- •2.Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
- •3.Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.
- •2. Орта ғасырдағы Орта Азия және Қазақстанның жас ұрпақ тәрбиелеудегі
- •2.Этностар мәдениетін зерттейтін қоғамдық ғылымдар және олардың өзара
- •126),—Деген тұжырым жасайды. “Қазақ” сөзiнiң бiрiншi сыңары “қаз” дегеннiң
- •Iстеу” мағыналарында қолданылған. Бұл сөздердiң түбiрi “қаз” (“қазған-дұң”)
- •2.Интегративті этнопедагогика.
- •3.Этнопедагогикалық менеджмент.
- •4.Этнопедагогикалық антропология.
- •2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.
- •3 Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.
- •2 Қазақстанда этномәдени қызығушылықтарды жүзеге асыру. Этномәдени білімді
- •90 Жылдардың бас кезінде Қазақстан Президенті н.Ә.Назарбаевтың
- •2 Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс.
- •3 Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер, ұжымдар. Халықтық ойындар,
- •2 Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның жанрлары,
- •3.Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры.
- •2 Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің
- •3 Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері.
- •2 Балаларды білімге, ой өрісті кеңейту икемділіктері мен дағдыларына
- •3 Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану.
- •2 Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.
- •6 Жастан бастап үй шруашылығымен айналысты. Қыз балаларды шаруашылыққа
- •3 Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу,
- •2 Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: гуманизмді,
- •2 Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды
- •2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің
2 Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды
қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар,
мерекелер, салт-дәстүрлер т.б. арқылы көркемдікке баулу.
Тәрбие жүргізу ісінде үйрету, пайымдату, сендіру, әсерлендіру тәсілдері
қолданылады. Ұлттық тәрбие үлгілерін көрсетіп, үйрету үшін сахналық
тәсілдерді қолданудың мәні зор. Сөзді жаттау, оны сахнада мәніне жеткізіп,
мәнерлеп айта білу, өмір құбылыстарын әсерлендіре көрсету, кейіпкер
бейнесін айнытпай көрсету әрбір тәрбиеленушінің санасына сан қырымен әсер
ететін құбылыс.
Оқушы түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика
және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде болады.
Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде,
теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға
көмектесуі керек.
Оқушылардың эстетикалық сезімін дамыту оларға мынау жақсы, әдемі, ал
мынау жаман, көріксіз деп ауызша айтуда ғана жүзеге аспайды, сонымен бірге
бала күнделікті тұрмыста да, мектепте де эстетикалық талғампаздықтың үлгі
өнегесін күн сайын көріп отыруы керек.
Ата-бабамыз сыртқы көрнекі сұлулық пен ішкі рухани сұлулықты мойындай
отырып, олардың орнын анықтауға келгенде, ішкі рухани сұлулыққа көбірек
көңіл бөліп, мазмұн сұлулығына көбірек жан тартады.
Балаға әдепті әсемдіктен бөліп түсіндіруге болмайды. Егер оларды бөліп
айтуға болатынын мойындасақ, онда әдепсіз сұлулықтың да болатынын
мойындауға тура келер еді де, сұлудық өлшемдері тек сыртқы белгілер,
симметрия, пропорция, түр-түстер сәйкестігі, т.б. ғана болып шығады.
Орыстың атақты әдебиет сыншысы әрі эстет В.Г. Белинский сұлулықты барлық
уақытта моральмен бірге қабылдап келген қоғамдық тәжірибеге сүйене отырып:
«Сұлулық шындықпен моральмен бір туысқан. Егер шығарманы көркемдік
құндылыққа ие десек, онда ол сөз жоқ, әдеп-инабаттылық жағынан да құнды
болады», - дейді.
Халқымыз дене сұлулығына, әсіресе қыз баланың көрікті болуына ерекше
көңіл бөлген. Аналар «Аттың көркі – жал, қыздың көркі шаш» деп ұққан. Қыз
баланың шашын жақсы өсіру үшін айранмен, ірімшіктің сары суымен немесе
қынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етіп өру бойжеткен
қыздардың көркі болған. Қыз бен жігіт айтысындағы: «Атымды әкем сүйіп Несіп
қойған, шашымды бестемшелеп есіп қойған» деген сөз тіркестері осы пікірді
дәлелдейді.
