Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_A_Fukin.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

1. Былғары бұйымдар технологиясына кіріспе

    1. Былғары бұйымдар жасау технологиясының анықтамасы

Былғары бұйымдарына негiзiнен жеке тұтыну заттары \аяқкиiм, қолғап, белбеу және т.б. жатады, оларды ХІХ ғасырдың басына дейiн табиғи былғарыдан жасайтын. Қазiргi уақытта мұндай бұйымдардағы былғарыны матамен,жасанды және синтетикалық былғарымен алмастыруда.

Материалдардың көбi аяқкиiм, былғары галантерея фабри-каларына жазық түрде түседi: олардың ұзындығы мен енi қалыңдығынан әлдеқайда үлкен болады. Материалдардың кесуге және тесiлуге кедергiсiнiң талаптылығы аяқ киім және былғары-галантерея өндiрiсiнде пiшу, қалыңдықтарын тегiстеу және механикалық бекiту үшiн бiртектi машиналарды қолдануға мүмкiндiк бередi. Көп материалдар жақсы қалыптанады және берiлген форманы жақсы сақтайды.

Бұйымдардың ортақ қасиеттерi және де кiшiгiрiм көлемдері ұйымдастыру жөне технология жағынан жақын схемалары бойынша өндiрiс жасауға мүмкiншiлiк бередi.

Технология - деп өнеркәсiптiң әр түрлi салаларында жүзеге асырылатын шикiзаттарды, материалдарды алу және бұйымдарды өңдеу жиынтығы түсінеді. Сонымен қатар, технология немесе технологиялық үрдіс деп - өндірістік үрдістің негізгі бөлігі болып табылатын өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жинау, сақтау операцияларының өздерін атайды.

Өндірістік операция өндірістік үрдістің құрама бөлігі болып табылады және атқарушы – жұмысшылар еңбегінің, қолданылатын жабдықтардың тұрақтылығымен сипатталады. Оларды негізгі – технологиялық, көмекші және жай атқарушы өндірістік операциялар деп бөледі.

Технологиялық операциялар дегеніміз – шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың, құрылымдарының күйін, пішінін, көлемін, физика-механикалық және басқа қасиеттерін әдейі өзгерту болып табылады. Олар бір немесе бірнеше бірге өңделетін бөлшектерге немесе бұйымдарға бір жұмыс орнында іске асады.

Технологиялық операциялар қолды, машиналы – қолды, машиналы, жартылай автоматты және автоматты болып түрленеді.

Технологиялық операциялар өндірісті жобалаудың, ұйымдастырудың, жоспарлаудың және жабдықтарға жұмыс тиеу мөлшерін есептеу объектісі болып табылады. Негізгі операцияларға қатысты энергияның, еңбектің, материалдардың шығын мөлшерін есептейді және орындаушылардың еңбегіне ақы төлейді, сапаға техникалық бақылау (әр операцияға) жасайды.

Көмекшi операциялар технологиялық жабдықтарды, құрал-саймандарды дайындауды, оларды жөндеудi және т.б. қарастырады.

Қызмет көрсету операциялары негiзгi және көмекшi өндiрiстiк үрдістерді материалдармен, жартылай фабрикаттармен, энергиямен қамтамасыз етедi, бақылау, зертханалық және зерттеу жұмыстарын орындауда септеседі.

Технология – бұйымдар және материалдарды алу тәсілдері мен әдістерін жасайтын және жетілдіретін ғылыми пән.

Технологияның ғылым ретiндегi міндеті болып - уақыт шығынын, материал және еңбек корларын аз талап ететiн ең тиiмдi, үнемдi өндiрiстiк үрдісті ойлап табу және оны енгiзу мақсатында физикалық, химиялық, механикалық заңдылықтарды анықтау табылады. Ғылым және оқу пән ретінде былғары бұйымдар технологиясының дамуына техника ғылымының докторы, профессор Ю.П. Зыбин үлкен әсер етті. Ол жеңіл өнеркәсібінің жоғары оқу орындарына арналған былғары технологиясы оқу курсының негіздерін қалады. Ю.П. Зыбин және оның ғылыми мектебінің еңбектері арқылы курс әртүрлі бағыттарда келешекте дамуға мүмкін алды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]