Химиялы технология шпор
.docx
Химиялық технология
"Г-Қ" жүйесіндегі күйлердің әрекеттесу бетін жоғарылату тәсілдері: А) қатты заттарды майдалау, қарқынды араластыру;
.
«С-Қ» жүйесінде жүретін процестердің жылдамдығын жоғарылату үшін: А) күйлердің әрекеттесу бетін жоғарылату керек.
0,6-0,8МПа қысымда жұмыс істейтін қондырғыларда өндірілетін азот қышқылының концентрациясы шамамен: А) 58-60%;
1м3 генератор газы жанғанда түзілетін жылудың мөлшері: А) газдың жылу түзгіш қабілеті;
2SO2+О22SO3 реакциясының реті: А) 3;
4FeS2+11O2®8SO2+2Fe2 O3+Q: А) әртекті, қайтымсыз, экзотермиялық;
5МПа қысымда жұмыс істейтін қондырғыларда өндірілетін азот қышқылының концентрациясы шамамен: А) 98%;
H2SO4 өндірісінің 2-ші сатысы SO2-ң SO3-ке контактілік тотығуы процесінің тиімді температуралық ережесі: А) төменгі шегі 400-4400С, жоғары шегі 600-6500С;
H2SO4 өндірісінің І-ші сатысында (4FeS2+11О2=8SO2+Fe2O3+Q) қолданылатын ауаның мөлшері: А) a > 1,2¸2 ;
H2SO4 өндірісінің І-ші сатысының (4FeS2+11О2=8SO2+Fe2O3+Q) тиімді температурасы: А) 8000C;
H2SO4 өндірісінің І-ші сатысының (4FeS2+11О2=8SO2+Fe2O3+Q) тиімді қысымы: А) P=1атм.;
HNO3 өндірісі қандай қысымда жұмыс істейді: А) 0,73 МПа;
HNO3-тің ерітіндідегі қандай концентрациясында азеотропты қоспа пайда болады: А) 68,4 %;
NaCl ерітіндісінің электролиз процесінің температурасы: А) 85-900C;
NaOH электрохимиялық әдіспен өндірудің артықшылығы: А) NaOH-ң жоғары концентрациясы мен жоғары сапасы;
NaOH-н сынапты әдіспен өндірудің кемшіліктері: А) энергияның жоғары шығыны, улы заттың қолданылуы;
NPK-тыңайтқышы: А) нитрофоска;
SO2 –ң тотығуының тиімді температурасы: А) 440-5500С, процес ТТС бойынша жүргізіледі;
SO2 тотықтыру үшін қолданылатын катализатор: А) V2O5;
SO2-ні тотықтыруда қолданылатын V2O5 катализатордың жану температурасы шамамен: А) 4400С;
SO3-ң толық сіңірілуін қамтамасыз ететін күкірт қышқылының тиімді концентрациясы: А) 98,3%;
Ағызынды суларды тазарту әдістері: А) механикалық, физика-химиялық, химиялық, биологиялық;
Ағызынды суларды тазартудың биологиялық әдістері: А) органикалық және кейбір бейорганикалық заттардың микроағзалардың әсерінен биологиялық тотығуына негізделген;
Ағызынды суларды тазартудың механикалық әдістері: А) тұндыру, мөлдірлеу және сүзу;
Ағызынды суларды тазартудың физика-химиялық әдістері: А) флотация, коагуляция және флокуляция, еріткіштермен экстракция, адсорбция;
Ағызынды суларды тазартудың физика-химиялық әдістерінің қолданылуы: А) ағызынды суларды майда дисперсиялық, коллоидтық және ерітілген заттардан тазарту;
Ағызынды суларды тазартудың химиялық әдістері: А) қышқылдардың және сілтілердің бейтараптануы, иондардың өзгеретін қосылыстарға айналуы, бейорганикалық заттардың қоса тұнуы;
Ағызынды суларды тазартудың химиялық әдістерінің негізгі кемшіліктері: А) химиялық реагенттердің шығыны, жаңа қосылыстардың пайда болуы;
Аз мөлшерде енгізілетін тыңайтқыштар: А) микротыңайтқыштар;
Азот қышқылының өндірісінде NO2-ң абсорбциялану температурасы: А) 20-350С;
Азотты тыңайтқыш: А) аммоний селитрасы;
Азот-фосфорлы тыңайтқыш: А) аммофосфат;
