- •2.Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
- •3.Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.
- •2. Орта ғасырдағы Орта Азия және Қазақстанның жас ұрпақ тәрбиелеудегі
- •2.Этностар мәдениетін зерттейтін қоғамдық ғылымдар және олардың өзара
- •126),—Деген тұжырым жасайды. “Қазақ” сөзiнiң бiрiншi сыңары “қаз” дегеннiң
- •Iстеу” мағыналарында қолданылған. Бұл сөздердiң түбiрi “қаз” (“қазған-дұң”)
- •2.Интегративті этнопедагогика.
- •3.Этнопедагогикалық менеджмент.
- •4.Этнопедагогикалық антропология.
- •2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.
- •3 Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.
- •2 Қазақстанда этномәдени қызығушылықтарды жүзеге асыру. Этномәдени білімді
- •90 Жылдардың бас кезінде Қазақстан Президенті н.Ә.Назарбаевтың
- •2 Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс.
- •3 Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер, ұжымдар. Халықтық ойындар,
- •2 Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның жанрлары,
- •3.Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры.
- •2 Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің
- •3 Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері.
- •2 Балаларды білімге, ой өрісті кеңейту икемділіктері мен дағдыларына
- •3 Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану.
- •2 Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.
- •6 Жастан бастап үй шруашылығымен айналысты. Қыз балаларды шаруашылыққа
- •3 Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу,
- •2 Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: гуманизмді,
- •2 Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды
- •2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің
2.Интегративті этнопедагогика.
Этнолингвистика диалектология, фольклористика, этнология, мәдениеттану,
мифология сияқты ғылымдармен де байланысты. Себебі, бұлардың қай-қайсысы
болсын этнос табиғатын ашуға қызмет етеді және олардың зерттеу нысаны да
ортақ. Мысалы, диалектология этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін,
этнология мен фольклористика этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени даму
үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе, мифология
этностың дүниетанымын, сенім-нанымын, өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын
зерттейді. Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей этносқа қатысты, бәрі де
этностық ерекшеліктерді сипаттайды.
Ал философия – ғылымдардың ғылымы, барлық ғылымдарды зерттеудің әдіс-
тәсілдерін жинақтаушы, этностың болмыс-бітімімен байланысты мәселелердің
басын біріктіріп, әдістемелік тұрғыда талдау жасайтын алтын діңгек іспетті.
Осы ғылымдардың даму заңдылықтарымен танысып, оны зерттеуді басшылыққаала
отырып, біз адамзат тарихы мен табиғат өзгерісінде зара байланыстылық бар
екенін байқаймыз.
Адамдар бірлесе еңбек етеді. Соның негізінде адамдар арасында қоғамдық
қарым-қатынастар қалыптасады. Адамдардың қоғамадасып тіршілік етуі үшін
материалдық жағдайы мен тарихи жағдайының бірлігі қажет. Бұл жүйені
анықтаудың басты белгісі материалдық байлықты өндіру тәсілдері мен оның
игіліктерін пайдалану, яғни меншіктің түрлері болып саналады. Осының
негізінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар қалыптасады. Қоғамдық
құрылыс пен этностардың құрылысында тепе-теңдік болған емес, болмайды да.
3.Этнопедагогикалық менеджмент.
Әр халықтың тарихы өзіне көрші халықпен тығыз байланысты. Тіпті, бір-
бірінен алыс жатқан халықтардың да тарихында себеп-салдарлық байланыстың
болуы мүмкін.
