Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_A_Fukin.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

Жүйеде қалыптасатын ақпараттар тiзбегi:

  1. Аяқкиiмнiң дайын модельдері туралы мәлiметтер.

  2. Жобалауға қажетті үлгілерге арналған материалдар, қалыптар фа­со­ны, ұстастыру әдістері, аяқкиім түрі және тегі туралы мәліметтер.

  3. Архивте бар мәлiметтерден асыра даярлауға қажеттi аяқкиiмнiң тегi мен түрi, бекiту әдiсi, қалып фасоны туралы мәлiметтер.

  4. Аяқкиiмнiң суретi туралы мәлiметтер.

  5. Суреттің жаңалығы, сәнге сәйкестiгі туралы және т.б. мәлiметтер.

  6. Бөлшектер саны туралы мәлiметтер.

  7. Бөлшектердiң контурлары, қалыптардың орташа жазбасы туралы мәлiметтер.

  8. Жобаланған бөлшектер мен аудандары туралы мәлiметтер.

  9. Бөлшектердi жобалап өндiргеннен кейiнгi өзгерiстер немесе түзе­тулер туралы мәлiметтер. \I,IIжәнеIII түзетулер\

  10. Дайын бөлшектердiң \мысалы, ұлтанның, ұлтарақтың\ архивтегi мәлiметтерi.

  11. Мемлекеттiк стандартқа сай келетiн бөлшектер туралы мәлiмет­терi және технологиялықтығына тексерудің нәтижелері.

  12. Эксперименттік цехына берiлетiн бөлшектердiң қима үлгілері туралы мәлiметтер .

  13. Үлгiлердi сынау және оларды дайындау туралы мәлiметтер.

  14. Бөлшектер өлшемдерін түзетулер туралы мәлiметтер.

  15. Дайындалған үлгiлер \паспорт, бөлшектер, қима үлгілердің және т.б.\ туралы мәлiметтер.

  16. Үлгiлердi сынау және талдаудың нәтижелерi туралы мәлiметтер.

  17. Көркемдiк кеңеске ұсынылатын конструкторлық құжаттар.

  18. Бекiтiлген үлгiлер туралы мәлiметтер.

  19. Технологиялық үрдісті таңдап алудың бірінші кезеңі туралы мәлiметтер.

  20. Жұмысшылардың қажетті саны туралы мәлiметтер.

  21. Қолданылатын жабдықтар туралы мәлiметтер.

  22. Пайдаланылатын материалдар туралы мәлiметтер.

  23. Қажеттi материалдар, еңбек шығындары және т.б. туралы мәлiметтер.

  24. Бұрын қолданылған технологиялық үрдістер туралы материалдар.

  25. Берiлген үлгi бойынша аяқ киiмдi өндiрудiң технологиялық үрдісi.

  26. Үлгiнiң еңбек сыйымдылығы туралы мәлiметтер.

  27. Үлгiнiң материал сыйымдылығы туралы мәлiметтер.

  28. Аяқкиiмнiң өзiндiк құны туралы мәлiметтер.

  29. Үлгiлер бойынша жасалынған технологиялық үрдіс туралы мәлiметтер.

  30. Аяқкиiмнiң бір жылдық оңтайлы ассортиментi туралы мәлiметтер.

  31. Толайым жәрмеңкесiнде аяқ киiмдi сату жөнiнде мәлiметтер.

  32. Аяқкиiмнің бір жылдық ассортиментi туралы мәлiметтер.

  33. Әр үлгi бойынша шығарылатын аяқкиiмнiң саны, өндiрiстiк текхнологиясы,материалдар туралы мәлiметтер.

  34. Жабдықтардың қажетті саны туралы мәлiметтер.

  35. Үлгiлердi өндiрiстiк жағдайда шығару туралы мәлiметтер.

  36. Технологиялық үрдісінің өзгерiсi және оны анықтаулар туралы мәліметтер.

  37. Үлгiлердi өндiрiстiк жағдайда шығарудың оң нәтижелерi, техноло­гиялық үрдіс және қолданылатын жабдықтар және т.б. жөнiндегi мәлiметтер.