Айналдыру дәрежесі дегеніміз реакцияға түскен заттың мөлшерінің: А) осы заттың бастапқы қоспадағы жалпы мөлшеріне қатынасы;
Алюминий алу әдісі: А) электролиз;
Алюминий кендері: А) бокситтер, нефелиндер, алуниттер, коалиндер;
Алюминий өндірісінде қолданылатын алюминий тотығын алу әдісі: А) Байер;
Алюминийді электролиз әдісімен алуда қолданылатын шикізат: А) алюминий тотығы;
Аммиак өндірісінде қолданылатын үлгі: А) циклдік;
Аммиак синтезінде қолданылатын катализатор: А) темір катализаторлары;
Аммиак синтезінің тиімді қысымы: А) 30-32 МПа;
Аммиак синтезінің тиімді сызықтық жылдамдығы: А) 15-25 мың сағ-1;
Аммиак синтезінің тиімді температурасы: А) 420-5000C;
Аммиак-ауалы қоспадағы О2:HNO3 қатынасының тиімді шамасы: А) 1,7 / 2,0;
Аммиак-ауалы қоспаның жарылуының төменгі шегі : А) 12 % NH3;
Аммиакты тотықтыру процесінің катализаторы: А) Pt - Pd;
Аммиактың тотығу температурасы: А) 750-9000С;
Аммоний сульфаты қандай тыңайтқышқа жатады: А) азотты;
Анықтаушы саты дегеніміз: А) ең жәй жүретін саты;
Апатит концентратының құрамындағы Р2О5 шоғыры: А) 40%-ға дейін;
Аппараттардағы қысымды жоғарылатуды шектеу себептері: А) аппараттың құрылысының күрделілігі, процесті басқару қиындығы;
Асыл металдар: А) платина, алтын, күміс;
Атмосфералық қысымда жұмыс істейтін қондырғыларда өндірілетін азот қышқылының концентрациясы шамамен: А) 50%;
Ауалық тұтқыр заттар: А) ауада қатады;
Ауалық тұтқыр заттардың түрлері: А) гипс, магнезит, ауалы әк;
Ауыспалы аймақта жүретін процестердің қай сатысы жәй жүреді: А) барлық сатылардың жылдамдығы бірдей болады;
Ашық жүйесі бар ХТЖ-да: А) барлық реагенттер аппараттар арқылы тек қана бір рет өтеді;
Әк сүті шикізаттың қай түріне жатады: А) жасанды;
Әк тасы шикізаттың қай түріне жатады: А) табиғи;
Әк тасы шикізаттың қай түріне жатады: А) табиғи;
Әртекті процестер: А) фазалардың бөліну бетінде жүреді;
Әртекті процестердің жүру аймақтары: А) кинетикалық, диффузиялық, аралас (ауыспалы);
Әртекті процестің жүру аймағы қалай анықталады: А) ең жәй жүретін сатының жылдамдығымен;
Әртекті процестің қозғаушы күшін жоғарылату тәсілі: А) реагенттердің концентрациясын жоғарылату, өнімдерді реакция аймағынан шығару;
Бастапқы заттардың концентрациясы күрделі біртекті реакциялардың жылдамдығына (wб) қалай әсер етеді: А) wб-ны жоғарылатады ;
Бастапқы реагенттің концентрациясын жоғарылату химиялық сатының жылдамдығына қалай әсер етеді: А) жоғарылатады;
Бастапқы реагенттің концентрациясын жоғарылату ішкі диффузиялық сатының жылдамдығына қалай әсер етеді: А) жоғарылатады;
Болат дегеніміз құрамында: А) 0,1-2 % көмертегі бар темір құймасы;
Болат өндіру әдістері: А) конверторлық, мартендік, электр балқыту;
Болат өндіруде мартен пешіндегі температура: А) 1700-17500С;
Болат өндірудің конверторлық әдісіндегі реакцияның температурасы: А) 16000С;
Болат өндірудің конверторлық әдісінің ұзақтығы: А) 15 минут;
Болат өндірісінде қолданылатын пеш: А) мартен пеші;
Болат өндірісінде қолданылатын пеш: А) электр доғалы;
Болат өндірісінде қолданылатын электр доғалы пештің қуаттылығы: А) 120-250В;
Болат өндірісіндегі пештегі электр доғасының температурасы шамамен: А) 40000С;
Біртекті катализдің негізгі кемшілігі: А) қоспадан катализаторды бөліп алу;