Халық жанрларында аруларды «Шашының ұзындығы ізін басты» немесе «Қыпша
бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп сипаттаған. Халық даналығы арулардың
киім киісіне де ерекше мән берген. «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі
жапырақ», «Қыз өссе – елдің көркі» деп қыз баланы қынама қамзол, дүрия
бешпент, кәмшат бөрік, қос етек көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген.
Сырға, білезік, шолпы, шашбау, жүзік сияқты әшекей заттарды тақтырған.
«Қыздың көзі қызылда» деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйірлігін
білдіреді. әзатылған қыздың ауылында айтылатын «Жар-жар», «Жұбату», «Сыңсу»
өлеңдерінде, келін түсіру тойларында орындалатын «Беташарда» қыздың, жас
келіннің басты – басты киімдері, сән-салтанаты, сұлулық бейнесі мақтала
жырланған.
Бала түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және
тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде болады.
Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде,
теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға
көмектесуі керек.
Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа
салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін,
зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке
тәрбиелеу – адамдардағы әсемдікті еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы
тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке
көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету
жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі
ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамда дүниедегі
әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға,
қастерлеуге баулиды. Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар.
Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу.
Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әртүрлі болады.
Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер
оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап жанынан өте шығады.
Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка
және ән саласынан әр бір адамда білім болуы керек. Білім адамды әдеміліктің
объективтілік критерийлерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай
біледі, түсінеді. Айналадағы дүние сезімталдық, эстетикалық қабылдау
қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі
болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Эстетикалық тәрбиені ұлттық педагогикамен ұштастыру жолдарын анықтаңыз.
2.Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру жолдарын атаңыз.
3.Оқушыларды қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер,
жырлар, салт-дәстүрлер арқылы көркемдікке баулу жолдарына анықтама беріңіз.
4.Халықтық педагогикадығы әсемдік, эстетикалық тәрбие, эстетикалық талғам
терминдерінің анықтамасы қандай?
5. Халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттарын
атаңыз.
Дәріс №14. Дәрістің атауы. Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстардың
мазмұны. (2 сағат. 14 апта)
1 Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану,
этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлері.
2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің
қазіргі жағдайы «Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», ұлттық
бағдарламалары, олардың Қазақстан Республикасыны орта және жалпы білім
беретін мектептеріндегі бағыттары және қолданылуы.
1.Халықтық дәстүрлерді тәрбие процесінде пайдалануда бұл дәстүрлердің
өсіп келе жатқан адамға психологиялық әсерін және оларды қолданудың
жолдарын білу керек. Бұл үшін оларды жан-жақты зерттеу және алынған
нәтижелермен студенттерді, болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілерді
қаруландыру, оларға халықтық дәстүрлер мен педагогикалық көзқарастар жайлы
білім беру, олардың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу қажет.
Тәрбие процесінің тиімділігі қандай да бір техникалық жаңалықтарды,
қандай да бір ерекше айла-әдістерді енгізу жолымен емес, ал нақты халықтық
негіздерді балалар мен ата-аналар, кіші және ересек балалар, балалар мен
педагогтар, ата-аналар мен педагогтар және т.б. өзара байланысында мейлінше
қайта жаңартуда; адамдар арасындағы қарым-қатынастарда жалпы, балалар
арасында жекелей алғанда сезгіштік, қайырымдылық, сергегтік, ақ пейілділік,
ізгілік ахуалын туғызуда.
Байланыстың жақындығы мен қарым-қатынастың тығыздығы тұлғаны
қалыптастыру мен дамытудың шешуші шарттары бола алады.
Сезімді тәрбиелеу мәселесі қазіргі педагогика үшін ой-өрісті дамытуға
қатысты проблемаларға қарағанда күрделі және өзекті мәселеге айналуда.
Шынайы халықтық негіздерді толығырақ енгізу бұл мәселені шешуде тірек
қызметін атқара алады.
