Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Хаттама дрыс

.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
41.59 Кб
Скачать

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама № 1

«05».09 .2013 ж.

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы: Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Ата заңым-ардағым» атты баяндама оқу.

Тыңдалды: Тұрлыбек А. «Ата заңым-ардағым» атты баяндама оқыды. Бұл баяндамада Қазақстан Республикасының Конституциясы 2 рет өзгеріске енгендігі баян етілді. «Ең алғашқы 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Конституция еліміздің тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуында маңызды алғышарттарының бірі болды. Алайда бұл конституция мемлекетіміздің шынайы әлеуметтік-экономикалық және саяси бағытын айқындамағандықтан, өтпелі кезең құжаты ретінде саналып, 1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданып, мемлекетіміздің болашағына жөн сілтейтін басты құжат болып халық атынан жаңа конституциямыз қабылданды. 30 тамыз 1995 жылы республикалық референдумда Конституцияны қабылдау күні мемлекеттік мерекесі -  Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ретінде жарияланды» делінеді баяндама мазмұнында. Екінші мәселе бойынша студенттердің ізгі ниеттері,құттықтау сөздері тыңдалды.Топ студенттері Ш.Хайткулова, А.Сыпабек, А.Тілемісова, З.Эгамбердиева оқытушыларды және студенттерді Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтады. Үшінші мәселе бойынша топтағы студенттердің сабаққа қатысымы, оқу үлгерімі жайында әңгімеленді.

Қаулы етеді: Ата заң ардақталсын,заң бұзушылық болмасын.

Хатшы Тұрлыбек А.

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама № 2

«12» 09 .2013 ж.

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы: Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Тіл-халықтар достығының дәнекері» атты баяндама оқу.

Тыңдалды: Тәлімгер сағатының мақсаты студенттердің тіл туралы білімдерін жетілдіру,өз тіліне,туған жеріне құрмет көрсетуге баулу. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Сабырова Г. «Тіл-халықтар достығының дәнекері» атты баяндама оқыды. Бұл баяндамада 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет екендігі қарастырылды. Екінші мәселе бойынша студенттердің ізгі ниеттері,құттықтау сөздері тыңдалды.Топ студенттері Ш.Хайткулова, А.Сыпабек, А.Тілемісова, З.Эгамбердиева оқытушыларды және студенттерді 22-қыркүйек Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесімен құттықтады. Тобымызда екі ұлт өкілдері жиналғандықтан,ұлт өкілдерінің татулығы,бірлігі жайында әңгіме етілді.Үшінші мәселе бойынша топтағы студенттердің сабаққа қатысымы, оқу үлгерімі жайында әңгімеленді.

Қаулы етеді: Үш тұғырлы тілді ел болғанымызбен,өз ана тіліміз ұмытылмасын,мәртебесі жоғары болсын.

Хатшы Тұрлыбек А.

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама № 3

«19» 09 .2013 ж.

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы: Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Кітап-рухани өсиет» атты баяндама оқу.

Тыңдалды: Сидикова М. «Кітап-рухани өсиет» атты баяндама оқыды. Бұл баяндамада кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы екендігі,кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі екендігі айтылды. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. Баяндама «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген Ғабит Мүсіреповтің және «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспирдің ой-тұжырымымен түйінделді. Топ студенттері Ш.Хайткулова, Ә.Тұрлыбекова, А.Тілемісова, Д.Толаметовалар кітап жайында дайындап келген материалдарымен таныстырды.Үшінші мәселе бойынша топтағы студенттердің сабаққа қатысымы, оқу үлгерімі жайында әңгімеленді.

Қаулы етеді: Кітап ақыл-ойдың жемісі,білім кеніші екендігі естен шығарылмасын.

Хатшы Тұрлыбек А.

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама № 4

«26» 09.2013 ж.

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы: Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Заң және мен» атты баяндама оқу.

Тыңдалды: Юсанова Н. Тақырып бойынша «Заң және мен» тақырыбында баяндама оқыды. Бұл баяндамада Қазақстан Республикасының Конституциясы 2 рет өзгеріске енгендігі баян етілді. «Ең алғашқы 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Конституция еліміздің тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуында маңызды алғышарттарының бірі болды. Алайда бұл конституция мемлекетіміздің шынайы әлеуметтік-экономикалық және саяси бағытын айқындамағандықтан, өтпелі кезең құжаты ретінде саналып, 1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданып, мемлекетіміздің болашағына жөн сілтейтін басты құжат болып халық атынан жаңа конституциямыз қабылданды. 30 тамыз 1995 жылы республикалық референдумда Конституцияны қабылдау күні мемлекеттік мерекесі -  Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ретінде жарияланды» делінеді баяндама мазмұнында. Қоғамда орын алып жатқан түрлі заң бұзушылық әрекеттер,оларға жастардың қатысымдылығы негізге алынған. Жыл сайын қылмыстық әрекеттердің көбеюі заманның негізгі мәселесі болып отыр. Сонымен күресу қажет. Топ студенттері Ш.Хайткулова, Ә.Тұрлыбекова, А.Тілемісова, Д.Толаметовалар заң жайында дайындап келген материалдарымен таныстырды. Екінші мәселе бойынша топ студенттерінің апталар бойындағы сабақ үлгерімі талқыланды. Және топтағы студенттердің сабаққа қатысымы жайында әңгімеленді. Әр түрлі мәселелер бойынша да топ ішінара өзінің мәселелерін ортаға салды.