Біртекті процестерді үдету тәсілдері: А) температураны, концентрацияны жоғарылату, катализаторлар қолдану;
Біртекті процестердің жүру аймағы: А) кинетикалық;
Біртекті химиялық процестерде: А) бастапқы заттар мен өнімдер бірдей күйде болады;
Біртекті химиялық процестің жылдамдығы дегеніміз бір мезгіл уақыт аралығында А) бір реакциялық көлемде реакцияға қатысқан немесе реакцияның нәтижесінде пайда болған заттың мөлшері:
Бірінші шаю мұнарасындағы H2SO4-ң шоғыры: А) 40-50%;
Вулканизатор ретінде қолданылатын зат: А) күкірт;
Вулканизациялау әдістері: А) салқын және ыстық;
Газдандыру дегеніміз қатты отынның органикалық бөлігін ауамен, су буымен немесе олардың қоспасымен газогенераторларда шамамен 1000С0-де жартылай тотықтыру арқылы: А) жанғыш газдарға айналдыру;
Газдандыру процесінің температурасы шамамен: А) 10000С;
Газдардың қатты заттармен сіңірілуі: А) адсорбция;
Газдардың сұйықтықтармен сіңірілуі кезінде химиялық реакция жүретін процесті қалай атайды: А) хемосорбция;
Газдардың сұйықтықтармен сіңірілуі: А) абсорбция;
Газды ағынның жылдамдығын жоғарылату ішкідиффузиялық сатының жылдамдығына қалай әсер етеді: А) әсер етпейді;
Газды ағынның сызықтық жылдамдығын жоғарылату химиялық сатының жылдамдығына қалай әсер етеді: А) әсер етпейді;
Газды шикізаттарды байыту: А) оны бөлек компоненттерге бөлу арқылы жүзеге асырылады;
Газдың жылу түзгіш қабілетінің өлшем бірлігі: А) кДж/м3;
Генератор газының негізгі көрсеткіші: А) 1м3 газ жанғанда түзілетін жылудың мөлшері;
Гидравликалық тұтқыр заттар: А) сулы ортада қатады;
Гидравликалық тұтқыр заттардың түрлері: А) портландцемент, гидравликалық әк;
Гидрогендеу (гидрлеу) дегеніміз отынды катализаторлардың қатысуымен жоғары температурада және қысымда: А) сутегімен өңдеу процесі;
Гидрокрекинг ауыр мұнай фракцияларын сутегімен қанықтыру арқылы: А) деструктивті гидрлеу процесі;
Гидрокрекингтің бірінші сатысында қолданылатын катализатор А) алюмокобальтмолибден;
Гидрокрекингтің екінші сатысында қолданылатын катализатор: А) VI-VIII тобының металдары бар катализаторлар;
Гидромеханикалық процестер: А) тұндыру, сүзу, сұйықтықтар мен газдарды тасымалдау, араластыру және жалған сұйылту;
Гидроформинг процесінде қолданылатын катализатор: А) алюминиймолибден;
Гидроформинг процесінде қолданылатын қысым: А) 1,7-1,9МПа;
Диафрагмалы электролизерлердің технологиялық ережесі: А) анодты және катодты кеңістіктерді диафрагмамен бөлу;
Дифференциалды таңдаушылық () дегеніміз шикізаттың негізгі өнімге шығындалған мөлшерінің: А) оның жалпы шығындалған мөлшеріне қатынасы;
Диффузиялық аймақта жүретін процестің реті: А) 1,2 ¸ 1,4;
Доғалы әдіс бойынша элементарлы азот пен оттегі электр доғасының жалынында шамамен қандай температурада жүреді: А) 15000С;
Домна газы: А) отын;
Домна пешінде коксты жағу температурасы: А) 18500С;
Домна пешінде пайда болатын шлактың негізгі құрамдас бөлігі: А) кальций силикаты;
Домна пешінде темір кеніне және коксқа не үшін флюстер немесе балқытқыштар қосады: А) темір кеніндегі қиын балқитын қоспаларды балқыту немесе жою үшін;