  38. Қажеттi технологиялық құралдар-жабдықтар туралы мәлiметтер.

  39. Құрал-жабдықтарды жобалау.

  40. Құрал-жабдықтарды сынау және олардың дайындығы жөнiндегi мәлiметтер.

  41. Жоспарды орындауға керек бөлшектердiң қажеттi саны туралы мәлiметтер.

  42. Аяқкиiм конструкциясының өзгеруi туралы .

  43. Кооперативтiк бағыттан алынатын немесе сонда жiберiлетiн бөлшектер туралы мәлiметтер.

  44. Технологиялық құжаттар.

  45. Конструкторлық құжаттар.

  46. Фабрикада орындалатын жұмыстар жөнiндегi мәлiметтер

  47. Фабрикада өндiрiлетiн бөлшектер саны жөнiндегi мәлiметтер

  48. Жұмыс уақытының фонды (қоры) жөнiндегi мәлiметтер.

  49. Күнпарақтық жоспар бойынша қажеттiлігі жөнiндегi мәлiметтер.

  50. Кооперацияланған қамтамасыз ету саны мен жиiлiктiгi жөнiндегi мәлiметтер.

  51. Материалдардың қорлардағысын есепке алынған жалпы қажеттілігі туралы мәліметтер.

  52. Қажеттi жалақы жөнiндегi мәлiметтер.

  53. Дайындама цехында өндiрiлген бөлшектер саны жөнiндегi мәлiметтер

  54. Әр жұмыс орнында өндiрiлген бөлшектердiң саны мен сапасы туралы мәлiметтер.

  55. Материалдар мен бөлшектердiң конвейерге жіберілетін саны және жүйеліктігі жөнiндегi мәлiметтер.

  56. Бөлшектердi шығарудың қоры және жоспары туралы мәлiметтер.

  57. Қолда бар материалдар туралы мәлiметтер.

  58. Материалдардың келiп түсуiнiң саны мен жиiлiгi жөнiндегi мәлiметтер.

  59. Дайындау цехтарына келiп түсетiн материалдар жөнiдегi мәлiметтер.

  60. Ағымды және әрбiр жұмысшы өндiрген аяқкиiмнiң саны мен сапасы туралы мәлiметтер.

  61. Жаратылған бөлшектердiң саны туралы мәлiметтер.

  62. Аяқкиiм әр үлгісін жасаудың жоспары\бiр күндiк саны және жалпы шығу көлемi.\

  63. Аяқкиiмің өндiрiс көлемiн өзгерту жөнiндегi мәлiметтер.

  64. Келiп түсетiн бөлшектер жөнiнде мәлiметтер.

  65. Аяқкиiмдi өндiруге арналған бөлшектердiң қажеттi саны жөнiндегi мәлiметтер

  66. Бригадада және әрбiр жұмысшы орнында материалды пайдалану туралы мәлiметтер

  67. Күндiк тапсырманы орындау үшiн, бригадаға және әрбiр жұмысшыға берiлген материалдың саны туралы мәлiметтер.

  68. Материалдарды үнемдеу немесе артық жұмсау туралы мәлiметтер.

  69. Материалдың құны туралы мәлiметтер.

  70. Еңбек ақысына кететiн шығындар.

  71. Өндiрiске жұмсалатын жоспарлық шығындар.

  72. Кәсiпорын жұмысының нәтижелерi туралы жоғарыда тұрған ұйымға берілетін есеп.

  73. Технологиялық құрал-жабдықтарды дайындап, сынаудан кейiн өндiрiс технологиясын өзгерту туралы ұсыныстар.

  74. Аяқкиiмнiң және оның бөлшектерiнiң сапасы жөнiнде мәлiметтер.

1.3 - суреттегi модельдін құрылымы күрделi. Осыған орай, басқару жүйесiн құру немесе дамыту кезiнде туатын қиыншылықтарға байланысты, оны жүйеастыларына бөлу, тапсырмаларды айқындау және басқару мәселесiн алдымен бөлек тапсырма деңгейiнде, сосын жүйеастындағы деңгейiнде шешу қажет деп қабылданған. Мұндай дамыту егер iшкi жүйеастының әрбiр вариантын оны функциялау мақсатына бiрiктiрiлген қандай да бiр көрсеткiштер жиынтығы деп қарастырғанда мүмкiн болады.

