- •2.Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
- •3.Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.
- •2. Орта ғасырдағы Орта Азия және Қазақстанның жас ұрпақ тәрбиелеудегі
- •2.Этностар мәдениетін зерттейтін қоғамдық ғылымдар және олардың өзара
- •126),—Деген тұжырым жасайды. “Қазақ” сөзiнiң бiрiншi сыңары “қаз” дегеннiң
- •Iстеу” мағыналарында қолданылған. Бұл сөздердiң түбiрi “қаз” (“қазған-дұң”)
- •2.Интегративті этнопедагогика.
- •3.Этнопедагогикалық менеджмент.
- •4.Этнопедагогикалық антропология.
- •2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.
- •3 Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.
- •2 Қазақстанда этномәдени қызығушылықтарды жүзеге асыру. Этномәдени білімді
- •90 Жылдардың бас кезінде Қазақстан Президенті н.Ә.Назарбаевтың
- •2 Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс.
- •3 Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер, ұжымдар. Халықтық ойындар,
- •2 Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның жанрлары,
- •3.Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры.
- •2 Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің
- •3 Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері.
- •2 Балаларды білімге, ой өрісті кеңейту икемділіктері мен дағдыларына
- •3 Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану.
- •2 Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.
- •6 Жастан бастап үй шруашылығымен айналысты. Қыз балаларды шаруашылыққа
- •3 Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу,
- •2 Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: гуманизмді,
- •2 Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды
- •2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің
2 Балаларды білімге, ой өрісті кеңейту икемділіктері мен дағдыларына
таратудың халықтық құралдары.
Халық педагогикасы білім беру мазмұнын анықтауға негізінен өмірден келді,
осыған орай мұнда спекулятивті құрылымға орын жоқ, болуы да мүмкін емес.
Өмірден алшақ абстрактілі білімдер практикалық мәнге ие бола алмайды.
Сондықтан, мәселе, халық «өмірдің өзі – ұлы ұстаз» екендігін әділ атап
көрсетеді. Яғни, білімнің өмірмен байланыстылығы – халықтың аса маңызды
дидактикалық талабы.
Сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде ғана игерілуі
мүмкін көлемдірек білімдер де назардан тыс қалмаған: «Әліппенің ар жағы –
білім бағы», «Өнер ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ»».
Ал кітап халық көзқарасында адамның досы, кеңесшісі, білім көзі: «Күш
білімде, білім – кітапта».
Халық тәрбиешілері үйрену, оқуды адам бүкіл жаңаны ерекше қабылдағыш
балалық шақтан бастаса, мақсатқа лайықты болатындығына, алынған білім өмір
бойына игілікті қызмет ететініне тәжірибеде көз жеткізді. Олардың «жаста
оқыған оқуың тасқа жазғанмен бірдей» - деп балалар мен жастарды білімдерді
игеруге үндеуі, әсіресе, ақылды дәріптеп, оның мүмкіндіктері шектеусіздігін
ашып түсіндіруге тырысуы осыдан.
Халықтың педагогикалық тәжірибесі ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері мен
мазмұнына кең мағына берілгенін көрсетеді.
Адамның ақылы, оның сөйлеуінен көрінеді.
Баланың ақылын тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту,
әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты, естің
түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мәселен,
жұмбақтар халық педагогикасында осы талапты жүзеге асырудың аса құнды
дидактикалық материалы болып табылады. Олар баланың ақыл ойын дамытуға
ықпал жасайды, оларды қоршаған ортаның түрлі салаларынан заттар мен
құбылыстарды талдай алуға үйретеді.
Мақалдар мен мәтелдер ақыл парасат көзі, еліктеу үлгісі, сенімді жетекші,
өткен ұрпақтың өнегелі мұрасы және бейнелі ойлау мен шешендік сөйлеудің
үлгісі ретінде, терең ойларды сақтап, қызмет атқарады.
Үлкендер балаларды табиғат құбылысарын бақылауға, желдің бағыты, қар
жамылғысы, өзендердегі судың деңгейі егін дақылдарына ықпал ететінін ұғына
алуға үйретті.
Математикалық білімдер ара қашықтықты, астық көлемі мен салмағын өлшеу,
үй құрылысы дәне т.б.сол сияқты жағдайларда алынды.