Домна пешінде шойын мен шлактың араласпау себебі неде? А) тығыздықтарының айырмашылығында;
Домна пешіне не үшін оттегімен байытылған ыстық ауа үрленеді: А) коксты жағу;
Домна пешіне не үшін табиғи газ беріледі? А) әрекеттесуші заттардың концентрациясын жоғарылату;
Дюалюминийдің құрамы: А) Al, Cu, Mn және Mg;
Дюралюминий: А) деформацияланатын құйма;
Егер диффузия сатысының жылдамдығы жоғары болса, процесс қай аймақта жүреді: А) кинетикалық;
Егер процестің барлық сатыларының жылдамдығы бірдей болса, процесс қай аймақта жүреді: А) ауыспалы;
Егер химиялық реакцияның жылдамдығы жоғары болса, процесс қай аймақта жүреді: А) диффузиялық;
Екінші шаю мұнарасындағы H2SO4-ң шоғыры: А) 10-15%;
Жабық жүйесі бар ХТЖ-да: А) ең болмаса бір қайтымды байланыс болады;
Жартылай кокстеу дегеніміз: А) төменсапалы отындарды ауасыз ортада өңдеу;
Жартылай кокстеу процесінің температурасы: А) 500-5500С;
Жасанды отындар: А) кокс, керосин;
Жасанды силикаттарды жіктеу: А) тұтқыр заттар, керамика, силикатсыз материалдар, шыны, ситалдар;
Жасанды химиялық талшық: А) вискоза;
Жасанды химиялық талшықтарда: А) талшықтың полимерлік табиғаты сақталады;
Жасанды шикізаттар: А) резоль шайыры, коксты газ;
ЖМҚ алу әдістері: А) полимеризация, поликонденсация;
Жоғары қысымды полиэтилен (ПЭВД) өндіру қысымы: А) 150-300 МПа;
Жоғары қысымды полиэтилен (ПЭВД) өндіру температурасы: А) 180-300оС;
Жоғары қысымды полиэтилен (ПЭВД) өндіру үшін қолданылатын шикізат: А) этилен;
Жоғары қысымды полиэтилен (ПЭВД) өндірісіндегі полиэтиленнің шығымы: А) 95-98%;
Жылулық процестер: А) қыздыру, салқындату, буландыру және конденсациялау;
Ингибиторлар деген қандай заттар: А) жанама реакциялардың жылдамдығын төмендететін;
Инициаторлар деген қандай заттар: А) реакцияға қатысып, оны үдететін;
Интенсивті термодинамикалық параметрлер: А) температура, қысым;
Калий сульфаты қандай тыңайтқышқа жатады: А) күрделі;
Калийлі тыңайтқыш: А) калий хлориді;
Капрон өндірісінде қолданылатын реактор: А) автоклав;
Капрон өндірісіндегі полимеризация қысымы: А) 15 атм;
Капрон өндірісіндегі полимеризация температурасы: А) 2500C;
Катализ дегеніміз қандай заттардың қатысуымен химиялық реакцияның жылдамдығын жоғарылату процесі: А) катализаторлардың;
Катализатор қандай реакциялардың жылдамдығына әсер етеді: А) термодинамикалық шешілген;
Катализаторға аз мөлшерде басқа зат қосып оның активтілігін жоғарылату дегеніміз: А) промоторлау;
Катализаторды қолдану қандай мүмкіндік береді: А) активтік энергиясын төмендетуге, жылдамдық тұрақтысы жоғарылатуға;
Катализатордың жылуға төзімділігі оның қандай температураға төзімділігін көрсетеді (катализатордың жұмысшы температурасынан): А) 50-1000С жоғары;
Катализатордың улану түрлері: А) қайтымды және қайтымсыз;
Катализатордың улануы дегеніміз катализатордың: А) активтілігінің жартылай немесе толық жоғалуы;
Катализатордың үдетуші әсері: А) активтілік энергиясын төмендетеді;
Катализаторлар дегеніміз: А) бастапқы реагенттермен аралық қосылыстар түзу арқылы реакцияға қатысып, процестің соңында бастапқы химиялық құрамын қалпына келтіретін заттар;
Катализаторларды қолдану келесі шарттардың орындалуына мүмкіндік береді: А) процесті таңдаушылық әсермен және төмен температурада жүргізуге;
