Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС АЗАСТАН ТАРИХЫ 104.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать

60.Қазақ акср-гі білімнің қазақ халқы үшін маңызы.

Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті.

Жүзеге асыруға тиісті шаралар : 1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру. 2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру.

Қырғыз әскери – революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін және т. б. қосуды да талап етті. Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 ж-ғы қыркүйектің 19–ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 ж-дағы шілденің 7 – ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920 1924 жж.) болды. 1924 – 1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 ж-дан астана – Алматы. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 ж-ң екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 ж Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР – не берілді. 1921 ж Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды.

КАКСР құрамына енгізілген аймақтар: Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.

Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі.

Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері.

Орал облысы – Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі.

Закаспий облысы – Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі.

Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар.

Орта Азияны ұлттық – мемлекеттік жағынан межелеуді және Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.).

Нәтижесінде; 1) Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды. 2) Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды.

Соның нәтижесінде Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезіндерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар – 61,3 % - ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша).

1925 жылы 15–19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкіл Қазақстандық V съезінде «қырғыз – қазақ» атауы берілді, ал 1936 жылғы 9 ақпанда КАКСР Орталық Атқару Комитеті қаулысымен «қазақтар» атауы берілді.

Сөйтіп, қажырлы күреспен келген өзін - өзі билеу құқығы қазақ халқы үшін нақты шындыққа айналды.

61.Қазақстандағы (1917-1940 жж.) мәдениеттің негізгі даму бағыттары. Қазақ кеңес зиялы қауымының қалыптасуы Қазақстан көлемінде жарыққа шыққан кітаптар және 1930 жылға дейінгі Қазақ республикасы үшін Орынборда, Ташкентте, Москвада, Қазанда басылған кітаптар зерттеу аясына енгізілді. Бұл қалаларда басылған кітаптарды қарастырудың негізгі себебі 1925 жылға дейін Орынбор қазақ республикасының әкімшілік орталығы болғандықтан Қазақстанның полиграфиялық базасы сонда болды. Ташкентте, Москвада, Қазанда Қазақ КСР өкіметінің тапсырысымен қазақ тіліндегі кітаптар басылды.ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы кеңестік жүйеде мәдени революция шеңберінде сипатталды. Шын мәнісіне келгенде қазақ қолжазбалары мен баспалар туралы 50-жж. дейін арнайы зерттеу еңбектер болған жоқ. Тек қазақ кітаптарының жиынтық каталогтарында, библиографиялық көрсеткіштер, тізімдерде, кейбір мақалаларда олардың аттары көрсетіліп жүрді.

Қазанда шығыс халықтарының көптеген кітаптары шыққаны белгілі. Осы мәселеге алғаш қалам тербеген ресейлік ғалымдар болды. Н.П. Лихачев еңбегінде Қазандағы кітап баспа ісінің тарихына тоқталса [2], Н.Ф. Катанов Шығыс библиографиясын жүйелеуге тырысқан [3].ХХ ғ. 20-жж. М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы жанындағы ғылыми-зерттеу институты 1927, 1929, 1932 жж. үш жинақ шығарады. Жинақта кітап тарихы, кітап ісі теориясы, полиграфия, кітапты безендіру, библиографияның теориясы мен практикасын дамытудағы институттың сіңірген еңбегі көрсетілген.Ресейде кітап туралы журналдар тұрақты шығып тұрды. Мысалы, Москвада А.С. Бубнов, Ф.В. Константинов редакторлығымен «Правда» баспасынан 1932-1940 жж. ай сайын сын-библиографиялық «Книга и пролетарская революция» деген журнал шығарылып, онда жаңадан шыққан көркем әдебиет шығармалары, философия тарихы, марксизм-ленинзм, саяси экономия туралы кітаптарға библиографиялық сипаттамалар жарияланып тұрды. Ал П.М. Керженцев жауапты редакторлығымен «Кітап және революция» деген журнал 1920-1923 жж. Петроградта, кейіннен Москвада шықты, мұнда әдеби, білім-ғылымның барлық саласы бойынша мақалалар басылды.20-30 жж. мәдени  революция нәтижесінде кеңестік қоғамда баспаның ролінің өсуіне байланысты ғылымның жетістігі кітаптың әлеуметтік ролін, оның идеологиялық қызметін көрсетті. Кітапқа деген бұл тәсілді академик А.С. Орлов, П.Н. Берков, И.В. Новосадский қолданды, алайда олар сол кезде етек алған тұрпайы әлеуметтанымдық рухында жазды.