Балаларды өткен тарихпен таныстыру жөніндегі халық қамқорлығы ерекше.
Еркіндікке, сүйіспеншілік пен рух өн бойын көктей өтетін қазақ халқының
батырлар жырлары мақтауға тұрарлық.
Егер үйретудің кешенді әдістері ақыл-ой тәрбиесінің өмірмен тығыз
байланыстылығын қамтамасыз етсе, нақтылық пен айқындылық сол не өзге білім
салаларын терең үйреніп білуге ықпал жасады.
Орнымен, жүйелі түрде, уақытында пайдаланылатын халықтық педагогикалық
ескерткіштер үлкен білімділік және тәрбиелік тиімділікке ие екендігін
қазіргі оқыту тәжірибесі көрсетуде.
3 Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану.
Халықтық білімдерді оқулықтар мен оқу құралдарына енгізу үшін сұрыптауда
олардың:
- тарихи, философиялық, географиялық, биологиялық, математикалық және т.б
мазмұны, көркемдік эстетикалық бағалануы;
- халықтың рухани байлығына құрметпен қарауға үйретудің тәрбиелік мәні;
- халықтар арманы, ұмтылысы, тағдырлардың ортақтық халық даналықтарының
жалпы адамзаттық сипаты жайлы ойды кеңейтудегі рөлі;
- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі есепке алынуы керек.
Халықтық білімдердің көпқырлылығы, олардың ақыл-ой тәрбиесі мазмұнындағы
орны мәселелерінің тиісті оқу пәндерінде ашып көрсетілуі болашақ мамандар,
тәрбиешілермен, ата-аналарды белгілі теориялық және практикалық білімдермен
қаруландыруға көмегін тигізері сөзсіз.
Адам табиғатындағы аса бір асқан қасиет – ақылдылық. Оның негізгі тұрағы
– қайырымды қоғам болғанда кемеңгерлік іс-әрекеттерін жалпы тәлім етіп
көрсетер әділетті орта екені белгілі. Ақыл тек осындай жағдайға өзінің
шырқау биігіне шығып, айналасына шапағатын дарытады. Сонда оның жарқырай
көрінетін алып тұлғасынан бүкіл ақымақтық атаулы жаны қалмай қорқатын
болады.
Шынайы білім ғана өмірдің астыңғы ағындарындағы «тас кесек» тәрізді
кедергілерден сақтандыра алады.
Қазақ халқының әдет-ғұрпын да салт-санасынан өрбіген сауық кештеріндеөлең
жырмен айтысу, жаңылтпаш, жұмбақ айтысып, өзінің әріптесін озық ақыл-оймен
жеңіске жету үлкен шығармашылық табыс болып саналады. Мұндай өнерге жасынан
баулу баланы тапқырлыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.
Қазақ халқы өзінің барлық ойын сауығында, ертелі кеш отбасында жұмбақ,
ертегі, жаңылтпашсыз өткен күндері болмаған.
Қазақ халқы жұмбақ шешу ойындарын әрбір құбылыстың өзіндік дербес
қасиетін дәл келтірумен қатар, екніші бір затқа не құбылысқа ұқсастығын
салыстыра отыра, баланың өзін қоршаған табиғат әлеміне: аспан, жер, су, жан-
жануарлар, от пен жарық, тұрмысқа қажетті бұйымдар мен жабдықтар, өмірде
кездесетін құбылыстар мен заттарға зейін қойып, бақылау, байқау,
қабілеттерін ояту мақсатында пайдаланған.
Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан үйрету даналығы өзіне халық
шеберлері, білгірлер, ұсталар мен диқандар, суретшілер мен сәулетшілер,
малшылардың терең және сан түрлі білімдерін шоғырландыратынын
байқатады. Олардың тәжірибесі этнодидактика арқасында ұрпақтан ұрпаққа
көбейтіліп, беріліп отырды.
Дидактикалық талдауға алынған фольклор материалдары, мал өсіру, егін
егу және өзге де кәсіп түрлерімен байланысты салттар, халықтық
астрономиялық және фенологиялық қорытындылаулары бұл міндеттерге:
Балаларда заттар, оқиғалар, қоршаған өмірдегі іс - әрекеттер мен
құбылыстар жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру.