Оқушылардың танымдық әрекеті белсенділігін арттыратын және оқытудың
тиімділігін жоғарылататын жаңаша әдістер мен тәсілдер неғұрлым мол оқыту
неғұрлым технологияландырылған болса, адамдық пен адалдықтың, қайырымдылық
пен мейірімділіктің халықтық дәстүрлеріне соғұрлым көп көңіл бөлу талап
етілуі, демек, этникалық, этикалық және психологиялық құбылыстар мен
мәліметтерге назар аудару мен соғұрлым көбірек болуы заңдылығы оқыту мен
тәрбиелеудің үйлесімді бірлігінің ерекше маңызды методикалық аспектісі
болып шығады.
Тұлға қалыптастырудағы алға жылжулар қазіргі бүкіл ғылым және
техникалық жетістіктерді оқыту процесінде тәрбиенің маңызды факторы ретінде
барынша қолдану және халықтық пайдаланумен байланысты. Адамның
әлеуметтенуінде тәрбиенің халықтық дәстүрлері Қазақстанның тәуелсіз алған
қазіргі жағдайында қоғамдық жаңаруы мен демократиялануы ісіне қызмет етіп
тиісті орнын алуы қажет.
Оқыту мен тәрбиелеу арасындағы үйлесімді сәйкестік жас ұрпақты
қалыптастырып дамытуға жалпы халықтық назар аударумен және педагогикалық
дәстүрлердегі бүкіл шынайы халықтықты қайта өркендетумен қамтамасыз
етілмек. Қоғамдық рухани мәдениетте тәрбиелеудің таусылмас идеясы мен
тәжірибесін сақтаушы халықтың «педагогикалық зердесі» жасампаздық роль
ойнауға қабілетті.
Олай болса, халықтық педагогиканы пайдаланудың бағдарламаларын дайындау
қажеттігі туындайды. Олар, мәселен, төмендегідей бағыттарда мазмұндалса
тиімді болар еді:
▪ Мақсат, міндеттерді ұсыну, оларға жетудің жолдары мен құралдарын
анықтау (болжау бағыт);
▪ Халықтық педагогика жайлы қажет білімдер және педагогикалық
дәстүрлердің озық мәніне түсінік беру (көпміндеттілігі, көпұрпақтығы,
сапалық қасиеттерді қалыптастырудағы тәрбиелік құндылықтардың
сабақтастығы және т.б.) (хабарламалық білімдік бағыт);
▪ Тәлімдік дәстүрде негіз қаланған халық даналығы байлығы мен
тәжірибесіне оқушыларды тарту (практикалық бағыт).
Халықтық тәрбие дәстүрлерін тұтас педагогикалық процесте – меңгерудің
шарттарын анықтаудың да мәні зор, яғни, олар:
▪ Педагогтардың ұрпақтар байланысын отбасындағы қарым-қатынастағы
секілді әлеуметтік орта мен қатынаста балалар мен үлкендердің біріккен
әрекеттерін ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етуі;
▪ Халықтық педагогикалық мәдениетті ауызша шығармашылықтар
туындыларымен, жазба мұралар, архитектуралық ескерткіштер, сәндік-
қолданбалы өнер туындылары мен танысу арқылы меңгеру;
▪ Халықтық рухани байлығы мен тілін туғызушы қайнар көз – ана тілін
жетік игеру.
Халықтық дәстүрлерді мақсатқа сай педагогикалық пайдаланғанда ақыл-ой,
адамгершілік, этикалық, эстетикалық, дене және еңбек тәрбиесіне,
ұйымшылдықты қалыптастыруға қолайлы мүмкіндіктер туады.
Сондықтан, балалар мен жастар тәрбиесін басқару халықтық педагогикасының
озық идеялары мен тәжірибесін қолдану принциптерін есепке алып жүзеге
асырылуы қажет (ұтытылған педагогикалық озық дәстүрлерді қазіргі жағдайдағы
жаңадан қалыптасып жатқан дәстүрлермен ұштастыру); қоғамдық-тарихи
тәжірибе, халық даналығы берілісі сабақтастығын балалардың отбасы
тәрбиесінде қамтамасыз ету; оқушыларды алдыңғы қатардағы дәстүрлерге және
олардың белсенді қызметіне тарту:
▪ Оқушыларды халық педагогикасының құралдарымен тәрбиелеудің мақсаты,
міндеттерін, мазмұны мен әдістерін нақтылау және ғылыми негіздеу (мұның
өзі оларды зерттеуді методологиялық жетілдіруді талап етеді).
