- •В.А. Фукин, а.Н. Калита былғары бұйымдарының технологиясы
- •Мазмұны
- •1. Былғары бұйымдар технологиясына кіріспе
- •Былғары бұйымдар жасау технологиясының анықтамасы
- •1.2. Технологиялық үрдістің схемасы
- •Сырттан келiп түсетiн ақпараттар тiзбегi.
- •Жүйеде қалыптасатын ақпараттар тiзбегi:
- •2. Материалдарды пішу кезіндегі бөлшектерді орныластыру, оларды пайдалануды нормаландыру.
- •2.1. Материалдарды пішу кезінде тиімді пайдалануды анықтайтын факторлар.
- •2.2. Сур. Ұлтандардың қимаүлгілерінің тура сызықты-үдемелі жайғастыру схемалары (а,б).
- •2.4. Сур. Пішілінетін материалдар және тіке бұрышты қимаүлгілердің өлшемдерінің еселі еместігінен пайда болатын шеттік қалдықтың схемалары.
- •2.5. Сур. Материалдың ұзындығы ауыспалы, ал ені тұрақты кездегі қимаүлгілер саны n1 және үйлесімдік коэффициенті р арасындағы байланыс диаграммасы.
- •2.8Сур. Материалдарды (б) пішу кезіндегі қимаүлгі аралық көпіршелердің (а) пайда болу схемалары Әртүрлі былғарыларға арналған е3 коэффициенті
- •Материалды пайдалануға жұмысшының мамандылығының тигізетін әсері.
- •2.2. Аяқкиімнің астына және үстіне арналған материалдың ауданын пайдаланылатын пайызын есептеу.
- •Әртүрлі конструкциялы дайындамалардағы үстіңгі бөлшектердің үлестік ауданы,%.
- •2.13. Сур. Матаның ұзындығы және ені бойынша қимаүлгілерді үйлестіруден пайда болатын сызықтық әсерлерді анықтау схемасы.
- •2.3. Негізгі материалдардың қажеттілік мөлшерлерін және шығын нормаларын анықтау.
- •2.4. Материалдарды пішу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру.
- •2.18. Сур. Аяқкиім үстінің бөлшекте-ріне мата негізді жасанды винилдық былғарыны /винилискожо–т/ пішу схемалары.
- •2.19. Сур. Аяқкиім астының бөлшектерін үйлестіру схемалары
- •2.23. Сур. Тура сызықты-бір ізді жүйе бойынша өкше сірілеріне көп бетті аяқ киімдік нитроискожа-т төсемдерін шабу схемалары
- •3. Материалды тiлу, кесіп өңдеу
- •3.1. Былғары бұйымдары бөлшектерiн шабу.
- •3.10. Сур. Пышақтардың кесетін шеттерінің қырын пішіні.
- •3.2 Материалды жылжымайтын пышаққа жiберу арқылы тiлу
- •3.3. Материалды жылжымалы пышаққа жiберiп кесу
- •3.16. Сур. Материалды (1) қозғалмары пышақпен (2) кесу схемалары.
- •3.18. Сур. Жұмыстық бұрыш (а) және кесу күшіне (б) кесу шапшаңдығының арақатысының әсерін сипаттайтын қисық сызықтар.
- •3. 4. Жону
- •3.21. Сур. Фрезерлеу күшінің Рф фрезаның айналу жиілігіне n тәуелдігінің қисық сызығы.
- •3.22. Сур. Фрезаның қырын пішіндерінің схемалары.
- •3.5. Тегiстеу
- •3.23. Сур. Тегістеуге арналған машинаның жұмыстық аспаптарының конструкциялары.
- •3. 6. Тікірейту
- •3.26. Сур. Металл щетка (а) және резеңкеге вулканданған шетканың (б) схемалары.
- •3.7 Материалды тербелмелі пышақпен кесу
- •4. Аяқкиімнің бөлшектері мен үстінің дайындамаларын дымқылдандыру және кептіру.
