Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халықтық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.19 Кб
Скачать

90 Жылдардың бас кезінде Қазақстан Президенті н.Ә.Назарбаевтың

республиканың барлық ұлттық мәдени қозғалыстарын бір ұйымға – Қазақстан

халықтары Ассамблеясына біріктіру туралы идея айтқан болатын. Бұл алдымен

алғы шарты жасалып, кейін Кеңес Одағы құлаған қиын-қыстау жылдар еді.

Этномәдени тұлғаны тәрбиелеуді жетілдіруде ескеретін мәселелер: Ұлттық

этнопедагогикаға негізделіп оқу-тәрбие моделін құрушы әрбір ұжым мен

педагогтың тәрбие бағдарламасының ұстанымдарын басшылыққа алу. Ұлттық

мектептерде этномәдени тәрбие мазмұнының тек қолданбалы білім аясында

тұйықталып қалмауы, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып жалпы

адамзаттық құндылықтарға талпындыру, іздену мен шығармашылыққа бағыттау.

Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін

ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді

болу – міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса, ондай

тұлға алдында «мәңгүрт», мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың

наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде

дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.

Мектептегі, жоғары оқу орындарындағы ұжымдық, әдептілік дәстүрлері де

этнопедагогиканың мәдениеттаныммен сабақтастығын көрсетеді. Яғни,

этнопедагогика пәні – ұлттық мәдениеттің бейнесін көрсететін және сол

ұлттық мәдениеттің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетте қолданыстарын үйрететін

пән.

Ұлттық (этнопедагогикалық) ойлар тарихында Қорқыт ата (VIII-IX ғғ.)

«өлмейтін өмір кілті өнерде» деп, мәдениеттің негізгі саласын мәңгі

дамытып, ұлттық мәдениетті арттыра беруді уағыздады.

Әлемнің Екінші ұстазы атанған ғұлама Әл Фараби (870-950 жж.) ұлттық

мәдениет жеке адамның мінез-құлқынан басталатынын дәлелдеп, мінез әдеттен

бастау алып , «абзал әрекет» инабатты (мәдениетті) мінез-құлықты

қалыптастыратынын айтады. Білімді адам тәрбиелі (мәдениетті) болу керек

дейді. «Тәрбиесіз» (мәдениетсіз) білім адамзаттың қас жауына айналады»

дейді. «Қайырымды қала» мәдениетін арттыратын негізгі мәселелер - білім,

өнер, әдебиет (поэзия), музыка деп көрсетеді.

Нағыз ұстаз аталған Жүсіп Баласағұни адам мәдениетінің негізгі екі тегі

бар: бірі – тіл, бірі – діл деп көрсетіп, тіл мәдениетінің мәні зор екенін,

егер ол мәдениетті игере алмасаңыз «басқа пәле – тілден» деп көрсетеді.

Отбасындағы мәдениет ата-ананы сыйлаудан басталатынын дәлелдейді. Елді

мәдени кемелденту үшін ұлттық білім беру жұмысының мемлекеттік дәрежеде

жүргізілуі қажет екенін айтады.

Қазақ халқының ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин ұлттық мәдениетті

дамытудың негізгі құралы – оқу, мектеп ашу (елге білім беру) деп, ауылдық,

болыстық мектептер ашып, қыздар училищелерін, мұғалімдер семинарияларын

ұйымдастырды.

Абай дана «ғылым таппай, баптанба, өнер таппай мақтанба» деп, ұлттық

мәдениетті дамытудың түп негізі – білімде, өнерде деп көрсетті. Ол үшін

«өткірдің жүзі, кестенің бізі» сала алмаған өрнекті сөзбен өрнектейтін ана

тілін қадірлеу қажет екенін айтып, бес нәрседен қашық болуды, бес нәрсеге

асық болуды уағыздайды.

Ұлттық мәдениеттің болмысы этнопедагогика ғылымында айқын көрінеді.

Этнопедагогика пәнін оқытудың негізгі бір мақсаты – ұлттық мәдени

мұралардың болмысын айқындап көрсетумен қатар, сол ұлттық мәдениетті

дамытудың қозғаушы күштерін дәлелдеп, оның тәрбиелік қолданылмалы

тәсілдерін бағдарлап көрсете білу болып табылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Этникалық мәдениет дегеніміз не?

2.Этномәдени білім туралы түсінік.

3.Қазақстандағы этномәдениеттің қалыптасуы.

4.Этномәдени білім ұғымының мәнін анықтаңыз.

5.Қазақстан халқының Ассамблеясының негізгі міндеттері туралы не білесіз?

6.Ғалым-зерттеуші Ж.Наурызбайдың ұлттық білім туралы көзқарасы қандай?

