- •В.А. Фукин, а.Н. Калита былғары бұйымдарының технологиясы
- •Мазмұны
- •1. Былғары бұйымдар технологиясына кіріспе
- •Былғары бұйымдар жасау технологиясының анықтамасы
- •1.2. Технологиялық үрдістің схемасы
- •Сырттан келiп түсетiн ақпараттар тiзбегi.
- •Жүйеде қалыптасатын ақпараттар тiзбегi:
- •2. Материалдарды пішу кезіндегі бөлшектерді орныластыру, оларды пайдалануды нормаландыру.
- •2.1. Материалдарды пішу кезінде тиімді пайдалануды анықтайтын факторлар.
- •2.2. Сур. Ұлтандардың қимаүлгілерінің тура сызықты-үдемелі жайғастыру схемалары (а,б).
- •2.4. Сур. Пішілінетін материалдар және тіке бұрышты қимаүлгілердің өлшемдерінің еселі еместігінен пайда болатын шеттік қалдықтың схемалары.
- •2.5. Сур. Материалдың ұзындығы ауыспалы, ал ені тұрақты кездегі қимаүлгілер саны n1 және үйлесімдік коэффициенті р арасындағы байланыс диаграммасы.
- •2.8Сур. Материалдарды (б) пішу кезіндегі қимаүлгі аралық көпіршелердің (а) пайда болу схемалары Әртүрлі былғарыларға арналған е3 коэффициенті
- •Материалды пайдалануға жұмысшының мамандылығының тигізетін әсері.
- •2.2. Аяқкиімнің астына және үстіне арналған материалдың ауданын пайдаланылатын пайызын есептеу.
- •Әртүрлі конструкциялы дайындамалардағы үстіңгі бөлшектердің үлестік ауданы,%.
- •2.13. Сур. Матаның ұзындығы және ені бойынша қимаүлгілерді үйлестіруден пайда болатын сызықтық әсерлерді анықтау схемасы.
- •2.3. Негізгі материалдардың қажеттілік мөлшерлерін және шығын нормаларын анықтау.
- •2.4. Материалдарды пішу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру.
- •2.18. Сур. Аяқкиім үстінің бөлшекте-ріне мата негізді жасанды винилдық былғарыны /винилискожо–т/ пішу схемалары.
- •2.19. Сур. Аяқкиім астының бөлшектерін үйлестіру схемалары
- •2.23. Сур. Тура сызықты-бір ізді жүйе бойынша өкше сірілеріне көп бетті аяқ киімдік нитроискожа-т төсемдерін шабу схемалары
- •3. Материалды тiлу, кесіп өңдеу
- •3.1. Былғары бұйымдары бөлшектерiн шабу.
- •3.10. Сур. Пышақтардың кесетін шеттерінің қырын пішіні.
- •3.2 Материалды жылжымайтын пышаққа жiберу арқылы тiлу
- •3.3. Материалды жылжымалы пышаққа жiберiп кесу
- •3.16. Сур. Материалды (1) қозғалмары пышақпен (2) кесу схемалары.
- •3.18. Сур. Жұмыстық бұрыш (а) және кесу күшіне (б) кесу шапшаңдығының арақатысының әсерін сипаттайтын қисық сызықтар.
- •3. 4. Жону
- •3.21. Сур. Фрезерлеу күшінің Рф фрезаның айналу жиілігіне n тәуелдігінің қисық сызығы.
- •3.22. Сур. Фрезаның қырын пішіндерінің схемалары.
- •3.5. Тегiстеу
- •3.23. Сур. Тегістеуге арналған машинаның жұмыстық аспаптарының конструкциялары.
- •3. 6. Тікірейту
- •3.26. Сур. Металл щетка (а) және резеңкеге вулканданған шетканың (б) схемалары.
- •3.7 Материалды тербелмелі пышақпен кесу
- •4. Аяқкиімнің бөлшектері мен үстінің дайындамаларын дымқылдандыру және кептіру.
- •4.1. Аяқ киімнің үстінің дайындамаларын және бөлшектерін дымқылдандыру
- •4.4. Сур. Капиллярлы сору (а,б) және капиллярлы конденсация (в) механизмдерінің схемалары.