Жүйеасты мақсаттарының көрсеткiштерi де жүйе мақсаттарының көрсеткiшiнде іске асуы тиiс.

Өндiрiстi технологиялық дайындау жүйеастын функциялау мақсатын өрнектеп, «өндiрiстi технологиялық дайындау» атауына анықтама берейiк.

«Өндiрiстi технологиялық дайындау» деп әдетте орнатылған мер­зiмдегi, шығару көлемiндегi және шығындардағы сапаның берiлген деңгейiнде бұйымдар өндiрiсiн қамтамасыз ету бойынша жұмыс­тардың бір ізділігі және мазмұны жөнiндегi қажеттi ақпараттардың қалыптасуын айтады.

Технологиялық дайындау жүйеастының функциялау мақсаты аяқ киiм толайым жәрмеңкесiнде анықталған саны мен ассортиментi бойынша шығару жөнiндегi жұмыстардың бір ізділігі мен мазмұны туралы технологиялық құжаттарды жасау болып табылады.

Әдебиетте аяқ киiм өндiрiсiнiң құрылымдық моделінің конструк­торлық дайындаудың жүйеастын шығу бір ізділігі жазылып көрсе­тiлген. Оның тоғыз блогы болып, жүйеастының функциялауының мақсаттарын анық көрсетеді. Яғни, барлық конструкторлық құжаттарды даярлау [1].

Үлгiлерге, қима үлгілерге конструкторлық құжаттар түрiндегi жүйеастының шығу ақпараты келесi жүйеасты үшiн кiру ақпараты болып табылады, атап айтқанда, басы 10-тапсырма \1.2 схеманы қара\ тәрiздес өндiрiстi технологиялық дайындау.

Келесi мақсат-қажеттi жұмысшылар саны, жабдықтар мен материалдар туралы ақпарат жинау \11-13 тапсырмалар\.

Шығындарды азайту талабына сай, үлгiнiң өзiндiк құны туралы екiншi мәрте ақпарат жинайды \14-тапсырма\. Содан соң жүйеастын функциялаудың мақсатының бiр бөлiгiнiң -аз шығынмен аяқ киiм үлгiсiнiң қажеттi ассортиментiн шығаруды орындау үшiн бiр жылдың ассортименттiк оптимизациялық есебiн жасап, аяқ киiм өндiруге сауда ұйымдарымен келiсiм жасау керек \15-17 тапсырмалар\. Жүйеасты функциялаудың мақсатының - барлық технологиялық құжатты дайын­дау бөлігін қамтамасыз ету үшін – технологиялық үрдісті техно­логиялық жағдайда тексеру керек, сонымен қатар бүкіл технологиялық құжатты дайындау қажет, атап айтқанда, пышақтарға /шапқыларға/, мөрлерге, пресс-қалыптарға және т.б. /18-21тапсырмалар/.

Демек, 10-21 тапсырмалар орындалса, өндiрiстi технологиялық дайындау жүйеастының функциялау мақсаты жүзеге асады.

Мысалы, аяқкиiм өндiрiсiнiң құрылымдық моделінің жүйелi талдау көмегiмен өндiрiстi технологиялық дайындау кезiнде орындалатын жұмыстардың тiзбегi мен бір ізділігі анықталған.

Құрылымдық модельдің келесi бөлiмдерi \22-42 блоктар\ аяқкиiм өндiрiс үрдісін жоспарлауға, есептеуге және реттеуге жатады. Мұн­дағы 32 блок өндiрiс үрдісінің iрiлетiлген схемасының СМ блогына сай келедi. \1.1схеманы қара\, 35-блок «Ш» және «3» блоктарына, 6-блок П1. . . п блогына, 37 блок – СМ блогына сай келеді.

