Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_A_Fukin.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
17.84 Mб
Скачать

6.3. Сур. Мест 22249-82 бойынша ұштың негізгі өлшемдерін және оның ұзын науаға қатысты орналасуларының схемасы.

Тігіс беріктігіне және оның сыртқы түріне ине ұшының үшкірленуіне пішіні, бекітілетін материалдардың құрамы мен қасиеттері әсер етеді.

Ұшы дөңгелек инелер материалды тесіп, былғарының талшықтарын немесе матаның жіптерін тесік қабырғалары бойынша ажыратып, нығыздайды. Дөңгелекті ұштардың кескіш қырлары болмайды, сондықтан тігіс сызығы бойынша материал айтарлықтай әлсіремейді. Осындай инемен қалың және тығыз былғарыларды тескенде, ине қабаты мен тесік қабырғалары, жіп пен материал және де жіп пен ине арасында үлкен үйкеліс туады. Әрі бұл кезде ине қатты қызады да беріктігін жоғалтып, тез мұқалтанады, демек майысып және сынып кетуі мүмкін. Бір минутта 2000 тесік жасайтын инелер 300-3500С температураға дейін қызатынын зерттеулер көрсетті. Сондықтан оларды жіптері мен талшықтары көп кедергі көрсетпейтін тоқыма материалдарды немесе жұмсақ былғары бөлшектерін бекіту үшін ғана қолданады.

Ұшының үшкірлігі сопақшы инелердің екі кескіш қырлары болады, олар иненің көзінің өн бойлық өсіне 45 бұрыш жасап, оң және сол жақтарында орналасқан. Тесу кезінде, ине алдымен талшықты немесе материал жіптерін кеседі де, сосын барып оларды ажыратып, деформациялайды. Әрі бұл кезде ине жүзі мен материал, жіп пен материал, сонымен қатар жіп пен ине арасында үлкен үйкеліс тумайды.

Ұшының үшкірлігі үш-төрт қырлы /квадратты/ инелердің тиісінше үш және төрт қырлары болады. Олар да алдымен талшықты немесе материал жіптерін кеседі де, содан соң оларды деформациялайды. Ұшының үшкірлігі сопақша (овал), ромб тәрізді және үш-төрт қырлы инелерді былғары бөлшектерін бекіту үшін қолайлы және тиімді.

Инемен тескен кезде, материал тігіс сызығы бойынша әлсірейді. Материалдың максимал әлсіреуі ұшының үшкірлігі сопақша инемен ине шамшым ұзындығы бірдей болуы кезінде байқалады. Әрі бұл кезде ине шамшым жақсы тартылып, әдемі болып тұрады /6.4а сурет/. Материалдың аз әлсіреуі бөлшектерді ұшының үшкірлігі сопақша тәрізді инемен бекіткенде байқалады /6.4б сурет/. Бірақ былғарыны мұндай инемен тіккен кезде, ине шаншымның дұрыс жатуы өте қиын. Ұшының үшкірлігі тәрізді немесе ромбы тәріздес инелер материалды біршама көбірек әлсіретеді, бірақ былғарыдағы тігіс әдемі болады, өйткені тесіктер мен ине шамшымның үстіңгі үзбесіне түзу сызықты орналасуына мүмкіндік береді /6.4в сурет/.

Үш үшкірінің пішінінен басқа материалдың беріктігінің кемуіне оның құрылымы мен қасиеттері әсер етеді. Беріктіктің кему дәрежесі негізінен иненің ұшының үшкірлігіне және материал түріне азым-аз байланысты. Материал беріктігінің ең кем әлсіреуін ұшының үшкірлігі көлденең сопақша, содан соң дөңгелек, сол және оң сопақша инелер береді.

Материалдарды бекіту беріктігіне сонымен қатар иненің диаметрі де әсер етеді. Диаметр үлкен болса, тесік те үлкен болады, демек ине шаншымы бірдей кезіндегі тігіс сызығы бойынша материалдың әлсіреуі де үлкен болады. Жүзінің диаметрін таңдау материалдың инемен тесілуге кедергісімен және жіптің диаметрімен анықталады. Маталардың инемен тесілуге кедергісі ең кіші: 0,23-9,5 Н. Былғалыларды түрлі нөмірлі инелермен тескенде айтарлықтай күш туады /4-29 Н/.