- •4.2. Сур. Былғарының ауданының s абсолюттік ылғалдығына тәуелдігі.
- •4.4. Сур. Капиллярлы уақ тесікті дененің термоылғалөткізгіштігі (а) мен бу және ауаның салыстырма термодиффузиясының (б) механизмдерінің схемалары.
- •Аяқкиім өндірісінде материалдарды дымқылдандыру.
- •4.5. Сур. Суға үлгіні қысқа мерзімге батырудан кейінгі былғарының қалындығы hk бойынша ылғалдың таралуының қисық сызықтары:
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын дымқылдандыруға арналған роторлы қондырғылардың техникалық сипаттамасы.
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын су тұманымен дымқылдандыруға арналған қондырғылардың техникалық сипаттамасы
- •4.2. Кептіру
- •Арс жартылай автоматының техникалық сипаттамасы
- •Тэрс-0 кептіргішінің техникалық сипаттамасы
- •5. Аяқкиім бөлшектерін және былғары галантерея бұйымдарын қалыптау
- •5.1. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптау кезінде былғарының құрылымдық өзгерістері.
- •5.2. Иіп қалыптау
- •5.3. Созып қалыптау
- •5. 4. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаудың керіп -қаптау әдісі
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу.
- •5.5. Аяқкиім дайындамасын керу және қаптау операцияларын қамтитын қалыптау тәсілдері
- •5.6. Аяқкиім үстінің дайындамасын параллель сыртқы. Ішкі және қайыстырылған тәсілдермен қалыптау
- •Сыртқы тәсіл
- •Қайыстырылған тәсіл
- •5.7. Үсті табиғи және синтетикалық былғарыдан жасалған аяқкиімнің қалыптұрақтылығына қалыптау тәртіптерінің әсер етуі
- •6. Бөлшектерді бекітудің механикалық әдістері
- •6.1. Аяқкиім үстінің бөшектерін бекіту
- •6.1. Сур. Екі жіптік ине шаншымын жасаудың схемасы.
- •6.3. Сур. Мест 22249-82 бойынша ұштың негізгі өлшемдерін және оның ұзын науаға қатысты орналасуларының схемасы.
- •6.2. Аяқкиім астының бөлшектерін жіппен бекіту әдістер.
- •Ұлтандарды сыртқы тігіс пен бекіту
- •Ұлтандарды бекітудің штифтті әдістері
- •Бұрандалы әдіс
- •6.4. Өкшелерді Бекіту
- •6.5 Былғары-галантереялық бұйымдарының бөлшектерін бекіту.
- •Қолданылған әдебиеттер
6. Бөлшектерді бекітудің механикалық әдістері
Аяқкиімнің, былғары галантереялық бұйымдарының бөлшектерін және конструктивтік түйіндерін бекіту операцияларын негізгі және көмекші деп бөлуге болады. Біріншісіне жататындар – аяқкиім үсті дайындамасы бөлшектерін бекіту, ұлтан мен өкшелерді бекіту; екіншісіне жататындар – қалыптау алдындағы былғары өкшелердің фликтерін бекіту, тегістеуішті жапсыру және т.б. Көмекші операциялар аралық операциялар жатқандықтан, оларға көп талап қойылмайды, сондықтан тек қана негізгі операцияларды қарастырамыз.
Бөлшектерді бекітетін тігіс беріктігіне оларды біріктіруді қамтамасыз ететін күштер сипаты және күйреуге қарсыласатын күштер сипаты бекітетін және бекітілетін материалдардың қасиеті мен бекіту кезіндегі осы қасиеттердің өзгеруі /ине ұшының пішіні, диаметрі және т.б./ бөлшектерді қысу тығыздығы ине шаншым ұзындығы немесе бекітетін сабақтардың арасы бекітудің қатарлары /тігіс жолдары/ машинаның атқару мүшелерінің жұмыс істеу дәлдігі әсер етеді.
6.1. Аяқкиім үстінің бөшектерін бекіту
Аяқкиім үстінің бөшектерін тігін машинасында жіптермен бекітеді. Машинаның инесі материалды теседі де, жіпті одан өкізіп отырады. Машинаның тегіне қарай жіп астынан ілмекпен немесе қайықпен (челнокпен) ілініп алынады. Ол тұзақ құрайды да, оны сол жіптен асырып түсіреді де бір жіпті ине шаншым немесе оны екінші жіппен өріп екі жіпті ине шаншым құрады.
