Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105.25 Кб
Скачать
  1. Аударманың трансформациялық-семантикалық моделі

Аударманың трансформациялық-семантикалық моделінің, жағдайлық моделден өзгешелігі аударма кезінде түпнұсқа бірліктерінің мәнін жеткізу жүзеге асырылады деген тұжырымнан туындайды. Ол аударма үрдісін аудармашы ИЯ бірліктерінен ПЯ бірліктеріне көшіре отырып, олардың арасында эквиваленттілік қатынасын орнататын бірқатар түрленулер ретінде қарастырады. Сөйтіп трансформациялық-семантикалық модель түпнұсқа мен аударманың құрылымдары мен лексикалық бірліктерінің арасында тікелей байланыстың болуына бағдарланған. Бірліктің ара қатынасы аударма үрдісінің бастапқы және соңғы жағдайы ретінде қарастырылады. Трансформациялық-семантикалық модель шегінде аударма үрдісі төмендегі нобай түрінде көрінуі мүмкін ( №3 нобайды қараңыз).

3 нобай. Аударманың трансформациялық-семантикалық моделі.

Көрсетілген модельге сәйкес аударма үрдісі үш кезеңде өтеді. Бірінші – талдау кезеңінде (1) ИЯ шегінде бастапқы синтаксистік құрылымдары қарапайымдандыратын трансформация жүзеге асырылады: түпнұсқа құрылымдары (А) барынша қарапайым, оңай талданатын формаларға (В) түрленеді (саяды). Мұндай қарапайым «ядролық» (немесе «ядро маңындағы») құрылымдар түрлі тілдерде барынша жақын және аударғанда бірін бірі оңай алмастырады (В=В1) деп жорамалданады. Мәселен, She is a good dancer сөйлемі қарапайым She dances well құрылымына трансформацияланады, The thought worried him сөйлемінің екі қарапайымдалған сөйлем түрінде бөленуі және олардың арасындағы байланыстың көрсетілуі мүмкін: а) he thought, b) he worried, c) бірінші сөйлем (he thought) екіншісін (he worried) тудырады. Талдау сатысында қарапайымдандыратын түрлендіруге мәнінде қарапайым мағыналардың (семалардың) жиынтығы табылатын жекелеген сөздер де ұшырайды. Мағынаның мұндай элементтері сөздің семантикасында оны мәні жағынан жақын сөздермен салыстырғанда және олардың арасында айырмашылықтар табылғанда бөлініп шығады. Осындай семантикалық қатардың мүшелерінен мағынаның ортақ элементтерін де, сондай-ақ әрбір синонимнің мәнін қатардың басқа мүшелерінен ерекшелейтін дифференциялды элементтерін де табуға болады. Мәселен, ағылшынның speak, sing, whistle, whisper, hum сөздерінің қатарында мәннің ортақ (ядролық) компонент «сөйлеу аппаратын қолданумен дыбыс шығару» болмақ. Ал, мен, мысалы, whisper – «шептать» осы ядролық мәнді және екі қосымша дифференциялық нышанды «сөздің (анық) дыбыстарын пайдалануды» (whistle және hum өзгеше) және «дауыстың болмауын» (speak немесе sing өзгеше) қамтиды.

Қарапайым мағыналар тоғыспалы немесе аралас мәнді кез келген сөздерде немесе мәні «род-вид» қатынасымен (гиперо-гипонимикалық қатынастармен) байланысты сөздерде осылайша анықталады: animal және mammal, dog және poodle және т.б.

Ұқсастық пен айырмашылық элементтерін әртүрлі тілдердің мәні жағынан жақын сөздерін салыстырғанда да табуға болады. Мәселен, орыстың «студент» сөзінен компонентті талдау «еркек» («студенткадан» өзгешілігі), «ЖОО-да оқушы» («оқушыдан» өзгешелігі) сияқты семантикалық нышандарын анықтайды. Ағылшынның student сөзінде алғашқы екі сема жоқ, ал қалған екеуі сәйкес келеді. Семаның тым болмашы бөлшектерінің сәйкес келуі түрлі тілдегі сөздердің бір-біріне эквивалентті ретінде көрінуіне мүмкіндік береді.

201. Синтаксистік құрылымдарды қарапайымдандыру мен талдау кезеңінде лексикалық бірліктердің мәнін бөлшектеу аударманың екінші кезеңіне (II) – «ауысуды», яғни аударма тілінің ядролық құрылымдары мен семантикалық компоненттерге көшуді: (В-В1) жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Атап көрсетілгендей, осындай құрылымдар мен қарапайым семалар деңгейінде түрлі тілдерде елеулі ұқсастық табылады. Сондықтан бұл деңгейде эквивалентті бірліктерді іздеп табу біршама жеңіл. Айтылым кәсіби әншіге қатысты болмаса, She is a good singer сөйлемін аударғанда едәуір қиындық туатынына, ал She sings well айтылымы «Она хорошо поёт», - деп оңай аударылатынына көз жеткізу қиын емес. To produce musical tones және without words, яғни «напевать без слов» сияқты ағылшындық hum семасы ескерілсе, He was humming a merry tune сөйлемін аударғанда орысша сәйкестікті таңдау жеңілдене түседі.

