- •Аударманың негізгі түрлері
- •Ғылыми-техникалық және газет-ақпараттық материалдарды аудару ерекшеліктері (5-тарау)
- •Лексикалық трансформация
- •Аудармашыға қойылатын талаптар мен ұстанымдар (кіріспе)
- •Аударма теориясының тарихы
- •Аударма үрдісін сипаттау тәсілдері (7-тарау)
- •Жағдайлық (немесе денотаттық) аударма моделі
- •Неологизмдердің аударылу ерекшелігі
- •Компенсациялау әдісі
- •Аударманың трансформациялық-семантикалық моделі
- •Аударма техникасы (8-тарау)
- •Фразеологизмдердің аударылу ерекшелігі
- •Қазақстандағы аударма мәселесі
- •Эквивалентсіз лексиканың аударылу ерекшелігі
- •Жалқы атаудың аудармасы
- •Компрессия дегеніміз не?
- •Фразеологиялық бірліктер қалай бөлінеді?
- •Грамматикалық ауысым деген не?
- •Лексикалық ауысымдағы сөздерді алып тастау тәсілі қалай аталады?
- •Сипаттамалық аудармаға түсініктеме бер.
Ғылыми-техникалық және газет-ақпараттық материалдарды аудару ерекшеліктері (5-тарау)
Лексикалық трансформация
Аударманың трансформациялық үлгісін жасауда аудармашы аударма үдерісі кезінде қиыншылық тудырған күрделі мәселені тауып, оның шешімін табу үшін аударманың басты мақсаты оның адекватты болуы екенін ескере отырып, қажетті аудармалық трансформацияларды жасауы тиіс Антонимдік аударма – түпнұсқада берілген ұғымның адекватты (дұрыс)баламасын беру үшін, оның сол ұғымға қарама-қарсы сөзбен алмастырылуы арқылы жүзеге асырылатын лексикалық-грамматикалық трансформация (аударма тәсілі). Сонымен бірге мұндай аударма барысында түпнұсқадағы болымды мағынаға ие сөз аударма мәтінінде оған қарама-қарсы мағыналы сөзбен аударылады және керісінше де солай болады. Мысал (орысшадан қазақшаға): «У меня все болит» «Ауырмайтын жерім жоқ» Я ничего не забыл Бәрі де есімде Антонимдік аударма – лексикалық-грамматикалық трансформация, онда түпнұсқадағы болымдық тұлғасы аудармадағы болымсыздық тұлғаға және керісінше болымсыздықтың болымдылыққа алмасуы ИЯ лексикалық бірлігінің қарсы мәнді ПЯ бірлігіне алмасумен ұштасады. Мысал: Nothing changed in my home town. Все осталось прежним в моем родном городе.Менің туған қаламда ештене өзгерген жоқ.Менің туған қаламда бәрі сол қалпында қалды. Ағылшын-орыс аудармаларында бұл трансформация түпнұсқада болымсыздық тұлғасы кері префиксті сөзбен қолданылғанда ерекше жиі қолданылады: She is not unworthy of your attention. Она вполне заслуживает вашего внимания.Бұған until және unless болымсыздық жалғаулы болымсыздық тұлғасын қолдану да жатады:The United States did not enter the war until April 1917. Соедененные Штаты вступили в войну только в апреле 1917 года.Құрама Штаттары 1917 жылдың сәуір айында ғана соғысқа қатысты. Additional expenditures shall not be made unless authorized. Дополнительные расходы должны производиться лишь с особого разрешения.Қосымша шығындар тек арнайы келісім бойынша шығарылуы керек. Антонимдік аударма шеңберінде ИЯ бірлігі ПЯ-ның тікелей қарама қайшы бірлігімен ғана емес, қарама қарсы ойды білдіретін басқа сөздермен және сөз тіркестерімен алмастырылуы мүмкін: The railroad unions excluded negroes from their membership. Профсоюзы железнодорожников не принимали в свои ряды негров.Темір жол профсоюзі өзінің қатарына негрлерді қабылдамады. Болымзыздықты басқа құралдармен, мысалы without жалғауының көмегімен білдіруге болатынын ескерген жөн: He never came home without brining something for the kids. Приходя домой, он всегда приносил что-нибудь детям.Ол әрқашан үйге келгенде балаларға бірдене әкелетін. Антонимдік аударманы қолдану өзге трансформациялардың (лексикалық немесе грамматикалық) қолданылуымен жиі үйлеседі: Their house had no screen doors. Двери у них были сплошные.(Болымсыздық тұлғасының болымдылыққа алмасуы screen doors тіркесінің мәні модуляциямен ұштасады) The people are not slow in learning the truth. Люди быстро узнают правду.Адамдар шындықты тез біледі.