Қазақстан шығыстану ғылымында Н. Сәбитов қазақ тілінің тарихи лексикасын, деректеме мен библиография саласында айтарлықтай еңбек сіңірді. 1940 ж. Шығыс кітаптары туралы мақаласы «Казахстанская правда» газетінде жарияланады. 1941 жылы 1917-1939 жж. шыққан кітаптардың библиографиялық көрсеткіштерін жасауға қатысады және А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасындағы сирек кітаптардың қорлары туралы мақала жазады. Нығмет Сәбитов бірінші абайтанушы-библиографтар қатарына кіреді. Ол алғаш рет 1889-1945 жж. Абайдың 100 жылдық мерейтойына арналған Абай шығармаларының библиографиялық көрсеткішін жасады. 1917 жылға дейінгі Қазақстан тарихы бойынша материалдар мен шығыс деректері бойынша көрсеткен еңбегі әлі күнге дейін өзекті деп есептейміз [4]. Н. Сәбитовтың «Қазақ әдебиеті (1862-1917)» библиографиялық көрсеткішінің бірінші басылымында кітап аттары орыс графикасына негізделген қазақ әрпімен қатар сол кездегі араб әрпімен қоса берілген. Сонымен бірге Н. Сәбитов қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов және Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі, еңбектері бойынша библиографиялық көрсеткіш құрастырған.Қазақстан КП «Орталық Комитеттің партиялық баспасы» туралы библиографиялық көрсеткіштер 30-шы жж. шығады. Кеңес үкіметі тұсында мәдениет жөніндегі әдебиеттердің бәрі коммунистік идеологияны, Ленин, Сталин идеяларын дәріптегені белгілі. Ол еңбектерді біз тарихнамадан алып тастай алмаймыз, сондықтан біз қазақ баспа ісінің дамуына қатысты тұстарын сұрыптап, оларға шолу жасағанды жөн көрдік

62.ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы мәдени құрылыстың негізгі бағыттары.20-30-шы жылдардағы оқу-ағарту ісімен мәдениет мәселесі тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі мәселе. Мұның басты себебі, осыған байланысты ресми мәліметтердің өзара кайшылықта болуы дер едік. 20-30-шы жылдардғы ұлт зиялылардың ағартушылық қызметі арқылы тоталитарлық жүйесі қарсылығының ерекше түрі болғандығын көрсетуі біздіңше құптарлық пікір деуге болады. Кеңес заманында қазақтарда қазан революциясына дейін оқығандар болған жоқ деген тезис белең алып келгені баршаға мәлім. Ал шын мәнінде тарихи шындық басқаша болған. Профессор Х.Әбіжановтың статистикалық мәлім еттеріне сүйеніп жасаған мына мәліметгеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында қазақ өлкесінде қазақтардан 3000-дай мұғалімдер, 600-ге жуық ауыл шаруашылық мамандары, ал 30-ға жуық қазақ азаматы жоғарғы медицина мамандық алған. Қазақтың ұлттық интелегенциясынын өсіп-өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүрді. Бір жағынан уақыты өткен ескі қоғамдық қатынастар аяқтан тартып, мешеуліктен шығуға кедергі жасаса, екінші жағынан отарлық езгі, патшалықтың «әскери-полицейлік» тәртібінің күшейуі қазақ елінің алдағы болашағын күмәнді етті. Ақыры 1917 жылы Ақпан төңкерісі женіп, патша тақтан түсті. Қазақ демократиялық зиялылары бұл хабарды қуанышпен қарсы алып, ендігі жерде қазақ халкының бостандығын қамтамасыз ететін сәт жақындады деп сенді. Осыған байланысты, сол кездегі халықтың көңіл күйін А.Байтұрсынов былайша сипаттайды; «Қазақтарға Ақпан Төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, Қазан (әлеуметтік) Төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз көрінді». Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбур болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкеріске деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ал бірініден бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына және екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді. Міне осылайша қазақ зиялылары Ақпан төңкерісінің нәтижесінде ұлттық-азаттық қозғалыстың негізі мәселелері - ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, мәдениетті өркендетуге және басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік туадыдегенсенімдеболды.Осы орайда оқу-ағарту саласына ерекше көңіл бөлген ең алдымен Түркістан Республикасы Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың, сонымен бірге Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Санжар Асфандияровтардың атқарған қызметтерін атап өткен орынды. Уақыт талаптарына сай Түркістанның саяси басшылары 20 жылдардың басыңда ірі станционарлы педагогика оқу мекемелерін ұйымдастыру арқылы республиканың ұлттық-кеңестік мектептеріне білікті мұғалім кадрларын дайындай бастады. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижелігін өсіру мақсатымен ...

Ере­сек­тер ара­сын­да са­уат­сыздықты жою

Ша­ру­ашы­лықты да­мытып, жақсы өмір сүру үшін ең ал­ды­мен ха­лықтар ара­сын­да са­уат­сыздықты жою және ағар­ту ісін да­мыту міндеті тұрды.

1924 жы­лы Қазақстан­да «Са­уат­сыздық жойыл­сын» қоғамы ұйым­дасты­рыл­ды. 1921–1927 жыл­дар ара­лығын­да Қазақстан­да 200 мыңға жуық адам әр түрлі жер­де оқыды. 1928 жы­лы Қазақстан­да бар­лық ха­лықтың 28%-ы са­уат­ты бол­ды. Ал қазақтар ара­сын­дағы бұл көрсеткіш 10% бол­ды. 1931 жы­лы Қазақстан­да 15–20 жас ара­лығын­дағы бар­лық адам­дардың са­уатын ашу, яғни оларға міндетті білім бе­ру жүйесі енгізілді. Са­уат­сыздықты жою мақса­тын­да рес­публи­када ағар­ту ісіне жұмса­латын қар­жы­ның мөлшері көбейді.

Са­уат­сыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құра­мын­дағы басқа мем­ле­кет­терден арт­та қал­ды. Мұның се­бебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бю­рок­раттық са­яса­ты. Са­уат­сыздықты жою ісінде ең ал­ды­мен ком­со­мол ұйымы бел­сенділік та­ныт­ты. Тек қана 1930 жы­лы бұл іске ком­со­мол құра­мын­дағы 5000-ға жуық жас­тар қатыс­ты.