Құрылымдық модельде «өндiрiс үрдісі» жүйесiнiң 35, 36, 37-негiзгi блоктары iрiлетiп, жалпы түрде көрсетiлген, сондықтан оларды жекей қарастыру үшiн, технологиялық үрдісті орындаудың дәйектi талдау әдiсiн пайдаланамыз.

Құрылымдық схеманың иерархиялық \бiр-бiрiне бағыну\ құрылысын бес деңгей түрiнде (1.4. сурет) көрсетемiз: 1 – аяқкиiм бөлшектерiн және жабдықтарды жасау үрдістері; ІІ – аяқкиiм бөлшектерiн жинау үшін, өңдеу және дайындау үрдістері; ІІІ – аяқкиiм түйiндерiн жинау; ІV – аяқкиiмдi жинау, V - аяқкиім бекiту және аяқкиiмдi өңдеу, қоймаға жинау.

Желім әдісі мен бекітілген аяқкиім өндірісінің құрылымдық схемасы бір қатар блоктан тұрады. Оны басқа әдістердің ерекшелігіне байланысты пайда болатын технологиялық үрдістермен толықтыру және кеңейтуге болады.

Блоктың оң жақ жоғарғы бұрышындағы рим цифрлары иерархия деңгейiн бiлдiредi, араб цифрлары - осы деңгейдегi блоктың реттiк нөмерiн көрсетедi. Құрылымдық схеманы оңай түсiну үшiн, iшкi байланыстардың кiрiсi шығатын блоктардың нөмірiмен белгiленген.

Қоршаған ортаға жүйенiң сыртқы көрiнiсi \байланыстары\ орыс алфавитiнiң әрiптерiмен көрсетiлген; А - аяқкиiм материалдары; Б - сатып алынатын бұйымдар; В - химикаттар; Г - аяқкиiмнiң дайын бөлщектерi.

Блокта белгiленген технологиялық үрдістің әр қайсысы жүйеасты болып табылады және кейiнiректе дербес бiрлiк болып қаралынады.

Ақпарат моделі жүйеастындағы ақпараттың өзгерiсiн, олардың арасындағы байланысты көрсетедi.

Ақпарат модель жүйедегi ақпараттың ұғымдық жағын, әрi сандық сипатын ескередi. Оның көмегiмен бүкiл жүйенiң немесе жүйеас­тының функциялауына қажеттi ақпараттың жеткiлiктi немесе артық мөлшерiн анықтауға, ақпарат жиналатын және өзгеретiн жүйеастының негiзгi элементтерiн көрсетуге, ақпарат ағындарын топтастыруға және олардың көлемiн орнатуға, өндiрiстi басқаруды жақсартуға болады.

Бұл кезде басқарудың ақырғы мақсатына негiзделген белгi - басты белгi болуы тиiс. Бұл мақсатқа жету үшiн, уақыт арасындағы ақпараттар ағыны және олардың өзгерунiң қисынын зерттеу керек, содан кейiн тапсырмаларды шешудiң бағдарламалық тәсiлiн құрастыру керек. Мұны орындау үшiн, әр iшкi жүйе тапсырмалары топтарының арасындағы байланысты қарастыру керек. Содан кейiн технологиялық дайындауға жататын топтағы бөлек тапсырмалар арасындағы ағындарды анықтау және тапсырмалар iшiндегi қарапайым операциялар арасындағы ақпараттар ағынын зерттеу керек, яғни оларды шешудiң алгоритмiн жасау керек.

Тапсырмалар топтары арасындағы байланысты зерттеу үшiн, басқару тапсырмаларын дәйектi талдау көмегiмен құрылған жүйенiң құрылымдық моделін (1.3. сурет) алсақ болғаны.

Тапсырмалар арасындағы ақпарат ағымдарын зерттегенде үрдістерді модельдеудің матрицалық әдісі қолданылады. Бұл жағдайда яғни, ірі емес элементтерде (тапсырмалар сияқты) модельдің негізгі кемшілігі – еңбек сиымдылығының жоғарылығы айқын байқалмайды.

Ақпарттық модельді құру әдiсiн орындау үшiн келесi схеманы пайдалану керек. Алғашқы кезеңде құжаттарды тiркеу карточкасы даярланады \1.1 кесте\.