- •4.1. Аяқ киімнің үстінің дайындамаларын және бөлшектерін дымқылдандыру
- •4.4. Сур. Капиллярлы сору (а,б) және капиллярлы конденсация (в) механизмдерінің схемалары.
- •4.2. Сур. Былғарының ауданының s абсолюттік ылғалдығына тәуелдігі.
- •4.4. Сур. Капиллярлы уақ тесікті дененің термоылғалөткізгіштігі (а) мен бу және ауаның салыстырма термодиффузиясының (б) механизмдерінің схемалары.
- •Аяқкиім өндірісінде материалдарды дымқылдандыру.
- •4.5. Сур. Суға үлгіні қысқа мерзімге батырудан кейінгі былғарының қалындығы hk бойынша ылғалдың таралуының қисық сызықтары:
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын дымқылдандыруға арналған роторлы қондырғылардың техникалық сипаттамасы.
- •Аяқкиім үстінің дайындамаларын су тұманымен дымқылдандыруға арналған қондырғылардың техникалық сипаттамасы
- •4.2. Кептіру
- •Арс жартылай автоматының техникалық сипаттамасы
- •Тэрс-0 кептіргішінің техникалық сипаттамасы
- •5. Аяқкиім бөлшектерін және былғары галантерея бұйымдарын қалыптау
- •5.1. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптау кезінде былғарының құрылымдық өзгерістері.
- •5.2. Иіп қалыптау
- •5.3. Созып қалыптау
- •5. 4. Аяқкиім үстінің дайындамасын қалыптаудың керіп -қаптау әдісі
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу
- •Аяқкиім үстінің дайындамасын керу.
- •5.5. Аяқкиім дайындамасын керу және қаптау операцияларын қамтитын қалыптау тәсілдері
- •5.6. Аяқкиім үстінің дайындамасын параллель сыртқы. Ішкі және қайыстырылған тәсілдермен қалыптау
- •Сыртқы тәсіл
- •Қайыстырылған тәсіл
- •5.7. Үсті табиғи және синтетикалық былғарыдан жасалған аяқкиімнің қалыптұрақтылығына қалыптау тәртіптерінің әсер етуі
- •6. Бөлшектерді бекітудің механикалық әдістері
- •6.1. Аяқкиім үстінің бөшектерін бекіту
- •6.1. Сур. Екі жіптік ине шаншымын жасаудың схемасы.
- •6.3. Сур. Мест 22249-82 бойынша ұштың негізгі өлшемдерін және оның ұзын науаға қатысты орналасуларының схемасы.
- •6.2. Аяқкиім астының бөлшектерін жіппен бекіту әдістер.
- •Ұлтандарды сыртқы тігіс пен бекіту
- •Ұлтандарды бекітудің штифтті әдістері
- •Бұрандалы әдіс
- •6.4. Өкшелерді Бекіту
- •6.5 Былғары-галантереялық бұйымдарының бөлшектерін бекіту.
- •Қолданылған әдебиеттер
2.4. Материалдарды пішу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру.
Натурал және жасанды былғарылар мен маталарды пішу кезінде материалдардың ауданын максимальды пайдалануын және бөлшектердің жоғарғы сапасын қамтитын қимаүлгілерді (шапқыштарды) орналастыру жүйесін қолдану қажет.
Пішу кезінде қолданылатын жүйенің түрін таңдауға материалдың ауданы мен қасиеттері және бөлшектерге қойылатын талаптар әсер етеді. Аяқ киім үстінінің, астының және былғары галантериялық бұйымдардың бөлшектеріне қойылатын талаптарды материалдардың қасиеттері, өндіріс үрдісінде оларға тиетін әсерлерді және тұтыну кезіндегі бөлшектер жұмысы туралы мәліметтер негізінде анықтайды. Пішу күрделілігі материалдың ауданы бойынша және әртүрлі бағыттардағы физикалық–механикалық көрсеткіштерінің өзгеріп тұра-тындығы мен түсіндіріледі.