Әр халықтың қалыптасу тарихында олардың алдыңғы қатарлы тобы – зиялы
қауым шешуші рөл атқарса, ал бүкіл мемлекеттің дамуында этностардың өзара
байланысы басты рөл атқарады. Этностық зерттеулер ескі тарихи-мәдени
ескерткіштерді анықтаудан, белгілеуден басталады. Ерте дәуірдегі этностық
тұрмыстың ерекшелігін тас дәуірінің мұраларынан, үй құрылысы мен оның
әшекейлік бұйымдарынан, керамикалық ыдыстар мен оның ою-өрнек үлгілерінен
байқаймыз. Этностық мәдени мұралардың ұқсастық себебін анықтауда салыстыра
зерттеу әдісі қажет. Мәселен, көрші этностармен сауда-саттық, мәдени қарым-
қатынасы бір этноста бар мәдени мұраларды екінші этностың өзінше өзгертіп
пайдалануына мүмкіндік туғызады. Мәдени ескерткіштерді жасаушы этностар жер
бетінен жоғалғанымен, олар жасаған мұралар ұзақ жылдар бойы өмір сүреді.
Этногенездік мәдениеттің бірде өсіп жоғарылап, шарықтау шегіне жетіп, бірде
құлдырап төмендеуін анықтау арқылы ұлттық мәдени мұраның берік қалыптасуын
байқаймыз.
4.Этнопедагогикалық антропология.
Этностық тарих дегеніміз – жоғалған ескі мұралар тарихы да, ал мәдениет
тарихы мұражайларда сақталған мұралардың шартты белгілерінің жүйесін тізу
болып шығады. Ортағасырлық қайсібір философтар кейбір этностарды «тарихи»
категория деп көтермелеп, абсолюттендіруге тырысты, сонымен бірге
керісінше, жер бетінде тіршілік ететін «тарихи емес» этностар да бар деп
қарап, қателіктерге ұшырады.
Ұлт мәдениетін сөз еткенде тарих, археология, этнология ғылымдарымен
қоса, этнопсихология, этнопеддагогика және фольклористика ғылымдарының
қағидаларына сүйену қажет. Ал ұлт мәдениетінің озық үлгілері арқылы жас
ұрпақты жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу – этнопедагогиканың өзекті
мәселесі. Тарихи-педагогикалық зерттеулерге (оның ішінде этнопедагогикалық
зерттеулерге де) қойылатын маңызды әдістемелік талаптардың бірі деректердің
барлық түрін кешенді пайдалану, солар арқылы бір-бірін тексеру, толықтыру,
барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес
ғылымдардың зерттеу әдістер жиынтығын кешенді түрде пайдалану, сөйтіп
деректерді талдап, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Интегративті этнопедагогика терминіне анықтама беріңіз.
2. Менеджмент терминінің этнопедагогика ғылымына байланысын көрсетіңіз.
3. Антропология мен педагогика ғылымының байланысын анықтаңыз.
4. Этнопедагогиканың басқа ғылымдарымен байланысы қандай?
5. Этностар тарихына әсер ететін факторларды ата.
6. Этностарды зерттеуде тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатын
талаптар қандай?
Дәріс №5. Дәрістің атауы. Қазақ этнопедагогикасы. (1 сағат. 5 апта)
1.Қазақ этнопедагогикасының негіздері, қызметі, ұстанымдары, заңдылықтары.
2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.
3 Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.
1.Ұшы қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы
тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың
өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүрлерін туғызды. Көшпелі халық өзі
өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне,
тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін
дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық
өлшемі белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы, бір сырлы» шынайы, отаншыл
азамат тәрбиелеу еді. Ал бұл прицип ұлттық психология мен ұлт мәдениетінің
сипатын айқындайтын факторлар болды.
Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Ол
мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай-ақ,
ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, діни-наным
сенімінен, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.
Осы тұрғыдан қарағанда, ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай
білу, дарқан көңіл, ақжарқындылық пен адалдық, досқа деген мейірімділік
қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық психологиялық ерекшелік қасиеті,
философиялық ойлау жүйесінің негізі.
Қазақ халқының ұлттық даралығы ой толғаныс қазынасында (ұлттық
психологиясында) ұрпақ тәрбиелеу тәсілдері (этнопедагогика) мен салт-дәстүр
ерекшелігінде (этнографиясында) деп білеміз.
Қазақ халқының психологиялық ой толғаныс ерекшелігін сөз етсек, ол –
тұспалдап, мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс
өнері арқылы көзге көріну.
