Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халықтық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.19 Кб
Скачать

126),—Деген тұжырым жасайды. “Қазақ” сөзiнiң бiрiншi сыңары “қаз” дегеннiң

кәдiмгi құс атынан басқа да мағынасы бар, қазақтың сөйлеу тiлiнде сәби

баланың ешқандай сүйемелсiз, өз еркiмен аяқ басып, тiк тұруын “қаз тұру”

дейдi. Жас баланың алғаш адымдап аяқ басқанын көрген ата-аналары мен

туыстары шаттанып: “қаз-қаз” деп айқайлап, шабыт бередi. Бұл “қаз”— еркiн

әрекеттiң алғашқы қимылы. “Қаз” түбiрiнен туындаған “қаздаң қағу”,

“қаздаңдау” етiстiктерi де еркiн әрекет жасаудың мағынасын бередi. Көне

түркi тiлiнде жазылған “мәңгi тастарда” да (Тоныкөк, Күлтегiн

ескерткiштерiнде) “қазақу”, “қазғандұқ”, “қазғантұғын” деген етiстiктер

“қажырлы қайрат жұмсау”, “күресу”, “талпыну”, “еркiндiкке ұмтылу”, “ерлiк

Iстеу” мағыналарында қолданылған. Бұл сөздердiң түбiрi “қаз” (“қазған-дұң”)

екенi даусыз. Осы “қаз” түбiрiне “ғақ” жұрнағы жалғанып, “қазғақ” сөзi

жасалып, “еркiн адамдар”, “ержүрек; ерiктiлер” деген мағынаны бiлдiретiн

терминге айналған (мысалы, қазақта “ғақ” жұрнағы жалғанып жасалатын айғақ,,

құрғақ, тайғақ,, оңғақ, т. б. сөздер бар). Енисей өзенiнiң бiр тарауы ұйық

Тұран бойындағы тасқа жазылған “қазақ оғлым” деген жазу (VI г. ескерткiшi)

бар. Сiбiр халықтарының ескi тiлiнде “қазақ” деген сөз “мықты”, “берiк”,

“жойқын”, “алып” деген мағынада екен. Сонда “қазғақ оғлұм” деген сөздiң

мағынасы “алып ұлым”, “батыр балам” болып шығады. Бұл қазақ сөзiнiң көп

айтылып келе жатқан “ер жүрек, ерiктiлер”, “батыл адам” деген мағынасына

сай келеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. «Этнос» ұғымының «халық» және «ұлт» ұғымдарымен байланысы қандай?

2. Этностың шығу тегін қалай сипаттауға болады?

3. Этнос мәдениеті қай кездерден бастап зерттеле бастады, және оған кімдер

қатысты?

4. Қазақ этносының қалыптасуына үлес қосқан адамдар жайлы айтып бер.

Дәріс №4. Дәрістің атауы. Этнопедагогика бойынша зерттеулерді талдау. (1

сағат. 4 апат)

1.Этнопедагогика әдіснамасы.

2.Интегративті этнопедагогика.

3.Этнопедагогикалық менеджмент.

4.Этнопедагогикалық антропология.

1.Этнопедагогиканың әдістері.Этнопедагогика педагогиканың бір саласы

болғандықтан, педагогиканың әдістерімен қоса,өзіндік жеке әдістері

бар.Этнопедагогиканың ғылыми әдістері бұл керекті ақпаратты алу

мүмкінділігі,бұл ақпарат этнопедагогикалық процестердің заңдылықтары мен

мақсаттарын айқындайды.

Этнопедагогиканың әдістері:

1.Фольклорды материалды зерттеу әдісі.

Өзіндік ерекшелігі бар және қызықты әдістердің бірі.Бұл әдісте

халықтың мәдениеті,тұрмысы,әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі көрініс

береді.Фольклорды әдіс ретінде қолдану қазіргі кезде кең көлемде

жүргізіледі.Өйткені, В.Жирмунский,А.Кононов,В.Пропп,К.Чистов,Р.Липец сияқты

фольклоршылар тарихи фольклорды халықтың мәдениетін,тұрмысын және тарихын

зерттеуде маңыздылығын дәлелдеді. Фольклор ол халықтың киім-кешек,құрал-

жабдық,әдет-ғұрып,тұрмыс-салт,наным-сенім,сондай-ақ түрлі көркем өнерін

тұтастай атау үшін қолданылады.Фольклор әдісі халықтың ауызша поэтикалық

шығармашылығын әсіресе кең мағынада зерттейді.1846 жылы ағылшын Вильям Томе

ұсынған «фольклор» сөзі де(ағылшынша lolk-халық, lore-білім,даналық) ауыз

әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылыми атау ретінде орныққан.Ауыз

әдебиетінің шығарушысы да,жаратушысы да,тыңдаушысы да-халық.Сондықтан,ол

шың мәнінде халықтың өз еншісі болып табылады.