1936 жы­лы жер-жер­ден ашылған са­уат­сыздықты жою ме­кеме­лерінде 500000-нан ас­там адам оқыды.

Рес­публи­када ере­сек­тер ара­сын­да са­уат­сыздықты жою ісіне сол кез­дегі «Ауыл мұғалімі» жур­на­лы мен «Төте жол» га­зеті әдісте­мелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.

1939 жы­лы Қазақстан­дағы са­уат­ты адам­дардың үлесі 65% бол­ды, қазақ халқының ара­сын­да бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Рес­публи­кадағы ірі қала­лар, негізінен, са­уат­ты қала­ларға ай­нал­ды (Ал­ма­ты, Шым­кент, Қараған­ды, Ле­нино­горск, Та­раз, Орал т. б.)

Ха­лыққа білім бе­ру ісі

1926 жы­лы Қазақ АКСР Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мек­тептерінің жарғысын» қабыл­да­ды. Көпте­ген қала­лар­да ар­на­улы білім бе­ретін және со­ның ішінде қазақ қыз­да­рын оқыта­тын мек­тептер ашыл­ды.

1930–1931 жыл­да­ры Қазақстан ха­лықта­рының ара­сын­да жал­пыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жал­пыға бірдей білім бе­ру ісіне үкімет қол­дау көрсе­те бас­та­ды. Со­нымен қатар Қазақстан ком­со­молы бұл істің жүзе­ге асы­рылу­ын және білім бе­ру ісінің да­мыту­ын өз мойын­да­рына ал­ды. Білім бе­ру ісін да­мыту бағытын­да ана тіліндегі оқулықтар­ды жа­саған қазақтың ұлттық зи­ялы­лары үлкен үлес қос­ты. Мы­салы, А. Байтұрсы­нов су­ретті әліппе, Ж. Ай­ма­уытов ана тілі оқулықта­рын жаз­ды.

20–30 жыл­да­ры қазақ мек­тептеріне ар­налған оқулықтар­ды жа­сау бағытын­да Ғ. Мүсіре­пов, С. Сей­фул­лин, М. Жұма­ба­ев, М. Ду­латов, Қ. Ке­меңге­ров, Ә. Бөкей­ха­нов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсы­нов, Ж. Ай­ма­уытов көп еңбек сіңірді. Рес­публи­ка жерінде орыс, қазақ, өзбек, та­тар тілдерінде оқыта­тын мек­тептер жұмыс істей бас­та­ды. 1934–1935 жыл­да­ры Қазақстан­да 221 ин­тернат жұмыс істеді.

Соғыс­тың ал­дында рес­публи­ка мек­тептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбе­ев, А. Ақатов, Ш. Са­рыба­ев, Л. И. Дов­ранс­кая, Н. В. Вол­ков т. б. білім бе­ру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» де­ген атаққа ие бол­ды.

Кәсіптік білім бе­ру ісінің да­муы

1928 жы­лы Қазақстан­да тұңғыш жоғары оқу ор­ны Ал­ма­ты пе­даго­гика инс­ти­туты ашыл­ды. Бұл инс­ти­тут Абай­дың есімімен атал­ды.

1929 жы­лы Ал­ма­ты зо­отех­ни­калық мал дәрігерлік инс­ти­туты ашыл­ды.

1930 жы­лы Ал­ма­тыда Қазақ ауыл ша­ру­ашы­лық инс­ти­туты ашыл­ды.

1931 жы­лы Ле­нинг­рад әске­ри ме­дици­на ака­деми­ясы­ның қамқор­лығымен Ал­ма­ты ме­дици­на инс­ти­туты ашыл­ды.

1934 жы­лы Ал­ма­тыда Қазақ кен ме­тал­лургия инс­ти­туты ашыл­ды. Кейін по­литех­ни­калық инс­ти­тут аталған бұл оқу ор­ны ин­же­нер-тех­но­лог кадр­ла­рын да­яр­лай­тын іргелі оқу ор­ны бол­ды.

1931–1932 жыл­да­ры Қызы­лор­да, Орал қала­ларын­да пе­даго­гика инс­ти­туты ашыл­ды. Се­мей, Пет­ро­павл, Ақтөбе, Қараған­ды, Қос­та­най, Шым­кент қала­ларын­да мұғалімдер инс­ти­тут­та­ры ашыл­ды. Соғыс­тың ал­дындағы жыл­дарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орын­да­рының са­ны 20-ға, ар­на­улы оқу орын­да­рының са­ны 118-ге жетті. Кәсіптік білім бе­ретін бұл оқу орын­да­рын­да 40000-ға жуық жас­тар білім ал­ды.

Ғылым­ның да­муы

XX ғасыр­дың 30 жыл­да­рын­да Қазақстан ғылы­мы қалып­та­сып, да­ми бас­та­ды. Қазақстан­ды ғылы­ми тұрғыдан зерт­теу ісіне 1920 жы­лы құрылған «Қазақстан­ды зерт­теу» қоғамы көп үлес қос­ты. Бұл қоғам­да Қ. Жұба­нов, С. Ас­панди­яров, Ж. Ай­ма­уытов, А. В. За­та­евич, А. Байтұрсы­нов, Ә. Ди­ва­ев, А. П. Чу­лош­ни­ков сияқты ғалым­дар еңбек етті. 1926 жы­лы М. Е. Мас­сон Та­раз қала­сының ор­нында ар­хе­оло­ги­ялық қаз­ба жұмыс­та­рын жүргізді.

