- •1) Қазақстан аумағындағы тас ғасыры дәуріндегі адамзат дамуының эволюциялық сипаты.
- •3.Сақ тайпаларының орналасуы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, материалдық және рухани мәдениеті.
- •4.Үйсіндер (усун) мен қаңлылардың (кангюй) қоныстануы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, материалдық және рухани мәдениеті.
- •10.Түркі өркениетіндегі Оғыз мемлекетінің орны мен ролі.
- •15.Монғол дәуіріне дейінгі әдебиет пен ғылым. Шығыстың ұлы ғалым энциклопедияшылары.
- •16.Қазақстан аумағында түрік кезеңінде ислам дінінің таралуы.
- •17.Ұлы Жібек жолы және оның орта ғасырдағы түркі халықтарының экономикалық және мәдени өміріндегі маңызы.
- •18.Монғолдардың Қазақстан жерін басып алуы және ұлыстардың құрылуы.
- •19.Алтын Орданың құрамындағы және оның құлауы кезіндегі Қазақстан.
- •24.Қазақ хандығының құрылуы – хіv-хv ғғ. Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының заңды нәтижесі.
- •25.Қазақ мемлекетінің алғашқы билеушілер тұсында нығаюы. Мұрындық (Бұрындық) (1480-1511) және Қасым хан (1511-1523).
- •27.Хақназар хан (1538-1580) және Тәуекел хан (1586-1598) билік еткен кезеңдегі Қазақ хандығы.
- •30.Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі. Ұлт-азаттық күрестің батырлары.
- •33.Хvііі ғ. Бірінші ширегіндегі Қазақстандағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай
- •34.Кіші жүз жерінің Ресей империясына қосылуының негізгі алғы шарттары.
- •36.Абылай хан саяси және мемлекет қайраткері.
- •39.Хіх ғ. Екінші жартысында капиталистік қатынастардың таралуы және оның Қазақстан тұрғындарының шаруашылық өмірі мен әлеуметтік жағдайына әсері (1867-1868 жж. Әкімшілік-аумақтық реформа).
- •40.Хіх ғ. Екінші жартысында Қазақстандағы Ресей империясы саясатының жер мәселесіндегі отаршылдық сипаты.
- •41.Хіх ғ. Екінші жартысындағы Ресей мен Қытайдың
- •43.Хх ғ. Басындағы патша үкіметінің Қазақстанға қоныстандыру саясаты: қажеттілігі, даму барысы және нәтижелері.
- •45.Бөкей хандығының құрылуы. И.Тайманов пен м.Өтемісов бастаған қазақтар көтерілісі.
- •46.Қазақ халқының Кенесары Қасымұлы бастаған отаршылдыққа қарсы күресі.
- •48.Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Қоқан және Хиуа феодалдарына қарсы күресі.
- •49.Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Әдістері және нәтижелері.
- •51.Ш.Уәлихановтың, ы.Алтынсариннің, а.Құнанбаевтың ағартушылық қызметі.
- •52.Хіх ғ. Соңы мен хх ғ. Басындағы қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •58.Қазақстандағы азамат соғысы. Кеңестердің «әскери коммунизм» саясатының мәні.
- •60.Қазақ акср-гі білімнің қазақ халқы үшін маңызы.
- •69. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарындағы өшпес ерліктері – Кеңес халқы патриотизмінің жарқын көрінісі.
- •80.Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы .
- •88.Қазақстандағы экология: жай-күйі және
- •93.Астана – тәуелсіздік символы
- •95.Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы 2012 ж. 14 желтоқсан.
- •96.Қазақстан – «экспо-2017» көрмесін ұйымдастырушы ел
- •97. Қр Президенті н.Назарбаевтың «Елбасының елдік сабағы» дәрісі. 2013 ж. 3 қыркүйек.
- •98.«Нұр Отан» партиясының «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» атты жаңа саяси доктринасы. 2013ж. 18 қазан.
- •99.Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына « «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы 2014 ж. 11 қараша.
19.Алтын Орданың құрамындағы және оның құлауы кезіндегі Қазақстан.
Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды.Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады.Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін үлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатка, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (үлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазакстан жерінің көп бөлігі сол канат құрамына кірді. Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті.Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 — 1266 жж.) түсында-ақ тәуелсіздікке кол жеткізген. Одан кейінгі Мөңке хан (1266 — 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады.Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылыктарына коса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы Күлағу ханның әулетімен, Ак Орданын және Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбекхан (1312 — 1342 жж.) мен одан кейінгі Жәнібек ханнын (1342 — 1357 жж.) тұсында кұдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шакыру аяқсыз калды, билік бір адамның колына жинакталды.1312 ж. Өзбек хан исламды Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас-талкан боп женілді. Жошы ұрпағы Токтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді өртеп жіберді.Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға кайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді кайта көтеріле алмастай етіп тұралатты.XV ғ. ортасына карай бірнеше үлкен үлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола құлады.
