Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халықтық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.19 Кб
Скачать

2. Орта ғасырдағы Орта Азия және Қазақстанның жас ұрпақ тәрбиелеудегі

халықтық педагогикалық дәстүрлерінің мәні туралы. Я.А.Коменский,

И.Г.Песталоции, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин

шығармаларындағы тәрбиенің халықтық қағидасы.

ХХ ғасырдың 70 жылдары этнопедагогикалық ойлардың – тұжырымдамалардың

күшеюіне себепші болған үдеріс кеңестік жүйенің басқа ұлттарды шеттетуі

еді. КСРО-да 1930 жылдан бастап ұлттарды орыс тілінде оқыту талап етіле

бастады. 1959 жылдан бастап ұлттық мектептер орыс тілді мектептерге

көшірілді. «Этнопедагогика», «Халықтық педагогика», «Ұлттық білім жүйесі»,

«Ұлттық мектеп» деп келетін атау ұғымдар интеграция туғызған ұлтсыздану

үдерісіне қарсылық. Этникалық педагогиканың мәні-ұлттық педагогикаларды бір-

бірінен негізсіз көшіртпеу.

Ш.Уәлиханов – қазақ топырағында ағартушылық идеялардың туын алғаш

көтерген ғалым. Ол орыс өкіметінің Қазақстанға өз заңдарын механикаклық

түрде көшіруге қарсы шықты. Шоқан Ресейдің өзіне тән жағдайлары туғызған

қылмс түрлерінің Қазақстанда жоқтығын, бірақ орыс заңгерлері білмейтін

қылмыс түрлерінің бар екенін дұрыс дәлелдеді.

Шоқан Уәлиханов қазақ халқының жаттап алу қабілетін, шешендігін жоғары

бағалап, мұндай қабілетті халық сауатты болып, ғылым үйрену керектігін

анықтап айтқан. «халықтың мұңы мен сырын, арманын толғайтын жыраулардың

жарлары – өнегелілік, бірден-бір құнды құбылыс», - дейді Ш.Уәлиханов. қазақ

даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу-білімнің табиғат

сырларын ашуға бағытталуын, халқының алдыңғы қатарлы елдерді қуып жетуін

аңсаған. Оның еңбектері «Білім жалпы халыққа бірдей, ортақ болсын» деген

идея басым.

Ұлы педагог, этнограф , жазушы, төңкеріске дейінгі педагоикалық ой

дамуында негізқгі роль атқарған Ы.Алтынсариннің шынайы патри отизмі туған

халқының мінезін, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін терең зерттеп, оның

қабілетін, тұрмыс-жағдайын, ұлттоық ерекшеліктерін, материалдық

жағдайынбілуінен көрінеді. Ы.Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық

қызметі 1860 жылдан басталды. Оның педагогикалық көзқарасы мұғалімдер

әзірлеу, мектеп ашу, әлеуметтік-саяси мәселелерден тұратын 3 саладан болды.

Мектеп-интернаттар көшпелі халықтың балаларына қолайлы етіп

ұйымдастырылды.

Ы.Алтынсарин балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімдердің ролін

жоғары бағалады, сынып-сабақ жүйесін енгізу үшін көп еңбек сіңірді.

Абай да жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Ата-анаға кө

қуаныш», «Заманақыр жастары», «Сегіз аяқ» деген өлеңдерінде жастарды

әдепті, тату болуға, сөз қадірін білуге, сабырлы, арлы, еңбекшіл, есте

сақтау, көргеннен өнеге алу, нәпсіні ақылға жеңгізу, ұстамды болуға

шақырады.

Абай өзін-өзі тәрбиелеуге аса зор мән беріп, он бесінші қара сөзінде

адамды өзін-өзі тәрбиелеуге шақырады.

Абай өлең мен әннің тәрбие құралдары ретіндегі рөлін жоғары

бағалаған. Абай халық педагогикасына үлкен мән беріп, оның озық үлгілерін

насихаттайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Этнопедагогика пәні қалай қалыптасты?

2. Этнопедагогиканың маңызды қасиеттерін сипаттаңыз.

3.«Этнопедагогика» мен «халықтық педагогика» ұғымдарының өзара қатынасы

қандай?

4.Орхон-енисей ескерткіштеріндегі халық педагогикасының көріністерін

түсіндіріңіз.

5.А.Байтұрсыновтың лингвистикалық, ағартушылық еңбектерi.

6.Ш.Құдайбердиевтiң дiни-философиялық көзқарастарына сипаттама бер.

7.Я.А.Коменский бойынша отбасылық тәрбиенің тақырыбын ашып көрсет.

8.К.Д.Ушинскийдің педагогикалық идеяларының қазіргі адамгершілік

тәрбиесінің теориясына қандай маңызы бар.

Дәріс №3. Дәрістің атауы. Этнопедагогиканың этникалық компоненті. (1

сағат. 3 апта)

1.Этнос, ұлт және халық ұғымдары

2.Этностар мәдениетін зерттейтін қоғамдық ғылымдар және олардың өзара

байланысы

3 Қазақ этносының пайда болу тарихы

1.Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір

халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар

қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең

мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық

жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және

т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе

ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).

Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М.

Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының

үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген

тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін

топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін

ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н.

Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез

келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.

Этнос ең алдымен, мәдениеттілік қауымдастық. Этностың пайда болуында

аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып

табылады. Саяси кеңістіктің ортақтығы мен халықтың әлеуметтік және

шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мұраға

қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос

ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас

тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын

адамдар тобын атауға болады.

Ұлт— ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт-

дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге

көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт өкілдерін

біріктіретін мемлекеті болады. Ұлт қалыптасуында адамдардың бірлігінің

бастауы болатын ортақ этногенетик те маңызды рөл атқарады. Осындай талап

тұрғысынан қарастырғанда “ұлт” және “этнос” ұғымдары біріне-бірі өте жақын,

екіншісі біріншісінің туып, қалыптасуына негіз болады. Этностан

айырмашылығы ұлттар этностық белгілерге қоса саяси, экономикалық және

әлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, әлі де философиялық және саяси-

әлеуметтік ой-пікірде “ұлт”, “этнос” категориялары туралы бір арнаға

тоғысқан түсінік қалыптаспаған.