорқыныш жас ерекшелігіне байланысты және невротикалық болады. Жас ерекшелігіне байланысты қорқыныштар эмоционалды сезімтал балаларда олардың психикалық және тұлғалық дамуының ерекшелігі ретінде көрініс береді. Олардың пайда болуына мынадай факторлар әсер етеді: ата-анасында қорқыныштың болуы; баламен қарым-қатынастағы үрей, баланы қауіптен қорғау мақсатындағы шамадан тыс қамқорлық және құрдастарымен қарым-қатынастан оқшаулау; ата-анасы тарапынан тым көп тыйым салу; отбасындағы ересектер тарапынан қоқан лоқы; ата-анасының арасындағы тартысты қарым-қатынастың болуы; шошыну түріндегі психикалық жарақаттар: құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас барысында қорқынышты психологиялық «жұқтыру».
Невротикалық қорқыныштар жоғары эмоционалдық интенсивтілікпен, ұзақ уақыттылықпен немесе тұрақтылықпен, мінездің және тұлғаның қалыптасуына жағымсыз әсер етумен, т.б сипатталады.
Невротикалық қорқыныштар ұзақ уақыт жалғасқан және шешімі жоқ қайғырулардың салдары болуы мүмкін. Бұндай қорқыныш түрі ата-анасымен қарым-қатынасында эмоционалдық қиындықтары бар, сезімтал балаларда кездеседі. Бұл балалар ересектерге қауіпсіздік, үлгі, сүйіспеншіліктің қайнар көзі ретінде сенім арта алмайды.
Әр түрлі себептерге байланысты оқу тапсырмаларын орындауға шамасы келмейтін бірінші сынып оқушылары уақыт өткен сайын үлгермеушілер қатарына жатқызылып, невроздар, мектептен қорқу пайда болады. Мектепке дейін ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынаста тәжірибе жинақтамаған балалар өздеріне сенімсіз, мектеп ұжымына бейімделулері күрделі болады. Олар қателесуден, ағаттық қылық жасаудан және мазаққа қалудан қорқады.
Мектептен қорқу сезімін құрдастарымен арадағы тартысыты жағдай, олардың тарапынан физикалық агрессияның болуы тудыруы мүмкін. Бұл белгілер социомәдени және педагогикалық тәрбиеден босаңсыған эмоционалды сезімтал балаларға тән. Мұндай қорқыныштардың сипаты жасы өскен сайын өзгеріп отырады, кейде тіпті жоғалып кетеді.
Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныштарын аяқталмаған сөйлемдер мен бала суреттерін зерттеу әдістерімен анықтауға болады.
Аяқталмаған сөйлемдер әдісі оқушы қарым-қатынасының және іс-әрекетінің әртүрлі аймағындағы қорқыныштарды зерттеу үшін колданылады:
Мен мектеп туралы ойласам...
Мен мектепке келе жатқанда...
Қоңырау соғылған сәтте...
Мен мұғалімді көрсем...
Бізде бақылау болғанда...
Сабақ аяқталғанда...
Тақтада жауап бергенде мен...
Мен екі алғанда...
Мұғалім сұрақ қойғанда, мен...
Берілген сөйлемдердің аяқталуында баланың, мұғалім білуге тиісті өте маңызды эмоционалдық көңіл-күйі көрініс береді.
Суреттерді зерттеу баланың қызығушылықтарын, әуестіктерін, темпераменттерінің ерекшеліктерін, көңіл-күйін және ішкі әлемін жақсы тусінуге мүмкіндік береді. Мысалы, суреттегі сұр түстердің көптігі және қара түстің басымдығы өмірге құштарлықтың жоқтығын, көңіл-күйдің төмендігін, баланың өзінің шамасы келмейтін қорқыныштардың көптігін білдіреді. Керісінше, ашық, қанық, көзге жағымды түстер белсенді өмір тонусын және оптимизмді көрсетеді. Бояумен салғандағы көлемділік, алғашқы сюжетті өзгертетін алдын-ала және соңынан кескіндеуі жоқ сурет сенімділікті және нық шешімділікті білдіреді. Жоғары қозушылық және әсіресе шектен тыс белсенділік суреттің тұрақсыздығынан, көмескілігінен немесе сызықтардың нақты, бірақ бір-бірімен қиылысып жатқандығынан байқалады. Тежелуі және мазасыздығы бар балалар суретті аз салады, оған қарағанда басқа іс-әрекет түрлерін қалайды. Әрбір сабаққа тақырыбы кезекпен ұсынылатын топта сурет салу ерекше бағалы: "Мектепте", "Аулада, көшеде", "Отбасы", "Маған түсіме қорқынышты не кіреді немесе мен күндіз неден қорқамын?", "Менде қандай жақсылық немесе жамандық болды?", "Менің кім болғым келеді?".