20.Ортағасырлық Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттері.Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде 13 – 15 ғ басында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Алғашқыда мемлекет Алтын Орданың құрамында болды. Ақ Орданың негізін қалаушы Орда Ежен (Жошы ханның үлкен баласы). 14 ғ 2 жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғарғы сатысына жетті. Ақ Орданың территориясы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солт. шығысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Ірі қалалары: Сығанақ, Йассы, Сауран, Жаркент. Астанасы Сығанақ. Халқы өзбек қазақ. Алғашқы ханы: Сасы Бұға ( 1309- 1315). Мұрагері Ерзен хан. 1315 – 1320 жж қала өсіп, қолөнер өркендеді, сауда дамыды, ұлыстардың шекараларын белгілеп, басқаруға өз сұлтандарын қойды, ислам дінін нығайтып, мешіт медреселер ашты. Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы XIVғ. Екінші ширегінде Ерзен мен Мүбәрәкқожа тұсында басталды.
Мүбәрәкқожа хан (1320-1344) Алтын Ордаға бағынбай, дербес саясат жүргізуді ойлады.
1354-1364 жылдар аралығы билік үшін тартыста он екі хан қаза тапты.Орыс ханның (1364-1375) кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ол 14 ғ 70 ж Астраханьды,(Қажы – Тарханды), 1374 – 1375 жж Сарай – Беркені алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Ақ Ордаға Мәуреннахр билеушісі Әмір Темір қауіп төндірді. Орыс хан өлтірген Маңғыстау билеушісінің баласы Тоқтамыс Әмір Темірді паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жіберді. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы Темір Мәлікті жеңіп, Ақ Орда билеушісі болады. XІVғ. 80жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Темірге тәуелсіздігін жариялады. 1395 ж. Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Сарай Беркені қиратты. 14ғ. аяғы 15ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. 1423-1428 жылдар Ақ Орда Орыс ханның немересі Барақ билік етті.
1428 ж. билікке Шайбан ұрпағы Әбілхайыр хан келді.
Моғолстан
ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында Оңтүстік – Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғасырдың ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстанның негізін салушы – дулат тайпасының басшысы Әмір Болатшы.Билеушісі – Тоғылық Темір хан(1348-1362жж). Астанасы- Алмалық(Іле алқабында). Территориясы- Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Моғолстанның шекарасы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати “Тарихи-рашиди” еңбнгінде жазған:”Шекарасының ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол. Баркөл, Ертіс – Көкше теңіз – Түркістан- Ташкент, Ферғана, Қашғар, Ақсу аралығы”.Орталық аймағы- Жетісу. Моғолстан атауы монгол сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монголдардыосылай атаган. Халқы: дулат, қаңлы, керей, арғын, үйсін, т.б. тайпалар. Дулаттар- ең қуатты тайпа. Бұл тайпалардың көпшілігі кейін қазақ халқының құрамына енді, ал Тянь- Шань атегі мен Шығыс Түркістанды мекендеген тайпалар қырғыз және ұйғыр халықтарын құрады. Билеуші титулы-хан.Дулат тайпасы әмірлерінен ұлысбектер (ханның көмекшілері) тағайындалды.Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты.Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленді.Салықтың бірнеше түрі жиналды.Әскери, көліктік, еңбек ету, байланыс міндеткерліктері болды. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігн нығайту үшін ислам дінін тірек етті. Соғыс жорықтары:1361 жыл- Мәуереннахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына Моғолстанның билеушісі болды(1362-1365).1365 жыл- Ілияс Қожа Мәуереннахрға жорыққа аттанып, Сырдария бойында, Ташкент түбінде Темір әскерін жеңеді. Бірақ Самарқанды ала алмай, кейін шегінеді. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: - Дулат әмірі Камар-ад-дин- Жетісуды;- Енге төре – Іле мен Тарбағатайды биледі.
Осыны пайдаланған Әмір Темір Моғолстан мен Ақ Ордаға шабуылдап, оған қарсы екі хандық одақ құрды.Қыдыр қожа хан (1385-1399 жж) Темірді жеңе алмай, өзін оның вассалы деп мойындайды.Мұхаммед хан(1408-1418 жж) Темір Ықпалынан құтылып, Шу-Талас бойын қайтарып алды. ХҮ ғасырдың бірінші жартысында Моғолстанға ойраттар шапқыншылығы жиіледі.Уайс хан(1418-1429) астананы Ілебалық қаласына көшіріп, ойраттарға батыл қарсылық көрсетті. Оның мүрагерлері арасында талас басталды.Есен-Бұға(Уайстың баласы) хан ХҮ ғасырдың 30 жылдарының ортасында өкімет билігін иеленді(1429-1462)ХҮ ғ. 50ж аяғында Батыс Моғолстанға Жәнібек пен Керей бастаған халық көшіп келді.Моғолстан ханы Есен-Бұға оларға жер берді. Есен-Бұғаның мақсаты:қазақтарды ойраттарға және Темір әулетіне қарсы әскери күш ретінде пайдалану;қарсыласы Әбілхайыр мен Жүніске (інісіне) қарсы қою.Моғолстанның ыдырауының себептері:Феодалдық өзара қырқыстарАқсүйектердің елді үлестік жерге бөлшектеуі Халық наразылығының жиілеуі және қазақ хандығына барып қосылуы.ХҮІ ғ басында Моғолстан хандығы жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты.Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары Қазақ хандығының құрамына еніп, қазақтың Ұлы жүзін қалыптастырды.Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың жеке халық болып қалыптасу барысына негіз болды.
21.Темірдің Ақ Орда мен Моғолстанға жорықтары.Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі. XVI ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375*1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады.
Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.
Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағфы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді.
Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты орет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмір Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, оған қарсы бүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып, Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп, талқандайды. Бұдан кейін де моғол әмірінің темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір темір әскерлерінен күйрей жеңілген.
Моғолстанның ыдырау кезеңі. Моғолстанның Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді.
22.Әбілқайыр хандығы мен Ноғай ордасының пайда болуы және этносаяси тарихы.XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иелігіндегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің құрамында болды. Мұнда Орда-Ежен мен Тоқа Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Осыған қарамастан Шайбани ұрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды. Ал XV ғасырдың 20- жылдарының аяғына қарай Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мұрагерлерінен Шайбан ұрпақтарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен құлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бұл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі – Жайықтан және оның батысына қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыстарына Шайбани ұрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жұмадық ханның ұлысы, Шайбани әулетінің екінші бір тұқымы Мұстафа хан Атбасарда, үшінші бір тұқымы Махмұд Қожа Тобылда. Маңғыт Кепек би мен Адабек Бүркіт Батыс Сібірдегі Тура өңірінде билік еткен. Жазба тарихи дерекетерде бұл феодалдық иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те аталған. Бұл ұлыстардың арасында жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі ұрыстар үнемі болып тұрған. Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан ұрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Тюмень) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған.
Халқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктенген түрік-моңғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бұл тайпалар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және тұрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар «өзбек» деген атпен саяси жағынан бірге аталған. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста – Жайыққа, шығыста – Балқашқа дейінгі, оңтүстікте – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте – Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.
Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428–1468 жж.) елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Жошы әулеті – оның ішінде Ибак-хан, Береке-сұлтан, Ұрыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей тағы басқалары – Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасырдың 30-шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бойында Шайбан ұрпағы Махмұд Қожа ханды талқандайды. Ол Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алады. Өзінің орталығын Турадан Орда-Базарға көшіреді. 1430 жылы аз уақыт Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды. 1446 жылы Әбілхайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі – Мұстафа ханның әскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау баурайындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.
Әбілхайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алуы ағайындас Шайбани ұлысы мен Ақ Орда ұлысы ру-тайпаларының арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілхайыр Мәуеренахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бұхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Соғыстар барысында Әбілхайыр қанша жерлерді қосып алғанымен, хандық ішінде саяси берік бірлік болмады, әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар күшейді. Ірі феодалдық топтар, ру басылары, сұлтандар оны қолдамады, қарсы шығып отырды. Әбілхайыр мемлекетінің ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті арасындағы тоқтаусыз қырқыстар, көшпелі рулар мен тайпалар сұлтандарының өз алдына бөлінуге ұмтылуы 1456–1457 жылдардағы Әбілхайырдың Үз-Темір-Тайшы басқарған ойраттармен Сығанақ маңындағы шайқаста күйрете жеңілуіне алып келді. Ол Түркістандағы талан-таражға түскен қалаларын тастап, Дешті-Қыпшақ даласына кетуге мәжбүр болды. Тек 60-жылдардың басында ғана Әбілхайыр Сырдария бойындағы бұрын өзі жаулап алған қалаларына қайта оралды. Осы жерден Әбілхайыр 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа кетіп бара жатқанда кенеттен қайтыс болды.
Ішкі және сыртқы қайшылықтардың шиеленісуі, бітпейтін феодалдық соғыстар мемлекеттің шаңырағын шайқалтып, Әбілхайыр хандығының ыдырап тарауына ұрындырды. Сөйтіп Шайбан әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады. Көшпелі өзбек тайпаларының бір бөлігі XVI ғасырдың бас кезінде Мәуеренахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалып қойған ру-тайпалар қазақ хандарының қол астына кірді. Темір ұрпақтары өкіметінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін басып алды.
