- •2.Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
- •3.Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.
- •2. Орта ғасырдағы Орта Азия және Қазақстанның жас ұрпақ тәрбиелеудегі
- •2.Этностар мәдениетін зерттейтін қоғамдық ғылымдар және олардың өзара
- •126),—Деген тұжырым жасайды. “Қазақ” сөзiнiң бiрiншi сыңары “қаз” дегеннiң
- •Iстеу” мағыналарында қолданылған. Бұл сөздердiң түбiрi “қаз” (“қазған-дұң”)
- •2.Интегративті этнопедагогика.
- •3.Этнопедагогикалық менеджмент.
- •4.Этнопедагогикалық антропология.
- •2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.
- •3 Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.
- •2 Қазақстанда этномәдени қызығушылықтарды жүзеге асыру. Этномәдени білімді
- •90 Жылдардың бас кезінде Қазақстан Президенті н.Ә.Назарбаевтың
- •2 Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс.
- •3 Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер, ұжымдар. Халықтық ойындар,
- •2 Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның жанрлары,
- •3.Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры.
- •2 Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің
- •3 Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері.
- •2 Балаларды білімге, ой өрісті кеңейту икемділіктері мен дағдыларына
- •3 Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану.
- •2 Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.
- •6 Жастан бастап үй шруашылығымен айналысты. Қыз балаларды шаруашылыққа
- •3 Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу,
- •2 Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: гуманизмді,
- •2 Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды
- •2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің
3 Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер, ұжымдар. Халықтық ойындар,
жарыстар.
Балалар мен жастар ортасында аса тиімді құралдарының келесі бірі
–ойындар. Халық педагогикасы олардың бала өсуі, дамуы мен қалыптасуы
факторларын көрді. Оның «бала өсірген ата-ана бала болып ойнайды, Бала
оқытқан ұстаздар бала болып ойнайды» деді осыдан.
Ойындар тек жұбаныш пен уақыт оздыру, сауық-сайран мен баллар үшін
қунаш қана емес. Көптеген балалар ойындарының дене күштерін дамыту,
көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәні бар.
Әрбір және кез-келген халықтың педагогикалық мәдениетінде жетілген
адам идеясын жүзеге асыруға бейімдеоген өзіндік табыстары бар. Бұл
табыстардың жекелеген кейбіреулері тек тұлғаның бір немесе бірнеше
жақтарына қатысты болса, ал өзгелері кемелденудің халықтық идеалын жан-
жақты ашып көрсетеді.
Халықтық тәрбиенің демократиялық мәні оның негізгі идеяларының,
формаларының, құралдырының және т.б.сабақтастығын қамтамасыз етеді. Олар
өзінің дамушы табиғатына сай ұрпақтан ұрпаққа кеңейіп, байып және түрін
өзгертіп ауысып отырады.
Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге
салаларымен , сенім-нанымдарымен, дәстүрлерімен, салттрары және әдет-
ғұрыптарымен, шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен
ажырамас бірлікте алға шығады. Бұл қалыптар орнықты әлеуметтік қатынастар
жиынтығымен бірге ең ақырында, қоғам мүшелерінің әдеттері мен тәртіптерін
белгілейді, белгілі өмір тәжірибесіне сондай-ақ ішкі мақсат пен дағдыланған
әрекеттер тудырып, жеткіншек тұлғасының дамуы мен қалыптасуын жобалайды
және бағыттайды.
Балалар өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері олардың
шығармашылық шабытын оятумен қатар өзін қоршаған дүниені танып білуіне
мүмкіндіктің бәрі ойын арқылы іске асатыны даусыз мәселе.
Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн
адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi,
бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу,
қуану, қанағаттану - өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық
құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес. Айтпағымыз, өмiр
кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете
алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу
кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме. Ойын халықтың өмiр сүру салтынан,
өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi. Ойын-сауық еңбектiң
мазмұны мен құралына орай түрленген, жетiлген. Қазақ — ойын-сауықшыл халық.
Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ “баланы жастан”
дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас
ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн,
халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Адам мен ойын түйiндес, түбiрлес.
Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен.
