Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
0fdb55ca-c8c7-11e5-bf37-f6d299da70eeУММ-Арнайы пед. түзету психология..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

7.3 Ақыл-ой дамуында артта қалған балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама.

Ақыл-ойдың артта қалуын тек олигофренопедагогика емес, сонымен қатар психологтар, невропатологтар, психиатрлар, генетиктер және эмбриологтар зерттейді. Бүкіл әлемдік санақ бойынша, бұндай аномалиясы бар адамдар саны азаяр емес. Осыған орай, дамуында ауытқуы бар балаларды коррекциялау проблемасының өзектілігі пайда болды.

А.С.Выготский, А.Р. Лурия, К.С. Лебединская, В.И. Лубовский, М.С.Певзнер, Г.Е.Сухареваның және басқа ғалымдардың зерттеулері ақыл-ойының дамуы артта қалған деп тек, «ақыл-ойдың аз болуы емес», бұл психиканың сапалық өзгеруі, жеке адамның толық өзгеруін айтқан. Ақыл- ойының дамуы артта қалған балаларда шартты рефлекстің өзгеруі, қозу мен тежелу үрдісінің тепе-теңдігінің болмауы, сигналдық жүйенің өзара әрекеттестігінің бұзылуы байқалады.

Баланың психикалық дамуының аномалиясы келесілерді біріктіреді:

  • Танымдық үрдістердің артта қалуы, соның ішінде – қабылдау бөліп көрсетіледі;

  • Ойлаудың жүйесіздігі. Бұнда заттардың ерекше көзге көрінетіндері бөлінеді, заттар арасындағы ортақ байланыс орнатылмайды;

  • Естің бұзылуы;

  • Қабылданған образдарды қайта жаңғырту кезіндегі қиындықтар;

  • Сөйлеу дефектісі (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық), дыбыс-әріптік анализ бен синтездің тежелуі, сөйлеуді қабылдау мен түсінудің бұзылуы, сөйлеудің қарым-қатынаста қажеттілігінің төмендеуі;

  • Зейіннің жетіспеушілігі;

  • Эмоционалдық еріктік аймақтың ауытқуы

Балалардың бұндай ерекшеліктері тұрақты сипатқа ие, себебі әр түрлі даму кезеңіндегі органикалық бұзылулардың нәтижесі ретінде саналады (генетикалық, босану кезендері т.б).

Ақыл-ойдың артта қалуы мен соған ұқсас қалыптарды ажырата білуіміз қажет:

  • Мектептегі үлгермеушілік ақыл-ойдың артта қалуының адекватты еместігі, өйткені мектептегі үлгермеушіліктің көп таралған себебі – балалардың мектепте оқуға дайын еместігі;

  • Отбасында өмір сүру жағдайының болмауы, бұл да үлгермеушіліктің себебі болуы мүмкін;

  • Баланың астеникалық күйі, тез шаршауы, ес пен қабылдаудың нашарлауына әкеледі;

  • Психикалық дамудың тежелуі, бұл да мектептегі алғашқы жылдарда үлгермеушілікке әкелуі мүмкін;

  • Анализатор әрекеттерінің бұзылуы балалардың танымдық әрекетінде қиындық тудырады. Соның арқасында үлгермеушілік пайда болады (көру, есту дефектсі, дальтонизм).

Ақыл-ойдың артта қалуын нақты анықтау қиындығы мынада, көз көрмеуі мен құлақ естімеуімен салыстырғанда, ақыл-ойдың артта қалуының абсолютті-объективті критерий жоқ, яғни оны қандай да бір шкаламен өлшей алмайсың.

7.4 Ақыл-ой кемістігі бар балаларға жүргізілетін коррекциялық жұмыс.

Балалармен жүргізілетін әдістер мен жұмыс мазмұны арнайы маманмен анықталады. Ол баланың жекелей ерекшеліктерін және оның жасын міндетті түрде ескереді.

Баланың жоғарғы психикалық функциясын дамыту үшін, келесі түрдегі жұмыстар жүргізілуі қажет.

  • Баланың қимыл-қозғалысын дамыту: қол бұлшық еттерін, қол саусағының моторикасын шынықтыру; резеңке допты қысу, ермексаз бен кыштан жапсырмалар жасау; түйіншектерді шешу; құмыраларды ашып-жабу, қатты қағазды нүктелер және пунктир сызығы арқылы тесу; контур және трафарет үстімен сызу; бояу; қию; қағазды бүктеу; саусақтармен жаттығулар;

  • Кеңістіктегі бағдарлануды дамыту: өзінде, айнадағы бейнесінде және суретте оң және сол жақты анықтау; балаға қатысты заттардың координаталарын анықтау; жазық қағаз бетінде бағыттану (сол жағында, оң жағында, үстінде, астында, ортасында); заттарды симметриялы бояу; таяқшалардан фигураларды, сызықтарды үлгі көмегімен және есінде сақтау арқылы құрау.

  • Есті жақсарту үшін келесідей ойындар пайдаланылады: өрнекті есте сақтауы бойынша салу; сөздерді және сандарды қайталау; алдын-ала есте сақтауды жаттықтыру;

  • Ойлаудың барлық түрін дамыту үшін сурет салу, жапсырмалар жасау, аппликациялар қолданылады.

