- •В.А. Фукин, а.Н. Калита былғары бұйымдарының технологиясы
- •Мазмұны
- •1. Былғары бұйымдар технологиясына кіріспе
- •Былғары бұйымдар жасау технологиясының анықтамасы
- •1.2. Технологиялық үрдістің схемасы
- •Сырттан келiп түсетiн ақпараттар тiзбегi.
- •Жүйеде қалыптасатын ақпараттар тiзбегi:
- •2. Материалдарды пішу кезіндегі бөлшектерді орныластыру, оларды пайдалануды нормаландыру.
- •2.1. Материалдарды пішу кезінде тиімді пайдалануды анықтайтын факторлар.
- •2.2. Сур. Ұлтандардың қимаүлгілерінің тура сызықты-үдемелі жайғастыру схемалары (а,б).
- •2.4. Сур. Пішілінетін материалдар және тіке бұрышты қимаүлгілердің өлшемдерінің еселі еместігінен пайда болатын шеттік қалдықтың схемалары.
- •2.5. Сур. Материалдың ұзындығы ауыспалы, ал ені тұрақты кездегі қимаүлгілер саны n1 және үйлесімдік коэффициенті р арасындағы байланыс диаграммасы.
- •2.8Сур. Материалдарды (б) пішу кезіндегі қимаүлгі аралық көпіршелердің (а) пайда болу схемалары Әртүрлі былғарыларға арналған е3 коэффициенті
- •Материалды пайдалануға жұмысшының мамандылығының тигізетін әсері.
- •2.2. Аяқкиімнің астына және үстіне арналған материалдың ауданын пайдаланылатын пайызын есептеу.
- •Әртүрлі конструкциялы дайындамалардағы үстіңгі бөлшектердің үлестік ауданы,%.
- •2.13. Сур. Матаның ұзындығы және ені бойынша қимаүлгілерді үйлестіруден пайда болатын сызықтық әсерлерді анықтау схемасы.
- •2.3. Негізгі материалдардың қажеттілік мөлшерлерін және шығын нормаларын анықтау.
- •2.4. Материалдарды пішу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру.
- •2.18. Сур. Аяқкиім үстінің бөлшекте-ріне мата негізді жасанды винилдық былғарыны /винилискожо–т/ пішу схемалары.
- •2.19. Сур. Аяқкиім астының бөлшектерін үйлестіру схемалары
- •2.23. Сур. Тура сызықты-бір ізді жүйе бойынша өкше сірілеріне көп бетті аяқ киімдік нитроискожа-т төсемдерін шабу схемалары
- •3. Материалды тiлу, кесіп өңдеу
- •3.1. Былғары бұйымдары бөлшектерiн шабу.
- •3.10. Сур. Пышақтардың кесетін шеттерінің қырын пішіні.
- •3.2 Материалды жылжымайтын пышаққа жiберу арқылы тiлу
- •3.3. Материалды жылжымалы пышаққа жiберiп кесу
- •3.16. Сур. Материалды (1) қозғалмары пышақпен (2) кесу схемалары.
- •3.18. Сур. Жұмыстық бұрыш (а) және кесу күшіне (б) кесу шапшаңдығының арақатысының әсерін сипаттайтын қисық сызықтар.
- •3. 4. Жону
- •3.21. Сур. Фрезерлеу күшінің Рф фрезаның айналу жиілігіне n тәуелдігінің қисық сызығы.
- •3.22. Сур. Фрезаның қырын пішіндерінің схемалары.
- •3.5. Тегiстеу
- •3.23. Сур. Тегістеуге арналған машинаның жұмыстық аспаптарының конструкциялары.
- •3. 6. Тікірейту
- •3.26. Сур. Металл щетка (а) және резеңкеге вулканданған шетканың (б) схемалары.
- •3.7 Материалды тербелмелі пышақпен кесу
- •4. Аяқкиімнің бөлшектері мен үстінің дайындамаларын дымқылдандыру және кептіру.
- •4.1. Аяқ киімнің үстінің дайындамаларын және бөлшектерін дымқылдандыру
- •4.4. Сур. Капиллярлы сору (а,б) және капиллярлы конденсация (в) механизмдерінің схемалары.
- •4.2. Сур. Былғарының ауданының s абсолюттік ылғалдығына тәуелдігі.
- •4.4. Сур. Капиллярлы уақ тесікті дененің термоылғалөткізгіштігі (а) мен бу және ауаның салыстырма термодиффузиясының (б) механизмдерінің схемалары.
- •Аяқкиім өндірісінде материалдарды дымқылдандыру.
- •4.5. Сур. Суға үлгіні қысқа мерзімге батырудан кейінгі былғарының қалындығы hk бойынша ылғалдың таралуының қисық сызықтары:
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын дымқылдандыруға арналған роторлы қондырғылардың техникалық сипаттамасы.
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын су тұманымен дымқылдандыруға арналған қондырғылардың техникалық сипаттамасы
- •4.2. Кептіру
- •Арс жартылай автоматының техникалық сипаттамасы
- •Тэрс-0 кептіргішінің техникалық сипаттамасы
- •5. Аяқкиім бөлшектерін және былғары галантерея бұйымдарын қалыптау
- •5.1. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптау кезінде былғарының құрылымдық өзгерістері.
