Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105.25 Кб
Скачать
  1. Аударма техникасы (8-тарау)

  2. Фразеологизмдердің аударылу ерекшелігі

Фразеологиялық тіркестерді немесе, дәлірек айтқанда түпнұсқаның фразеологиялық тіркестеріне сәйкестіктерді сипаттағанда проблемалардың тұтастай кешені туындайды. Аударманың жеке теориясының шеңберінде аудару үшін релевантты фразеологизмдер семантикасының ерекшеліктері, аудармашының қолданылуы мүмкін сәйкестіктері, аударылатын бірліктің сипатына қарай солардың бірін таңдау критерийі талданады. ПЯ-да сәйкестікті таңдау тұрғысынан мыналар ең маңызды болып табылады: 1) фразеологизмнің ауыспалы немесе бейнелеу компонентті; 2) бейненің негізін құрайтын фразеологизм мәнінің тура немесе тақырыптық компонентті; 3) фразеологизм мәнінің әсерлік компонентті; 4) фразеологизм мәнінің стилистикалық компоненті; 5) фразеологизм мәнінің ұлттық-этникалық компоненті.

Орыстың «ездить в Тулу со своим самоваром» бейнелеу фразеологизмнің негізіне Тулада ең жақсы самауырлар жасалатыны алынғанмен ауыспалы мағынасында, әлдеқайда онсыз да жеткілікті затты апарудың қажетсіздігін білдіреді. Фразеологизм айтылып отырған жайды жақтырмаушылықты (олай істеуге болмайды) білдіреді, әңгіме сипатына ие (салыстырыңыз: «перейти Рубикон» немесе «Сизиф труд» тектес кітаптық - әдеби бейнелер) және ұлттық болмысын айқын көрсетеді («Тула» мен «самовар» тек орыс тілінде бейне жасау үшін қолданылуы мүмкін). Аударма мәтінінде жаңғыру тұрғысынан алғанда мәннің көрсетілген компоненттері әртүрлі. 1), 3) және 4) компоненттер барынша маңызды болып табылады. ПЯ-да эквиваленттік сәйкестік міндетті түрде аударылатын фразеологизмнің ауыспалы мағынасын жаңғыртуға, әсерлік қатысын (оң, теріс немесе бейтарап) білдіруге және сондай стилистикалық сипатқа (немесе шінара болса да) ие болуға тиіс. Сондықтан 1) мәнінің басты компонентін сақтау қажет болғанда ауыспалы мағынасы аудармада өзге бейнемен жеткізілді, кейде бір межелік сәйкестіктің қолданылуы мүмкін. Ұлттық-этникалық компоненттің жаңғырылуы түпнұсқаның ұлттық бояуын сақтайды, дегенмен кейде аударма Рецепторының түпнұсқа Рецепторының білгенін білмеуі (Туланың самауырымен даңқы шыққанын) білмеуі ауыспалы мағынаны көлеңкелеп, эквиваленттілікке жетісуге бөгет болады. Ұлттық-этникалық компоненттің аудармашылық сәйкестікті таңдауға елеулі ықпалы сәйкестіктер қатарынан мәннің сондай компонентті бар ПЯ бірлігінің түсіп қалуынан байқалады. Аударма мәтіні шеттілдік көзге (түпнұсқа авторына) телініп, аудармада ұлттық бояудағы фразеологизмнің көрінуі, мысалы: ағылшынның «Тула» мен «самовар» сияқты орыс реалиясы туралы айтуы немесе «Вот тебе, бабушка, и Юрьев день» айқайлауы ешбір үйлеспейді, себебі ондай тіркес ағылшын тілінде жоқ.

183. Түпнұсқаның бейнелеу фразеологиялық бірліктеріне сәйкестіктердің үш негізгі типі бар.

Сәйкестіктің бірінші типінде аударылатын бірлік мәнінің бүкіл кешені сақталады. Мұндайда ПЯ-да түпнұсқаның фразеологиялық бірлігіне тура, сондай-ақ ауыспалы мағынасына сәйкесетін бейнелік фразеологизмнің болуы. Әдетте, мұндай сәйкестіктер қос тілге әлдебір үшінші, көне немесе қазіргі тілден кірген интернационалдық фразеологизм аталатындарда да кездеседі: The game is not worth the candles – Игра не стоит свеч, the sword of Damocles – Дамоклов меч, to play into somebody’s hands – играть кому-либо на руку т. с. с. Мұндай сәйкестікті қолдану шеттілдік фразеологизмді барынша толық жанғыртады.