Дәріс №7. Дәрістің атауы. Тұлға қалыптастырудағы халықтық педагогиканың

негізгі факторлары. (1 сағат. 7 апта)

1 Тұқышқуалаушылық, орта, тәрбиеге деген халықтық көзқарас.

2 Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс.

3 Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер, ұжымдар. Халықтық ойындар,

жарыстар.

1.Халықтық педагогикалық көзқарастарын жүзеге асыру жұмысын мақсатқа

сай қамтамасыз ету мен тәрбие дәстүрлерін бекіту, оларды нақтылау,

толықтыру, жетілдіруге көмегін тигізетін жеке сынақ әдісі ел арасына

кеңінен мәлім болды.

Жеке сынақ әдісі қандай да бір жаңа заңдылықтар ашудың емес, ой мен

идеяны тексерудің сәтті тәжірибеден туған құралы, немесе белгілі

заңдылықтарды нақтылаудың тәсілі қызметін атқарады. Яғни бұл әдістің

көмегімен халық педагогикасындак бұрыннан белгілі сыни тұрғыда қайта

қаралды.

Ал әңгімелер халық педагогикасының дамуындағы ең кең таралған

бастаулары болды. Тәрбиешілердің бір-бірімен әңгімелесулері, ата-анамен,

тәрбиеленушілердің өздерімен әңгімелер, педагогикалық ойланулар үшін

қашанда сыналуына және құнды материалдарын берді.

Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен

қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады.

Бұл орайда тұқым қуалаушылыққа(биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен

қатар тұлғалық гендік қордыда қамтиды. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген

анатомиялық-физиологиялық нышандар жеке тұлғаның дамуы мең қалыптасуында

ерекше рөл атқарады.(мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау қабілетіндегі

ерекшеліктер, т.б.). Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны

дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл нышандар өте

ерте (сәби кезінде және мектепке дейінгі жасында), кейбір жағдайларда

кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.

Тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерін ескеру қажет,

оның нышандары мен қабілеттілігін анықтай отырып, олардың ары қарай

дамуының амал-тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек. Қызметтің

қандай да бір түріне деген анатомиялық-физиологиялық нышандарының одан ары

жемісті дамуы үшін баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс-

әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжірибе жинастыруға жағдай жасау

қажет.

«Жеке тұлға» деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады. К.Маркстің

айтуынша, адамның мәні жеке индивидке тән абстрактілік емес, өз болмысында

ол барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы. Сондықтан ортаның жеке тұлғаның

дамуына әсері туралы сөз болғанда, ең алдымен,

кең мағынада қолданылған әлеуметтік орта деп түсіну керек, өйткені адамның

жеке тұлғалық қасиеттері әртүрлі орталық қатынастар әсерінен, яғни,

адамдармен және түрлі қоғамдық институттармен өзара-қатынасы арқасында

қалыптасады.

Ортаның адамның дамуына әсерін қарастыра отырып, философиялық және

педагогикалық ағымдардың көбісі адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшін,

сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән нышандар дамуы үшін адами

қоғам, әлеуметгік орта қажет дейді. Сәби жасынан жануарлар ортасына тап

болған балалар туралы оқиғалар олардың бойында осы адами нышандардың

дамымағаны дәлел бола алады, ол қасиеттердің қалыптасуына деген

қабілеттерінің табандалып қалғаны соншалықты, олар адамдармен қарым-қатынас

жасаудың ең қарапайым формаларын үлкен қиыншылықпен үйреніп, заманына сай

адамның тұрмыс қалпын қабылдай алмады.

«Әлеуметтік орта» деген ұғым, кең мағынасында, коғамдық өмірдін материалдық

жағдайлары, әлеуметтік және мемлекеттік құрылыс, өндірістік, қоғамдық

қатынастар жүйесі және олар анықтап отырған әлуметтік

жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлі мекемелер қызметін қамтиды.

Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтік бейнесі, белгілі бір мөлшерде, оның

қай мемлекетке жататыны арқылы көрінеді, адам дүниеге келгеннен соң қандай

да бір қоғамның азаматы болады. Адамның дамуына барынша әсер ететін

әлеуметтік орта, әсіресе қазіргі уақытта, ең алдымен, экономикадағы

өзгерістер, идеологиянын өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары,

миграциялық процестер (яғни, адамдардың белгілі бір мемлекет территориясы

аясында көшіп-қонуы, сонымен қатар, одан көшіп кетуі), демографиялық

процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмір ұзақтығындағы өзгерістер,

т.с.с. жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуында географиялық орта белгілі рөл

атқарады. Баланың айналасы-үйдегі ортаға көп көңіл бөлінеді.

Тәрбие – бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс, сонымен

қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны өзгертеді..

Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді,

ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-

жақты іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының

шешуші шарты болып табылады.