Аудармашыға қойылатын талаптар мен ұстанымдар (кіріспе)
Ағылшын зерттеушісі Т.Сэвори түрлі авторлардың аудармашыға қоятын негізгі талаптарын біріктірмек болғанда бір-бірін жоққа шығаратын қызықты тізім алған: 1) аударма түпнұсқаның сөзін жеткізуге тиіс; 2) аударма түпнұсқаның ойын жеткізуге тиіс; 3) аударма түпнұсқа сияқты оқылуға тиіс;
4) аударма аударма тәрізді оқылуға тиіс; 5) аударма түпнұсқаның стилін көрсетуге тиіс; 6) аударма аудармашының стилін көрсетуге тиіс; 7) аударма түпнұсқа заманындағы шығарма ретінде оқылуға тиіс; 8) аударма аудармашы өмір сүрген замандағы шығарма ретінде оқылуға тиіс; 9) аударманың толықтырылуы немесе кейбір тұстардың алып тасталуы мүмкін; 10) аударма толықтыруды да немесе кейбір тұстарды алып тастауды да жасай алмайды; 11) өлең проза түрінде аударылуға тиіс; 12) өлең өлең күйінде аударылуға тиіс.
Аудармашы кадрларды жаппай дайындауды жүзеге асыру аудармашының біліктілігіне қатысты айтылатын “Аударма жасау үшін екі тілді және сөздің мәнін білу керек” дәстүрлі формасының жетімсіздігі байқалды. Бұл формулада көрсетілген факторлар өз-өздігінен білікті аударма жасау шеберлігін қамтамасыз етпейді, оларды “аудармашылықпен”, яғни бір тіл бірліктерінің екінші тіл бірліктеріне көшу ережелері мен шарттарын үйлестіре білу керек. Аударма теориясы осы ережелер мен шарттарды анықтауға, мұндай “аудармашылық қостілділікті” жасау жолдарын көрсетуге тиіс болды.
Француз гуманисі, ақын және аудармашы Этьенн Доленің (1509-1546) пікірінше аудармашы аударманың келесі бес негізгі ұстанымын ұстауы қажет: 1) аударылатын мәтіннің мазмұны мен аударатын авторының ниетін жете түсіну; 2) аударылатын тілді жете меңгеру және аударатын тілді соншалықты тамаша білу; 3) сөзбе-сөз аударудан аулақ болу, өйткені ол түпнұсқаның мазмұнын бұрмалап, формасының сұлулығын құртады; 4) аудармада жалпы жұрт қолданатын сөздерді пайдалану; 5) сөзді дұрыс таңдап, құрастыра отырып, түпнұсқадағы “әуезділікке” сай болатындай жалпы әсер беру. 1790 жылы ағылшын А. Тайтлердің “Принципы перевода” кітабында аудармаға негізгі талаптар былайша тұжырымдалған: 1) аударма түпнұсқаның идеяларын толық жеткізуге тиіс; 2) аударманың стилі мен баяндау мәнері түпнұсқадағыдай болуға тиіс; 3) аударма түпнұсқалық шығарма тәрізді жеңіл оқылуға тиіс. Бүгінгі күні айқын болып көрінгенмен мұндай талаптар өз мәнін жоғалтқан жоқ.