Қаулы етеді: Заң бұзушылық болмасын,ата заң құрметтелсін,әр азамат өз құқығын,сонымен қатар міндетін де біле жүрсін.

Хатшы Тұрлыбек А.

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама № 5

«03»10 .2013 ж.

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы: Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Ұстаз деген-ұлы есім» атты баяндама оқу.

Тыңдалды: Төребай Ә. «Ұстаз деген-ұлы есім» атты баяндама оқыды. Бұл баяндамада шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берудегі ұстаздың еңбегі жайында баяндалды. Екінші мәселе бойынша студенттердің ұстаздарға деген ізгі ниеттері,құттықтау сөздері тыңдалды. «Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің көңілдеріңіз əр шәкірттің жан-дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Ұстаздан өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады.Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз»-деген сынды тілектерімен топ студенттері А.Оспан, М.Тохтамишова,Н.Умарова ұлағатты ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады. Үшінші мәселе бойынша топтағы студенттердің сабаққа қатысымы мен оқу үлгерімі жайында талқыланды.

Қаулы етеді: Ұстаздар құрметтелсін және шәкіртке деген үміті ақталсын.

Хатшы Тұрлыбек А.

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама № 6

«07»10 .2013 ж.

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы: Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Беделді биік ордам» атты баяндама оқу.

Тыңдалды: Фи-11-1к2 тобының студенті Тілемісова А. «Беделді биік ордам» тақырыбында баяндама оқыды. Бұл баяндамада «Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне биыл — 70 жыл. Оқу орнымыздың ұжымы айтулы датаны тойлаудамыз. Университетімізде бүгінде 17 мыңнан астам студент білім алып жүр. Ғылыми университет болуды мақсат етіп отырған оқу орнының асқақ жоспары жоқ емес. Бағындырған белестері мен жетістіктері де жетерлік.»-деген сынды ойлар айтыла кетті.Екінші мәселе бойынша топ студенттерінің апталар бойындағы сабақ үлгерімі талқыланды. Және топтағы студенттердің сабаққа қатысымы жайында әңгімеленді. Әр түрлі мәселелер бойынша да топ ішінара өзінің мәселелерін ортаға салды.

Қаулы етеді: Университеттің 70 жылдығы жоғары дәрежеде тойлансын,және оған әрбір студент белсене атсалыссын.

Хатшы Тұрлыбек А.

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама № 7

«14» 10.2013 ж.

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы: Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Қарлығаш әулие Төле биге 350 жыл» атты баяндама оқу.

Тыңдалды: Биыл қазақ хандығының мемлекеттік деңгейде нығаюына атсалысқан мемлекет және қоғам қайраткері Төле бидің туылғанына 350 жыл толып отыр.Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданы жеріндегі Жайсаң деп аталатын жайлауда дүниеге келген. 1756 жылы, 93 жасында қайтыс болған. Бүгінде бұл мерекеге байланысты түрлі іс-шаралардың дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Төле би бабаның ұрпағы, «Жаныс баба» қоғамдық қорының төрағасы Ағабек Сүгірәлиевтың айтуынша, алдағы күндері Ташкентте, Шымкентте, Таразда және облысымыздың Төлеби ауданында іс-шаралар өтеді. Осы мәселе бойынша Умарова Г. «Қарлығаш әулие Төле биге 350 жыл» атты баяндамасын оқыды.Екінші мәселе бойынша топ студенттерінің апталар бойындағы сабақ үлгерімі талқыланды. Және топтағы студенттердің сабаққа қатысымы жайында әңгімеленді. Әр түрлі мәселелер бойынша да топ ішінара өзінің мәселелерін ортаға салды.

Қаулы етеді: Ердің есімі елдің есінде болсын.

Хатшы Тұрлыбек А.

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама № 8

«21» 10 .2013 ж.

Курс жұмысын қорғау мәжілісі

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы: Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Гүлденген қала» атты баяндама оқу.