Н. Г. Кас­син, С. С. Не­уст­ро­ев, М. П. Ру­саков, А. Е. Ферс­ман, Р. А. Ба­рунайов сияқты ге­олог ғалым­дар қазақ жерінің та­биғи ре­сурс­та­рын зерт­те­уде ірі та­быс­тарға жетті. Қараған­ды, Екібастұз көмір қор­ла­ры, Ембі мұнай қоры анықтал­ды.

1932 жы­лы КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның қазақстан­дық ба­засы құрыл­ды. Бұл ба­заның құра­мын­да 1935 жы­лы та­рих және ге­оло­гия сек­то­ры, Қазақ ұлттық өнер ғылы­ми-зерт­теу инс­ти­туты құрыл­ды.

1935 жы­лы КСРО Ғылым ака­деми­ясы Кенді Ал­тай түсті ме­талын, Жезқазған мы­сын, Орал-Ембі мұнайын зерт­те­уге ар­налған сес­сия өткізді. Зерт­теу нәти­жесінде Қазақстан­ның одақ көлемінде көмір қоры жөнінен бірінші орын ала­тыны анықтал­ды.

1935 жы­лы про­фес­сор С. Ас­панди­яров­тың еліміздің та­рихы жөнінде «Қазақстан­ның көне за­ман­нан бергі та­рихы» ат­ты ғылы­ми еңбегі жа­рық көрді.

А. Байтұрсы­нов, Қ. Жұба­нов, С. Сей­фу­лин, С. Мұқанов бас­таған әде­би­ет­та­нушы­лар линг­вис­ти­ка, тіл білімі және әде­би зерт­те­улер бойын­ша ғылы­ми еңбек­тер жаз­ды.

Қазақ КСР-де ғылым­ды да­мыту жо­лын­да С. М. Ва­вилов, В. Л. Ка­маров, А. Н. Сма­ило­вич (түрко­лог), А. Д. Ар­хангель­ский (ге­олог) есімді ака­демик­тер мол үлес қос­ты.

1940 жы­лы Қазақстан­да 57 ғылы­ми-зерт­теу инс­ти­туты жұмыс істеді. Бұлар­да 1700-ге жуық қыз­меткер еңбек етті. 1939 жы­лы елімізде ғылы­ми істер­ге жұмса­латын күрделі қар­жы 14,4 мил­ли­он сомға жуық бол­ды.

Соғыс қар­саңын­да КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның қазақ фи­ли­алы құрыл­ды.

63.Қазақстандағы ЖЭС. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді. Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, 1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық – түлікті, отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады.Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері:  - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты);  - 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық;  - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы;  - Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті. 1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді.

Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:  - Азық – түлік салығының енгізілуі.  - Сауда еркіндігі.  - Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.  - Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады.Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды.

64.Қазақстандағы «Кіші Қазан» саясаты. Қазақстандағы кеңестендіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың сабақтары Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.

Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету.

Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.

Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның бағыты: 1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. 2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.

Қазақстанда индустрияландыру жолдары туралы пікір сайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты: Біреулер «түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу шамадан тыс нәрсе» болып табылады, «ұлттық өзіндік ерекшелікті» жояды деп пайымдады, енді басқа біреулер «қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді», қазақтармен «өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсын» және т. б. деп санады.

Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс – пікірлері ескерілмеді. С.Садуақасов пен Ж. Мыңбаевтің өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары «ұлтшылдық көрініс» деп бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер « ұлыдержавалық шовинизм көрінісі» деп есептелді. Сөйтіп, теориядағы субективизм мен практикадағы әміршіл – ырықсыз әдістер республиканың социализмге бет алуының балама жолын зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарды.

Ауыл ша­ру­ашылғын күштеп ұжым­дасты­ру

Жаңа экономикалық саясаттың мерзімінен бүрын аяқталуы Қазақстан ауыл шаруашылығына да ез зардабын тигізіп, кооперативтік қозғалыс енді күштеп үйымдастырумен алмастырылды. Коммунистік партияның 1927 ж. желтоқсанда өткен XV съезі ауыл шаруашылығын үжымдастыруға бағыт берді. Ұжым­дасты­ру ісіне көмек ретінде ауыл­ды жер­лерге 8000 жұмыс­шы жіберілді. 25 мыңдықшы­лар деп аталған 1204 "ұжым­дасты­рушы" Мәскеу, Ле­нинг­рад сиқты ор­та­лықтар­дан жіберілді.Ауыл ша­ру­ашы­лығының ұжым­дасты­рылуы өте қатал жағдай­да жүргізілді. Ұжым­дасты­ру же­дел және жос­парсыз жүргізіле бас­та­ды.1928–1931 жыл­дардағы ұжым­дасты­ру ба­рысы: рес­публи­ка ша­ру­ашы­лығының 1928 жы­лы 2% -ы,1930 жы­лы сәуірде 56,4%-ы,1931 жы­лы қазан­да 69%-ы ұжым­дасты­рыл­ды.Ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін және мал­дарды күшпен ал­ды. Мы­салы, 1931–1932 жыл­да­ры Шұбар­тау ауда­нын­да мал­дың 80%-ы ет­ке өткізілді. Балқаш ауда­нының халқына 297000 малға са­лық са­лын­ды,. Торғай­дағы 1 млн. мал­дың 98 мыңы ғана қал­ды.Ку­лак­тарды жою ісі қатал жүргізілді. Шо­лақ бел­сенділер ор­та­шалар­мен қатар ке­дей ша­ру­аларға да зор­лық жа­сады.