Осыған орай, пішілетін материалдарды үш топқа бөледі:
1) изотропты – біркелкі (резеңкелер, тоқылымсыз негізді жасанды былғарылар және т.б).
2) анизотропты – біркелкі (маталар, мата негізді жасанды былғарылар және т.б);
3) анизотропты – біркелкі еместер (натуральды былғарылар).
Атаудың бірінші бөлігі әртүрлі бағыттардағы физикалық-механи-калық көрсеткіштерінің құбылмалығын (немесе тұрақтылығын), ал екіншісі аудан бойынша анықтайды.
Осыған байланысты, әр материалды пішудің өзінің ерешелігі болады. Ең күрделі болып үшінші топтың материалдарын пішу табылады.
Аяқкиім үсті және астар бөлшектеріне арналған былғарыларды пішу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру жүйелері. Аяқкиім үстіне арналған былғарыларды пішу кезіндегі негізінен қалыңдығын, тығыздығын, ұзартылуын және беттік бетінің сапасын есепке алады. Аяқкиім үстіне арналған былғарылардың көлденең және бойлық бағыттардағы ұзартылуы бірдей болмайды, кәдімгідей бойлық бағыттағы ұзарту, көлденеңге қарағанда кішілеу болады. Былғарының орталық бөлігінің ұзартылуы барлық бағыттарда азды-көпті бірдей болады.
Бөлшектердің ұзындығы ең кіші созымдылық бағытына сәйкес келуі тиіс. Етек әсіресе қолдардың бойлық және көлденең бағыттардағы ұзартылуы едәуір айырылады. Бұзау, тана және шошқа терілерінен істелген былғарылардың етектері бойлық бағыттан басқа ең кіші ұзарту бағытты болады. Бұл бағыт шамамен 450 бұрышты (артқы қолдарға параллельді өтеді). Көлденең бағыттан басқа ең үлкен созылмалықты екінші бағыт 135 0 бұрышты.
Мойынның ең кіші созылмалықты негізгі бағыты жөн сызығына 1350 бұрышпен өтеді. Аяқкиім үстіне арналған былғарылардың ең кіші созылмалық бағыттары 2.14 суретте көрсетілген.
Бөлшектердің сыртқы түріне аса көңіл бөлу қажеттілігінен пішу кезінде материалдың беттік бетінің сипатын есепке алу қажет.
Былғарының орта бөлігі кәдімгі де өте тегіс болады. Мойында жонға көлденең өтетін сүттік жолақтар бар ал, етек, қолдар және мойында тегістелмеген орындар кездеседі. Былғарының әртүрлі телімдерінің беттік беттерінің түсі мен өңі бірдей болмайды да мереясы да әртүрлі болады. Сондықтан, бір жұп аяқ киімнің жинағына кіретін бөлшектерді мереяны ескере отырып орналастыру қажет.
2
.14.
сур. Аяқкиімнің үстіне арналған
былғарылардың ең кіші созымдылығының
бағыттары.
Пішу кезінде қимаүлгілерді келесі кезек пен орналастырады, жұлықтар, тұмсықтар және бастарды яғни, жауапты бөлшектерді былғарының орталық бөлігінде, қоныштар, өкшеліктер, қысқа қоныштар яғни жауаптығы төмендеу бөлшектерді-мойындарда, етектерде және қолдарда орналастырады. Былғарының барлық топографикалық телімдерін арналуына байланысты жақсы пайдалану үшін жауапты бөлшектерінің үлестік аудандары әртүрлі жинақтардың түрлері мен өлшемдерін соны мен қатар аудандары үлкен және кіші бөлшектерді қайыстыру қажет.