Бұл жаттығулар баланың сенсорлық қабілетін дамытады және танымдық қабілетін арттырады.

Барлық жаттығулар барысында балалардың сөйлеуін коорекциялау қажет. Коррекциялық жұмыс жекелеген психикалық процестерді емес, жеке адамға толық бағытталуы қажет. Коррекциялық жұмыс топтық, жекелей формада болуы мүмкін және келесідей әдістерден тұрады:

  • Интеллект дамыту

  • Адекватты темпте дамыту

  • Еңбек әрекетін және дағдыны дамыту

  • Коррекциялық жұмыс өткізілген бағдарламамен дамыту

  • Интеллект дамытатын әр түрлі әрекеттерге қызықтырып, тарту (ойын)

  • Құрдастары арасында өздерін жайсыз сезінуді жою

  • Материалдарды қызықты түрде түсіндіру

  • Толық отбасында тәрбиелеу (басқа балалармен)

  • Стандартты емес түрдегі оқыту.

Жеке түзету-тәрбиелеу жұмысы.

Дефектолог мұғалім ақыл-ой артта қалған мектеп жасына дейінгі балалармен түзету-тәрбиелеу жұмысы кешенін жеке сабақтардың маңызы зор. Оңалту орталығына балалар аптасына 2-3 рет дефектологтың сабақтарына қатысады. Сабақтарда қатысады. Сабақтарда дефектолог әрбір баланың жеке ерекшеліктерін есепке алады, психикалық дамуындағы тек оған тиісті спецификалық ауытқуларды көреді, оларды максимальді түрде жеңу және бәсеңдету үшін әдістемелік тәсілдерді таңдайды; жеке түзету-тәрбиелеу жұмыстарының тиімділігін айтуға және бағалылығы мен қажеттілігін мойындауға болады. Ақыл ойы артта қалған мектеп жасына дейінгі балалармен жеке жұмыстар күтілетін нәтижелерді беруі үшін, жалпы сабақтарда оқыту барысында байқалған спецификалық қиындықтарды жеңу мен бәсеңдетуге мүмкіндік тудыруы үшін ол міндетті түрде балалардың даму ерекшеліктерін мұқият және жан жақты зерттеу негізінде жасалуы керек. Мұндай зерттеу баладағы олигофренияның этиологиясын ашатын клиникалықт диагнозды қаратыру тұрғысынан сияқты мұқият психологиялық педагогикалықзерттеу негізінде жүргізіледі.

Ақыл-ойы артта қалған мектеп жасына дейінгі баламен жеке жұмысты ұйымдастыру мен өткізудің бастапқы кезеңі оны жан-жақты психологиялық-педагогикалық зерттеу. Ол бала оңалту орталығына түсетін кезде өткізіледі, зерттеу оның маңызды әрекет түрлерін меңгеру, қабылдауының дамуы, қарапайым операцияларды орындай алу деңгейін анықтауға бағытталған. Баланың сөйлеу тілінің дамуын талдауға, оның деңгейін табуға, мүмкін болатын сөйлеу мүкістерін анықтауға басты назар аудару керек.

Зерттеу барысында дефектолог ақыл-ойы артта қалған баланың мінез-құлқын талдайды, үлкендермен және құрдастарымен байланыс орнату мүмкіндіктерін, мақұлдау мен кінәлауға реакйиясын, қиындықтарға қарым-қатынасын, көрсетілген көмекті пайдалана алу ептілігін, әрекеттің бір түрінен келесі түріне ауысу қабілетін бағалайды. Педагог ақыл-ойы артта қалған балаға арналған түрлі тапсырмалар ұсына отырып және олардың орындалу барысын бақылай отырып, басты назарды нәтижеге емес, баланың әрекет ету әдістеріне ( орындады-орындамады) аударады. Бір тапсырманы шешуге бала мақсатты байқау, көру арқылы бейімделу сияқты айтарлықтай «жоғары» әдістермен әрекет етуі, немесе қимыл және бейберекет әрекеттер деңгейіне дейін түсуі мүмкін. Баланың тапсырмаларды орындау әдістерін бағалай отырып, дефектоглог психикалық дамудың жас ерекшелік талаптарына сай олардың арақатынасын белгілеу керек, осыған сәцкес ондағы тану әрекетінің белгілі жақтарының қалыптасуы туралы қорытынды жасауы керек. Ақыл-ойы артта қалған баланың психикалық дамуының шынайы деңгейін анықтау үшін оның даму деңгейін ғана емес, таяу арадағы даму аймағын, яғни тапсырманы үлкен адаммен бірге орындауын есепке алу маңызды талап болып табылады. Дефектолог зерттеу барысында бала үйренуге белгілі мүмкіндіктерді көрсете алатын жағдайларды жасағанда ғана оның психикалық дамуының нақты деңгейі анықталатынын атап өту керек. Л. С. Выготскийдің дамудың екі зонасы туралы ережесіне сүйену арқылы ақыл-ойы артта қалған мектеп жасына дейінгі баланың бүгінгі жетістіктерін анықтаумен қатар, болашағын көруге мүмкін болып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]