- •Аударманың негізгі түрлері
- •Ғылыми-техникалық және газет-ақпараттық материалдарды аудару ерекшеліктері (5-тарау)
- •Лексикалық трансформация
- •Аудармашыға қойылатын талаптар мен ұстанымдар (кіріспе)
- •Аударма теориясының тарихы
- •Аударма үрдісін сипаттау тәсілдері (7-тарау)
- •Жағдайлық (немесе денотаттық) аударма моделі
- •Неологизмдердің аударылу ерекшелігі
- •Компенсациялау әдісі
- •Аударманың трансформациялық-семантикалық моделі
- •Аударма техникасы (8-тарау)
- •Фразеологизмдердің аударылу ерекшелігі
- •Қазақстандағы аударма мәселесі
- •Эквивалентсіз лексиканың аударылу ерекшелігі
- •Жалқы атаудың аудармасы
- •Компрессия дегеніміз не?
- •Фразеологиялық бірліктер қалай бөлінеді?
- •Грамматикалық ауысым деген не?
- •Лексикалық ауысымдағы сөздерді алып тастау тәсілі қалай аталады?
- •Сипаттамалық аудармаға түсініктеме бер.
Аударма үрдісін сипаттау тәсілдері (7-тарау)
Жағдайлық (немесе денотаттық) аударма моделі
Жағдайлық (немесе денотаттық) аударма моделі тілдің барлық бірліктерінің мазмұнының, түптей келгенде, әлдебір құбылыстарды, заттарды, әдетте денотат аталатын нақты ақиқат қатынастарын білдіретін күмәнсіз фактіден туады. Тілдің көмегімен жасалған хабар (cөз бөлігі) әлдебір жағдай туралы, яғни бір-бірімен белгілі қатынастағы денотаттардың кейбір жиынтығы туралы ақпарат береді. Болымсыз айырмашылықтарды есепке алмасақ, бізді қоршаған нақты ақиқаттың бүкіл адамзат баласына бірдей қатысты екенін мойындауымыз қажет. Тіліне қарамай барлық адамдарға қоршаған әлемнің, биологиялық құрылымның, өндірістік және тіршілік үрдістерінің ортақтығы кісілердің негізінен ақиқат құбылыстары жайлы ой бөлісуіне әкеледі. Негізінде кез келген ойлау жағдайы қандай болмасын дамыған тілдің көмегімен бірдей сипатталады.
192. Кез келген хабардың негізгі мазмұны әлдебір тілден тыс жағдайды бейнелеу екенін ескере отырып, аударманың жағдайлық моделі аударма үрдісін түпнұсқа тілінде сипатталған жағдайды аударма тілінің көмегімен сипаттау үрдісінде қарастырады. Аудармашының мұндағы іс-әрекеті былайша көрінеді (№ 2 нобайды қараңыз).
№2 нобай. Аударманың жағдайлық моделі.
Түпнұсқа мәтінін қабылдай отырып, аудармашы сол мәтінді құрастырған бірліктерді ИЯ-да өзіне белгілі бірліктермен теңестіреді, контексте мәндерін интерпритациялай отырып, түпнұсқа нақты ақиқаттың қандай жағдайын сипаттай айырғанын анықтайды. Содан соң аудармашы сол жағдайды аударма тілінде сипаттайды. Осылайша аударма үрдісі түпнұсқа мәтінінен нақты ақиқатқа, одан аударма мәтініне ауысып жүзеге асырылады. Көп жағдайларда мәтін немесе қандай да бір бөлігі алдын ала интерпритацияланса, сонымен қатар аудармашыға ИЯ мен ПЯ-ның белгілі бір бірліктерінің бірдей затты, құбылысты немесе нақты ақиқат қатынасын көрсетіп тұрғаны белгілі болса, бұл үрдістің жолы қысқа болмақ. Соның негізінде ол түпнұсқа бірліктерін аударманың сәйкес бірліктерімен алмастыра алады, нақты шындыққа бұрылу аударманың бұл актісінен тыс жағдайда жүзеге асырылады (нобайда бұл екі жағдай тиісінше тұтас және үзік сызықтармен көрсетілген). Аударма моделі мұндайда өзінің негізгі бағдарын - аударма үрдісінде сипатталған жағдайға тікелей назар қою ретінде түсіндіруді сақтауды мақсат тұтады.
193. Мұнда әңгіме нақты ақиқатқа қатынасы бойынша тілдік бірліктердің мәнін интерпритациялау қажеттігі туралы ғана емес, лингвистикалық контекстпен қатар жағдайлық контексті де ескеру туралы болып отыр. Нақты ақиқатпен байланыстырмай қарапайым айтылымның өзін түсіну мүмкін еместігін жоғарыда айтқан болатынбыз. Ағылшынша The table is on the wall сөйлемі «Таблица висит на стене» ретінде интерпритацияланады, себебі нақты ақиқатты білу коммуниканттарға table сөзінің – «стол» мен «таблица» мәндерінен бұл жағдайда соңғысының алынып отырғанын сездіреді, өйткені әдетте столды қабырғаға ілмейді ғой.