    1. Кесте. Құжатты есепке алатын карточка

Құжат

Құжат шифры

Қайдан түсті

Кім өңдеді

Қайда түсті

Қалыптастыру кезеңі

Құжаттағы ақпараттың көлемі

Әріп-тер саны

Цифр-лар саны

Тауар мен бірге жіберілетін құжат

Сертификаттау

440 201

440 202

82

82

44

44

44

44

5

15

84

38

120

104

Бұл жерде, құжаттарды шифрлеудiң тәртiбi бiрыңғай белгiленген. Мысалы бiрiншi екi разряд - цехтың, бөлiмшенiң номерi, (1.2. кесте) үшiншi разряд цехтағы учаске номірi және соңғы үшеуi - олардың реттiк нөмірi.

    1. кестеде аралық нәтижелер, яғни қайта жасалған бастапқы мәліметтер кездеседі, оларды көмекші есептеулерде пайдаланады, бірақ өздері жүйеден берілмейді.

    1. Кесте. Құжат шифры

Құжаттағы цех, бөлім (екі разряд) атаулары және шифры

Цех, бөлімнің (бір разряд) ішіндегі бөлемшенің атауы және шифры

Цехтағы, бөлімдегі (үш разряд) құжаттың реттік нөмірі

Орталық бухгалтерлік

44

Есептік бөлім

0

201

1.3 кестесiнiң үзiдiсiнде құжатты сипаттайтын көрсеткiштер көрсетiлген. Олардың шифрын арнайы схема бойынша құрастырады.

1.3. Кесте. Өндірісті дайындау бөлімінің (ӨДБ) көрсеткіштерінің шифры

Құжат

Көрсеткіш шифры

Құжаттардың кіретін шифры

Құжаттың шығатын шифры

Зертхананың тапсырыстары

шапқыштарға

перфораторларға

Қалыптарға, өкшелерге, ұл­тан­дарға, резеңкелерге және т.б. басқа мекеме­лерге тапсырыс-хаттар

Материалдық-техникалық жабдықтау бөлімнен баян­даулар

24277 – 02

24277 – 02

24277–02

42279 – 04

–

380660

–

–

24277–02

910681

–

79277–07

Екiншi кезең кәсiпорынның құжат айналымының схемасын матрица түрiнде даярлаудан басталады \1.4 кесте\.

    1. Кесте. Құжаттар айналымының матрицасы

Мекеме, цех бөлімше

Шифр

44

30

48

01

02

82

80

Орталық бухгал-

терия

Сыртқы мекеме-

лер

Пішу цехы

44

30

02

440719

440723

480728

480729

480730

010715

010701

020725

020727

020717

020718

020720

020721

020724

020735

020734

020731

820716

800732

Цехтар мен бөлiмщелер үшiн құрылған бұл матрицаның үзiндiсiнде кәсiпорынның әр құрылымдық элементтерiнiң және құжаттардың шифрлерi көрсетiлген. Мысалы 82 жолының және 02 тiзбегiнiң қиылысқан жерiнде 020731 құжаттың цифры көрсетiлген. Бұл құжат қоймадан 82 пiшу цехының 02, учаскесiне 07 жiберiледi, құжаттың реттiк номерi 31 деген сөз.

Ақпарат үлгiсiн даярлау кезiнде \1.5 сүрет\ көрсеткiштер арасындағы өзара тәуелдiлiктi анықтайды. Модельді оқып білу арқылы көрсеткiштердiң қалай құралғанын, қандай құжаттарда тiркелетiнiн, кiм құрастырғанын және ол қайда жiберiлетiнiн бiлуге мүмкiндiк бередi.

Құжаттар тiзiмiн және жүйе бөлктерiнде түзiлетiн көрсеткiштер тiзiмiн құрастырғаннан кейiн, құжат айналымын оңтайландыру жүргiзiледi. Бұл кезде маңызды емес бiрге жүретiн ақпарат ағындарын бiршама алшақтауға болады, бұл оңтайлы құрылымның басқару аппаратының моделін синтездеуге мүмкiндiк бередi және басқарудың басты мақсаты – берілген деңгейден көрсеткіштер шамасының аутқуы туралы ақпарат алуға ауытқулар себебін анықтауға, өндіріс жүйесін реттеу бойынша басқару шешімін қабылдауды негіздеуге мүмкіндік береді. \кибернетикада бұл гомеостаз қасиеті\.