2.Жазбаша материалдарды зерттеу әдісі.

Бұл этнопедагогиканың маңызды әдістерінің бірі,себебі ақпараттың

алуан түрлілігі және сенімділілігімен бағаланады.Жазбаша материалдар

негізінде халықтың өзі жазған тарихи жазбаларында немесе ескерткіштерінде

(мысалы: Күлтегін,Тоныкөк т.б ескерткіштер) қолданылады.Алайда,жазбаша

ескерткіштерге әлі зерттелмеген материалдарды да жатқызуға

болады.Мысалы:саяхаттанушылар мен елшілердің жазбалары.Бұл жазбаларда құнды

мәліметтер мен деректер сақталынған.Бірақ,өкінішке орай олардың көп бөлігі

сақтамаған.

3.Археологиялық материалдарды зерттеу әдісі.

Этникалық тарихты,мәдени тарихты қайта жаңғырту үшін этнопедагогикада

археологиялық материалдарды зерттеу әдісі қолданылады. Археологиялық

материалдар-халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдардық мәдениетінің

ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен қалалар; ежелгі қоныстардың қалдықтары;

обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар;

адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде

қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады.

4.Түздік (полевые) зерттеу әдісі.

Бұл әдістің негізгі мақсаты зерттеушінің ұзақ уақытқа этникалық

ортаға кіріп,өмір сүруі.Бұл әдіс арқылы зерттеуші зерттеліп отырған халық

туралы кең көлемді мәлімет алады.Бұл әдіс арқылы зерттеуші зерттеліп

отырған халық туралы кең көлемді мәлімет алады.

5.Тарихи-педагогикалық анализ әдісі.

Барлық педагогикалық құбылыстарды зерттеуде қолданылады.Халықтың

білімін,мәдениетін,ғылымын зерттеуде қолданылады.

6.Әлеуметтік зерттеу әдісі.

Бұл барлық әдістермен тығыз байланысты.Халықтың білімін әлеуметтік

тұрғыдан бағалау,этникалық қоғамның тәрбие әдістері мен білім әдістерінің

мазмұның зерттейді.

7.Салыстыру әдісі.

Педагогикалық құбылыстарды салыстыру және құру арқылы,әр түрлі

халықтың ұлттық тәрбие ерекшеліктері,заңдылықтары,даму деңгейі

айырмашылықтарын зерттеу.

8.Педагогикалық эксперимент.

Оқу және тәрбиелік жүйеде ғылыми негізделген әдіс,оның мақсаты

қазіргі оқу тәрбиелік жүйенің этнопедагогикада қолданылуын зерттеу.

9.Халықтық педагогикалық құбылыстарды теориялық зерттеу әдісі.

Теорилық анализ негізінде педагогикалық құбылыстардың жекелей

жақтарын,белгілерін,өзгешеліктерін анықтайды.Анализ негізінде жеке

фактілерді топтастыру және жүйелеу арқылы,зерттеушілер олардың ортақ және

ерекше ережелерді тағайындайды.

Этностар өзінің өмір сүру кезеңінде нақтылы тарихи жағдайларға (оның

ішінде қоғамдық құрылыс жағдайларына да) байланысты бірнеше рет өзгеруі

мүмкін. Этностардың жаратылысын география мен биология ғылымдарымен қоса,

тарих ғылымы да тексереді. Себебі, этностар тарихы қоғам дамуымен тығыз

байланысты.

Ертедегі адамдарға жаратылыс тұтас құбылыс болып көрінді. Олардың

табиғат пен тарихтың байланысы туралы түсінігі де болмады. XVIII-XIX

ғасырларда тың жаңалықтар ашылып, орасан көп мәліметтердің жинақталуы ғылым

салаларының кеңейіп тармақталуына мүмкіндік туғызды. Ұлттық ерекшеліктерді

зерттейтін этнология, этнопсихология, этнопедагогика ғылымдары бар.

Ұлттың ұлт болуы үшін қажетті аумақтық, экономикалық, мәдени,

психологиялық бірлікпен бірге, тілдік тұтастық басты және ең негізгі

белгілердің бірі болып саналады.

Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл

(этнолингвистика) екені, ал оның ұлттың ішкі жан дүниесімен, сана сезімімен

байланысты (этнопсихологиямен) жүргізілетіні көпке аян. Этнолингвистика

тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика оны адам

психологиясымен, ал социолингвистика қоғам дамуына қатысы тұрғысынан

қарастырады.