- •5.2. Иіп қалыптау
- •5.3. Созып қалыптау
- •5. 4. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаудың керіп -қаптау әдісі
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу.
- •5.5. Аяқкиім дайындамасын керу және қаптау операцияларын қамтитын қалыптау тәсілдері
- •5.6. Аяқкиім үстінің дайындамасын параллель сыртқы. Ішкі және қайыстырылған тәсілдермен қалыптау
- •Сыртқы тәсіл
- •Қайыстырылған тәсіл
- •5.7. Үсті табиғи және синтетикалық былғарыдан жасалған аяқкиімнің қалыптұрақтылығына қалыптау тәртіптерінің әсер етуі
- •6. Бөлшектерді бекітудің механикалық әдістері
- •6.1. Аяқкиім үстінің бөшектерін бекіту
- •6.1. Сур. Екі жіптік ине шаншымын жасаудың схемасы.
- •6.3. Сур. Мест 22249-82 бойынша ұштың негізгі өлшемдерін және оның ұзын науаға қатысты орналасуларының схемасы.
- •6.2. Аяқкиім астының бөлшектерін жіппен бекіту әдістер.
- •Ұлтандарды сыртқы тігіс пен бекіту
- •Ұлтандарды бекітудің штифтті әдістері
- •Бұрандалы әдіс
- •6.4. Өкшелерді Бекіту
- •6.5 Былғары-галантереялық бұйымдарының бөлшектерін бекіту.
- •Қолданылған әдебиеттер
3.21. Сур. Фрезерлеу күшінің Рф фрезаның айналу жиілігіне n тәуелдігінің қисық сызығы.
Жiберу жылдамдығын кемiту және фрезаның айналу жиiлiгiн ұлғайту жұмысты жеңiлдетiп, беттің тазалығын жақсартады.
Таза өңделген бет алу үшiн, былғары мен резеңкенi айналу жиiлiгi 110 с-1 және жiберу жылдамдығы 0.2 м/с болатын фрезамен жониды; ұсақ саңлаулы резеңке үшiн, жiберу жылдамдығы 0.1 - 1.5 м/с болуы тиiс.
Ұлтанның қырын жонуға арналған ФУП машиналарында фреза 200 с-1 жиiлiкпен айналады. Бұл жонуды едәуiр жеңiлдетiп, өңдеудiң тазалығын жақсартады.
Ұлтанның және өкшенiң қырларының қажеттi қалпын алу үшiн, тиiстi пiшiндi фрезаны қолданады (3.22 а.б – сур). Фрезаның пiшiнi сөренiң 3 және қауырсындардың 1 және 4 қалпымен анықталады. Фрезаның тiстерiнде бөлшек қырының шетiне жолақ калыптасу үшiн оры 2 болады. Табан орта бөлiгiн өңдеуге арналған (3.22 в-сур) фреза тiстерiнiң пiшiнi өте күрделi. Ұлтанның бетiн тегiстеуге арналған бiр қауырсыны бар мұндай фреза, қырларға сопақ пiшiмiн бередi.
3.22. Сур. Фрезаның қырын пішіндерінің схемалары.
Әдетте ұлтанның қалыңдығы бiрқалыпсыз болады. Бүйiр қырын бiрқалыпты ету үшiн, үлкен қауырсын 4, ал сыздық жағынан ұлтанның шетiн тегiстеу үшiн, кiшi қауырсын 1 жұмыс iстейдi. Ұлтанның бүйiр жағын жону үшiн, фреза сөрiсiнiң енi 2-ден 12 мм-ге дейiн болу қажет, ал өкшенi жону үшiн, 24.3-тен 39.3 мм болуы керек.
Топтастыру бойынша барлық аяқкиiмдiк фрезалардың реттiк нөмерi болады. Фрезалардың кесу жиегiнiң пiшiнiне қарай оларды 14 топқа бөледi.
Фрезаларды 10,15 және 20 маркалы болаттан 0.3 - 0.5 мм тереңдiкке дейiн цементтеу немесе 0.2- 0.25 мм тереңдiкке дейiн циандау және одан ары қарай шынықтыру арқылы даярлайды.
Фрезаның орташа төзiмдiлiгi оның екi жүзiнiң арасында өңделетiн аяқкиiм жұптарының санымен анықталады. Ол былғарыны жонығанда 15 - 20 жұп, резеңкенi жонығанда 10-15 жұпқа тең. Фрезаның орташа төзiмдiлiгi қалыңдығы 20 - 25 мкм болатын қосымша хромдалған бетті қосқанда артады. Бұл кезде өңделетiн аяқкиiм жұптарының саны былғарыны жонығанда 120 жұпқа, ал резеңкені жөнғанда 90-420 жұпқа артады.
Аяқкиiм фрезаларын кесу ұштары төзiмдi болуы үшiн, оларды қатты қорытпалардан жасайды. Металл қатты қорытпалы ұнтақтардан престеу және бiрiктiру арқылы екi конструкциялы қалыптанған фрезалар алады.