202. Үшінші кезеңде (III) – «қайта құрастыру» - ПЯ-да ядролық («ядро маңы») деңгейінен түпнұсқаның түпкілікті құрылымдар мен бірліктеріне трансформациялау (В1 А1) жүзеге асырылады. Мұнда тіл нормаларына сәйкес сөздер реті, сөйлемнің құрылымы, семантикалық нышандардың саны мен бөлінуі сияқты формальды нышандар өзгереді. Трансформациялық-семантикалық модель бойынша нәтижесінде ағылшынның Immediate expulsion of flunked students was felt to be inadvisable айтылымы орыс тіліне «Считалось нецелесообразным немедленно исключать студентов, провалившихся на экзаменах» сияқты аударылатын аударма үрдісінің үш кезеңі былайша сипатталады:

I кезең. Ағылшын сөйлемі ядролық құрылымдар қатарына трансформацияланады:1. Students flunked (examinations).2. Somebody expels students.3. The action (2) is immediate. 4. The action (2+3) is inadvisable. 5. Someone felt something. 6. (1) is the reason for (2). 7. (4) is the object of (5). Сонымен бір мезгілде лексикалық бірліктердің мәні талданады: Student – one who attends a school, especially a higher institution of learning, flunk – to fail at an examination + colloquial style, etc. Кейбір жағдайларда түпнұсқаның кейбір сөздерінде барынша ұсақ семантикалық компоненттерді іздестірудің қажеті жоқ, өйткені олардың семантикалық құрылымы мейлінше қарапайым және «тікелей алмастыру» әдісімен, яғни орыс сөзін тікелей қоюмен аударуға болады: expel – исключать, immediate – немедленный және т.б.

II кезең. Ағылшындық ядролық құрылымдар мен семантикалық жағынан қарапайымдандырылған сөздер тиісінше орысша құрылымдармен және сөздермен алмастырылады: 1. Студенты (или учащиеся) не сдали экзаменов. 2. Кто-то исключает студентов. 3. Это действие (2) осуществляется немедленно. 4. Действие (2+3) является нецелесообразным. 5. Некто чувствовал. 6. (1) является причиной (2). 7. (4) является объектом (5). Көрсетілген байланыстарға сәйкес ядролық құрылымдарды біріктіру нәтижесінде олардың арасында екінші кезеңнің соңында шамамен мынадай орысша айтылым туады: «Некто чувствовал, что исключить студентов (учащихся) за то, что, они не сдали экзаменов и делать это немедленно, является нецелосообразным».

III кезең. Орыс тілінің нормалары мен түпнұсқа бірліктерінің мәніне барынша толық сәйкесетін құрылымдар мен лексикалық бірліктерге көшу жолымен орысша айтылым түпкілікті синтезденеді: 1. Нақты іс-әрекет иесінің болмауына байланысты белгісіздік есімдігі түсіп қалады да, етістік жинақтау-өздік етістік тұлғасына айналады. 2. Әңгіме әсерлік қатынас емес, рационалдық қатынас туралы болғандықтан сезу етістігі ойлау етістігімен алмастырылады. 3. Күрделі предикативті бірліктер атаулы және етістік топтары болып топтастырылады: «считалось нецелесообразным», «студенты, не сдавшие экзаменов» және «немедленно исключить». 4. Сөздер тәртібі ауыстырылады. 5. Сөздің тиісті формасы таңдалынады: әңгіме тұрақты тәжірибе туралы болып отырғандықтан «исключить» және «исключать». 6. Қажетсіз варианттар шығарылып тасталады: «учащиеся» емес «студенттер». 7 Сөздердің каннотативтік мәндері нақтыланады: «провалившихся на экзаменах». Нәтижесінде аударманың көрсетілген варианты шығады: «Считалось нецелесообразным немедленно исключать студентов, провалившихся на экзамене».