Тыңдалды:Республикадағы үшінші қала мәртебесіне үміткер Шымкент жыл сайын гүлденіп келеді. Республика күні мерекесімен тұспа-тұс келетін қала күнін биыл шымкенттіктер ерекше қуанышпен қарсы алды.Биыл қала күні мерекесі жеті күнге созылды. Бір апта бойына қаланың барлық саябақтары мен ипподромда мерекелік көрініс салтанат құрып, салауатты өмір салтын, ұлттық спорт түрлерін насихаттау, қала ауасын ластанудан сақтау, тағы басқа да мақсаттар төңірегінде велошеру, көкпар, ат жарыс, қыз қуу секілді ойындар мереке көрігін қыздырды. Осы күндері өткен палау фестивалі де көпшілік үшін қызық болды.Бірінші мәселе бойынша осы тақырыпта Толаметова Д. «Гүлденген қала» атты баяндамасын оқыды. Екінші мәселе бойынша топ студенттерінің апталар бойындағы сабақ үлгерімі талқыланды. Және топтағы студенттердің сабаққа қатысымы жайында әңгімеленді. Әр түрлі мәселелер бойынша да топ ішінара өзінің мәселелерін ортаға салды.

Қаулы етеді:Қаланы таза ұстауға және көркейтуге белсене араласайық.

Хатшы Тұрлыбек А.

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама № 9

«28» 10.2013 ж.

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы: Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Тазалық- денсаулық кепілі» атты баяндама оқу.

Тыңдалды: Слам Ш. «Тазалық- денсаулық кепілі» атты баяндама оқыды. Бұл баяндамада Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру жайында сөз етілді. Екінші мәселе бойынша топ студенттерінің апталар бойындағы сабақ үлгерімі талқыланды. Және топтағы студенттердің сабаққа қатысымы жайында әңгімеленді. Әр түрлі мәселелер бойынша да топ ішінара өзінің мәселелерін ортаға салды.

Қаулы етеді: Өз денсаулығымыз үшін салауатты өмір салтын ұстанайық

Хатшы Тұрлыбек А.

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама №10

«04» 11 .2013 ж.

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы: Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Бұзылған ағымдардан сақ бол» атты баяндама оқу

Тыңдалды: Слам Ш. «Бұзылған ағымдардан сақ бол» атты баяндама оқыды. Соңғы кезде елімізде дәстүрлі емес діндер атауына ие болған көптеген дәстүрлі емес діни ұйымдардың үгіт-насихатына жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, дәстүрлі дінді терең білмейтіндер, әсіресе, жастар тез ілігуде. Өзіне құлшылық етушілерді қоршаған ортадан оқшаулауға ұмтылған қатаң фанатизмдік сипатқа ие дәстүрлі емес діни ұйымдар өз қатарларында адамдарды күштеп ұстап, зорлық-зомбылық, қаржылық айла-шарғымен айналысуда, сонымен қатар назарларына іліккен жандарды отбасылық байланыстардан үзу үшін белсенді түрде жұмыс жүргізуде. Бұл баяндамада осы тақырыпта сөз етілді. Екінші мәселе бойынша топ студенттерінің апталар бойындағы сабақ үлгерімі талқыланды. Және топтағы студенттердің сабаққа қатысымы жайында әңгімеленді.

Қаулы етеді: Діни емес ұйымдар қатарынан сақтанайық,бейтаныс жандарға сенім артпайық.

Хатшы Тұрлыбек А.

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама № 11

«11» 11.2013 ж.

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы: Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Еңбек етсең емерсің» атты баяндама оқу

Тыңдалды: Шегетай Т. «Еңбек етсең емерсің» атты баяндама оқыды. Бұл баяндамада еңбектің адамға рухани күш беретіндігі,адамды әрқашан алға жетелейтіндігі жайында баяндалды. Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы қарастырады: Ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды. Екінші мәселе бойынша топ студенттерінің апталар бойындағы сабақ үлгерімі талқыланды. Және топтағы студенттердің сабаққа қатысымы жайында әңгімеленді. Әр түрлі мәселелер бойынша да топ ішінара өзінің мәселелерін ортаға салды.

Қаулы етеді: Еңбек рухани күштің көзі екендігі ұмытылмасын,әрбір адам еңбекқор жан болсын.

Хатшы Тұрлыбек А.

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама №12

«18»11 .2013 ж.

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы: Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Дені сау ұрпақ жарқын болашақ» атты баяндама оқу.

