- •2.Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
- •3.Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.
- •2. Орта ғасырдағы Орта Азия және Қазақстанның жас ұрпақ тәрбиелеудегі
- •2.Этностар мәдениетін зерттейтін қоғамдық ғылымдар және олардың өзара
- •126),—Деген тұжырым жасайды. “Қазақ” сөзiнiң бiрiншi сыңары “қаз” дегеннiң
- •Iстеу” мағыналарында қолданылған. Бұл сөздердiң түбiрi “қаз” (“қазған-дұң”)
- •2.Интегративті этнопедагогика.
- •3.Этнопедагогикалық менеджмент.
- •4.Этнопедагогикалық антропология.
- •2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.
- •3 Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.
- •2 Қазақстанда этномәдени қызығушылықтарды жүзеге асыру. Этномәдени білімді
- •90 Жылдардың бас кезінде Қазақстан Президенті н.Ә.Назарбаевтың
- •2 Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс.
- •3 Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер, ұжымдар. Халықтық ойындар,
- •2 Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның жанрлары,
- •3.Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры.
- •2 Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің
- •3 Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері.
- •2 Балаларды білімге, ой өрісті кеңейту икемділіктері мен дағдыларына
- •3 Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану.
- •2 Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.
- •6 Жастан бастап үй шруашылығымен айналысты. Қыз балаларды шаруашылыққа
- •3 Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу,
- •2 Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: гуманизмді,
- •2 Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды
- •2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің
2 Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.
Балалар үлкендерге көмектесе және олардың өнегелі істері, шеберлік
дағдырларын қабылдай отырып, үнемі табиғат аясыда жүреді, оның
әсемділігінен ләззат алады. Балаларды еңбекке ерте араластыру олардың
адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, көркемдік эстетикалық
талғамдарының жетілуіне, дене бітімдерінің толысып дамуына, сонымен бірге
халықтың мәдени мұрасына аялы көзқарасын арттыруға жәрдемдеседі. Ер баламен
қыз балаға берілетін еңбек тәрбиесінің бірдей еместігі. Қазақ халқы ежелден
ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өз ара бөлісіп алған. Ұлды мал бағуға,
шөп шабуға, жинауға, отын шабуға, аң аулауға, мытық атып, мергндңк құруға,
қол өнер шеберлігңне, мал тауып, отбасы асрауға әкелерімен аталары үйретті.
Қыз баланы келіншек ана, бала тәрбиешісі отбасы ұйтқысы деп
түсіндірген. Еңбексүйгіш, өнегелі болып өсуіне ерекше мән берген. Қыздар 5-
6 Жастан бастап үй шруашылығымен айналысты. Қыз балаларды шаруашылыққа
апалары, шешесі, әжесі, ауылдық әйелдер үйретті.
Балалар үлкендерге көмектесе және олардың өнегелі істерін, шеберлік
дағдыларын қабылдай отрып, сұлулығымен сусындады.
Халықтың тәрбиесінде балалар мен жастарды еңбек- сүйгіштікке
тәрбиелеуге арналған әндер де, үлкендердің іс- әрекетін бейнелеп көрсететін
және балаларды болашақ еңбекке баулитын ойындарда көптеп саналады.
Халық тәрбиесінде балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге арналған
үлкендердің іс-әрекетін көрсететін ойындар қолданылды. Еңбек –өмірдің
тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам
еңбегімен жасалады. Осыны терең түйіп, ой топшылаған халық: «Еңбек-адамның
екінші анасы», «Еңбек түбі-береке», «Жалқау аздырады, еңбек оздырады»,
т.б.мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің
,мәнісін,сондай-ақ еріншектік, жалқаулық кісінің соры екендігін жас буынға
тәптіштеп түсіндірген. Осы жайытты терең түйіп, еңбектің бейнеті мен
зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан
бастаған.
3 Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу,
өсиет, мадақтау, тыйым т.б.
Халық тәрбиесінде балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге арналған
үленгдердің іс-ірекетін көрсететін ойындар қолданады. Еңбек өмірдің
тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ.Қоғамдағы байлықтың бәрі адам
еңбегімен жасалады.Осыны терең түйіп, ой топшылаған халық: «Еңбек-адамның
екінші анасы», «Еңбек түбі-береке», «Жалқау аздырады, еңбек оздырады», т.б.
Мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбексүйгіштік, жалқаулық, кісінің соры
екендігін жас буынға тәптіштеп түсіндірген. Осы жайтты терең түйіп,
еңбектін бейнеті мен зейнетін басынан өткізетін басынан өткізген халөымыз
баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған.
Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну «Аяз би»
ертегісіндегі Кендебай, «күн астындағы Күнекей қыз» ертегісіндегі қарапайым
қойшы баланың бейнелері арқылы берілген. Мал баққан, еңбек сүйген, қару-
жарақ асынып ел-жұртын мергендікпен асырап-сақтаған қарапайым шаруа
адамдарының адал еңбегі арқасында қйындық біткенді женіп шығып, мұратына
жетуін баяндау арқылы халық «Еңбекпен ер көгереді, мұратына жетеді» деп
отырған.
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібінін, тұрмыс-
тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді
ойластыруған. Аңның жүнін, етін, терісін күнделікті тұрмыста керегінде
жаратқан.
Балалар кәсіптік жұмысқа дәстүрлі тәжірибе арқылы үйренеді.