203. Аударманың трансформациялық-семантикалық моделі елеулі түсіндіруші күшке ие. Ол тікелей қадалауға келмейтін аударма үрдісінің көптеген қырларын сипаттауға мүмкіндік береді. Жағдайлық модельден өзгешелігі бұл модельдің бастапқы мәтін мазмұнында тілдік бірліктердің мінінің ролі мен аудармада қолданылған ПЯ құралдарының осы бірліктерге тәуелділігін (әрдайым тікелей болмаса да) көрсету мүмкіндігін беруі ерекше маңызды. Осылайша бастапқы мәтіннің синтаксистік құрылымдары мен лексикалық бірліктерінің негізгі мәні сақталатын төртінші және бесінші типтердің эквиваленттілігіне жетісу тәсілдері модельдендіріледі. Трансформациялық-семантикалық модельде қолданылатын аударма үрдісін көрсету тәсілі түпнұсқа сөзінің мәнінде белгілі бір семаны дәлірек беруге басын қатыратын аудармашының сезімталдығына көп жағдайда сәйкес келеді. Осы модель шеңберінде тілдік бірліктер семантикасы микрокомпоненттерінің, яғни семалардың деңгейінде түпнұсқа мен аударма мазмұнының ортақтығын түсіндіруге талпыныс жасалады. Семалардың ортақтығы түпнұсқа мен аудармада семалар құрамасы барынша сәйкесетін жағдайда да ( I saw him yesterday. – Я видел его вчера.), тіларалық қатынасты жүзеге асыру үшін ең болмады семантикалық нышандардың бөлшектері жеткілікті болған жағдайларда да аударма эквиваленттілігінің негізін құрайды. Түпнұсқаның мазмұнында бар семалардың бәрі бірдей қатынастың осы актісі үшін коммуникативті релевантты бола бермейді. Аудармашының міндеті, ең алдымен, коммуникативті релевантты семаларды сақтау. Түпнұсқа мен аударманың семалық құрамын салыстыру мұндай семалардың аударма үрдісінде де жаңғырады.

204. Бірін бірі алмастыратын семалардың сәйкес келмеуі, эквиваленттіліктің үшінші типіне тән семантикалық қайталай айту қатынастарымен байланысты болуы мүмкін.

Last year saw a rapid growth of industrial production. - В прошлом году отмечался быстрый рост промышленного производства. ( А видит Х у себя=Х наличествует у А=Х существует в период, когда А).

She was preceded by her father. – Она вошла вслед за своим отцом. ( А предшествует Б = Б следует за А = Б идёт вслед за А).

Мұндай қайта айтылым сондай-ақ жекелеген семантикалық нышандардың қосылуымен немесе түсіп қалуымен ілесуі мүмкін:

Mc Dermot spoke briefly into the telephone, then waited again. – Макдермот отдал краткое распоряжение по телефону и снова стал ждать.

As he stood there he heard a shot fired. – Вдруг он услышал выстрел.

205. Сонымен бірге трансформациялық-семантикалық модель әмбебап емес және кез келген аударма актісін модельдендіруге таласпайтыны белгілі. Ол аударма мен түпнұсқада синтаксистік құрылымдар мен лексикалық бірліктер мәндерінің арасында трансформация қатынастары болмаған және екі мәтіннің эквиваленті тек сипатталатын жағдайдың ортақтастығына негізделген жағдайларында көзделмейді. Ағылшынның Answer the telephone сөйлемінің орысша «Возьми трубку» сөйлемімен тең болуы to answer мен «взять» етістіктерінде ортақ семалардың болуында емес, нақты ақиқатты, телефон қоңырауына жауап бергенде телефон тұтқасын көтеру керек екенін білуде, яғни екі айтылымда бір іс-әрекет білдіріледі, яғни бір жағдайдың түрлі сипаттары аталады. Мұндайда эквиваленттіліктің екінші типінде аударма үрдісін түсіндіру үшін аударманың жағдайлық моделі қолайырақ.

Аударма үрдісінің трансформациялық-семантикалық моделі түпнұсқа мәтінімен байланысты бейне және өзге ассоциацияларды аудармада жеткізу қажет болғанда да, коммуникация мақсатын жаңғырту үшін аударма үрдісінде де модельденбейді (жұмыс істемейді). Басқаша айтқанда, трансформациялық-семантикалық модель аударма үрдісін сипаттау үшін эквиваленттіліктің бірінші типінде де тағайындалмайды:

Different brands of courage”, - Charles said. Serge and barathea”. – «Потому что существуют разные сорта храбрости, - сказал Чарльз, - Одна – сержантская, а другая – офицерская».

Serge and barathea хабарымен сипатталатын сөз жағдайдың өзі емес, мұның матаның екі түрінің атауы екенін, соның ішінде бірінші матаның қарапайым, арзан, екіншісінің қымбат екенін білетін Рецептор жасаған қорытындылармен маңызды. Тілінде маталардың бұндай атауы жоқ орысша Рецептор ондай қорытынды жасай алмайды. Коммуникация мақсатын сақтау үшін жағдайды алмастыру ИР мен ПЯ фондық білімдері мен мәдени-тарихи тәжірибесіндегі айырмашылықтар ескерілетіндей модельмен сипатталуға тиіс.