Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105.25 Кб
Скачать

  1. Аударманың негізгі түрлері

Көркем әдебиет шығармаларын аудару көркем аударма деп аталады. Көркем әдебиет шығармалары бәрінде коммуникативтік функциялардың бірі, атап айтқанда, не көркемдік-эстетикалық, не ақындық функция басым болатындықтан өзге сөз шығармаларына қарсы қойып, салыстырылады. Бұл типті кез келген шығарманың негізгі мақсаты белгілі бір эстетикалық әсерге жетісуде, көркем бейне жасауда. Мұндай эстетикалық бағыт көркем сөзді сөз коммуникациясының ақпараттық мазмұны бастапқы, дербес болып келетін қалған актілерінен ерекшелеп тұрады.

Әңгіме көркем сөз үзінділерін аудару туралы болып отырғандықтан көркем аударманы өзге аударма түрлерінен аударма мәтінінің көркемдік жағынан бай ПЯ шығармаларына жататыны айырықшаландырып тұратынын мойындауымыз керек. Былайша айтқанда, ПЯ-да ПР-ға көркемдік – эстетикалық әсер тигізуге қабілетті сөз шығармасын тудыру негізгі міндеті болып табылатын аудармашылық қызмет түрі көркем аударма деп аталады.

Әдеби шығармалардың аудармасын тандау көрсетілген міндетке байланысты аударманың көркемдігін қамтамасыз ету мақсатында барынша ықтималды ой дәлдігінен ауытқу оған тән екенін танытады. Мұндай ауытқулардың бірнеше мысалын келтірелік. Негізгі функциясы оқырманға көркем-эстетикалық әсер тигізу емес, әлдебір хабарды жеткізу болып табылатын мәтіннің аудармасы ақпараттық аударма деп аталады. Ғылыми, іскерлік, қоғамдық-саяси, тұрмыстық және өзге сипаттағы материалдардың бәрі осындай мәтіндерге жатады. Таза ақпараттық баяндауы басым детективтік(полицейлік) әңгімелерді, саяхатшылардың қолжазбаларын, очерктер мен соған ұқсас шығармаларды да осыған жатқызуға болады. Аудармада жаңғырылуға тиіс түпнұсқаның негізгі функциясына қарап қана аударманы көркемдік және ақпараттық деп бөлуге болады. Іс жүзінде тұтасынан алғанда көркем аударманы қажет ететін түпнұсқада таза ақпараттық функцияны атқарып тұратын жекелеген бөлімдердің, ақпараттық мәтін аудармасында, керісінше, көркем аударма элементтерінің болуы мүмкін.

Ақпараттық аудармада аударманың шағын түрлері аударылатын мәтіндердің ИЯ түрлері функциялық стильдеріне қатысының негізінде бөлінеді. Мұндайда түпнұсқаның функциялық – стилистикалық ерекшеліктерінің сондай мәтіндер аудармасының айырықша сипатын анықтауы қажет. Осы нышанына қарай ғылыми-техникалық материалдар аудармасы, ресми –іскерлік материалдар аудармасы, саяси-публицистикалық материалдар аудармасы, газет-ақпараттық материалдар аудармасы, патенттік материалдар аудармасы және басқа ерекше шағын түрлерге бөлінеді.

Түпнұсқаны қабылдау және аударма мәтінін жасау тәсілдерін ескеретін аудармаларды психолингвистикалық жіктеу аудармашылық қызметті жазбаша аударма мен ауызша аудармаға бөледі.

Тіларалық қатынас актісіне (түпнұсқа мен аударма мәтіні) біріккен сөз шығармалары аударма үрдісінде тіркелген (жазылған) түрде беріліп, аудармашының онымен әлденеше рет жұмыс істеуі мүмкін аударма түрі жазбаша аударма деп аталады. Бұл аудармашының аударылатын мәтіннің үзінділерін қайта қарауына, оны аударманың тиісті үзінділерімен салғастыруына, аударманы . Рецепторға бергенше, яғни аударма үрдісі аяқталғанша аударма мәтініне кез келген қажетті өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді. Аудармашы түпнұсқаны жазбаша мәтін түрінде көзбен қабылдап, аударма мәтінін де жазбаша мәтін түрінде жасауы (жазбаша аударма атауы осыдан шыққан) сияқты аударма жазбаша аударманының классикалық мысалы болып табылады.

Ауызша аударма-түпнұсқа мен оның аудармасы аударма үрдісінде тіркелмейтін (жазылмайтын) аударма түрі, мұнда аудармашы түпнұсқаның үзіндісін, бір-ақ мәрте қабылдайды , оны салғастыруға немесе аударып болған соң түзету енгізуге мүмкіндігі жоқ . Аудармашының түпнұсқаны акустикалық түрде(есту арқылы) қабылдап, ауызша аударуы ауызша аударманың классикалық үлгісі болып табылады. Ауызша аудармада аударма мәтіні түпнұсқаны қабылдаумен бір мезгілде, не түпнұсқаны қабылдау аяқталған соң жасалады. Тиісінше ауызша аударма екі шағын түрге бөлінеді: ілеспе аударма және ізінше аударма.

100. Ілеспе аударма-аудармашы шешеннің сөзін тыңдай тұрып, онымен бір мезгіде дерлік (2-3 секунд кешеуілдеп) аударып отыратын ауызша аударма түрі. Әдетте, ілеспе аударма техникалық құралды қолдану арқылы жасалады, аудармашы арнайы кабинада наушник арқылы шешеннің сөзін тыңдап отырады да, ілесе микрофон арқылы. Рецепторларға аудармасын жеткізеді. Осындай қондырғының арқасында аудармашының дауысы оның түпнұсқаны тыңдауына бөгет болмайды. Ілеспе аударманың бір түрі ”сыбырлау” деп аталады, яғни аудармашы кабинада емес Рецептордың қасында тұрып, наушник пен микрофонның көмегімен немесе оларсыз сыбырлап сөзді аударады. Ілеспе аударма- ауызша аударманың күрделі шағын түрі, өйткені аудармашы бір мезгілде әр түрлі тілдік іс-әрекеттерді атқарады: бір тілде тыңдайды, екінші тілге шешеннің сөйлеу екпінінен қалыспай аударып беруі керек. Үш қызметті үйлестіру жадының жұмысымен, айырықша назар аударумен, сөз желісін жүзеге асыру қажеттілігімен, түпнұсқаның келесі үзіндісін болжай білумен, қолма-қол шешім қабылдаумен және теғы басқаларымен байланысты.

101. Ізінше аударма - ауызша аудару тәсілі, онда аудармашы шешен сөзін толық немесе ішінара сөйлеп біткен соң аудара бастайды. Сөздің аударылатын үзіндісінің мөлшері әр түрлі болуы мүмкін: жеке сөзден бастап шешеннің 20-30 минут, не одан да ұзақ уақыт сөйлеген сөзіне дейін жетеді. Аударманың бұл түрі аудармашының түпнұсқаның елеулі сегменттерінің мазмұнын аудару басталған сәтке дейін ұзақ уақыт есте сақтауын қажет етеді.Түпнұсқа көлемі тым ұлғайып кетсе, аудармашы түпнұсқаны қабылдау үрдісінде тыңдағанын жадында жаңғырту үшін мазмұнның басты тұстарын қағазға түсіріп отырады.