6.4. сур. Жүздері әртүрлі ұшты инелерден материалдарда қалған тесіктердің өрналасуы.

Тесілген материалтың РІ беріктігін мына формуламен анықтауға болады:

PІ =Р (1 – dn)

мұндағы, Р – тесілмеген материалдың беріктігі:

 – материал қасиетіне байланысты болатын әлсіреу коэффициенті:

d – ине диаметрі:

n – тігістің 1 см-гі тесіктер саны.

Ине нөмірін таңдауда, материалды тесуге қажетті күштерді ескеру қажет. Тігін машиналарының инесін А класты көміртекті күйдірілген болат сымнан /көміртек-0,9 пайыз/, термиялық өңдеп, никельдеп жасайды. 60,95,190, және 260 Н күштер тиісінше № 90, 110,175 және 210 болатын инелердің өн бой­лық сығылу және иілу кезінде күреуіне алып келеді.

Инелердің өн бойлық сығылуға кедергісі тек материалмен ине диаметріне ғана емес, сонымен бірге оның ұзындығына да байланысты. Иненің ұзындығын оның жүрісіне қарай таңдайды, ол ине пластинкасының астындағы қайықшаның орналасуымен және тұзақ құрылу жағдайымен анықталады.

Иненің жүрісін кеміту үшін, машинаны құрастыр­ған кезде қайықшаны ине пластинкасынан мүмкінше аз қашықтықта өтетіндей етіп орналастыруға тыры­са­ды. Иненің тегін және үлгісін тігін машинасының класына қарай таңдайды.

Тесіктердің жиілігі материалдың әлсіреу дәрежесіне қатты әсер етеді: ине шаншым қадамы неғұрлым кіші болса, соғұрлым материалдың кемуі жоғары болады. Демек, материал беріктігін сақтау үшін, неғұрлым аз тесік жасаған тиімді. Бірақ, тігіс ұзындығының бірлігіне ине шаншым санын кеміту, бекіту беріктігін кемітеді, сондықтан жіппен тесілген материалдың бірдей кедергілері бар тігіс болатындай етіп, тігіс ұзындығының бірлігіне ине шаншымның тиімді санын орнатқан жөн.

Тігін ұзындығының бірлігіне ине шаншым саны артқан кезде тігіс беріктігі алдымен өседі, себебі тесіктер саны көп емес және де ажырау тек жіп бойынша жүреді /6.5 сурет/. Тесіктер саны артқанда, тігіс беріктігі кемиді де материал жыртылады.

Әртүрлі 1-5 материал үшін, ине шаншымның қолайлы саны тән, ол жоғары көрсетілген факторларға байланысты. Ол тігістің 1 см-не 5,5 нан 8,5 дейін ине шаншым, немесе ине шаншым қадамының 1,8-ден 1,15 мм аралығында ауытқиды. Маталар үшін ең тиімді ине шаншым саны - 1-см-ге 6-7.

Тігіс жолдарының саны да тігіс беріктігіне әсер етеді. Екінші тігіс жолы тігіс беріктігін шамамен 70 пайызға арттырады. Бұл инемен тесілген материалдың беріктігі жіп беріктігіне тең болуымен түсіндіріледі. Бірақ, жіп пен материал беріктігінің белгілі үйлесуі былғары мен жіптің беріктігі түрлі болғандықтан, ажырау, /сөгілу/ бір қатарлы тігіс жолдарының жіптері бойынша немесе қай жері әлсіздеу болатынына байланысты былғары бойынша жүреді.

Екі қатарлы тігіс жолдары кезінде әрдайым дерлік былғары сөгіледі, ал үш қатарлы және одан жоғары тігіс жолдары кезінде-тек қана былғары сөгіледі. Тігіс жолдар санын үшеуден көбейту тігіс беріктігін арттырмайды.