Бір мезгілде кәсiпорында айналып жүрген ақпарат көлемi анықталады. Бiр жыл iшiнде аяқ киiм фабрикасында шамамен ақпараттың 2109 таңбалары өтедi, оның iшiнде 0,9109 цифрмен және 1,1109 әрiппен. Бұл мәлiметтер басқарма жүйесiнiң қызметтерi бойынша барлық жұмысшыларды дұрыс бөлуге көмектеседi.

Демек, ақпарат модель аяқ киiм кәсiпорнын басқарудың мақсатына жетуге жәрдем жасайды және басқаруға ықпал етедi. Әдетте оның көмегiмен басқару мәселесiн шешу үшiн, бүкiл жүйенiң математикалық үлгiлерi жасалады. Содан кейін өндірісті басқаруының нақты мақсаттары ЭЕМ көмегімен шешілуге қажетті алгоритмдер және бағдарламалар жасалынады.

Үшiншi, функционалдық модельге қисынды блоктар кiредi. Олар бүкiл жүйенiң және оның бөлiктерiнiң әрекетiн көрсетедi. Бұл мо­дельдің көмегiмен жүйеастылар мен жүйеасты элементтерінің арасын­дағы өзара әрекеттесудiң қисынды схемасы жазылады және өндiрiс­тегi ақпарат ағындарының функциялану мiндетi мен бір ізділігі орна­тылады. Модель сонымен қатар жағдайды талдау, варианттардың \ба­ла­маны\ біреуін таңдап алу үшiн, жүйеде тәжiрибе жинау үшiн арналған.

Бiрнеше, iрi аяқ киiм кәсiпорындарының өндiрiсiн технологиялық дайындаумен байланысты жұмыстарды орындау үшiн жүйеастының функционалды моделі құрастырылған

Функционалды модельде екi түрлi блок бар. Квадрат түрiндегi блоктардың сол жақ жоғарғы бұрышында құрылымдық модель блоктарының номірлерiне сәйкес нөмірлер көрсетiлген. Бұл блоктарда өндiрiстi технологиялық дайындау кезiнде қандай жұмыстар орындалатыны көрсетiлген. Екінші ромб тәріздес блоктарда – бірінші блокта көрсетілген ірі тапсырмаларды шешу үшін, қандай дайындау жұмыстары жүргізілетіні көрсетілген. Функционалдық модельде өндірісті технологиялық дайындаудың әр кезеңінде қандай мақсаттарға жету қажеттілігі, жүйеастының функцияларының бір ізділігі қандай жағдайларға тәуелділігі, жүйедегі ақпарат өңделетін пункттар анық байқалады.

Басқару жүйесiн даярлау кезiнде, ақпарат ағындарын дұрыс құру үшiн, бақылау баптарын айқындау керек. Бұл баптарда, өндiрiстi реттеу үшiн,инженер аралық шешiмдер қабылдайтыны туралы жазылған. Аралық шешiмдердi дұрыс тарату мен барлық баптарды айқындау - жүйенiң берiктiгiмен жұмыс iстеу қабiлеттiгiн арттырады. Сонымен қатар, жүйенi басқарудың келесi сатысына өту үшiн, қандай ақпарат қажет екенi анықталады.

Әрбiр басқару жүйесiнiң кәсiпорындардағы дәстүрлi құралған бағыну құрылымына сәйкес, бақылау баптарының иерархиялық \бағыну\ құрылымы бар. Басқару жүйесiн даярлау тәжiрибесi кәсiпорындардағы бағыну құрылымы әр қашан үнемдi және дұрыс бола бермейтiнiн көрсеттi. Үлгіні құрастыру сатысында-ақ басқару жүйесiн жақсартып, дамыта түсiру керек. Мысалы, бiздiң жағдай үшiн, технологиялық үрдісті таңдау үшiн \10 блок\ ең алдымен ЭЕМ үшiн математикалық модель және бағдарлама жасалды ма, жоқ па, соны анықтауымыз қажет, яғни, басқарудың автоматтандырылған жүйесінiң көмегiмен, үрдісті таңдау мүмкiн бе, соны бiлуiмiз керек.

