- •2.Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
- •3.Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.
- •2. Орта ғасырдағы Орта Азия және Қазақстанның жас ұрпақ тәрбиелеудегі
- •2.Этностар мәдениетін зерттейтін қоғамдық ғылымдар және олардың өзара
- •126),—Деген тұжырым жасайды. “Қазақ” сөзiнiң бiрiншi сыңары “қаз” дегеннiң
- •Iстеу” мағыналарында қолданылған. Бұл сөздердiң түбiрi “қаз” (“қазған-дұң”)
- •2.Интегративті этнопедагогика.
- •3.Этнопедагогикалық менеджмент.
- •4.Этнопедагогикалық антропология.
- •2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.
- •3 Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.
- •2 Қазақстанда этномәдени қызығушылықтарды жүзеге асыру. Этномәдени білімді
- •90 Жылдардың бас кезінде Қазақстан Президенті н.Ә.Назарбаевтың
- •2 Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс.
- •3 Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер, ұжымдар. Халықтық ойындар,
- •2 Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның жанрлары,
- •3.Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры.
- •2 Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің
- •3 Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері.
- •2 Балаларды білімге, ой өрісті кеңейту икемділіктері мен дағдыларына
- •3 Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану.
- •2 Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.
- •6 Жастан бастап үй шруашылығымен айналысты. Қыз балаларды шаруашылыққа
- •3 Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу,
- •2 Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: гуманизмді,
- •2 Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды
- •2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің
2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.
Халық педагогикасының негізгі мақсаты – өзінің бай тарихи тәжірибесіне
сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, отбасы, ауыл-
аймақ, Отанның ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат
тәрбиелеу. Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап, ауыл
ақсақадары, көне көз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әнші, күйші, термеші
сияқты өнер адамдарының бәрі белсене ат салысатын ұжымдық тәрбие ісін
жүргізушілер болып келгені көпке аян. Әсіресе, ақын, жырау, термешілердің
өлең, жыр, дастан, терме, толғауларының мазмұнына ой жүгіртсек, онда
дидактикалық ақыл-нақыл, өсиет-өнегенің тұнып тұрғанын байқаймыз. Ал ақыл-
ойға, терең тәлімге құрылған поэзиялық сөз маржанынан ұлттық ойлау
ерекшелігін, мәдени мұраның өзіндік сипатын айқын танып білуге болады.
Жыраулардың поэзиясында келелі сөз болған мәселе – адамгершілік
проблемасы.
Қазақтың ұлттық философиясының тағы бір гносеологиялық, танымдық
ерекшелігі – атамекен, ел-жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.
Қазақтың философиясының өзіндік үшінші ерекшелігі – ана тіліне, сөз
өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға беруінде. Оның себебі – аталы
сөздердің өміршеңдігінде, халықтың тіл құдіретін бағалай білуінде жатыр.
Ақылдың көзі логикалық дұрыс ойда жатыр. Логикалық жүйемен ойлай білу –
дұрыс жүйелеп сөйлей білуге жетектейтін жол, сөйлеу мәдениетінің алғашқы
баспалдағы. Ал қазақтың қарапайым мақал-мәтелдерінен де осы идеялар өзекті
орын алған. Сөзшең, өнерлі ақын, әнші азаматтарға жиын-тойларда төрден орын
беріп, қошемет көрсеткен. Жастарды шешендікке, сөз өнеріне үйрету үшін әке-
шешелері, аталары мен әжелері оларға мақал-мәтел, жұмбақ,жаңылтпаш, терме,
өлең жыр жаттатып үйреткен.
Қазақтың ұлтық философиясының төртінші ерекшелігі – ұлттық тірегінің
көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен тығыз байланыстылығы. Тіршіліктің
тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды жанмен бірдей санаған.
Осымен байланысты – төрт түлік малға арналған мақал-мәтел, ертегі-
әңгіме,жаңылтпаш, жұмбақтардың қазақ ауыз әдебиетінде орасан көп болуы, мал
атаулыларының молдығы, бір жағынан, ұлттық психологияның тілдегі көрінісі
болып саналса, екіншіден фольклорлық шығармалардың этнопедагогикада тәрбие
құралы ретінде қызмет еткенін байқатады.
3 Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.
Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесі халықтық салт-дәстүрлер мен
ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделгенімен, оның да өзіндік мақсат-мүдделері,
негізгі қағидалары бар.
Қазақ халқының ұлттық болмысы ерекшеленіп, тәлім-тәрбиелік негіздері
қалыптасқандығын айқындайтын оның ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері, жазу
мәдениеті ғылыми-теориялық тұжырымдар жасауға негіз бола алады.
Бала тәрбиесін заттың атын атап, сан үйретуден бастаған қазақтың ұлттық
тәліміндегі ерекшеліктері, сол ұлттың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи және
табиғи жағдайларына байланысты.
Ұлттық салт-сананың қалыптасуының екі негізі бар: игі әдеттер көп
қолданыстан әдет ғұрыпқа, яғни өмір қолданысына айналады да, ол ұлттық әдеп
(этика, этника) болып қалыптасады.
Қазақ этнопедагогикасының негізгі ерекшеліктері: халық педагогикасы
(ауыз әдебиеті мен халықтың салт-дәстүрлері) жан-жақты, қарымды
қалыптасқан, ұлттық педагогикалық ойлар тарихының материалы бай.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері қандай?
2. Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздерін ата.
3. Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны қандай?
4. Қазақтың халықтық педагогикасының ұстанымдары қандай?
5. Қазақ этнопедагогикасының көздеріне не жатады?
6. Халықтық педагогикада ұрпақтар сабақтастығы қандай рөл атқарады?
7. Халық педагогикасының тарихи тәрбиелік мәні қандай?
Дәріс №6. Дәрістің атауы. Этномәдениет – этнопедагогика негізі ретінде.
(1сағат. 6 апата)
1 Этникалық мәдениет және білім. Этномәдени білім туралы түсінік. Білімнің
мәдени сәйкестілігі.
2 Қазақстанда этномәдени қызығушылықтарды жүзеге асыру. Этномәдени білімді
іске асыру ұстанымдары. Мәдениетаралық толеранттылық. Полиэтникалық
білімдік орта.
1.Этномәдени білім туралы түсінік. Қазіргі қоғам мен адамзат
дамуының интенсивті жаһандық даму кезеңіндегі өзекті мәселелердің бірі
этномәдени тұлға тәрбиесі. Еліміз егемендік алған кезеңдегі білім-тәрбие
саласындағы қазақстандық мектеп моделін жасау белгісі және елімізге сай
азамат тәрбиесі туралы Білім Заңында “Білім беру жүйесінің басты міндеті –
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” – деп жазылған.
Білімнің құндылығы туралы халықтық педагогикада, соңғы кезде
этнопедагогикада көп мәліметтер бар.Соның ішінде ХVII ғасырда өмір сүрген
мұсылмандарың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әліге «Білім артық па,
байлық артық па?» деген сұрақ қойғанда , білімнің артықшылығы жайлы он
дәлелмен былай жауап қайтарған екен: 1.Білім артық, өйткені ол Пайғамбардан
қалған мирас, байлық- бақылдардан қалған мұра.2. .Білім артық,,өйткені ол
сені бағады, байлықты сен бағасын. 3. .Білім досыңды көбейтеді, байлық
дұшпаныңды көбейтеді.4. Білім іздей берсең, көбейеді, оны жұмсағанмен
азаймайды. Байлық- жұмсасаң азаяды, білімнің артық болатыны осыдан.5. Білім
артық, оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұрылардан күнде
қорғау керек.6. Білімің көп болса, сені құрметтейді, байлығың көп болса,
қызғанады, білімнің артық болатыны сол. 7. Білім артық, білімің көп
болғанымен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп отыруың
керек. 8. Білім қанша көп болса да, іріп-шіріп бүлінбейді, дүние- мал
бүлінеді.Сондықтан, білім артық. 9. Білім артық, ол жаныңды байытады.Байлық
жан-дүниеңді шектейді,өзіңді тура жолдан тайдыруы мүмкін. 10. Білімді адам
орнымен сөйлейді, мәдениеті артады.Байлығы мол адам оған мас болып,
мақтанады,астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық.
Қазақстан Республикасы “Этномәдени білім беру тұжырымдамасында” жас
ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы ұлтжанды етіп тәрбиелеу қажеттігі ерекше
атап көрсетілсе, “Білім туралы” Заңда “Білім беру мекемелерінде тәрбиелік
бағдармалар этномәдени элементтермен толықтырылады”,- деп нақты анықталған.
Оқушыларға этномәдени білім берудің теориялық негіздері, этномәдени білім
берудің жайы мен практикасы, оларға этномәдени білім беруді жүзеге асырудың
жолдары Ж.Наурызбайдың “Ұлттық мектептің ұлы мұраты” және “Этномәдени
білім” атты еңбектерінде көрініс тапқан. Қазақ мектептерінде оқушыларға
этномәдени білім берудің мазмұнын қазақ этнографиясы, қазақ этнологиясы,
қазақ этнофилософиясы, қазақ тарихы, қазақ этнопедагогикасы ғылымдары
құрайды. Ал бұл ұлттық ғылымдар туралы әдебиеттер соңғы 10 шақты жылда ғана
шыға бастады. Мысалы, А.Қасабеков пен Ж.Алтаевтың “Қазақ философиясы”;
Ж.Артықбаевтың “Қазақ этнографиясы”; “Этнология және этнографиясы”;
С.Қасимановтың “Қазақ халқының қол өнері”; Х.Арғынбаевтың “Қазақ отбасы”;
ал ғалым- педагогтарымыз Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтің “Қазақ тәлім-
тәрбиесі”; С.Қалиевтің “Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен
тарихы”; Ә.Табылдиевтың “Қазақ этнопедагогикасы”; З.Әбілованың
“Этнопедагогика оқулығы”, т.б. еңбектер жарық көрді. Этникалық – мәдени
білімнің негізгі бөлігі – оқыту. Оқушылардың бірнеше тіл үйренуге деген
қызығушылығын арттыру бүгінгі мектептің көкейкесті мәселесі болып тұр.Осы
ретте біздің еліміздегі көп тілді тұлғаны тәрбиелеудегі қазақ– түрік
лицейлерінің тәжірибесін келтіруге болады. Шет тілдерін үйренудің негізі
жетінші сыныпта қаланады. Ол үшін оқушының тілді тез әрі терең меңгеруі
үшін материалдық-техникалық жағдайлар жасалған. Тіл үйрету үрдісі тіл
дамыту, практикум, грамматикалық болып үш топқа бөлінеді.