Катализді крекинг процесінің қысымы: А) P=0,05-0,1МПа;
Катализді крекинг процесінің температурасы: А) T=450-5000C;
Катализді процестерді жіктеу белгілері: А) барлық заттардың агрегаттық күйі бойынша, катализатордың әсері бойынша;
Катализді риформинг процесінде қолданылатын катализатор: А) (МоО+Al2O3 және Pt) катализаторлары;
Катализді риформинг процесінің қысымы: А) P=0,01-0,5 МПа;
Катализді риформинг процесінің температурасы: А) T=450-5000C;
Катализдік өңдеу процесстерін қолдану келесі мүмкіндіктер береді: А) күкірт құрамдас мұнай өнімдерін өңдеуге;
Катализдік процесстерді қолдану нәтижесінде: А) құрамы белгілі өнімдерді өндіруге болады;
Катализдік процесстердін артықшылықтары: А) бензин фракциясының жоғары шығымы;
Катализдік процесстердін термиялық процесстермен салыстырғандағы артықшылықтары: А) катализдік процесстердің жоғары жылдамдығы;
Каустік соданы алудың әктік әдісінің артықшылығы: А) энергошығындары төмен;
Каустік соданы химиялық (әкті) әдіспен өндіру процесіндегі Na2CO3-ң тиімді концентрациясы: А) 10-15%;
Каустік соданы химиялық (әкті) әдіспен өндіру процесінің тиімді температурасы: А) 80-1000C,
Каустік соданы электрохимиялық әдіспен өндірудің артықшылығы: А) өнімнің сапасы өте жоғары;
Каучук дегеніміз: А) сыртқы күштің әсерінен сығылуға және көлемін ұлғайтуға бейім материал;
Кезектескен-айналмалы байланыстың қолданылу себебі: А) реакциялық қоспаның параметрлерін реттеу;
Кен дегеніміз ішінде металдардың қосылыстары бар: А) минералдар мен тау жыныстары;
Кеңінен қолданылатын микротыңайтқыш: А) бор;
Кептіру шаю мұнарасындағы H2SO4-ң шоғыры: А) 93-94%;
Керамикалық заттардың қолданылуы бойынша жіктелуі: А) құрылыс, отқа төзімді, нәзік және арнайы;
Керамикалық заттардың құрамы бойынша жіктелуі: А) оттекті және оттексіз;
Керамикалық заттардың құрылымы мен күйдіру дәрежесі бойынша жіктелуі: А) кеуекті және кеуексіз;
Керамикалық заттардың сыртқы бетінің түрі бойынша жіктелуі: А) жылтырланған және жылтырланбаған;
Керамикалық материалдар немесе керамика дегеніміз табиғи саздарды және олардың минералды заттармен, метал оксидтерімен және басқа да қиын балқитын қосылыстармен қоспасын күйдіру нәтижесінде алынаты: А) поликристалды материалдар мен олардан алынатын бұйымдар;
Керамикалық материалдарды өндіру үлгісі: А) шикізаттарды дайындау, керамикалық қоспаны дайындау, пішіндеу, кептіру, күйдіру, бұйымның бетін өрнектеу және жылтырату;
Кешенді тыңайтқыштар: А) күрделі, араласқан және күрделі араласқан;
Кинетикалық аймақта жүретін әртекті процесті үдету тәсілдері: А) әрекеттесуші заттардың концентрациясын жоғарылату, температураны жоғарылату, активтік энергиясын төмендету;
Кинетикалық аймақта жүретін процестің қай сатысы жәй жүреді: А) химиялық реакция;
Кинетикалық аймақта жүретін процестің реті: А) 2,0 ¸ 4,0;
Кокс камерасынан шыққан газ: А) тура кокс газы;
Кокс шикізаттың қай түріне жатады: А) жасанды;
Кокстеу процесінде қолданылатын пеш: А) кокстеу пеші;
Кокстеу процесінің температуралық ережесі: А) 900-10500С;
Кокстеу процесінің ұзақтығы: А) 14-15 сағат;