Тұзақ орналасу жеріне қарай ине шаншымдары ішкі және сыртқы өрілу деп бөлінеді. Ішкі өрілудің екі жіпті ине шаншымын қайығы бар машиналар құрайды. Қайық-ілгек ине құрған тұзақты іліп алып, оны шпульдің айналасымен жүргізеді /6.1 а сурет/. Тұзақты шпульдің жартысына дейін жеткізгеннен кейін /6.1 б сурет/ қайық бұрынғы бағытымен жылжиды, ал кеңейген тұзақ көтеріліп келе жатқан жіпті тартқышпен тартады /6.1 в сурет/. Жоғары керілген жіп ине шаншымға тартылады /6.1 г сурет/. Осы кезде қайық бос бұрылыс жасайды да, ине қайтадан төмен түседі, материалды тесіп, тесікке жіпті кіргізеді. Цикл қайталанады.
6.1. Сур. Екі жіптік ине шаншымын жасаудың схемасы.
Тігіс конструкциясы аяқкиімнің бөлшегіне және оны киіп жүру кезіндегі жұмыс істеуіне байланысты. Сонымен қатар, тігіс конструкциясын таңдай отырып, қалыптау кезіндегі аяқкиім аяқкиім үстінің дайындамасына механикалықәсер етуді ескерту қажет. Аяқкиім үсті дайындамасының жіптермен қосылған бөлшектерінің 10% дейін дайындаманы керу кезінде сөгілмеді тиіс.
Өніру үрдісінде және аяқкиімді киіп жүру кезінде үстінің бөшектері, демек тігістер де созылады, көп дүркін иіледі, үйкеледі, дымқылдандырады, кептіріледі, сондықтан тігіс өте мықты, икемді болуы керек. Аяқкиім үстінің дайындамасының материалға және тігіс жолдарына санына қарай мүмкін болатын минимал беріктік 70-150 н/см.
6.1 кесте. Аяқкиім үстінің бөлшектерін бекіту үшін қолданылатын мақта-мата жіптерінің нөмірлері.
-
Жіп қабаттарының саны
Жіптердің сауда нөмірлері
Арнайы
аса берік
Алты
10,20,30,40,50
-
Тоғыз
30,40
0,1,3,4,30,40
Он екі
-
00
Тігіс кедергілерінің күштері ең әуелі тігіс беріктігіне және материалдың үзбеаралық телімдеріне, тігіс кезіндегі материалдың телімдерінің әлсіреу дұрежесіне байланысты /17/. Аяқкиім үсті дайындамасын бекіту үшін, арнайы және аса берік мақта-мата жіптерін қолданады.
Жіптердің үзу кезіндегі беріктігі мен созылуы жіптер қабаттарының нөмірі мен санына байланысты де ол тиісінше 9-дан 70 Н және 3,5-8,5 пайыз құрайды. Нөмірі кеміген сайын, жіптің беріктігі мен созылуы артады, бұл бөлшектердің бекітілу беріктігін арттырады. Бірақ жуанырақ жіптерді қолдану, диаметрі үлкен тігін инелерін қолданумен байланысты. Сондықтан, үлкен диаметрлі жіптерді қолданып беріктікті арттыру шектелген.
Қазіргі уақытта бөлшектерді бекіту үшін синтетикалықжіптерді қолданады, олар мақта-мата жіптерімен салыстырғанда қалыңдықтары бірдей болғанымен, беріктігі мен созылғыштығы аяқкиім үстінің, көп дүркін иілуге, созылуға, үйкелуге және ылғалдың, қышқылдардың, сілтілердің, майлардың, микроорганиздердің әсеріне өте төзімді.
Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаған кезде және аяқкиімді киіп жүру кезінде, бөлшектер орнынан жылжымас үшін, ине шамшындағы жіптердің керілуі 2,5-3,5Н болуы керек. Бұл жағдайда тігістің жақсы сыртқы пішіні болады, сыртқы үзбелердің қажалуы минималды. Қатты керген кезде, жіптер кернеулігі күшті күйде болады да бекіту қатты, иілгіштігі төмен болады.