Тігіс жолдары арасын арттырғанда, тігіс беріктігі айтарлықтай артпайды, бірақ материал шығыны 1-5 пайызға артады, сондықтан тігіс жолдары арасындағы арақашықтың ең тиімдісі 1,5- 5 мм.

Тігіс сапасына машинаның атқару механизмі әсер етеді. Тігіс түзу немесе түзу сызықты орналасқан, жақсы керілген және ұзындығы бірдей ине шаншыммен құралған бір қалыпта қисықтау болуы мүмкін /ирек-ирек тігістен басқа/. Оның әрқайсысы тасымалдауыш жұмысымен анықталады. Тігін машиналарында материал сақиналы немесе рейкалы тасымалдауыш пен тасымалданады. Тасымалдауышқа ол табаншықпен немесе престеуші доңғалақшамен қысылады.

Рейка мен төменгі материал арасындағы F1 үйкеліс күші /6.6а сурет/ табаншықтың материалды қысу күші мен және материал мен рейка арасындағы f1 үйкеліс коэффициентімен анықталады: F1= N f1

Төменгісімен қоса, оның үстінде жатқан ма­териал да жылжиды /екі материалды бекіткен кезде/. Олар тігілген­дік­тен, араларында F2 = Nf2 үйкеліс туады, ондағы f2- төменгі материалдың жо­ғарғысымен үйкелу коэф­фициенті.

Тасымалдау басында, сонымен қатар жылжыған кезде, жоғарғы материал табаншықтың төменгі қабатымен үйкеледі, сол материалды оның астында ұстап тұрады. Бұл үйкелістің шамасы F3 = Nf3, f3 – материалдың табаншықпен үйкелу коэффициенті.

Материалдардың жылжу үрдістерін былай түсіндіруге болады. Рейка материалды Р1 = F1 =Nf күшімен іліп алып оны өзімен бірге жылжытуға тырысады. Материалдар арасында үйкеліс туғандықтан (F2 = Nf2) төменгі материал табанышық F3 = Nf3 күшімен ұстап тұрған жоғары материалды да жылжытуға тырысады.

Материалдар жылжу үшін, F1>F3; F2>F3 немесе f1>f3; F2> f3 болуы керек.

Рейка тасымалдауыштар мен қысқыш табандарды маталарды тігуде қолданады, себебі материалдардың қалыңдығының және қаттылығынан, кішілігінен оларды тасмалдауыш пен табан­шы­қ арасында қысудың үлкен ауданын жасау қажет. Былғары бөлшектерін тіккен кезде, тігісті тығыздау үшін, оларды нығыздау қажет. Бұл жағдайда материал мен табаншық арасында үйкеліс күші материалды тасымалдауды қиындататындай шамаға деін жетеді. Әсіресе синтетикалық материал бөлшектерін тіккен кезде, үйкеліс күштері айқын көрінеді. Себебі, олардың металға үйкелу коффициенті айтарлықтай. Мұндай материалдарды тіккенде, табаншық емес, престеуші доңғалақшаларды қолданады /6.6 б сурет/.

Сонымен қатар үлкен қисықты контуры бар аяқкиім бөл­шек­терінің болуы және тігу кезінде оларды жиі бұру да бөлшектерді қысу ауданын кеміту керектігіне алып келеді. Оны сақиналы тасы­мал­дауышпен немесе престеуші доңғалақшамен орындайды /6.6 суретке қараңыз/. Бірыңғай N қысым кезінде түйісу ауданын кеміткенде үлкен меншікті қысым болады, демек, материалдар қаттырақ қысылады және қалдық деформациясы үлкен болады. Престеуші доңғалақшамен жоғары материал арасындағы үйкеліс F3 күші материал мен рейкалы тасымалдауыш арасындағы үйкеліс күшінен әлдеқайда кемірек, демек материал керу кезінде тартылмайды.

Қонбайтын тігісін қамтамасыз ететін машиналар қолданады. Ма­териалды жіберу аяқкиім үстінің жағынан доңғалақшамен, төменгі жа­ғынан сақиналы тасымалдауышпен орындалады. Тасымалдау мо­мен­тінде ине шекті төменгі жағдайда болады да беру бағытына қарай жылжиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]