Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халықтық.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.19 Кб
Скачать

2 Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның жанрлары,

мақал-мәтелдер адамгершілік, имандылық тәрбиесінің құралы ретінде.

Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой-түйіндері,

сөз мәйегі. Мақалдар көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен

айтылады, қара сөзбен, яғни шешендікпен айтылатын мақалдар да бар. Мақал,

негізінен, екі бөлімнен (көбінесе екі тармақтан) құралады. Бірінші бөлімде

пайымдау (айтатын ойдың түп негізі), екінші бөлімде ой қортындысы айтылады.

Жыраулар мен ақындар, ел басылары мен батырлар, зиялы адамдар шығарған

(авторы белгілі) мақалдар мен мәтелдер өте көп.

Мәтелдер, негізінен, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде

нұсқалы сөз ретінде айтылады.

Қазақ халқы – сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан

тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен, терең мағыналы

сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан

мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне

парықтап пайдалану дәстүрге айналған. Сондықтан да, әсіресе, қариялар

мақалдап, маңызды сөйлеуді борышым деп санайды. Мақалсыз, мағынасыз

сөйлеген қарт адамның сөзінің қадірі болмайды.

Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбірек қамтитын тақырыптары: елдік,

ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер.

Отбасында ата-аналар бала тәрбиесіне лайықтап іс-әрекет, пікірлесу,

пікірсайыс кезінде өнеге көрсетіп, өсиет айтып: ана тілін алмасаң, арың

кетеді; әке – тірегің, ана – жүрегің; бірінші байлық – денсаулық; сабыр

түбі – сары алтын; еріншектің ертеңі таусылмайды; көзің ауырса, қолыңды

тый, ішің ауырса, асыңды тый; іс істесең, ретін тап; ағасы бардың жағасы

бар, інісі бардың тынысы бар; бір үйдегі бәрің де бір-біріңе меймансың және

т.б мақалдарды жиі айтады.

Баланың өмір тәжірибесі аз, сондықтан оған айтатын ақыл-насихат, өнеге-

өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу керек. Сол мәнді сөздер –

мақалдар мен мәтелдерді орынды пайдаланған ата-ана ой қозғап, ақылға

қонымды сөздер айту арқылы баланы тәрбиелейді және санасын арттырады.

Балалар бақшасында тіл ұстарту, тіл ширату сабақтарында балдырғандарға

мақал, мәтел туралы түсінік беріліп, оларды қолданудың қажеттілігі тура

айтылады.

Мектепте ауыз әдебиеті туралы бағдарламалық материалдарды оқыту

оқушылардың мақал-мәтел жинап, оқулық пен хрестоматиядағы материалдарды

толықтыра түсуіне басшылық етеді.

Қазақ халқының өз мақал-мәтелдері том-том болып жиналады, оның үстіне

басқа халықтардың тілінен аударылған мақал-мәтелдер де мол. Осыған қарап

мақал-мәтелдерді ұлтаралық, жалпы адамзаттық әдеби мұра деуге де болар еді.

3.Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры.

Алғашқы қауымнан бастап бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді

ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ

ертегілері сан алуан. Оларды: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып

ертегілер, тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі

ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.

Хайуанаттар туралы ертегілер көне заманда елдің және аңдардың, малдың

киесі бар деген сенім қалыптасқан кезде пайда болған (Шек-шек ата, Ойсыл

қара, Зеңгі баба).

Ертегілердің ішіндегі баланың қиялын шарықтатып, балалық шақтың

болашағын елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі

ертегілер – қиял-ғажайып ертегілері.

Тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер халықтың тарихи талаптарына

байланысты туған. Онда бай баласы мен жарлы баласының таптық

айырмашылықтары сөз болады, ақылды кедей мен сараң бай, қанағатсыз

саудагер, ақымақ хан мен данышпан шаруаның іс-әрекеттері, мінез-құлықтары

суреттеледі.

Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып

іс-әрекеттері баяндалады («Ер төстік»).

Аңыз ертегілер негізінен Алдар көсе мен Жиренше шешеннің, Қожанасырдың

есімдерімен байланысты.

Отбасында ертегілер күнін белгілеп, ол күні әженің не атанын ертектерін

тыңдау немесе ертегі оқу, ертегі айтысу т.б тәрбиелік жұмытарды ұйымдастыру

маңызды саналған.

Балалар бақшасында ұйымдастырылатын ертегілер бөлмесі әркім әсер

алатындай әсем, мазмұнды, ғажап көріністермен безендірілуі тиіс.