Жіптердің қажетті керілуін қамтамасыз ету үшін және оларды материалдың ортасындағы қалыңдығын өру үшін тігін машиналары арнайы құрылғылар мен жабдықталған. Жіпті өткізу кезінде, жіп пен материал, сонымен қатар жіп пен ине арасында үйкеліс болады, бұл жіптің беріктігін кемітеді. Бұл кему елеулі болуы мүмкін, өйткені бір ине шамшымды құрауға қатысатын жіптің ұзындығы оның ұзындығынан 35-40 есе ұзын болады. Демек, жіп ине шамшым құралмастан бұрын, ине көзінен 35-40 мәрте өтеді. Жіптің беріктігінің кемуіне иненің үлгісі, өлшемі және өңделу сапасы, ине жіп нөмірлерінің сай келуі, жіптердің керілуі, тігін машиналарының күйі және басқа жағдайлар әсер етеді.
Әдемі және берік тігіс алу үшін, ине конструкциясының маңызы да зор. Тігін инесінің /6.2 сурет/ қолбасы 1, өзегі 2, көзі 3, және үшы 4 болады. Ине жүзінің ұзын 5 және қысқа 6 науары бар. Кейбір инелердің науаларынан басқа өн бойлық ойықтары болады.
Тігін машиналарына арналған инелер 22249-2 МСТ бойынша инелерді тоғыз түрге бөледі; 1,2,3 және т.б. Иненің түрі оның конструкциясын сипаттайды. Инелерді төрт таңбалы санмен белгілейді, ол иненің үлгісін анықтайды. Мысалға, 0335,0132,22249-82 МСТ-та иненің әр үлгісінің нөмірі, негізгі өлшемдері, сонымен қатар қолбасының, өзегінің және ұшының пішіндері көрсетілген. Бұл үлгіге иненің бірнеше нөмірі сай келуі мүмкін. Иненің нөмірі – бұл өзегінің цилиндр бөлігінің диаметрі, ол 100-ге көбейтіліп мм-мен беріледі. Колбасының, өзегінің және ұшының формасын екі цифрмен белгілейді: колбалар 01-ден 55-ке дейін. Инелерді маркалауда үлгісін, ұшының формасын және нөмірін көрсетеді. Мысалы, 0335-33-100, мұндағы 0335-ине үлгісі, 33-ұшының пішіні, 100-ине нөмірі.
Аяқкиім үстінің дайындамасын 1 текті инелермен бекітеді. Бұл көзі бар, колбадан, өзектен және ұштан тұратын түзу инелер.
Колба - цилиндрлі форманы иненің жуандау бөлігі, ол инені тігін машинасының ине жүргізгішінде бекіту үшін арналған.
Өзек – цилиндрлі формалы иненің жұмысшы бөлігі, оның бетінде ұзын және қысқа науалары бар.
Иненің төменгі жағында көзі бар, ол ұзынша тесік тәріздес. Тесікке жіп сабақталады.
Жіпті үйкелуден жеткілікті тереңдікті ұзын науа қорғайды. Әдетте ұзын науаның тереңдігі ине ұшының диаметрінің жартысына тең. Қысқа науа, онша терең емес, жіпті материалмен жанау алдында қорғап тұрады.
Әдетте жұмсақ материалдарды, мысалы мақта-мата маталарды және трикотажды тіккенде жіп беріктігінің кемуі қысқа науа жағынан айтарлықтай емес, бірақ тығыз материалдарды тіккенде беріктіктің әлсіреуі байқалады.
Жоғары жіпті үйкелуден және беріктігінің нашарлануынан қорғау үшін, оның қалыңдығын ине нөміріне сай таңдау қажет немесе керісінше инені жіп нөміріне сай таңдау керек. Жіп диаметрі иненің көзінен оңай өту үшін, одан кіші болуы тиіс және ұзын науаның тереңдігінен кіші болуы керек.
Тігін машиналарының инелерін үшкір ұшының пішіні бойынша түрлендіреді. /6.2 кесте/. Үшкір ұшының негізгі өлшемдері және оның ұзын науаға қатысты күйлері 6.3 суреттен анықталады.