Олардың сезімталдығы мен дүниені тиімділікпен танып білуі процесін
дамыту.
Ақыл – ой қабілеті мен ынталылықты арттыру.
Балаларды интеллектуалдық дағдылар мен икемділіктерге баулу
енгенін көрсетеді. Мұның өзі халықтық балаларға өмірге қажет білімдер
жиынтығын игертудегі дидактикалық талаптары ғылым педагогикаға
жақындығының белгілері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Халықтық педагогикадығы ақылайды дамыту құралдарын атаңыз.
2.Дүниетаным дегенімізді қалай түсінесіз.
3.Өмірлік дағдыларына қалыптастырудың халықтық құралдарын атаңыз.
4.Халықтық педагогикады ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтыңыз.
5.Халықтық ақыл-ой тәрбиесіне анықтама беріңіз.
6.Балаларды білімдендіру, ой-өрісін кеңейтудің халықтық құралдарын атаңыз.
7.Халықтық білімдерді күнделікті өмірде қолдану әдістемесін көрсетіңіз.
Дәріс №11. Дәрістің атауы. Еңбек халық педагогикасының өзегі. (1
сағат.11апта)
1 Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні.
2 Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.
3 Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу,
өсиет, мадақтау, тыйым т.б.
1. Еңбек Қазақстан жағдайында мал шаруашылығымен, егіншілікпен
байланысты болды. Еңбек адамның ауыр еңбегі ұлттық мақтанышқа айналып,
балалардың еңбекке деген сүйіспеншілігін тәрбиеледі. Халық еңбекті адамға
табиғаттың берген сыйы деп қарап, оны дәріптейді: «Еңбек – түбі береке»,
«Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еңбегі қаттының – ембегі тәтті». Халық
даналығы адам еңбегімен ғана көрікті болатының ескертеді. Халық жалпыға
еңбек тәрбиесін беруді қуаттап, жауапты, жүйелі, ақылға қонымды қоғамдық
пайдалы еңбек етуді ұсынды.
Түрлі тәрбие әдістері арқылы баланы 5-8 жастан бастап үй еңбегіне
үйрету отбасынан басталған, оның барысында ата-аналар оларды тек өзі үшін
ғана емес, халық игілігі үшін еңбек етуге, еңбекке құрметпен қарауға, еңбек
үдерісінің қуаныш ләззатын сезініп, түсіне білуге үйретті. «Еңбек етпенген
ішіп - жемейді» деген қағиданы басшылыққа алған ата-аналар балаларының
мамандық алуына, «шебер» болуына қамқорлық жасады, еңбекке тәбиелейді.
Ақын Мақтымқұлы XVIII ғасырда халық даналығын жинап, баланы жастайынан
еңбекпен шынықтырмаса, кейін жалқау болатындығын ескерткен. Барлық
халықтарға ортақ пікір: «Қолөнер артықтық ептейді», «жігітке жетпіс өнер де
аз».
Тарихта жас ұрпақты алуан түрлі еңбек іскерліктерімен, дағдыларымен
қаруландырудың құнды тәжірибесі жинақталды. Халық еңбек дағдылармен
қаруландыру көп уақытты, күш-жігерді талап ететін жақсы түсінді. Жұмыс
істей алмаудың объективтік себептерін іздеудің қажеті жоқ. Шеберлік бірте-
бірте табанды еңбек арқылы келеді. Еңбектің нәтижесі санада ойластырылады.
Еңбек ету оңай шаруа емес, сондықтан халық: «Нәзіктікке емес, қиындыққа
үйрен» деп кеңес береді.
Еңбекке байланысты кісінің соры – жаман әдет, жат мінез, еріншектік,
жалқаулық. Халық еңбектен жалықандары, жалқауларды, жеңіл жұмыс
іздегендерді, біреудің еңбегімен күн көргендерді, өз еңбегінің нәтижесін
ойламайтындарды да күлкі етеді, сынайды: «Еріншектің ертеңі бітпес»,
«Жалқау күн батарда жұмысқа кіріседі», «Жалқау бір жұмысты екірет жасайды,
тікесінен тұрып ұйқтайды , отырып жұмыс істейді», «Арам тамаұтың тамаұ ішу,
ұйқтау, керісу сияқты үш жұмысы бар».