Жағдайлық модель шеңберінде нақты ақиқатқа назар аудару түпнұсқаның мазмұнын түсіну ғана емес, аударма үрдісінің өзін, аудармашының аударма мәтінін жасау жолын білдіреді. Бастапқы мәтіннің мазмұнында жаңғырылған нақты ақиқат «бөлігі» аударманың тілден тыс негізі қызметін атқарады. Аудармашы сол көріністі ПЯ құралдармен түпнұсқа мәтінінен емес, басқа жолмен, мысалы, сезім арқылы білсе де, дәл солай суреттер еді.
194. Аударманың жағдайлық моделі елеулі түсіндіруші күшке ие. ПЯ – да коммуникативті тең бағалы мәтін құрастыру үшін түпнұсқада сипатталған жағдайды аудармада көрсету қажет және жеткілікті болғанда аударма үрдісіне барабар сипаттайды. Басқаша айтқанда, осы модельдің көмегімен жағдайды теңестіру деңгейінде эквиваленттілікке жетісуге болады. Жағдайлық модель келесі үш жағдайда барынша айқын «қызмет етеді»: 1) эквивалентсіз лексиканы аударғанда; 2) түпнұсқада сипатталатын жағдай аударма вариантын таңдауды бір мағынада анықтайды; 3) сипатталған жағдайдың хабарда пайдаланылған тілдік бірліктердің мәніне енбеген қырларын айқындамай түпнұсқаны немесе оның әлдебір бөлігін түсіну және аудару мүмкін болмағанда.
195. ИЯ – ның эквивалентсіз бірліктерінде дайын сәйкестіктер болмағандықтан мұндай бірліктер үшін тосын сөз сәйкестіктерін жасаудың кез келген тәсілі түпнұсқада олардың көмегіне орай сипатталған жағдаймен байланысты. Жасалынған сәйкестіктердің (транскрипциялау немесе калькалау жолымен) өзі тікелей аударылатын сөзге немесе сөз тіркесіне жатады, олардың тек бүкіл жағдайды дұрыс түсіну негізінде таңдалуы мүмкін:
The plan is to use a system called “dense pack” which would put the missiles into a narrow strip 14 miles long and one mile wide.
План предусматривает использование системы, именуемой «плотная упаковка», при которой ракеты размещаются на узкой полосе длиной в 14 миль и шириной в одну милю.
196. Екінші типті эквиваленттілікті (жағдайға көрсету деңгейінде) сипаттағанда ПЯ белгілі бір жағдайды, оның түпнұсқада қалай сипатталғанына қарамастан, сипаттаудың жалғыз-ақ тәсілінің болуы атап көрсетілді. Аудармашы мұндайда нақты ақиқатқа назар аударғанда ғана сондай түрдің жағдайлық эквиваленттіліктің кездескенін біледі: ағылшынша түпнұсқа жаңа сырланған объект (Wet pаint) көрсетілсе, орыс тілінде бұл жағдай ескерту түрінде («Осторожно окрашено») түрінде, орамда сынатын заттың бар екені (Fragile) орысша «Осторожно стекло» түрінде ескертіледі.
ПЯ-да жағдайды сипаттауды дара емес, басымды, барынша кең тараған тәсілдері болғанда да аударма вариантын таңдау осылай өткізіледі. Аударма барысында көп жағдайда дәп осы тәсіл жиі пайдаланылады: Keep off the grass – По газонам не ходить, to sit up late – поздно лечь спать, to swallow the bait – попасться на удочку. Ағылшын тіліндегі көрсетілген сөз тіркестері мен айтылымдары орысша басқа құралдармен жеткізілуі мүмкін болғанмен аудармашы оны сипаттаудың көпшілікке мәлім тәсілін қолдануды жөн көреді. Салыстырыңыз: Stop, I have a gun! – “Стой! Я буду стрелять”, орысша “Стой! У меня ружьё”,- десе , үйлесімсіз болар еді.
