Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать
☆
  1. Неологизмдердің аударылу ерекшелігі

Неологизмдер дегеніміз – ғылым, мәдениет, өнер және қоғам өмірінің өзгерісінен тілде туындайтын жаңа сөздер жиынтығын айтамыз. Неологизмдердің екі негізгі түрлерін айыра білген жөн, олар: жаңа сөздер және көне сөздердің жаңа мағыналары. Осы екі түрі де аудару әрекетінде қиындықтар туғызады. Себебі, мұндай сөздер мен мағыналарды кәдімгі, тіпті, ең жаңа ағылшын – қазақ сөздіктерінен табу мүмкін емес. Кез – келген сөздік, жаңа сөздерді тіркеу жағдайынан және жаңадан туған жаңа мағыналардан бірнеше жылға артта қалатыны әрбір аудармашыға белгілі. Бұған, екінші дүниежүзілік соғыстың басындағы жылдар мен екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы жылдарындағы сөздіктерді салыстыра отырып көз жеткізуге болады. Бірақ сөздіктің артта қалуы аудармашы үшін ең қиын мәселе емес. Ағылшын – қазақ сөздіктерінде, сондай-ақ қазақ – ағылшын сөздіктеріндегі неологизмдердің кеш калып тіркелуі, олардың (неологизмдердің) тілдегі уақытша немесе өткінші қолданыс аясында болатындығы басты фактор болып саналады. Яғни бұл, слэнг саласында туындайтын фактормен пара-пар. Совет лингвисті, лексикограф И.Р. Гальпериннің айтуы бойынша «Бірде – бір сөздік неологизмдердің пайда болуын бірден тіркемегені жөн», өйткені неологизмдер және басқа да образды сөздер мен сөз тіркестер, слэнгтар тілде қаңбақтай тез пайда болады, әсіресе, ғылым мен техника салаларында. Сондықтан ағылшын лексикографтар кейде неологизмдерді «окказиональды» деп атайды, яғни, бұл, тілде аяқ – астынан пайда болып, қолданысқа ие болған сөздер дегенді білдіреді. Аудармашы неологизмді кездестірген жағдайда не істеу керек? Біріншіден, аудармашы, контекстің құрамын негізге ала отырып, контекс анализы арқылы неологизмнің мағынасын табады. Аудармашы мынадай бірнеше аудару әдістерін қолданады: лексикалық трансформация әдісі, транскрипциялау әдісі, транслитерация әдісі, калькалау әдісі, конкретизация әдісі, генерализация, яғни жалпылау әдісі, модуляция немесе мағыналық даму әдісі. Неологизмдерді аударудың ең кең тараған әдісінің бірі, ол қазақ тіліндегі сәйкес келетін аналогты таңдау арқылы аудару. Өкінішке орай, қазақ тіліндегі неологизмдер сөздігі өте сирек жарыққа шығады. Кері жағдайда, аудармашы сөздіктегі соңғы жаңа сөздерді алып пайдаланар еді. Акикат. - 2013. - № 3. - 109-113 б. Формальды аудару әдістеріне жататындар: лексикалық трансформация әдісі, транскрипциялау әдісі, транслитерация әдісі, калькалау әдісі Лексикалық трансформация әдісі аудару әдістерінің ең қысқа да ыңғайлы аудару жолы, түсінік беру арқылы жүзеге асады. Яғни, ағылшын сөздерін қазақ тіліндегі сәйкес келетін эквиваленттерімен аударылады, мысалы: collar workers - қызметші, қызметкер; gravitation - жердің тартылыс заңы; to model the behaviour of fluids – газ тәрізді немесе сұйық заттардың қозғалыс тәртібінің үлгісін бейнелеу. Транскрипциялау әдісі – шет тіліндегі сөздің түпнұсқасын дыбыстау арқылы аудару. Бұл әдіс жер, су атауларын, ұйымдар атауларын, көптеген неологизмдерді аударғанда кеңінен қолданады мысалы: Automation is one of the ways to increase production – Автоматизациялау өндірісті арттырудың бір жолы. Транслитерация әдісі дегеніміз – аудармада сөз түпнұсқасын графикалық формасының берілуін айтамыз. Мысалы: The Finnish plant was built on 60-year purchase contracts signed by electricity buyers, by a firm (the French Areva) that scarcely seems to be making good money on the deal. – Финдық құрылыстар, Areva атты француз ұйымының электр тоғын сатып алушылардың келісімі бойынша 60 жылға салынған, және де жақсы кіріс, табыс алып келетін сияқты. Калькалау әдісі дегеніміз – сөз элементтерді, сөз тіркестерді аударып, оларды бір бірлікке біріктіру әдісі. Мысалы: superpower = сверхдержава, дамыған мемлекет, polyethylene = полиэтилен, maneuver – өздігінен әрекет ету, first-strike weapon = бірінші соққыдағы қару, және т.