Халық өз ұрпағының ұлағатты, білгір, батыл, батыр, ойшыл, еңбекқор,

өнерпаз болып өсуі үшін, оған үлгі-өнеге етіп аңыз әңгімелерді де бардан

құрап, сары алтындай сақтап келеді.

Аңыз әңгімелер келешек ұрпақтың наным-сенімін, арман-қиялын арттырады.

Онда көбінесе өмірде болған нақты оқиғалар алынады да, оған қызық ғажайып

сюжеттер қосылып, тыңдаушыны баурап алатындай әңгіме жүйесі ерекше әсерлі

құрылады.

Аңыз әңгімелер: 1. Аспан әлемі, жан-жануар, жер, су, мекен аттары

туралы. 2. Ру, тайпалардың шығу тегіне байлансты. 3. Діни мистикаға. 4.

Әлеуметтік утопияға (үміт, қиял). 5. Тарихи қаһармандық туралы құрылады.

Отбасында аңыз әңгімелердің сан салалы, алуын түрлі үзінділерін айта

біліп немесе қызықты аңыздарды кітаптан балаларына оқытып, тыңдатуды

ұйымдастыру – ата-ананың міндеті.

Қанатты сөздер мен даналық сөздер – даналар мен шешендердің ел аузында

жатталып, өсиет, өнеге, аңыз ретінде айтылатын сөздер.

Қазақтың халық педагогикасында балаларға арнап шығарылған арнау-тілек

өлеңдері, сұрамақтар, төрт түлік туралы жырлар, тақпақтар ерекще орын

алады.

Халық педагогикасындағы балалардың бірден жадында қалатын қысқа-қысқа

тақпақтар, оларды тақпақ айтуға ынталандырады, еңбекке, адамгершілікке,

Отанын сүюге, өнерге тәрбиелейді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Жетілген тұлға туралы түсінік бер?

2. Халықтық педагогикадағы «Жетілген тұлға» ұғымының мәнін ашыңыз.

3. Жетілген тұлға тұлғасын тәрбиелеудің негізгі міндеттері.

4. Абай Құнанбаевтың «Жетілген тұлға» туралы көзқарасы қандай?

5.Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар.

6.Ауызша поэзия. Оның түрлері.

7. Халық ұғымындағы тұлғаны бейнелеңіз.

8. Халық ауыз әдебиеті және оның жанрларын атаңыз.

9.Мақал-мәтелдер адамгершілік, имандылық тәрбиесінің құралы ретінде

қолданудың мақсаты?

Дәріс №9. Дәрістің атауы. Халық педагогикасындағы балалар мен жастарды

өмірге тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде. (1

сағат. 9 апта)

1.Отбасының әлеуметтік тарихи дамуы.

2 Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің

ерекшеліктері.

3 Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері.

1.Этнопедагогика проблемаларының өзектілігі, ең алдымен адам өміріндегі

халықтық тәрбиенің алатын ерекше маңызды рөлімен анықталады. Адам

әлеуметтенуінің маңызды құралы бола отыра халықтық тәрбие балалар мен

жасөспірімдерді қоғамда өмір сүрудің түрліше тәртіптеріне даярлайды.

Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы, ата-дәстүрі болады. Сонымен

бірге жалпы қазақ отбасында ортақ дәстүрлер де бар. Оларды атап өтсек

мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата, әже, әпке, аға, әке деп

сыйлап қарым-қатынас жасауы, сондай-ақ жасы кішілер үлкендердің, әсіресе,

қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы мүшелерінің бірін-бірі ренжітпеуі,

үлкеннің тілін кішінің алуы, елгезек, тілалғыш, қолғанат болу, ал отбасы

үлкендерінің өзінен кішілерге қамқоршы, ақылшы болуы, еңбекті үй ішінде

жұмыла істеп, әрқайсысының өз шама шарқынша іс атқаруы.

Гуманизм, табиғатпен үйлесімділік, халықтық еңбекте тәрбиелеу,

сезімталдық, тәрбиенің бірізділігі мен жүйелілігі, талаптар бірлігі,

балалар тұлғасына ілтипат пен құрмет – бұлар отбасы тәрбиесінің халықтық

жетекші бастаулары жүйесін құрайды. Бұл халықтық тәрбиенің және оның

құрамды бөлігі – отбасы тәрбиесінің жалпы бағытын, оның мақсаты, мазмұнын

және ұйымдастыру әдістемесін анықтайды.

Осыған орай еңбекте қазақ халқының отбасы тәрбиесі, халықтың

сүйіспеншілік, жанұя, балалар мен ата-аналар жөніндегі ұғымдарын,

түсініктерін ашып көрсетуге үлкен орын берілген.