- •Аударманың негізгі түрлері
- •Ғылыми-техникалық және газет-ақпараттық материалдарды аудару ерекшеліктері (5-тарау)
- •Лексикалық трансформация
- •Аудармашыға қойылатын талаптар мен ұстанымдар (кіріспе)
- •Аударма теориясының тарихы
- •Аударма үрдісін сипаттау тәсілдері (7-тарау)
- •Жағдайлық (немесе денотаттық) аударма моделі
- •Неологизмдердің аударылу ерекшелігі
- •Компенсациялау әдісі
- •Аударманың трансформациялық-семантикалық моделі
- •Аударма техникасы (8-тарау)
- •Фразеологизмдердің аударылу ерекшелігі
- •Қазақстандағы аударма мәселесі
- •Эквивалентсіз лексиканың аударылу ерекшелігі
- •Жалқы атаудың аудармасы
- •Компрессия дегеніміз не?
- •Фразеологиялық бірліктер қалай бөлінеді?
- •Грамматикалық ауысым деген не?
- •Лексикалық ауысымдағы сөздерді алып тастау тәсілі қалай аталады?
- •Сипаттамалық аудармаға түсініктеме бер.
Грамматикалық ауысым деген не?
Грамматикалық трансформация кезінде түпнұска бірлігінің грамматикалық мағынасы өзгеріледі:
· сөйлемдерді біріктіру,
· сөйлемдерді бөлу,
· грамматикалық алмастырулар.
Сөйлемдерді біріктіру – түпнұсқадағы екі не одан да көп жай сөйлемнен тұратын синтаксистік құрылымды біріктіру жолымен құрмалас сөйлемге айналдыру негізінде жасалатын синтаксистік трансформация, аударма тәсілі.
Мысалы: Біресе жүк батқан түйе бақырады. Енесінен адасқан бота боздайды. Әр ауылдың өш иттері бір-біріне арсылдасады. (М.Әуезов, Абай жолы).
Там кричит верблюд, которому тяжелый груз режет спину; тут жалобно ноет верблюжонок, отставший от матери; здесь рычат друг на друга сторожевые собаки (пер.А.Никольской, Т.Нуртазина и Л.Соболева).
Сөйлемдерді бөлу -түпнұсқадағы құрмалас сөйлемді екі не одан да көп жай сөйлемге айналдыру негізінде жасалатын синтаксистік трансформация, аударма тәсілі.
Грамматикалық алмастырулар – түпнұсқадағы грамматикалық бірліктің аударма тілінде басқа грамматикалық мағынаға ие тіл бірлігімен алмастырылатын грамматикалық трансформация.
Мысалы: Раушанның онда жас кезі (Б.Майлин. «Раушан коммунист»). Вот она еще совсем молоденькая девушка (пер. Г.Бельгера).
Лексикалық ауысымдағы сөздерді алып тастау тәсілі қалай аталады?
Мазмұнды лексикалықтрансформациялар (оларды алғашқы рет ғалым Я.И.Рецкер анықтаған) кезінде түпнұсканың лексикалық бірлігінің мағынасыөзгереді:
· ұғымды нақтылау,
· ұғымды жалпылау
· модуляция.
Ұғымды нақтылау– біршама кең (тектік) мағынаға ие бастапқы тіл бірлігінің аударма тілінде тар (түрлік) мағыналы сөзімен алмастырылуы арқылы іске асатын лексикалық-грамматикалық трансформация (аударма тәсілі).
Тектік ұғымды білдіретін сөздер, мысалы: көкөністер, жемістер, жиһаз, шығарма т.б. Ал түрлік ұғымды білдіретіндер: алма, алмұрт; құлпынай, қарақат; орындық, үстел; роман, әңгіме, т.б. Нақтылау тәсілі аударма тілінде кейде тектік ұғым болмаған жағдайында қажет болады. Аударма ісінде мұндай ұғымдардың мәнін анықтап, нақтылауға тура келеді. Мысалы, орыс тіліндегі «учащийся» сөзі қазақ тіліне контекске байланысты «студент», «мектеп оқушысы», «шәкірт» және т.с.с. деп аударылады.
Аудару кезінде ұғымды нақтылау кейде қиынға түседі (контексте қандай түрлік ұғымы (жеке, нақты сөз) жайлы болып жатқаны түсініксіз жағдайда).
Ұғымды жалпылау (генерализация) – бастапқы тілдің біршама тар мағыналы бірлігі аударма тілінің біршама кең мағыналы бірлігімен алмастырылатын лексикалық-грамматикалық трансформация (аударма тәсілі).
Генерализация тәсілі аудармашыға қиын жағдайдан шығуға көмектеседі. Мысалы, аудармашы екінші тілдегі түрлік (нақтылы) ұғымды білдіретін сөзді білмесе немесе уақыты шектелген ауызша, ілеспе (синхронды) аударма кезінде не түпнұсқа қатаң талаптарға жауап бере алатын терминологиялық мәтіндерге жатпаса, ұғымды жалпылау тәсілін пайдалануға әбден болады. Мәселен, белгілі аудармашы Г.К.Бельгердің айтуынша, орыс тілінде тектік ұғымдарды білдіретін верблюд, верблюдица сөздерінің түрлік ұғымдағы сөздері жоқ, сондықтан олар қазақ тіліндегі бірқатар сөздердің баламалары болып шығады: нар(одногорбый верблюд), бура (двугорбый самец-производитель), үлек (породистый), қоспақ (метис одногорбого самца и двугорбой самки), желмая(верблюд-скакун), жалбай (с горбами в разные стороны), атан (холощеный верблюд), буыршын (молодой верблюд-самец), аруана (одногорбая верблюдица), інген (дойная верблюдица), қайымал (первородящая верблюдица) [Бельгер: 2005. Б. 182].