б.. Сөз бірліктерінің ізділігі де өзгеруі мүмкін. Негізгі аудару әдістеріне жататындар: конкретизация әдісі, генерализация, яғни жалпылау әдісі, модуляция немесе мағыналық даму әдісі. Конкретизация әдісін қолдана отырып, аудармашы берілген сөздің аударылатын тілдегі сөздің нақты мағынасын қолданады. Мысалы: The settlement may be considered to be of primary importance to the industries concerned. – Бұл шешім, өнеркәсіптің қатысты салаларына шешуші маңызы бар деп есептесек болады. Можно считать, что это решение (урегулирование) имеет решающее значение для тех отраслей промышленности, которых оно касается. Генерализация, яғни жалпылау әдісі, шет тіліндегі тар шеңберлі сөздің аудару тіліндегі кең шеңберлі сөз бірлігімен алмастыруды білдіреді. Мысалы: to dissipate сөзі қазақша - арылу; бытырау; себу; сейілу; серпілу деп аударылады бірақ «to dissipate high power» сөз тіркесі — «жоғары деңгейде қуат өндіру» - деп аударылады. «performance» сөзі қазақ тіліне 1) атқару,2) ойнау,орындау (сахнада),3) қызметі (құрал – жабдықтың). Бірақ, қазақ, орыс тілдеріне аудару кезінде жоғарыдағы аудармалардың бірден – біреуі қолданылмайды: «The awful performance of state-owned enterprises and the growing potential of a financial disaster are surely the Achilles" heel of what is called China"s “primary stage of socialism» - сөйлемде «The awful performance of state-owned enterprises...» - «Мемлекеттік ұйымдардың нашар жағдайы», «Ужасное состояние государственных предприятий…» - деп аударылады. Модуляция немесе мағыналық даму әдісі дегеніміз - шет тіліндегі сөздің аударылатын тілге бастапқы бірліктің мағынасынан логикалық тұрғыдан аударылуын айтамыз. Мысалы: to filter out unwanted frequencies — жағымсыз жиіліктен құтылу. Радионың пайда болуы мынадай неологизмдердің пайда болуына себепкер болды: (radio) receiver - радиоқабылдағыш, radio interference - радиокедергі, to radio - радио арқылы хабарлау. Атомдық энергияның дамуымен қатар жаңа неологизмдер де қолданысқа ие болды: atomic-powered vessel – атомдық кеме, decontamination - қатерсіздендіру, dosimeter - дозиметр (радиацияны өлшейтін құрал) және т.б. Ағылшын тілінде жақында пайда балған неологизмдерге мына сөздерді жатқызсақ болады: Televiewer Телекөрермен atomic pile атомдық реактор (түрлі физикалық - химиялық реакциялар жүретін қондырғы) half-life жартылай ыдырау кезеңі tracer atom таңбаланған атом to dieselize қозғалтқыш орнату (мұнаймен жүретін іштен тұтанғыш қозғалтқыш) установить дизель, қозғалтқышпен жабдықтау Әдетте мұндай сөздер үйреншікті болғанша неологизмдер деп саналады, осыған орай, олар сөздікке еніп, бұрынғыдай жаңа сөздер деп есептелінбейді. Неологизм түсінігі уақытқа байланысты өзгергіш, сөздер қашан өзінің жаңалық кейпін жоғалтпайынша неологизм сөздер болып қала береді. Жаңа сөзіміз белсенді қолданысқа түсе бастағаннан өзінің жаңа қасиетінен айрыла бастайды, яғни бірте-бірте жаңалық кейпін жойып, жалпы тілдік сөз ретінде лексика жүйесіне енеді. Шындығында, неологизмдер, тілдегі бар сөзжасам әдістерін қолдана отырып, тілдік салттың негізінде пайда болады. Мысалы, ағылшын тіліндегі неологизм to dieselize етістігі diesel сөзіне -ize жұрнақ жалғануы арқылы жасалды, мынадай сөздік бірліктерді негізге ала отырып: to equalize, to organize. Егер контексте сөздікке енгізілмеген неологизм кездессе жоғарыда айтып кеткендей, аудармашы контекстік мағынаға және де сөзжасам бірліктеріне сүйене отырып, өз бетінше неологизмнің мағынасын анықтайды. Мысалы: Jet propelled planes consume enormous quantities of propellant. Сөйлемде сөздікте жоқ propellant неологизмін кездестіреміз, бұл сөздің мағынасын анықтайық: Сөзді -ant жұрнағынан бөліп қарастырайық, түбір сөз propel (екінші l әріпін алып тастап). Сөздіктегі propel сөзінің етістік ретінде мағынасы: алға шығу, қозғалтқышты іске қосу -ant жұрнағы зат есімнен етістік жасаушы жұрнақ екендігін ескере отырып мағынасын анықтасақ - propellant: іске қосушы зат. Контекстің құрамына байланысты сәйкес мағына табамыз: жағармай. Толық сөйлемді аударсақ: Реактивті ұшақтар үлкен көлемде жағармайды жұмсайды. Етістіктердің мағынасы, жоғарыда атап өткендей, түбір сөздің мағынасынан табылады, және де міндетті түрде контекстің біріңғай мағынасына сәйкес аударылады. Кірме неологизмдерді аудару кезінде мағынаны ашатын контекс болып саналады, және де, әрине кірме сөздің тіліндегі сөздік қана көмектеседі. Ғылыми-техникалық прогрестің шарықтауына байланысты қоғамымыз жаңара түссе, тіліміздегі төл сөздеріміз де қоғаммен бірге жаңарып, жаңа атаулармен толығып отырады. Тілдегі сөздік қордың да байи түсуі осындай тілімізге енген жаңа сөздердің үлесі. Сонымен, түпнұсқаны дұрыс, әрі нақты жеткізу үшін, аударма тілінде тек қажет сөздерді тауып қана қоймай, оларды сәйкес грамматикалық үлгіде жеткізе білу қажет. Оған қоса көп жағдайда еш есептен шығаруға болмайтын стилистикалық факторлар да араласады. Аудару - басқа тілде айтылған нәрсені, екінші бір тілде толық, әрі дұрыс білдіру. Аударма – тілдік қонақжайлылық, кеңпейілділік, кеңшілік түрі. Аударма өзге тілді өз тіліңдей қабыл алып, өзге тілге мейірбандық таныту. Ол беталды жасалған тегін әрекет емес. Аударма – өз тіліңді қайта ашудың, өз тіліңді байытудың, соның әсерінен өз мәдениетіңнің көкжиегін кеңейтудің пәрменді құралы.