Ойында өмiрдiң еркiндiгi, кедергiсi мен мақсаты анықталынады. Ойын-сауық —
жеке адамның даму қажеттiлiгiн арттырады, қарсыласпен татуласу немесе оны
жеңу жолдарын iздестiредi. Шаруашылықтағы қимыл-әрекеттi осы биiк мақсатқа
көтердi. Ойын — адам ойлану және дене қабiлетiнiң бәсекесi, қарсыласпен
ашық жарыс. Оның мақсаты — жеңiске жету, ойындағы адамның қабiлет күшiнiң
үстемдiгiн көрсету, дәлелдеу. Кейде ойындардың аттары, атаулары өзгерiп
жатса да, олардың ойналу мазмұны сақталып қалған, сөйтiп әдептiң түрлерiн
қалыптастыруға септiгiн тигiзген. Мысалыға, ақсүйек ойынының басқа түрiк
тiлдес елдерде орда, тоқтышақ сияқты атауы да бар немесе лек жалау ойынының
шiлiк, қарыс ағаш, шөлдiк және т.б. түрлерi бар. Бұл ойындарды әуелi
балалар ойнаса, кейiннен оған жiгiттер мен ересектер де қосылған. Таралуы
жағынан ойындар ересектерден балаға мұра ретiнде жиi қалдырылған.
Мемлекеттiк құрылым қалыптасқан сайын ойындар халықтық мерекенiң құрамына
енген. Ойындар халықтық той-думанның оттығына, көпшiлiктiң ортақ сауығына
айналды. Кез келген жыйын-той күрессiз, ат пен жаяу жарыссыз, айтыс, ән мен
күйсiз, аң аулаусыз өтпейтiн болған.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Халықтық тәрбие құралдарына нелерді жатқызуға болады?
2. Қазіргі тәрбие құралдары мен ертеректе қолданылған тәрбие құралдарына
қандай салыстырмалы талдау жасауға болады?
3. Халықтық тәрбиені зерттеген педагог ғалымдарды атап, олардың
педагогикалық ойларын талда.
4. Хлықтық педагогикадағы «Жетілген тұлға» дегеніміз кім?
5. Тұлға қалыптасуына әсер ететін халықтық педагогикалық факторларды ата.
Дәріс №8. Дәрістің атауы. Халық идеалындағы «жетілген тұлға» және оны
тәрбиелеудің тәжірибесі. (1 сағат. 8 апта)
1 Халық ұғымындағы тұлға.
2 Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның жанрлары,
мақал-мәтелдер адамгершілік, имандылық тәрбиесінің құралы ретінде.
3.Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры.
1.Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық
қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-
жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның
даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке
адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Жетілген тұлға – халықтық тәрбиенің мақсаты. Кезінде қазақтың ақыны
Абай Құнанбаев та «Адам» ұғымына сипаттама беріп, оның қалыптасу және
даму сатыларына тоқталған болатын. Онда ақын өзінің 11- қара сөзінде «Қашан
бір бала ғылым білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты
адам болады» деп сипаттама береді. Сонымен қатар адамдық сипаттар немесе
қасиеттер ретінде өзі үшін емес халық мүддесі үшін өмір сүрудің маңызын
«өзі үшін өмір сүрген адам өз бетінше оттаған хайуанмен тең, ал көпшілік
үшін тіршілік ететін адам «нағыз адам» дегенді келтіреді."Адам кемелдігі
неде? Бақытқа қалай жетуге болады? деген сұраққа әл- Фараби білім мен іс-
әрекет арқылы жетуге болатындығын айтады. Бақытқа жеткізетін барлық іс-
әрекеттер мен қызмет әрқашан қайырымды. Әрекетшіл жанның мақсаты - әдейі
көзделген ұмтылыс болуға тиіс. Оған іскерлік пен көрегендікті, яғни дүниені
тану қабілетін бойына дарыту ұмтылысы ұйытқы болады. "Адам қайырымдылық,
сұлулық, игілік және ұлылықты басқа адамдардан емес, өзінің жаны мен тәні
арасындағы барлықтан алса, ол шынымен де қайырымдылық пен бақытқа қол
жеткізеді". Қайырымды жан—ақыл-парасаттың, адам бақыты мен бақ-дәулетінің
күрескері.Қайырымдылық - табиғи бейімділіктің іс-әрекетпен ұштасуы, маңызды
міндет-мұрат үшін жігер мен табандылық көрсету. Ғалым Б.Кiшiбеков қазақ
халқының мінез - құлқы оны қоршаған ортаға – кең далалық кеңістікке,
географиялық жағдайға, баққан малға, оның шаруашылығына байланысты
қалыптасты, - деп тұжырым жасайды.