Аяқкиiм өндiрiстерi карбид вольфрам негiзiндегi қатты қорытпадан жасалған кесу ұшы бар фрезаларды қолданады. Бұл фрезалар тiк қырлы ұлтандарды айналдыра өңдеу үшiн қолданады. Қазiргi кезде 320Т. 325Т-1 және 340Т-1 маркалы фрезалар шығарылуда. Бұл фрезалардың төзiмдiлiгi болаттан 50 есе артық.
3.5. Тегiстеу
Аяққиiм
өнеркәсiбiнде тiгiстердiң бiрнеше түрлерi
қолданылады: алмаз құралының шетiмен
немесе тегiстеу терiсiмен тегiстеу
(ұлтандардың жүрмейтiн жағын, ұлтарақтарды,
ұлтандардың қырларын және өкшелердi
тегiстеу); алмаз құралының бүйiрiмен
тегiстеу немесе аяқкиiм асты бөлшектерiн
құрал өсiне перпендикуляр жазықтыққа
жiберiп, тегiстеу терiсiмен тегiстеу
(ұлтарақтарды, қалыптанған ұлтандарды
периметрi бойынша тегiстеу); алмаз
құралының бүйiрiмен немесе құралдың
өсiнiң бойымен бағытталған тұрақты күш
кезiнде тегiстеу терiсiмен тегiстеу
(ұлтанның өкше бөлiгiн және реквизиттардың
орындарын тегістеу)
.
Бөлшектердi түрпiлi өңдеудiң кең қолданылуына аяқкиiм астын желiм әдiсiмен бекiтудi енгiзу ықпал еттi.
Аяқкиiм материалдары мен асты бөлшектерiн тегiстеу конструк-циялары әр түрлi машиналарда орындалады.
Ұлтан мен ұлтарақтардың жүрмейтiн жағын желiмдеп бекiту алдында тегiстеу үшiн, ШН-1-О, 04127/Р10, 04163/Р3 /ЧСФР/,343Т және 347 («Сигма» фирмасы Италия) машиналары қолданылады.
Ұлтанның қырларын және өкшелердiң бүйiр бетiн тегiстеу үшiн СКП, МШК-1-0 және 04105/Р6, 04311/Р3 /ЧСФР/ машиналары қолданылады.
Жайпақ ұлтандардың өкше бөлiгiн тегiстеудi ШН-1-0 /ТМД/ 04127/Р10 (ЧСФР), ”Бомбелли” (Италия) фирмасының СТ 6 және ИСМА (Италия) фирмасының 1842 машиналарында орындайды.
Тегiстеу құралының қозғалысы кезiнде, өткiр түйiршiктер материал бетiн тырнап, iз қалдырады. Түйiршiктердiң арасы кiшкентай болғандықтан, тырналған iздер бiр-бiрiне жақын өтедi де, материалдың кесiлген жұқа беттері бөлiнiп түседi. Түйiршiктер шетiнiң өтпестенуіне қарай, кесу кедергiсi артады; ол түйiршiктердi ұстап тұратын күштерден үлкен болған кезде, түйiршiк баудан бөлiнiп, өткiр қыры бар түйiршiк бетін ашады. Сондықтан, тегiстеу құралдары өзiн-өзi өткiрлегiш болып табылады.
Тегiстеу құралдарын дайындайтын түрпiлi заттар табиғи және жасанды болып екiге бөлiнедi.
Табиғи материалдарға минералдар жатады, атап айтқанда, табиғи алмаз, корунд, шақпақ тас, зiмпара; жасанды материалдарға электрокорунд, бордың, кремнийдiң карбидi, синтетикалық алмаз, бордың куб нитритi (БКН) және олардың әртүрлi композициялары жатады.
Жасанды тегiстеу материалдардың iшiндегi ең қаттысы синтетикалық алмаз. Табиғи алмазға қарағанда, синтетикалық алмаздың бетiнiң кедiр-бұдырлысы жоғары, кесу жиегi мен төбесiнiң үшкiр бұрыштары кiшi болып келедi, сондықтан олар тегiстеу құралы ретiнде пайдалануға жарамды.
Терiлер үшiн түйiршiктерi мынадай болатын түрпiлi материалдар қолданылады: 125, 100, 80, 63, 50, 40, 32, 25, 20, 16, 12, 10, 8, 6. 5 қаттылығының шкаласы бойынша анықтайды: ол 9-ға жақын / осы шкала бойынша алмаздың қаттылығы 10-ға тең/.
Аяқкиiм және былғары галантарея өнеркәсiбiнде пайдаланылатын тегiстегiш терiлер-матаға желiмдеп жапсырылған түйiршiгi бар түрпiлi материалдар. Тегiстегiш бұйымдарды жазық және орамды етiп шығарады. Тегiстегiш терiлердiң негiзi ретiнде түрлi саржалар пайдаланылады. Жеңiл мақта- мата (СЛ), орташа (СС), ауыр (СУ), арнайы (СП).