Ұжым­дасты­ру са­яса­тына қар­сы ша­ру­алар толқуы

1929–1931 жыл­да­ры Қазақстан жерінде ша­ру­алар­дың ұжым­дасты­ру са­яса­тына қар­сы ұйым­дасты­рылған қару­лы қозғалы­сы бол­ды.

Ірі көлем­де ша­ру­алар қозғалы­сы өткен жер­лер:

1929 жы­лы 29 қыркүйек – Бос­тандық,

1929 жы­лы 1 қара­ша – Бат­паққара (Қос­та­най),

1930 жы­лы 2 ақпан – Со­зақ,

1930 жы­лы 25 ақпан – Ырғыз,

1930 жы­лы 26 на­урыз – Сарқан­да т. б.

Нәтижесі

Күштеп үйымдастыру салдарынан 1931-1932 жж. аштық кеңінен етек алды. Аштық, індет және басқа жоқшылықтар салдарынан толық емес деректер бойынша 1 млн. 750 мың қазақ қазаға үшырады. Бір миллионнан астам қазақтар республикадан тыс жерге көшіп кетті. Қазақтардың бүрынғы саны 40 жылдай уақыт өткен соң, 1969 ж. ғана қалпына келді.

Ұжым­дасты­ру зар­да­бы

1929–1933 жыл­дар ара­лығын­да Қазақстан­дағы біріккен мем­ле­кеттік са­яси басқар­ма (ОГ­ПУ) 3386 адам­ды ату, 13151 адам­ды түрме­ге қамау ту­ралы үкім шығар­ды. Көпте­ген адам­дар өздерінің мал­да­рынан айырыл­ды.

1930–1932 жыл­да­ры Қазақстан­ды әйгілі ұлы жұт аш­тық жай­ла­ды.

65.1920-40 жж. Қазақстандағы индустрияландыру: ерекшеліктері, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық нәтижелері.Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.

Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.

Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы. Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты Индустрияландыруды жүзеге асыру. Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:  1) Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.  2) Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.  3) Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.  4) Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.

Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:

Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді. 1) Шаруаларға үстеме салықтар салынды. 2) Республикалардың барлық жинақталған қорлары мемлекеттік бюджетке қосылды. 3) Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидеялар мен дотациялар бөлу (1931 – 1934 жж. - 2 млрд. 137 млн. сом). 4) Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру. 5) Жазалау саясатын қолдану сияқты тәсілдер тән болды.

Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақсатпен басталған бұл жұмыс әкімшіл - әміршіл, бұлтартпайтын әдістерімен жүргізілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, ондай қудаланған адамдардың саны үнемі толықтырылып отырды.

Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері: 1) Халық дәстүрі бұзылды. 2) Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады. 3) Лагерьлер жүйесі орнықты. 4) Қазақстан Россияның шикізат көзіне айналды.

Индустрияландыру ерекшеліктері:

1) Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды. 2) Білікті жұмысшы мамандар, инженер – техник қызметкерлер сырттан, негізінен Россия мен Украинадан әкелінді. 3) Жергілікті мамандар жетіспді. 4) Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1930 жылдың аяғында қала халқы 29,8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақ – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп).

1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары болды. Республикада көптеген инженер – техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.

Индусрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Домбастың жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары – Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.

Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы: 1. Аграрлық республика индусриялы – аграрлық аймаққа айналды. 2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті. 3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды. 4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады. 5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды. 6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды. 7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты. 8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да, деревняда да социализм пайдасына шешілді. 9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік жойылды. 10. Жұмыссыздық жойылды. 11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті. 12. Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді.

Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан шығарды.

66.Қазақ АКСР-нің құрылуы. Қазақ АКСР-нің құрамына қазақ жерлерінің бірігуі (1924 ж.).1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б. Казревком міндеттері:  1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу. 2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату. 3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу. 1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды. Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды:  - «Ұшқын» газетін шығарды. - Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.- Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.

1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды . Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды. Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы:  1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі. 2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі. 3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.

67.Қазақстанның соғыс қарсаңындағы қоғамдық-саяси өмірі. Қазақ КСР-нің құрылуы, 1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін.1939 жыл – пар­ти­яның XVI­II съезінде КСРО-ның ин­дуст­ри­ялық қуатын кеңей­ту, қорғаныс қабілетін нығай­ту бағыты көрсетілді.

Үшінші бес­жылдықта (1938–1942жж.) рес­публи­ка эко­номи­касын­дағы атқары­луға тиісті міндет­тер:

Түсті ме­тал­дар өндіру жөніндегі ірі ба­за;

Көмір, мұнай өндіретін аудан;

Ауыл ша­ру­ашы­лығы да­мыған ай­мақ бо­лу.