Аяқкиім үстіне арналған орта және үлкен ауданды былғарыларды пішуге қолданылатын тура сызықты-бір ізді жүйе (параллелограмм жүйесі) көпшілік қабылданған болып саналады. Оны көбінесе сиыр, тана, бұзау шошқа және жылқы терілерінен істелген былғарылардың жонарқаларын пішу кезінде қолданады. Пішуді құйымшақтан немесе ақаудан бастайды. Аталған жүйе бойынша бөлшектерді модельдік шкала салу барысында анықталған оңтайлы вариант бойынша сиыстырады. Бұл жұлықтар мен жұлықтарды, тұмсықтар мен тұмсықтарды былғарының жонарқасында мүмкінше тығыз сиыстыру қажеттігін білдіреді. Былғарылардың шеттік телімдерін тура сызықты-бір ізді жүйеден шамалы ауытқытып, бірақ бөлшектерді орналасты-рудың негізгі ережелерін және ең кіші созылмалдық бағыттарын есепке алып пішиді.
Аяқкиім үстіне арналған ақаулар саны көп былғарыларды, соны мен қатар, пішілетін бөлшектердің аудандары мен салыстырғанда ауданы біршама кішілеу былғарыларды белгілі жүйесіз пішиді, бұл оларды пайдалануды едәуір төмендетеді.
Бөлшектерді сиыстырудың барлық варианттарын төрт топқа бөлуге болады:
1)
бір жаққа қарай сиыстыру яғни, барлық
қатардағы барлық бөлшектер 1-6 бір жаққа
бет қояды (2.15 а сур). Мысалы, қайықша–туфлилердің
бөлшектерін, астар бөлшектерін және
т.б.
2.16 а-ж суретте аяқкиім үстінің бөлшектеріне арналған әртүрлі 2) әртүрлі жаққа қарайтын сиыстыру яғни, бір қатардың бөлшектерін 1,2 бір жаққа қарай, ал шектес қатардың 3,4 бөлшектерін бірінші қатарға қарсы жатқызып және т.б. (2.15.б.сур.). Мысалы, бәтеңкелердің, қонышы басып тігілген қысқа қонышты бәтеңкелердің, қайықша-туфлилердің жұлықтарын, қоныштарын, өкшеліктерін және т.б.;
3) бұрыш пен сиыстыру яғни, келесі бөлшек алдыңғыға қарсы немесе бұрыш пен орналасады. (2.15 в, г сур.). Мысалы, қонышы басып тігілген және қима тұмсықты қысқа қонышты бәтеңкелер, жұлықтары, қоныштар және басқа бөлшектер;
4) «ұя» жасап сиыстыру яғни, жинақтың әртүрлі бөлшектері сиыстырылып «ұя» жасайды. (2.15 д сур). Мұндай «ұя» басқа «ұя» мен аталған варианттардың қайсы бірімен болсада сиыстырылады. Оны жоғары сапалы пішіндер алу (тығыздығы, қалыңдығы, түсі және басқа белгілер бойынша) маңызды кезде яғни, сәнді аяқ киім бөлшектеріне былғарыларды пішу кезінде кең қолданады былғарыларды түзу сызықты – үдемелі жүйе бойынша бөлшектерді сиыстырудың барлық төрт вариантын қолданылған пішу схемалары келтірілген.
Аяқкиімнің үстінің, астарының және көмекші бөлшектеріне арналған маталар және синтетикалық былғарыларды пішу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру жүйелері.
Аяқкиімдік материалдың көп бетті төсемдерін және синтетикалық былғарыларды бөлшектерді тік немесе қисық бұрыштармен сиыстырып, түзу сызықты-үдемелі жүйе бойынша пішу қажет. Материалдың ені ал, ұзындық өлшемдері үлкен және бөлшектер ауданы үлкен кезде қисық бұрышты етіп сиыстыру пайдасыз, себебі, бұл бөлшектерді тығыз сиыстырғанға қарамастан едәуір үлкен шеттік қалдықтар пайда болуына септеседі. Бұл жағдайда бөлшектерді тік бұрышпен сиыстырған жөн (бәтеңкелердің астар бөлшектерін және т.б). Қисық бұрышпен тек қана ұзындық өлшемдері және аудандары кіші бөлшектерді сиыстырады (қысқа қонышты бәтеңкелер мен туфлилердің және т.б).