Сәйкестіктің екінші типінде бірдей ауыспалы ПЯ-да фразеологизм мәтінінің басқа компоненттерінің барлығын сақтай отырып, өзге бейненің көмегімен беріледі: to get up on the wrong side of the bed – встать с постели не с той ноги, to turn back the clock – повернуть вспять колесо истории, a bird in the hand is worth tow in the bush – лучше синица в руках, чем журавль в небе т. с. с. Орыс фразеологизмінде айқын ұлттық бояу болмаған жағдайда бұл типті сәйкестікті қолдану эквиваленттіліктің жеткілікті жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді.

Сәйкестіктің үшінші типі шет тілдік бейнелеу бірлігін калькалау жолымен жасалады: he is not fit to carry water for her – он был недостоин и воду таскать для нее, to put the cart before the horse – ставить телегу впереди лошади, necessity is the mother of invention – необходимость – мать изобретательности. Мұндай сәйкестіктер бейне бастапқы бірлігінде жеткілікті «ашық» болып, оның аудармада жаңғырылуы аударма Рецепторына айтылып отырған ауыспалы мәнді түсіндіретіндей (орысша сөйлеуші арбаны аттың алдына қою істі кері ұйымдастыруды білдіретіні түсінікті) болғанда да қолдануға келеді. Егер түпнұсқада ауыспалы және тура мәндерінің арасындағы байланыс жеткілікті айқын емес фразеологиялық тұтастық қолданымы, бейнені калькалау фразеологиялық бірлік мағынасының бұзылуына соқтырады. Мұндайда фразеологиялық сәйкестікті пайдаланудан мүлде бас тартып, аударылатын тіркестің негізгі мәнін (яғни ауыспалы мәнін) сипаттаумен шектелу жеткілікті: to mind one’s P’s and Q’s – соблюдать осторожность, to dine with Duke Humphrey – ходить голодным, остаться без обеда, to grin like a Chesture cat – широко улыбаться. Мұндай фразеологиялық бірліктен шығуы арнайы зерттеу жолымен анықталуы мүмкін, оны түпнұсқа Рецепторының өзінің де білмеуі ықтимал және ауыспалы мәні бейненің өзінен шығарылмайды. Бейнені калькалау фразеологизм мәнінің ұлттық – этникалық компонентін беру үшін кеңінен пайдаланылады: to carry coals to Newcastle – возить уголь в Ньюкастл, Rome was not built in one day – Рим не был построен за один день (не сразу Рим строился), he will not set the Thames on fire – он Темзы не подожжет. Осында аудармашы аударма Рецепторына бейнені түсіндіруге тиіс (ол үшін, мысалы, Ньюкастлдың Англияның көмір өндіретін орталығы бекетін білу керек), қажет жағдайда тиісті сілтемелер мен ескертпелердің көмегімен толық түсіндірілуі қамтамасыз етіледі.

184. Аудармашыда фразеологиялық сәйкестіктің түрлі типтерінің арасынан таңдау мүмкіншілігі жиі болып тұрады. Контекст жағдайына қарай ұлттық-этникалық компонентті жоғалту есебінен ПЯ-да бар бейнені қолайы санауы (He will not set the Thames on fire – он пороха не изобретет) немесе, керісінше, әсерлік - стилистикалық сипаттағы айырмашылықтың салдарынан орыс фразеологиясын қолданудан бас тартуы мүмкін : Can the leopard change his spots? – разве может леопард избавиться от пятен на своем теле? (салыстырыңыз: орыс мақалдары: «горбатого могила исправит» немесе «черного кобеля не отмоешь добела»). Әр қос үшін аударманың жеке теориясы ИЯ-дағы фразеологиялық бірліктер мен олардың ПЯ-дағы сәйкестіктерінің жүйесін сипаттап, аудармашыға нақты контекст жағдайында әр типтік сәйкестігін қолданудың мүмкіндігі мен мақсаттылығы туралы ұсыныс жасақтайды.