ІІ-блокта жазылған жұмысты орындау үшiн, қолда бар ақпарат көлемiн пайдаланып, уақыт мөлшерлерi жөнiнде мәлiмет дайындауы­мыз қажет.

Басқару блоктарында жазылған жұмыстарды орындау кезiнде адам немесе ЭЕМ ақпаратты қабылдап, оны өңдейдi де, соның негiзiнде шешiм қабылдайды. Сыртқы ортаның әсер етуiне \мысалы, материал­дарды уақытында жеткiзбеу\ реакция функционалдық модельде, қисын блоктарында қойылған сұрақтарға «Иә», «Жоқ» түрiндегi жауаптармен айқындалады. Мысалға егер жәрмеңкеге сатушы ұйымдардан таңдап алынған аяқ киiмдi өндiруге қажеттi материалдар мен жабдықтар жоқ болса онда берiлген ассоортимент қабылданбайды да кәсiпорын қарсы вариант ұсынады.

Өндiрiстi технологиялық дайындау жүйесiнiң функционалдық моделі ақпараттық құрылымдық және математикалық модельдермен бiрiгiп бағдарламалық шешiм қабылдауға мүмкiндiк беретiн оңтайлы басқару жүйесiн тұрғызу негiз болды. Сондықтан өндiрiстi аралық реттеудiң барлық баптарын анықтау және олардың әр қайсысын функциялаудың алгоритмiн және бағдарламасын құруды қарастыру өте маңызды.

Аяқкиiм өндiрiсiн технологиялық дайындаудың жүйеастының функционалдық моделін талдау - басқару мақсатына жету үшiн технологиялық үрдісті құрастыру бойынша бағдарлама жасау керек еке­нiн көрсетедi, атап айтқанда, жабық түрiнде таңдап алу және оның қажеттi санын есептеу бойынша, уақыт мөлшерiн, керектi жұмыс­шы­лар санын, керекті материал санын, өнiмнiң өзiндiк құнын, пайданы, аяқ-киiмнiң оңтайлы ассортиментiн есептеу және осы жұмыстарды бiр жүйеге бiрiктiру бойынша.

Мұндай талдау кезiнде кейбiр мәселелер шешiлмей қалады \мыса­лы аяқкиiмге сұраныс\, олар жергiлiктi мәселелердiң матема­тикалық үлгiлерiн құрастыру кезiнде анықталады. Осы аталған жұ­мыс­тардың барлығын анықтаған кезде ғана, технологиялық дайын­даудың жүйеастын жақсы функциялауға болады. Осыдан кейiн барып, бөлек мәселелердi шешуден өндiрiстiк технологиялық дайындау жүйеасты­ның барлық мәселелерiн толық бағдарламаланып оңтай­ланып шешуге өз мүмкiншiлiгi туады, бұл оларды енгiзуден синер­гетикалық эффект (қарапайым қосындысынан көп), алуға ықпал жасайды.

Құрылымдық, функционалдық және ақпараттық модельдер \оларды кейде жүйенiң кибернетикалық модель деп те атайды \бiрiгiп жүйеастының және оның iшiндегi элементтердiң өзара әрекеттесу алгоритмiн құрайды. Солардың көмегiмен iлгерiректе математикалық модель құрастырылды, сонымен қатар жүйенi функциялаудың оңтайлы параметрлерi таңдалынып алынады.

Қарастырылған модельдер басқарудың оңтайлы жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi, олардың көмегiмен қосарланған ақпараттар санын және аяқ-киiм өндiрiсiн технологиялық дайындау мерзiмiн қысқартты, жүйеастының тапсырмаларының оңтайлы шешімін таңдап алуға болады ал, сонымен кәсіпорынның жұмысының көрсеткіштерін жақсартады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]