Кемел адамның этникалық мінезі. Қай заманда болмасын заманына қарай
жеке тұлғаның болмысын қалыптастыру туралы ойлар мен пікірлер көпшілікті
толғандырып келген. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы кемелділік, мінсіз адам
бейнесі тәрбиенің ең жоғары көрсеткіші ретінде қабылданып, қоғамда жоғары
жауапты міндеттерді атқаруға лайық деп танылған. Бүгінгі күнді алып
қарасақ, елімізді өркениеттілікке жеткізетін, ел экономикасын дамытатын,
сондай - ақ, Қазақстан Республикасын 50 дамыған елдер қатарына қосылуға
мүмкіндік жасайтын жастарды тәрбиелеу немесе кемел адамды тәрбиелеу
бүгінгі күннің еншісіндегі ұлы міндет болып отыр. Осындай қасиеттерді
бойына жинақтаған жеке тұлға елімізді, халқымызды бақытты болашаққа
жетелейтін мемлекет басшысы болуға лайық. Мұндай пайымдаулар мен ой -
тұжырымдардың бастау алар көзі сонау орта ғасырдағы көне түрік ғұламалары
көзқарастарында туындаған болатын. Олардың өкілдері әл - Фараби, Махмұт
Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йассауи, Қорқыт ата, «Қабуснама»
кітабының авторы Кейкаус және т.б. мұндай қоғам талаптарына жауап бере
алатын кемел адамды қалыптастыру негізі отбасы тәрбиесінен басталады дей
отырып, оның қоғам мүдделерімен сабақтастықтарының жан-жақты қырларын
ортаға салады.
Халықтық педагогикалық көзқарастарын жүзеге асыру жұмысын мақсатқа сай
қамтамасз ету мен тәрбие дәстүрлерін бекіту, оларды нақтылау, толықтыру
және жетілдіруге көмегін тигізген жеке сынақ әдісі ел арасына кеңінен мәлім
болды.
Тәрбиешілердің бір-бірімен әңгімелесулері, ата-анамен, ата-әжемен
тәрбиеленушілердің өздерімен әңгімелер педагогикалық ойланулар үшін қашанда
сан алуан және құнды материал берді және педагогикалық мәдениеттің
биіктеуіне ықпал етті. Халық даналары әңгімелерді тәрбиенің озық
тәжірибесін таратуда, бақылаулары мен жеке сынақтарында және басқа
жағдайларда пайдаланды, яғни әңгімелер халық педагогикасының дамуына ықпал
еткен көмекші құрал қызметін атқарушы тәріздес.
Қалай болғанда да әңгімелер жинақталған мәліметтерден құндыны және
пайдалыны екшеп алу, қажет емес немесе күмән тудыратыннан бас тартуға
жәрдемдесті, яғни, жағымды педагогикалық мәліметтерді жинауға, осыған орай
халықтың педагогикалық ойының дамуына ықпал жасады.
Халыққа сөзбен әсер етудің сан түрлі тәсілдері белгілі, сезім мен
санаға ықпал ету шараларының көптеген түрлері бар.
Әрбір және кез келген халықтың педагогикалық мәдениетінде жетілген
тұлға идеясын жүзеге асыруға бейімделген өзіндік табыстары бар. Бұл
табыстардың жекелеген кейбіреулері тек тұлғаның бір немесе бірнеше
жақтарына қатысты болса, ал өзгелері кемелденудің халықтық идеалын жан-
жақты ашып көрсетеді.
Тұлға қалыптастырудағы халықтық тәрбиенің демократиялық мәні оның
негізгі идеяларының, формаларының, құралдарының және т.б сабақтастығын
қамтамасыз етеді. Олар өзінің дамушы табиғатына сай ұрпақтан ұрпаққа
кеңейіп, байып және түрін өзгертіп ауысып отырады.