Сурет сала бастағанда түрлі-түсті қарындаштармен салған дұрыс. Сурет салардан бір ай бұрын балаларға үйде сурет салуға тапсырма беруге болады, ол кейіннен үйде белсенді сурет салуға қызығушылықты тудыру үшін қажет. Оның болмауы психикалық дамуды жүдетеді және қандайда бір қиыншылықтың барлығын білдіреді.
Алғашқы екі сабақта балалар суреттің тақырыбын өздері таңдайды. Ол үй, көлік, ағаш, қонжык, ит, кұс, адам және т.б. болуы мүмкін. Балалар үстел басында кіммен отыратындарын өздері тандайды, бұл олардың симпатиясын және антипатиясын көрсетеді. Дайындалу сабақтарынан кейін тақырыптық сурет салу сабақтарына көшуге болады. Бір немесе екі тақырыпқа арналған 30 минуттан аспайтын сабақтар аптасына 2 рет жүргізіледі. Егер балалардың біреуі сурет салудан бас тартса, оған көп мән беруге, басқалардың жетістігін де баса айтуға болмайды. Мұндай сабақтарды оқудан тыс уақытта жүргізген жөн.
Тақырыбы "Мектепте" деп аталатын суреттерде сурет авторы мен құрбыларының бейнелерінің өзара орналасуының маңызы бар. Истерикалық мінез-құлық сипаты бар балалар өзінің нақты қоғамдағы орнына қарамастан, әдетте өздерін топтың ортасында бейнелейді. Невротикалық реакциясы бар балалардың суреттерінде құрбыларының саны аз немесе олар мүлдем жоқ, бұл олармен өзара қарым-қатынаста туындайтын мәселелерді бейнелейді. Бұл "Аулада, көшеде" тақырыбына арналған суреттерге де қатысты. Мұның барлығы достық, сенімді қатынастарды орнатудағы қиындықтарды және отбасындағы шектен тыс аялауды көрсетеді. Мектептегі үрейлену - бұл баланың эмоционалдық жайсыздығының ең жеңіл көріністері. Ол тынышсызданудан, оқу жағдайындағы, сыныптағы қатты мазасызданудан, өзіне деген нашар қатынасты күтуден, педагогтар, құрбылары жағынан кері бағалауды күтуден байқалады. Бала өзінің басқаларға тең емес екендігін, толымсыздығын сезінеді, өзінің мінез-құлқы мен шешімдерінің дұрыстығына сенімді емес. Педагогтар мен ата-аналар әдетте баланың мұндай ерекшеліктерін былай деп атайды: "бәрінен қорқады", "сезімтал", "күмәншіл", "тым сезімтал", "кез келген нәрсеге тым салмақты қарайды" және т.б. Әйтсе де бұл әдетте үлкендер тарапынан қатты мазасыздануды тудырмайды. Ал негізінде үрейлену, оның ішінде мектептегі де, невроздың алғашқы белгілері және оны жою жолы - невроздың алдын-алу жұмысы болып табылады.
Мектептегі үрейленудің жоғары деңгейі - өзін-өзі бағалаудың төмендеуі мектепке келу мен оқудың алғашкы айлары кезеңіне тән. Алайда бір айдан үш айға дейін созылатын бейімделу кезеңінен кейін ахуал өзгереді: эмоционалдық көңіл-күйі және өзін-өзі бағалауы тұрақтайды. Содан кейін ғана арнайы сынақтың көмегімен шындығында да мектептегі үрейленуі бар балаларды анықтауға болады (Р.Тэммл, М.Дорки, В.Амен).
Сынақ көпшілік балалардың жағдайға байланысты үрейленуі тарқайтын бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Психологтар балалар үрейленуін жеңудің екі тәсілін көрсетеді:
1) қиын жағдайға түскен баланың конструктивтік мінез-құлық тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ шектен тыс мазасыздануды, үрейленуді жеңетін әдістерді игеру;
2) өзіне-өзі сенімділігін нығайту, өзіндік баға мен өзі туралы ойын дамыту, адамның "тұлғалық өсуіне" қамқорлық ету.
Үрей – баланың эмоционалды жағымсыз жағдайының көрініс беруінің жеңіл формасы. Бала өзі адекватты емес, кемтар сезінеді, өзінің іс-әрекеттері мен шешімінің дұрыстығына сенімсіз болады.
Бастауыш сынып оқушыларындағы мектептік үрейді жеңу үшін:
оқушының ішкі көзқарасымен байланысты қажеттіліктер күшін төмендету, жеңілдету керек;
қарым-қатынас пен іс-әрекеттің оперативті дағдыларын дамыту, байыту керек. Себебі жаңа жоғары деңгейдегі дағдылар балаға дұрыс қалыптаспаған мотивтерді жүзеге асыру әдістерінен бас тартуға көмектеседі.
Үрейдің тұлғалық білім берудегі конфронтациялық сипатын есепке ала отырып, білім берудегі бәсекелестікті барынша күшейту керек;
Мектеп жағдайларындағы шамадан тыс қысымды басуға бағытталған жұмыстар атқыру керек.