Тыңдалды: Тәлімгер сағатында Тохтамишова М. «Дені сау ұрпақ жарқын болашақ» атты баяндама оқыды.Баяндама аясындағы өзекті жағдайлар студенттер арасында өзара талқыланды. «Денсаулық – зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өёмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылуы тиіс. Адам денсаулығына зиянды әдеттердің бірі темекі шегу. Темекі шегу – халық арасына кең тараған зиянды әдет және ол адам ағзасын іштей жейтін құрт. Осы никотин жүйке жүйесіне, ас қорыту, сондай-ақ тыныс алу және қан тамырлар жүйесіне әсер ететін ерекше «У». Темекі шегу ақырын ғана өлімге жетелейді. Дүние жүзінде жыл сайын 3 млн адам темекі кесірінен қайтыс болады.

Қаулы етеді: Салауатты өмір салтына зардабын тигізер зиянды әдеттерден аулақ болайық.

Хатшы Тұрлыбек А.

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама № 13

«25» 11 .2013 ж.

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы: Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Бүгінгі студент-ертеңгі мұғалім» атты баяндама оқу.

Тыңдалды: Сабақ барысында Толаметова Д. «Бүгінгі студент-ертеңгі мұғалім» атты баяндама оқыды.Баяндама аясындағы жағдайлар студенттер арасында өзара талқыланды. Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда. ХХІ ғасыр қоғам талабына байланысты білімдендіру ғасырына айналуда. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс,жоғары оқу орнында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Ертеңгі ұрпақ тәрбиесі,білімі бізге тікелей байланысты болмақ. Сондықтан да сапалы білім алуымыз тиіс.

Қаулы етеді: Әр студент болашақта жақсы шәкірт тәриелеу үшін жоғары дәрежеде білім алуы тиіс.

Хатшы Тұрлыбек А.

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама № 14

«02» 12 .2013 ж.

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы: Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Жасыл ел бағдарламасын насихаттау» атты баяндама оқу.

Тыңдалды: Тақырып бойынша Тұрлыбек А. «Жасыл ел бағдарламасын насихаттау» атты баяндама оқыды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кең – байтақ Қазақ елін көгалдандыру мақсатын көздейтін «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында осы бағдарламаға студенттер мен жұмыссыз жастарды тарту керектігі жөніндегі міндеттерді Үкіметтің алдында қойған болатын. Жылдар өткен сайын жалпыұлттық бастамаға қатысушылар саны артып, өз елін, жерін сүйетін патриот ұландар, қолына күрек пен тырнауыш алған студенттер мен жоғары сынып оқушылары көбейіп келеді. Біздің университетіміздің студенттері де еліміздің көгалдануына барынша атсалысып келеді. Әр сенбі сайын университет ауласын тазарту шаралары жүргізіледі. Сабақ барысында куратор Ырсымбетова Нағима апай осы сенбілік жөнінде айта кетті.

Қаулы етеді: Әр адам өзі өмір сүретін ортадағы меншікті жерді таза ұстауға,көгалдандыруға атсалыссын.

Хатшы Тұрлыбек А.

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама № 15

«09» 12 .2013 ж.

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Желтоқсанда мұзда жанған алауым» атты баяндама оқу.

Тыңдалды: Сабырова Г. «Желтоқсанда мұзда жанған алауым» атты баяндама оқыды. Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. Соның бірі, дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.  Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету қазақ азаматтарының игі борышы. Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін үлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділітсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Куратор Ырсымбетова Н Желтоқсан көтерілісіне тоқтала келіп,студенттерді отансійгіштікке,адал болуға шақырды.

Қаулы етеді: Әрбір адам отанын сүйсін,елін жаудан қорғасын

Хатшы Тұрлыбек А.

Ф.4.05-11

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Хаттама

«22».01 .2014 ж.

Тәлімгер: Ырсымбетова Н .

Хатшы: Тұрлыбек А.

Қатысқандар:18

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты баяндама оқу.

Тыңдалды: Сабақ барысында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың бірінші жартысындағы жолдауы талқыланды. «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты баяндама оқылды. Баяндамада елбасымыздың жолдауындағы мәселелер айтылды. Жолдауда елбасымыз: «2050-ге дейінгі қалған жылдар жеті бесжылдыққа бөлінеді, олардың әрқайсысы бір мақсат – дамыған 30 ел- дің қатарына кіру мәселесін шешеді.Екінші және одан кейінгі бесжылдық- тарда мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салған жөн. Мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағ- дай жасау болмақ. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажет- тілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетіс-тіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек. Болашақ – аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түрін-дегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз»-деген мақсат құрды.

Қаулы етеді: Жолдауда мақсат етілген тапсырмаларды бүкіл Қазақстан болып орындауға бар күш-жігерімізді салайық.

Тәлімгер Ырсымбетова Н

Хатшы Тұрлыбек А.