Колчеданды күйдіру процесінің теңдеуі: А) 4FeS2+11O2 ®8SO2+2Fe2 O3+Q;
Контактілі әдіспен өндірілетін техникалық H2SO4 құрамы: А) 92,5 % H2SO4;
Контактілік тотығу процесінің теңдеуі: А) 2SO2+О22SO3+Q;
Көмекші аппараттарда келесі операциялар жүреді: А) шикізатты дайындау;
Көмекші шикізаттар ..... қамтамасыз ету үшін қолданлады:А) процестің жүруін;
Көп мөлшерде енгізілетін тыңайтқыштар: А) макротыңайтқыштар;
Күкірт колчеданын күйдіру пеші: А) механикалық;
Күкірт колчеданын күйдіру үшін қолданылатын үлгі; А) ашық жүйелі;
Күкірт колчеданың күйдіру үшін қолданылатын тиімді пеш: А) «қайнау қабатты»;
Күкірт қышқылы өндірісінде қолданылатын "қайнау қабатты" пешінің артықшылқтары: А) араластыру дәрежесі жоғары, реакцияның жылуы қолданылады, газдағы SO2-нің құрамы жоғары болады;
Күкірт қышқылы өндірісінде қолданылатын механикалық сатылы пештің кемшіліктері: А) құрылысы күрделі, араластыру болмайды, әрекеттесу беті төмен;
Күкірт қышқылы өндірісінде құрамында SO2 бар газды не үшін кептіру қажет: А) H2SO4 тұманы түзілмеуі үшін;
Күкірт қышқылы өндірісіндегі ылғал электрсүзгіштің міндеті: А) газды H2SO4 тұманынан тазарту;
Күкірт қышқылы өндірісінің дамуының негізгі бағыты: А) төментемпературалық катализаторларды зерттеп дайындау;
Күкірт қышқылы өнім ретінде қай аппараттан шығарылады: А) кептіру мұнарасынан;
Күкірт қышқылы шикізаттың қай түріне жатады: А) жасанды;
Күкірт қышқылын нитрозалық әдіспен өндіру теңдеуі: А) SO2+N2O3+H2O→H2SO4+2NO+Q ;
Күкірт қышқылын өндіру тәсілдері: А) контактілік, нитрозалық;
Күкірт қышқылын өндіру үшін қолданылатын шикізат көздері: А) табиғи күкірт, күкірт колчеданы, құрамында күкіртті газы бар қалдықты газдар, гипс;
Күкірт қышқылын өндіру үшін қолданылатын шикізаттың экологиялық таза түрі: А) күкірт;
Күкірт қышқылының өндірісінде қолданылатын үлгі: А) қиыстырылған;
Күкірт қышқылының өндірісіндегі ЕК-ЕА әдісінің артықшылықтары: А) SO2-ң тотығу дәрежесі жоғары;
Күрделi ХТЖ құрудың технологиялық принциптері: А) шикiзаттар мен энергияны тиімді қолдану, өндiрiстiк қалдықтарды азайту;
Күрделі кешенді тыңайтқыш: А) карбоаммофоска;
Күрделі реакциялардың температурасын шектен тыс жоғарылатқанда: А) жанама реакциялардың жылдамдықтары жоғарылайды;
Күрделі тыңайтқыш: А) калий селитрасы;
Кірпіш өндіру әдістері: А) пластикалық, жартылай құрғақ;
Кірпіш өндірісіндегі мехнаникалық пресстегі қысым: А) 10-25МПа;
Кірпішті кептіру жылдамдығын жоғарылату үшін сазға не қосады? А) электролит;
Кірпішті күйдіру температурасы: А) 900-11000С;
Қайтымды процестерде реагенттердің артық мөлшерін енгізу қандай себептермен шектеледі: А) реакциялық аппараттың көлемінің және энергетикалық шығындардың көбеюімен;
Қайтымды процестерде температураны шектен тыс жоғарылатудың нәтижесінде: А) кері реакциялардың жылдамдықтары жоғарылайды;
Қайтымсыз процестерде температураны жоғарылатуды шектеу себептері: А) заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі, жылуға төзімді материалдардың қажеттігі, аппарат құрылысының күрделенуі және энергия шығындарының жоғарылауы;
Қайтымсыз улану кезінде катализатордың активтілігін қалпына келтіру үшін қолданылатын әдістер: А) химиялық;