1938–1941 жыл­да­ры іске асы­рыла­тын ша­ралар:

Қар­сақпай мыс балқыту за­уытын қай­та құру мен кеңей­ту;

Жезқазған мыс балқыту за­уытын са­лу;

Ал­тай­да түсті ме­тал­лурги­яны да­мыту;

Ебідегі ге­оло­ги­ялық жұмыс­тар мен бар­лау-бұрғылау ісін же­дел­де­ту.

Осы жыл­да­ры еңбек кітап­ша­лары енгізілді, мем­ле­кеттік сақтан­ды­ру тәжіри­бесі жақсар­тылды, 8 сағат­тық жұмыс күніне, 6 күндік жұмыс ап­та­сына көшірілді.

1940 жыл­дың аяғын­да мем­ле­кеттік еңбек ре­зев­тері жүйесі пай­да бол­ды. Әйел­дер ірі өнеркәсіп жұмыс­шы­лары­ның 26,1% -ын құра­ды (1940 жыл). Жап­пай ер­лер ма­ман­дығын меңге­ру қозғалы­сы бас­талды.

1941 жылғы ма­усым­да – П. Ан­ге­лина­ның (Ба­тыс Қазақстан об­лы­сы, Те­ректі МТС-де істе­ген Ук­ра­ина трак­торшы­сы) «Трак­торды меңгеріңдер» бас­та­масы­мен 26 мыңнан ас­там әйел­дер трак­торшы ма­ман­дығын меңгерді.

Тұрақты ме­хани­затор­лар кадр­ла­ры қалып­та­сып, 116 мың ма­ман да­яр­ланды.

Соғыс қар­саңын­да ха­лық ша­ру­ашы­лығын­да 11 мыңнан ас­там ин­же­нер, тех­никтер еңбек етті. Ста­ханов­шы­лар мен өндіріс жаңашыл­да­рының қозғалы­сы өрістеді.

Рид­дердегі алғашқы ста­ханов­шы-шах­тер Б. Ықыла­сов.

Соғыс ал­дындағы жыл­дарда құры­лыс­тарды са­лу же­дел­деді. 1940 жыл­дың ба­сы – ұзын­дығы 806 шақырым­дық Ақмо­ла – Қар­та­лы жо­лы 9 айға тол­май­тын мерзімде са­лын­ды. Бұл жол құры­лысы­ның маңызы:

Ор­та­лық Қазақстан­ның өнеркәсіпті аудан­да­рын Орал­дың оңтүстігімен бай­ла­ныс­тырды;

Қараған­ды­дан Маг­ни­тогорскіге көмір та­су 500 шақырымға қысқар­ды;

Бұдан басқа Аты­рау-Қан­дыағаш, Қан­дыағаш-Орск, «Шығыс ора­мы» (806 км. Шығыс Қазақстан мен Се­мей об­лы­сы), Ал­ма­ты-Са­рыөзек, Жам­был-Алакөл темір жол­да­ры (2681 км.) са­лын­ды.

1938–1940жж. 1,4 мың шақырым жаңа темір жол төселді.

Үшінші бес­жылдықтың 3,5 жы­лын­дағы өнеркәсіптегі, та­сымал мен бай­ла­ныс­тағы күрделі қар­жы – 3,1 млрд. сом.

Рес­публи­ка өнеркәсібінің жал­пы өнімі – 57,3%-ға арт­ты.

Түсті ме­тал­лургия Қазақстан өнеркәсібінің же­текші са­ласы­на ай­на­лып, түсті ме­тал­лургия бойын­ша Қазақстан екінші орын­да бол­ды. Бұл са­ла кәсіпо­рын­да­ры: Шым­кент қорғасын, Балқаш мыс қоры­ту, Ле­нино­горск, Зы­рянов по­лиме­талл за­уыт­та­ры, мыс балқыту ком­би­наты, Ащы­сай, Қоңырат кеніштері.

Са­лынып жатқан құры­лыс­тар: Ақтөбе фер­роқоры­ту за­уыты, Те­келі по­лиме­тал­лургия, Жезқазған мыс балқыту ком­би­нат­та­ры.

Шым­кент қорғасын за­уыты­ның қорғасы­ны ел­дегі ең таңда­улы деп та­ныл­ды. 1939 жы­лы за­уыт ұжы­мы одақта 1-орын­ды жеңіп алып, Ле­нин ор­денімен ма­рапат­талды. Қазақстан Одақ көлемінде:

Қорғасын өндіру­ден 1-орын, мұнай мен көмір өндіру­ден 6-орынға шықты.

1940 жы­лы 2580 ірі кәсіпо­рын жұмыс істеп, ин­дуст­ри­яның жал­пы өнімі 1940 жы­лы 1913 жыл­мен са­лыс­тырған­да 7,9 есе өсті.

1940 жы­лы Қазақстан одақ бойын­ша:

көмірдің – 4,2%-ын;

мұнай­дың – 2,2%-ын;

қорғасын­ның – 87%-ын;

мыс­тың – 21%-ын өндірді.

Соғыс ал­дындағы жыл­дарда Ор­та­лық Қазақстан­ның өнеркәсіпті шикізат ай­мағы қалып­тасты.