Рулонды материалдарды пішу жүйелерін таңдап алғанда олардың көлденең және бойлық бағыттардағы ұзартылуын есепке алу қажет (маталарға арқау және өріс жібі бойынша). Егер, бойлық бағыттағы ұзартылу көлденеңдікінен кіші болса үсті және астараралық бөлшектерді бойлық бағытта ал, астар бөлшектерін көлденең бағытта пішу қажет. Ұзартулар шамамен бірдей кезде бөлшектерді бойлық немесе көлденең бағытта орналастыруға болады.
2.17. сур. Қысқа қонышты бәтеңкелердің үсті а,б және астар в-б бөлшектеріне маталардың көп бетті төсемдерін пішу схемалары.
Аяқкиімдік маталар және рулондық синтетикалық былғарылардың ені ерекше маңызды орын алады, себебі ені бойынша сиыстырылған бөлшектердің тұтас санын пайдаланбаған жолақ түрлі қалдықсыз орналастыру қажет. Материалдың ені оңтайлы болмаған кезде өнеркәсіпорында қолданыстағы ассортименттің ішінде модельдерді өлшемдері, түрі және арналуына қарай қайыстыруды материалдың ені бойынша толық пайдалану үшін міндетті түрде жасау қажет.
Ерлердің қысқа қонышты бәтеңкесінің бөлшектерін матаның көп бетті төсемінен пішу кезінде 1,2 жұлықтарды 3,4 жұлықтар мен тік бұрышпен әр қатарда 1800 бұрыш және 5,6 қоныштарды тұмсық пен сиыстырады (2.17 а сур). Әр келесі қатарда қоныштар мен тұмсық басқа қоныштар мен тұмсық пен 180 0 бұрылып сиыстырылады.
Ерлердің қысқа қонышты бәтеңкелерінің бөлшектеріне матаның көп бетті төсемін пішу кезінде 1 жұлық (2.17 б сур) 2 және 3 қоныштар мен 1800 бұрылып және 2,3 қоныштар 4 тұмсықпен сиыстырылады.
Бәтеңкелер астарының бөлшектерінің тік бұрышты орналастырып материалдарды пішу кезінде (2.17 в сур) әр қатардағы бөлшектердің тақ саны шеттік қалдықтарды үлкейтіп, ені бөлшектердің жұптық санын пішуге (2.17 г сур) мүмкіндік беретін матаның пайдалану пайызы мен салыстырғанда материалдың пайдалану пайызын төмендетеді.
Қысқа қонышты бәтеңкелердің астар бөлшектерін матаның көп бетті төсемінен пішу кезінде оларды қисық бұрышпен сиыстырады (2.17 д сур).
Аяқкиім үстіне және астарға арналған жасанды материалдарды негізінде аяқ киімдік маталарды пішу жолына ұқсас етіп жүргізеді. Барлық жас-жыныстық топтарының етіктерінің қоныштарын пішу кезінде оларды 1800 бұрып тік бұрышты сиыстыру жүйесін қолданады (2.18 а сур). Материал ені 84-87 см кезде екі қоныштан артық пішуге болмайды. Материалдың ені сиыстырылған бөлшектердің ендеріне сәйкес келмегендіктен оның пайдалану пайызын төмендететін ені 3-4 см тең жіңішке жолақ қалады.
Әйелдер туфлиінің бөлшектеріне аяқкиімдік мата негізді жасанды винилдық былғарыны /винилискожа-Т/ пішу жобасы 2.18 б схемада берілген.
Аяқкиім астының бөлшектеріне арналған былғарыларды шабу кезіндегі қимаүлгілерді орналастыру жүйелері. Аяқ киім астының былғарыларын винттік, жіптік және шегелік ұстастыру әдістеріне арналғандарға бөледі.
Былғарылар фабрикаға негізінде жонарқа, мойын және етек түрлерінде түседі. Аяқ киім астына арналған былғарыларды шабу кезде олардың қаттылығын, тығыздығын және қалыңдығын есепке алу қажет.