Қазақ халқы ғасырлар бойы мал күтудің рәсімдерін қастерлеп
қалыптастырған. Өйткені жартыдай көшпелі халықтың тіршілігі мал өсірумен
тікелей байланысты болды. Мал күту әрекетімен малды сүю, оны қадырлеу, бағу
арқылы кәсіптік әдептілік қалыптасып, дәстүрге айналған. Түйенің пірі –
Ойсылқара, сиырдың пірі – Зеңгі баба, жылқының пірі – Қамбар ата деп, сол
пірлерді ұстанып, төрт түлікті күтуді қасиетті іс – әрекет деп таныған.
Қазақ халқы төрт түлік ішінде жылқымен түйені ерекше қастерлеген.
Шөлге шыдамды, төзімді жүк көтергіш мал – түйе малы көшпелі халқымыздың
керуен кемесі. Інтек, бота, тайлақ, буыршың, бура, атан түйе, нар, қоспақ,
үлек деп аталатын түйенің әрбір тегіне лайықты күтім керек. М/ы: жас бота
кәдімгі нәресте сияқты. Оны туған кезден бастап ауыздандырып, аялап өсіру
қажет. Ботаны нәрестедей сүйіп қамқорлыққа алу – отбасы мүшелерінің қасетті
борышы. Інгенді уақытында сауып шұбат ашыту – парыз. Шұбат – әрі тағам, әрі
сусын, әрі дәрі. Түйенің шудасы - ең қымбат киім тігуге ең төзімді ұлтандық
ж/е тоқымдық, т.б. қайыс жасауға пайдаланады.
Еңбек тәрбиесінің негізгі саласы-баланы кәсіпке үйрету: мал бағу, егін
салу, сәулет өнеріне үйрету, халық қастерлеп, жоооары бағаланған ұсталық
кәсіп, зергерлік, тоқымашылық, құсбегілік. Атакәсіп-атадан балаға ауысып
келе жатқан тіршілік мұрасы, мұрагер жалғастыратын дарынды әрекет. Өмірде
«Атадан бала туса игі» деп, халық ата дәстүрін жалғастыру ұрпақ парызы
екенін ескереді. Егер атаның ұрпағы кәсіптік игі дәстүрлерін жалғастыра
алса, ол ата-бабаның аруағын сыйламаған нақұрыс ретінде жеккөрінішті болып,
қарғысқа ұшырайды. Егер атакәсіпті қадірлемеген болса, ондай ұрпақты халық
« ата жолын бұзған», «жақсыдан жаман туған көргенсіз» деп іске алғысыз
еткен.
Жасөспірім жалындаған жігерімен кәсіп тыңдай бастағанда-ақ, халық ең
әуеді оның атакәсіпке бейімделген жақсы нышан деп бағалайды. Әрине,
атакәсіпке күнкөріс әрекетінің барлығын жатқызуғак болмайды. Халық қоғамда
ерекше пайдасы бар, елдің тән азығы мен жан азығына үлкен қосатын кәсіпті
«атакәсіп» дейді. Ұсталық, зергелік, саяткерлік,тігіншілік- қыр-сыры мол,
халық қастерлейтін атакәсіпкер.Халық, әсіресе мамандыққа байланысты
атакәсіпті ұрпақтың одаң әрі жалғастыруын адамгершілік парыз деп есептейді.
Сондықтан да, ұста ұрпағын қаршадайынан ұсталыққа баулиды, зергер
зергерікке үйретеді, сәулеткер өзінен асқан сәулетші ұрпағым болса екен
дейді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні
қандай?
2. Еңбектің дәстүрлі түрлерін ата.
3. Еңбек тәрбиесінің әдістері, түсіндіру, әрекет түрлерін
көрсету, жаттығу өсиет, мадақтау, тиым т.б. жайлы айт.
Дәріс №12. Дәрістің атауы. Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесі. (1
сағат. 12 апта)
1 Халықтық педагогикада балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі
міндеттері.
2 Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: гуманизмді,
азаматтықты, жағымды адамгершілік қасиеттерді, ата-ана алдындағы парыз
сезімін, оларға деген сүйіспеншілігін. адалдығын, шыншылдығын қалыптастыру.
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі
Ыбырай Алтынсарин
1. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-
адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай
адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал
үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан
баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни
адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде
отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие-
екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға
белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын
қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан
белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін
пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін,
тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады.
Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық
өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам
игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән
адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық
пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде
қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы
тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары
балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке
тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру
процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі
күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі
талап етіледі.
Баланың рухани-адамгершлік дамуы отбасы арасындағы қарым-қатынастың
тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да
болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік
сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу,
сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер,
патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына
жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер
арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/
кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./
Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру,
Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту
және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың
пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай
қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер,
бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің
рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат
бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар
рухани азық, деп атап көрсеткен.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың
негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және
адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау
дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын
қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-
құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-
қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан
көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік
тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық
құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар,
ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне
бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік
тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында
қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі
болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы,
көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік,
қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б.
Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті,
адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың
бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты
міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар
бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам
адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан
бойына сіңіреді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің
ең бастысы —өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ
тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-
жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп
тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