Орал-Қазақстан-Сібір «үшбұры­шы» мы­рыш, қорғасын, мо­либ­ден т. б. өндіру­ден КСРО-да же­текші орын ал­ды. Вол­га-Орал ара­сын­дағы темір жол (ұзын­дығы 581 км.) Одақтың және рес­публи­каның ірі өнеркәсіпті ор­та­лықта­рын жалғас­тырды.

Соғыс ал­дындағы жыл­дарда кол­хоз құры­лысы да­мыды. 1940 жы­лы кол­хоз бен сов­хоздар­да:

41 мыңнан ас­там трак­тор,

11,8 мың ком­байн,

14 мың жүк ав­то­мобилі жұмыс істеді.

Ауыл­ша­ру­ашы­лық тех­ни­касы 330 МТС және 194 сов­хозға шоғыр­ланды­рыл­ды. 116 мың ме­хани­затор, трак­торшы, ком­бай­ншы да­яр­ланды. 1940 жы­лы жоғары және ар­на­улы ор­та білімі бар 4 мың 600 аг­ро­ном, зо­отех­ник, мал дәрігері, ор­маншы болған.

1938–1940 жыл­да­ры 1338 ТОЗ ауыл­ша­ру­ашы­лық ар­тель­дерінің жарғысы­на көшіп, 6 мың 900-ға мыңға көбейді.

Ха­лықтық құры­лыс әдісімен 100 мың кол­хозшы ка­нал­дар мен су­лан­ды­ру жүйелерін са­луға қатыс­ты. 1938–1940 жыл­да­ры 145 мың га-дан ас­там жаңа су­ар­ма­лы жер игерілді. Ба­тыс Қазақстан­да Орал-Көшім ка­налы са­лын­ды.

1940 жы­лы әле­уметтік-мәде­ни ша­раларға мем­ле­кет­тен бөлінген қар­жы – 1 млрд. сомға жақын­да­ды (1932 жыл­мен са­лыс­тырған­да 12,5 есе көп).

1938–1940 жыл­да­ры рес­публи­када тұрмыс­тық қыз­мет көрсе­ту орын­да­ры са­лын­ды:

3100-ден ас­там дүкен,

600-ден ас­там ас­ха­на, рес­то­ран,

200 жаңа ем­ха­на,

120 ауру­хана.

Үшінші бес­жылдықтың жар­ты жы­лын­да тұрғын үй құры­лысы­на жұмсалған қар­жы – 876 млн. сом (екінші бес­жылдықта – 351 млн. сом)

1938–1940 жыл­дардағы шешілме­ген проб­ле­малар:

Мал ша­ру­ашы­лығының да­муы арт­та қал­ды;

Кол­хоз өндірісінде ма­тери­ал­дық ын­та­лан­ды­ру төмен бол­ды;

Ауыл­ша­ру­ашы­лық ма­ман­да­ры тұрақта­мады;

Кол­хоз өмірінде де­мок­ра­тия жеткілікті да­мыма­ды;

Тұрғын үй қоры со­ци­алистік құры­лыс қоры­нан кейін қал­ды.

1937–1938жж. жап­пай са­яси қуғын-сүргін. То­тали­тар­лық жүйенің нығаюы.

1937ж. бас­талған са­яси жа­залау бүкіл елді қам­ты­ды. 1936ж. Жел­тоқсан Пле­нумын­да, мұнан кейін 1937ж. Ақпан-на­урыз пле­нумын­да Ор­та­лық Ко­митетінің, И. В. Ста­лин мен оның ай­на­ласын­дағылар­дың «екіжүзділердің, ха­лық жа­ула­рының бәрінің та­мырын ша­уып, жойып жібе­ру» қажеттігі ту­ралы нұсқауы берілді. 1937–1938жж. жа­заланған «ұлтшыл-фа­шис­тер» деп ата­латын­дардың істерінен көрінген­дей, Н. И. Ежов пен оның сы­бай­лас­та­ры мұндай істерді қол­дан жа­сауға көп қина­лып жат­паған. Бұл «істер­ге» — «ұлтшыл-фа­шис­тер» және басқа «ха­лық жа­ула­ры» де­ген­дердің істеріне кең құлаш­ты си­пат бе­ру үшін НКВД ор­ганда­ры олар­ды троц­кишілдер­мен және оңшыл­дармен одақ жа­сады де­ген қисын­ды ой­дан шығар­ды. Жер-жер­де «ашық» сот мәжілістері өткізіліп, олар­да сот­талған­дардан қажетті «мойын­да­улар» зор­лап алын­ды. «Ха­лық жа­ула­рының» негізгі көпшілігінің тағды­ры КСРО Жоғарғы со­ты әске­ри кол­ле­ги­ясы­ның үштігінің мәжілісінде шешілді.

1937–1938жж. Қазақстан­ның көрнекті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­керлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожа­нов, Ұ. Құлым­бе­тов, О. Жан­до­сов, Ә. До­сов, А. Асыл­бе­ков, Ж. Сәдуақасов, Л. Мир­зо­ян, А. Са­фар­ба­ев, Ж. Сұлтан­бе­ков, Т. Жүрге­нов, Н. Сырғабе­ков, З. Төреғожин және басқа да көпте­ген адам­дар өтірік жа­ламен жа­залан­ды. Қазақтың ғылым мен мәде­ни­еті ор­ны тол­мас шығынға ұшы­рады. Ә. Бөкей­ха­нов, А. Байтұрсы­нов, М. Ду­латов, М. Жұма­ба­ев, С. Сей­фул­лин, І. Жансүгіров, Б. Май­лин, С. Ас­фенди­яров, Қ. Жұба­нов, Ж. Ша­нин, Т. Шо­нанов, Қ. Ке­меңге­ров және т. б. кінәсіз жа­зала­удың құрба­ны бол­ды.