Ноғай ордасы
Алтын орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттің бірі-Ноғай ордасы. Ол 14- 15 ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты.Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі,әскерінің қолбасшысы,Жошы ханның немересі,(1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамвндағы рулар Касспий маңына қоныс аударып,Ноғай елі атанды. Ноғай ордасының негізін салушы-Әмір Едіге (1395-1419).Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411),ұлы әмір атанған».Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған,Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады.Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып,Ноғай ордасы Алтын Ордадан 15 ғ.ортасында бөлініп,дербес мемлекет болды.Аумағы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы- Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды.Халқы- маңғыт,қыпшақ,қоңырат,арғын,қарлұқ,алшын,тама және т.б сияқты түрік тайпалары.Ноғай ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды,оған енген тайпалар 15ғ.аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады. Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қадыптасып,бір орталыққа бағынған өкімет болды.Орда билеушісі-хан.Ұлыс басында мырзалар тұрған,олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп,ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген.Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып,алым-салық төлеп отыруға,соғыс жорықтарына қатысға міндетті болған.Орданы Едіге ұрпақтары басқарды.Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік,әскери,елшілік билік, князьдің қолында болды.Ордада жорыққа Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі,Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты.Ноғайлар тарихы,әсересе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын,Ембі мен Сырдарияның арасында көшіп ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құрдаласып байланысып жатқан.Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырды.Ноғайлардың солтүстік шығыстағы өріс қоныстары Сібірге дейін созылып жатады,ал оңтүстік шығыста олар кейде Сырдария бойында Арал теңізі жағасында көшіп жүрген.Олардың билеушілері Уақас би маңғыт,Мұса мырза,Жаңбыршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдеседі.Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде татуласып одақ құрып отырған Ш.Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған.Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы атанған. 16ғ. Ноғай ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық,саяси байланысы дамыды.16ғ.2 жартысында Ноғай Ордасы ыдырап еліге Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлнді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына соның ішінде Кіші жүз құрамына енді.Осылайша Ноғай Ордасы мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
23.Қазақ халқының құрылуының тарихи алғы шарттары. Қазақ халқының этникалық құрамы Ертедегі, ерте және дамыған ортағасырлардағы этникалық үрдістер. Монғол кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы. Қазақ халқы қалыптасуының үрдісі. Этникалық территорияның және бірыңғай тілдің қалыптасуы. Шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттің ортақтығы. Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық үрдіске ықпалы. Жазба деректерде «қазақ» терминінің тұңғыш рет кездесуі. Оның әлеуметтік мәні. «Өзбек» және «Қазақ» ұғымдарының арақатынасы. «Қазақ» этнонимі осы халықтың нағыз аты. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторларының әсер етуі. Жүздер - қазақтардың этнотерриториялық бірлестіктері. Ұлы, Орта және Кіші жүздерінің пайда болуы.
XIV-XV ғасырларда әр түрлі түрік және түркіленіп кеткен монғол этникалық топтарынан қазақ халқының қалыптасу процесі аяқталды. Бастапқы әлеуметтік мәнімен этникалық мазмұн алғанға дейін күрделі өзгерістер жолынан өткен «қазақ» атауының өзі жауынгерлік рухымен ғана емес, өзіне жеткілікті экономикасының жоғары деңгейімен де, өзіндік мәдениетімен де мәлім халықтың атауына айналды.
Қазақ халқы этникалық тарихының өзіндік ерекше белгісі жүздер болып табылады. Сірә, жүздердің негізінде өмірлік маңызы бар жайылымдар мен көшіп-қону бағыттарының дәстүр бойынша орныққан аумақтары, мемлекеттік құрылымдар мен рулық-тайпалық конференциялардың ғасырлар бойы қалыптасып, сайып келгенде этникалық-аумақтық бірлестіктерге айналған дәстүрлері жатса керек. Жүздердің тұрмыстық, рулық-тайпалық құрылымының қатаң регламенттелуі бұл құрылымның орнықтылығын және сырттан жасалған соққыларға қарсылығының беріктігін қамтамасыз етеді.
Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысында пайда болуы XІV- XV ғасырларда Қазақстан аумағында болып өткен этникалық-саяси және әлеуметтік-мәдени процестердің заңды қорытындысы болды. Қазақ мемлекетігі - тамыры ежелгі заманда жатқан ұзақ тарихи дамудың жемісі, ол қазақ халқының топтасуына, оның этникалық аумағының қалыптасуы мен тұтастығының нығаюына, қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінің дамуына себеп болды.