197. Айтылым мазмұнындағы ақпарат аударма вариантын таңдауға жеткіліксіз болса, сипатталатын жағдайға назар аудару шешуші роль атқарады. Кез келген жағдайдың айтылымда тыңғылықты сипатталмайтынын, нышандарының кейбір жиынтық белгілері арқылы сипатталатынын білеміз. Сонымен қатар аударма вариантын таңдау кейде сол жағдайда бар, бірақ оны сипаттаудың түпнұсқада қолданылған тәсіліне енбеген басқа нышандарына қатысты болады. Мұндайда аудармашы қажетті мәліметтерді іздеп, сипатталатын жағдайға назар аударады. Қарапайым мысал келтірелік: Мынандай ағылшынша айтылымды аудару қажет делік: Her aunt must be made to tell them about it. Бұл айтылымның жалпы мазмұнын түсіну оңай, алайда орыс аудармасында aunt зат есімі мен made етістігіне сәйкестік таңдау қосымша ақпаратты қажет етеді. Себебі aunt “тётя”, “тётя”, “тётушка”, “тётка”, ал must be made “заставить”, “убедить” немесе “попросить” болуы мүмкін (осы жайлы оларға айтуға болады...). Осы мәселені шешу үшін әңгіменің қандай адамдар жайлы екенін олардың арасында қатынастың қандай екенін, туысынан керек мәліметті алу үшін қандай әдістің қолданылу ықтималдығын анықтап алу қажет.
Нақты жағдай туралы қажетті мәліметтердің кейде түрлі әдеби көздер мен анықтамалардан алынуы мүмкін. Келесі мысал аудармашының Англияның тарихын жете білуін қажет етеді: Cromwell and Bradshаw (not the guide man, but the King Charles’s head man) likewise sojourned here. (J.K. Jerome). Аудармашы Дж. Бредшоның Бірінші Карлды өлім жазасына кескен соттың төрағасы болғандығын, ал оның фамилияласы Англияда белгілі жол көрсеткіштің авторы екенін білгенде ғана ерекшеленген сөздерді аудара алады. Мәтіннің өзінде тар контексте, кең контексте guide man және King Charles’s head man тіркестерін дурыс түсіндірмейді.
198. Сөйтіп, аударманың жағдайлық аудару үрдісінің бірқатар маңызды қырларын көрсетіп, аударма вариантын таңдаудың аудармашының нақты ақиқатына назар аударуымен және кейін оны ПЯ құралдары арқылы сипаттауымен байланысты ерекшеліктерді түсіндіру мүмкіндігін береді. Солай бола тұрса да, аударма үрдісін өткерудің кейбір тәсілдерін ғана қамтитындықтан бұл модельдің күші шектеулі. Сипатталатын жағдайдың әрқашан аударма вариантын таңдауды бір мағынада анықтамайтыны белгілі, өйткені көп жағдайларда ол түрлі тәсілдермен сипатталуы мүмкін. Сонда түпнұсқа сипаттайтын нақты жағдайды анықтаудың өзі аудармашыға ПЯ-да хабарда құрастырғанда бұл жағдайдың қандай нышандарын жаңғырту қажет екенін көрсете қоймайды. Жағдайды білу жағдайды сипаттаудың белгілі бір тәсілінің шеңберінде аудармада айтылымның лексикалық-синтаксистік тұрғыда ұйымдастырылуын таңдауға жеткілікті негіз бола алмайды. Жағдайды сипаттау тәсілі, солардың көмегімен өткерілетін тілдік бірліктердің жиынтығы да айтылымның жалпы мазмұнының маңызды бөлігін құрайтын қосымша мағына береді. Сондықтан бір жағдайды сипаттайтын айтылымның мазмұны, жалпы алғанда, елеулі айырмашылыққа түсуі мүмкін. Мұндайда аударма вариантын дұрыс таңдау үшін аудармашыға түпнұсқада көрсетілген нақты ақиқатты ПЯ құралдарымен сипаттау жеткіліксіз. Ол осы ақиқатты сипаттаудың эквивалентті құралдарын қолданып, бастапқы мәтін мазмұнының басқа бөліктерін де жаңғыртуға тиіс. Сол үшін түпнұсқада әлдеқандай жағдайдың сөз болғанын ғана емес, ол туралы ненің және қалай айтылғанын ескеруі қажет.
199. Түпнұсқа коммуникациясы мақсатының жеткізілуін қамтамасыз ету үшін сол жағдайдың өзін сипаттаудан аудармашының бас тартуына тура келген жағдайда да аударманың жағдайлық моделінің жұмыс істемейтіні түсінікті. Осы жағдай аударма Рецепторына қажетті қорытынды жасауға мүмкіндік бермесе немесе түпнұсқа Рецепторындағыдан өзге ассоциациялармен сипаттауы тіларалық коммуникация мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді.
Жоғарыда айтылғаннан жағдайлық модель аударма үрдісін қате түсіндіреді деген ой тумау керек. Ол бұл үрдісті жүзеге асыру үшін түпнұсқада сипатталған жағдайды анықтау мен оны ПЯ құралдарымен жеткізуі қажетті және жеткілікті болған жағдайда, барабар түрде жаңғырта түседі. Дегенмен түпнұсқаның онда қолданылған ИЯ бірліктерінің мәнімен жасалатын мазмұн бөлігін аудармада жаңғыртылу қажеттілігі ескерілмегендіктен түсіндіру күші шектеулі.
