- •Аударманың негізгі түрлері
- •Ғылыми-техникалық және газет-ақпараттық материалдарды аудару ерекшеліктері (5-тарау)
- •Лексикалық трансформация
- •Аудармашыға қойылатын талаптар мен ұстанымдар (кіріспе)
- •Аударма теориясының тарихы
- •Аударма үрдісін сипаттау тәсілдері (7-тарау)
- •Жағдайлық (немесе денотаттық) аударма моделі
- •Неологизмдердің аударылу ерекшелігі
- •Компенсациялау әдісі
- •Аударманың трансформациялық-семантикалық моделі
- •Аударма техникасы (8-тарау)
- •Фразеологизмдердің аударылу ерекшелігі
- •Қазақстандағы аударма мәселесі
- •Эквивалентсіз лексиканың аударылу ерекшелігі
- •Жалқы атаудың аудармасы
- •Компрессия дегеніміз не?
- •Фразеологиялық бірліктер қалай бөлінеді?
- •Грамматикалық ауысым деген не?
- •Лексикалық ауысымдағы сөздерді алып тастау тәсілі қалай аталады?
- •Сипаттамалық аудармаға түсініктеме бер.
Компенсациялау әдісі
Компенсация – аударма тәсілі, онда ИЯ бірлігін аударғанда түпнұсқаның жоғалған ой элементтері аударма мәтінінде міндетті түрде мәтіннің, түпнұсқаның сол тұсында болмаса да, әлдебір құралмен жеткізіледі. Осылайша жоғалған мағынаның орны тастырылады (“компенсируется”), тұтасынан түпнұсқаның мазмұны барынша толық жаңғыртылады. Мұнда түпнұсқаның грамматикалық құралдары лексикалықтармен және керісінше алмастырылады. У. Теккерейдің “Ярмарка тщеславия” романның кейіпкері өз қожайыны, сэр Питт Кроулидің надандығын былайша сипаттайды:
“Serve him right,” said Sir Pitt; “him and his family has been cheating me on that farm these hundred and fifty years”…Sir Pitt might have said, ‘he and his family’ to be sure; but rich baronets do not need to be careful about grammar as poor governesses must be.
Түпнұсқада үшінші жақтағы есімдік тұлғасының қате қолданылуы маңызды коммуникативтікроль атқарады және аудармада әлдеқалай көрініс беруге тиіс. Алайда орыс тілінде мұндай қателікті жаңғырту мүмкін емес. Сер Питтің әдеби емес сөздері орыс тілінің өзге (лексикалық) құралдармен жаңғыртылса, ойдың жоғалған элементінің ойдағыдай орнына келуі мүмкін:
“Он со своей семейкой облапошивал меня на этой ферме целых полтораста лет!” Сэр Питт мог бы, конечно, выражаться поделикатнее, но богатым баронетам не приходится особенно стесняться в выражениях, не то что нам, бедным гувернанткам.
Түпнұсқа мазмұнының жоғалған стилистикалық және бейнелік астарларының орнын толтыру үшін компенсацияға жиірек жүгінуге тура келеді:
All kinds of “Russian experts”, specialists in slander of the Soviet Union before World War 2 were taken out of cold storage by their diplomatic masters.
Вновь были вынуты из дипломатических сундуков всякого рода пронафталиненные “знатоки России”, изощрявшиеся в клевете на Советский Союз ещё до второй мировой войны.
Ағылшындық cold storage бейнесінің жоғалуы “дипломатический сундук” метаформасымен және “пронафталиненные знатоки” кекесінімен толтырылған. Ағылшындық қарапайым сөздің кейбір ерекшеліктерін компенсациядан, мысалы дауысты немесе дауыссыз дыбыстардың қосылуы немесе түсіп қалуы (a – singing, a – going, hit – it, арреп және басқаларының орнына), бастауыш пен баяндауыштың арасында үйлесімнің болмауы (I was, you was және с. с), немесе грамматикалық ереженің элдеқалай бұзылуынан өзге ешқандай құралдармен орыс тілінде жеткізуге болмайды. Кейде мұндай компенсацияға қарапайым тәсілмен қол жеткізіледі. Б. Шаудың “Пигмалион” пьесасында Элизаның айтқаны: I’m nothing to you – not so much as them slippers. Хиггинстің оны түзеткені: those slippers. Them мен those арасындағы айырмашылықты аудармада жаңғырту қиын. Аудармада Элизаның ататыны: “Я для вас ничто, хуже вот этих туфлей”, ал Хиггинс оны түзеткені “туфель”. Басқа жағдайларда міндетті шешу үшін түпнұсқада сәйкестіктері жоқ ИЯ бірліктерін қолдануға тура келеді:
You could tell he was very ashamed of his parents and all, because they said “he don’t” and “she don’t” and stuff like that.
Было видно, что он стесняется своих родителей, потому что они говорили “хочут” и “хочете” и всё в таком роде.
Қандай жағдай болмасын аударма тілінде түпнұсқа мазмұнының жоғалған элементін жеткізетін элдеқандай құрал табылады.