Қара металдар: А) темір және оның құймалары;
Қара металлургия: А) темір және оның құймаларын өндіру;
Қарапайым суперфосфат өндірісінде фосфоритті: А) күкірт қышқылымен өңдейді;
Қарапайым суперфосфаттағы Р2О5 шоғыры: А) 14-15% P2O5;
Қатарласқан (параллелді) байланыстың қолданылу себебі: А) ХТЖ-нің қуаттылығын көбейту;
Қатты заттарды байыту әдістері: А) физикалық (механикалық), химиялық және физика-химиялық;
Қатты заттарды байытудың физикалық (механикалық) әдістері: А) гравитациялық, электромагниттік, электростатикалық және термиялық;
Қатты заттарды байытудың химиялық әдістері: А) тұндыру, буландыру, балқыту және т.б. арқылы бөлуге негізделген;
Қатты катализаторлардың технологиялық сипаттамалары: А) жану температурасы, активтілігі, таңдаушылық әсері, жылуға төзімділігі;
Қатты отынды жоғары температуралық өңдеу әдістері: А) пиролиз, газдандыру және гидрогендеу;
Қатты отынның технологиялық көрсеткіштері: А) ылғалдылық, күлділік, ұшпа заттар;
Қатты отынның энергетикалық көрсеткіші: А) 1 кг отынды жаққан кезде бөлінетін жылудың мөлшері (кДж );
Қатты реагенттің майдалану дәрежесі ішкідиффузиялық сатының жылдамдығына қалай әсер етеді: А) жоғарылатады;
Қиын балқитын металдарды алу процесі қалай аталады: А) алюминотермия;
Қиын балқитын металдарды алуда қолданылатын тотықсыздандырғаш: А) алюминий;
Қондырғылардағы қысымды жоғарылатуды шектеу себептері: А) экономикалық шығындардың жоғарылауы, әрекеттесу бетінің төмендеуі;
Қос суперфосфат өндірісінде фосфоритті: А) фосфор қышқылымен өңдейді;
Қос суперфосфаттағы Р2О5 шоғыры: А) 44-52% P2O5;
Қосгидратты әдістің нәтижесінде алынатын ЭФҚ-ғы Р2О5 шоғыры: А) 30-32%;
Қоспалардан тазартылған кокс газы; А) кері кокс газы;
Қоспалары аз сулар: А) атмосфералық;
Құрылымдық үлгіде: А) материалдық және энергетикалық ағындардың қозғалысы көрсетіледі;
Құрылыс кірпіші өндірісінде қолданылатын шикізаттар: А) оңай балқитын саздар, құм және темір оксиді (III);
Қысымның жоғарылауы тепе-теңдікті қай реакцияның бағытына ығыстырады: А) молдердің саны (көлемнің) азаюымен жүретін;
Қысымның химиялық тепе-теңдікке әсері неге байланысты: А) молдер санының өзгеруіне;
Лавсан қандай талшыққа жатады: А) синтетикалық;
Маңызды мұнай өңдеу өнімдері: А) бензин, керосин, мазут, майлаушы майлар;
Массаалмасу процестері: А) абсорбция, адсорбция, десорбция, ректификация, экстракция және кептіру;
Материалдық баланс дегеніміз: А) кіріс және шығыс ағындардың теңдігі;
Материалдық баланс қай бірлікке есептеледі: А) салмақ;
Материалдық және жылулық балансты есептеу нәтижелері қай түрде көрсетіледі? А) кесте;
Мерзімді процестердің негізгі кемшіліктері: А) процестің ұзақтығы, параметрлерінің тұрақсыздығы;
Мерзімді процестің сипаттамасы: А) тиеу және шығару кезеңдеріндегі тоқтаулар;
Металлургия: А) металдарды алудың өнеркәсіптік әдістері туралы ғылым;
Метанол өндірісінде қолданылатын катализатор: А) мысқұрамдас;
Метанол өндірісіндегі CO:H2 қатынасы: А) 1:4 және 1:8;
Метанол синтезінің катализаторы: А) цинк-хромды;
Метанолдың бір айналымдағы шығымы: А) 4%;
Механикалық технологияда заттардың: А) сыртқы пішіні, түрі және физикалық қасиеттері өзгереді;