Ұғымдардың логикалық дамуы(модуляция) – бір-бірімен себеп пен салдар, бөлшек пен бүтін, құрал мен өндіруші ретінде ажырамас байланыста болатын бір ұғымды басқа бір ұғыммен алмастыруға бағытталған аударма тәсілі.
Мысалы,«Осы сырды Нысаналы ақын жақсы біледі». (Ғ.Мүсірепов «Оянған өлке»). «Об этом преступлении знает акын Нысаналы» (пер. Гордеева)
Лексикалық-грамматикалық трансформациялар кезінде түпнұсканың синтаксистік құрылымы да, лексикасы да өзгертіледі:
· антонимдік аударма,
· сипаттама аударма,
· компенсация,
· компрессия.
Антонимдік аударма – түпнұсқада берілген ұғымның адекватты (дұрыс) баламасын беру үшін, оның сол ұғымға қарама-қарсы сөзбен алмастырылуы арқылы жүзеге асырылатын лексикалық-грамматикалық трансформация (аударма тәсілі). Сонымен бірге мұндай аударма барысында түпнұсқадағы болымды мағынаға ие сөз аударма мәтінінде оған қарама-қарсы мағыналы сөзбен аударылады және керісінше де солай болады.
Мысалы, «У меня все болит» деген сөйлемді қазақ тіліне «Ауырмайтын жерім жоқ» деп те аударуға әбден болады. Тәжірибелі аудармашылар шет тілдегі баламаны таппағанда етістікке антонимдік аударма тәсілін қолданады. Я ничего не забыл – Бәрі де есімде. Әрине, кезкелген антониммен болымсыздықты пайдалануға, ал антонимдік аударма тәсілін қолданған кезде сөйлемнің мазмұнын өзгертуге болмайды. Мысалы, Я открыл дверь (Мен есікті ашқанмын)деген сөйлем Мен есікті жапқан жоқпын деген сөйлеммен тең емес; келесі сөйлемдердің арасында да теңдік жоқ: Он засмеялся (Ол күліп жіберді) - Ол жылаған жоқ. Антонимдер бір-бірін контекстің ішінде ғана ауыстыра алатынын ұмытпау керек. Жеке сөздерді антонимдермен ауыстыруға еш уақытта болмайды, мысалы қараңғы деген сөзді яркий (жарық) деген ұғыммен немесе қауіпті - безопасный (қауіпсіз) деген сөзбен аударуға болмайды.
· Сипаттама аударма (экспликация) – белгілі бір ұғымды басқа тілдің құралдарымен сипаттаудан (оның мағынасын экспликациялаудан) тұратын аударма тәсілі. Бұл тәсіл аударма тілінде сәйкес атаудың болмаған жағдайында немесе аудармашының оны білмеген жағдайында пайдаланылады.
Сипаттама аударма – аудармашыға ең қиын жағдайларда көмек көрсететін әмбебап тәсіл. Ол әлеуметтік, географиялық не ұлттық ерекшеліктерге байланысты аударма тілінде сай ұғымды белгілейтін сөз жоқ болғанда өте тиімді. Сипаттама аударма таныс емес реалий сөздерді (баламасыз лексиканы) оқырман мен тыңдаушыға түсіндіріп жеткізеді. Бұл тәсіл транслитерация немесе транскрипция арқылы жиі қолданылады. Бұл аудармашы үшін өте қиын, ал оқырман не тыңдаушы үшін өте жеңіл тәсіл. Сипаттау – сызықша, жақша, сілтеме, кітап соңындағы ескертпелер арқылы беріледі.
Тікелей контекстегі реалий сөздерді түсіндіру – көркем аударманың ерекшелігі. Мәселен, Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романының 1960 жылғы А.Садовский жасаған орыс тіліндегі аудармасында осындай мысалдар кездеседі: «…Омар кинулся на него с поднятым в руке шокпаром– короткой, с утолщенным концом дубинкой»; «И шелковое платье, и эта бархатная безрукавка -бешмет,…роскошные косай-калош – низкие сапожки…»; «По самому обрыву тянулись в ряд какие-то сооружения, напоминающие мазары– надгробные памятники богатых людей; …свирепо рявкнул [Жуман]: - «Подайкамчу!» Кошкарбай молча подал ему ременную плеть».
· Компенсация (өтем) – бастапқы тіл бірлігінің семантикалық немесе стилистикалық жағынан шарасыз кемуінің аударма кезінде екінші тілдің құралдары арқылы толықтырылуы болып табылатын аударма тәсілі. Өтемнің түпнұсқадағы орнына қойылуы міндетті емес.
Мысалы: Тышқаншылап ұрламай, сонау Қоңырат асып, иір мойын үлкен әкелетін (Ә.Нұрпейісов. «Қан мен тер»). ...Он по мелочам не воровал, и не трогал скота соседних аулов (пер. Ю.Казакова).
· Компрессия (мәтінді ықшамдау) –біршама жинақы пішінге келтіру үшін, бастапқы мәтінді өзгерту арқылы жүзеге асырылатын аударма тәсілі. Контекспен немесе тілден тыс жағдаятпен анықтала алатын сөйлемнің артық элементтерін түсіру, сондай-ақ біршама жинақы құрылымдарды қолдану арқылы жүзеге асады.
Мысалы: Күзеуден жеті көшіп отырып, Қызылшоқы, Қыдырға, Қөлқайнарға жеткен Құнанбай ауылдары енді осы аралардағы қыстау-қыстауына тарамақ болатын (М.Әуезов. «Абай жолы»).
Аулы Кунанбая дошли до Кольгайнара в семь перегонов (пер.А.Никольской, Т.Нуртазина и Л.Соболева).