Сөйтіп, 20ж. соңы мен 30ж. то­тали­тар­лық жүйе қоғам­дық са­яси өмірдің бар­лық са­ласын­да бекіді. Оның көрінісі әсіре­се Қазақстан­да ерек­ше жиіркенішті түр ал­ды. Олар күшпен ұжым­дасты­ру мен 1937–1938жж. са­яси жа­залау дәуірінің қайғылы оқиғала­рымен ұшта­сып жат­ты. Өлке­дегі әле­уметтік-эко­номи­калық өзгерістер, Қазақстанға Одақтас рес­публи­ка дәре­жесін бе­ру, мәде­ни құры­лыс­тағы, ха­лық ағар­ту ісіндегі және ғылым­дағы та­быс­тар то­тали­тар­лық жүйенің қатаң иде­оло­ги­ялық қыс­пағын­да өтті. Міне осы­ның бәрі Қазақстан­ның КСРО құра­мын­да бо­лашақ да­му жо­лын айқын­дап берді.

Қазақ КСР-інің құры­луы

Алғышарт­та­ры:

РКФСР құра­мын­дағы Қазақ АКСР-і да­мыған ин­дуст­ри­ялы-аг­рарлы рес­публи­каға ай­нал­ды;

Жұмыс та­бының көп ұлтты от­ря­ды же­дел қалып­тасты;

Ша­ру­алар­дың әле­уметтік та­биғаты өзгерді;

Ха­лық зи­ялы­лары­ның еле­улі то­бы құрыл­ды;

Қазақ әйел­дері қоғам­дық және ша­ру­ашы­лық өмірге бел­се­не ара­лас­ты.

Еңбек­ке жа­рам­ды 3,3 млн. адам­ның 1 млн. -ға жуығы жұмыс­шы­лар мен қыз­метшілер бол­ды. Олар­дың 20%-ы – түсті ме­тал­лурги­яда, 120 мыңы – та­сымал жұмы­сын­да, 46 мыңы – құры­лыс­тарда еңбек етті.

Осы­лай­ша, Қазақстан 15 жыл ішінде кеңестік мем­ле­кетті қалып­тасты­ру жо­лымен жүріп өтті.

l 1936 жылғы 5 жел­тоқсан – КСРО Кеңес­терінің төтен­ше VI­II съезінде КСРО Конс­ти­туци­ясы қабыл­данды.

Қазақ АКСР-ы Одақтас рес­публи­ка бо­лып қай­та құры­лып, Қазақ КСР-і атан­ды (бар­лығы 11 одақтас рес­публи­ка)

l 1937 жылғы на­урыз – Қазақстан Кеңес­терінің төтен­ше X съезінде Қазақ КСР-і Конс­ти­туци­ясы қабыл­данды. Он­да:

Рес­публи­каның са­яси негізі – еңбекшілер де­путат­та­рының Кеңес­тері;

Рес­публи­каның эко­номи­калық негізі – со­ци­алистік ша­ру­ашы­лық жүйесі және өндіріс құрал­да­ры мен құрал-жаб­дықта­рына со­ци­алистік меншік деп атап өтілді.

1937 жылғы жел­тоқсан — КСРО Жоғарғы Кеңесінің сай­ла­уы өткізілді. Жоғарғы Кеңес­ке рес­публи­кадан 44 де­путат сай­лан­ды.

1938 жылғы ма­усым – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сай­ла­уы өткізілді. Оған бар­лығы 300 де­путат сай­лан­ды:

112-сі – жұмыс­шы;

116-сы – кол­хозшы;

152-сі – қазақ;

60-сы әйел, оның 27-сі қазақ әйелі.

1938 жылғы 15 шілде – Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сес­си­ясы бо­лып, оны Ж. Жа­ба­ев аш­ты.

1939 жылғы жел­тоқсан – жергілікті Кеңес­тер сай­ла­уы өткізіліп, оған 48762 де­путат сай­лан­ды.

20–30 жыл­дар ке­зеңінің қоры­тын­ды­сы:

Тиімді жағы:

Қазақ халқының са­яси теңдікке, тер­ри­тор­тя­лық ав­то­номия құқығына қолы жетті.

Ин­дуст­ри­ясы же­дел да­мыды.

Мәде­ни­ет, білім бе­ру са­ласын­да та­быс­тарға қол жетті.

Тиімсіз жағы:

Эко­номи­ка мен мәде­ни­ет са­ласын­да қол жеткізген та­быс­тар тым қым­батқа түсті;

То­тали­тар­лық, ка­зар­ма­лық жүйе ор­нықты;

Қоғам­дағы та­быс­тар ста­линдік қатал иде­оло­ги­ялық қыс­пақ қор­ша­уын­да қал­ды.

68.Ұлы Отан соғысының (1941-1945 жж.) басталуы. Республика экономикасы мен өмірінің соғыс қажетіне көшірілуі.Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. 1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. «Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.

Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды