- •1) Қазақстан аумағындағы тас ғасыры дәуріндегі адамзат дамуының эволюциялық сипаты.
- •3.Сақ тайпаларының орналасуы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, материалдық және рухани мәдениеті.
- •4.Үйсіндер (усун) мен қаңлылардың (кангюй) қоныстануы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, материалдық және рухани мәдениеті.
- •10.Түркі өркениетіндегі Оғыз мемлекетінің орны мен ролі.
- •15.Монғол дәуіріне дейінгі әдебиет пен ғылым. Шығыстың ұлы ғалым энциклопедияшылары.
- •16.Қазақстан аумағында түрік кезеңінде ислам дінінің таралуы.
- •17.Ұлы Жібек жолы және оның орта ғасырдағы түркі халықтарының экономикалық және мәдени өміріндегі маңызы.
- •18.Монғолдардың Қазақстан жерін басып алуы және ұлыстардың құрылуы.
- •19.Алтын Орданың құрамындағы және оның құлауы кезіндегі Қазақстан.
- •24.Қазақ хандығының құрылуы – хіv-хv ғғ. Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының заңды нәтижесі.
- •25.Қазақ мемлекетінің алғашқы билеушілер тұсында нығаюы. Мұрындық (Бұрындық) (1480-1511) және Қасым хан (1511-1523).
- •27.Хақназар хан (1538-1580) және Тәуекел хан (1586-1598) билік еткен кезеңдегі Қазақ хандығы.
- •30.Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі. Ұлт-азаттық күрестің батырлары.
- •33.Хvііі ғ. Бірінші ширегіндегі Қазақстандағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай
- •34.Кіші жүз жерінің Ресей империясына қосылуының негізгі алғы шарттары.
- •36.Абылай хан саяси және мемлекет қайраткері.
- •39.Хіх ғ. Екінші жартысында капиталистік қатынастардың таралуы және оның Қазақстан тұрғындарының шаруашылық өмірі мен әлеуметтік жағдайына әсері (1867-1868 жж. Әкімшілік-аумақтық реформа).
- •40.Хіх ғ. Екінші жартысында Қазақстандағы Ресей империясы саясатының жер мәселесіндегі отаршылдық сипаты.
- •41.Хіх ғ. Екінші жартысындағы Ресей мен Қытайдың
- •43.Хх ғ. Басындағы патша үкіметінің Қазақстанға қоныстандыру саясаты: қажеттілігі, даму барысы және нәтижелері.
- •45.Бөкей хандығының құрылуы. И.Тайманов пен м.Өтемісов бастаған қазақтар көтерілісі.
- •46.Қазақ халқының Кенесары Қасымұлы бастаған отаршылдыққа қарсы күресі.
- •48.Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Қоқан және Хиуа феодалдарына қарсы күресі.
- •49.Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Әдістері және нәтижелері.
- •51.Ш.Уәлихановтың, ы.Алтынсариннің, а.Құнанбаевтың ағартушылық қызметі.
- •52.Хіх ғ. Соңы мен хх ғ. Басындағы қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •58.Қазақстандағы азамат соғысы. Кеңестердің «әскери коммунизм» саясатының мәні.
- •60.Қазақ акср-гі білімнің қазақ халқы үшін маңызы.
- •69. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарындағы өшпес ерліктері – Кеңес халқы патриотизмінің жарқын көрінісі.
- •80.Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы .
- •88.Қазақстандағы экология: жай-күйі және
- •93.Астана – тәуелсіздік символы
- •95.Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы 2012 ж. 14 желтоқсан.
- •96.Қазақстан – «экспо-2017» көрмесін ұйымдастырушы ел
- •97. Қр Президенті н.Назарбаевтың «Елбасының елдік сабағы» дәрісі. 2013 ж. 3 қыркүйек.
- •98.«Нұр Отан» партиясының «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» атты жаңа саяси доктринасы. 2013ж. 18 қазан.
- •99.Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына « «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы 2014 ж. 11 қараша.
16.Қазақстан аумағында түрік кезеңінде ислам дінінің таралуы.
1)Қазақстанның тарихы мен мәдениеті жүздеген жылдар бойы исламмен байланысты. Орталық Азия аймағына мұсылмандық идеяларының келуі VII-VIII ғасырлардан басталады. Бірінші араб миссионерлері сонау VII ғасырдан бастап аймағымызға келе бастаған. Ислам жеңісінің соңы VIII ғасырда болды. 751 жылы Тараздың жанындағы Атлах қаласында араб армиясы қытай әскерлерін жеңіп, қытай әскерлері Жетісуді тастап қашқан. Осы жеңістен кейін бүкіл Орталық Азияда исламның бекуі мен мұсылман мәдениетінің күшеюі басталды.Қазіргі Қазақстан аумағында исламның дамуы бірнеше жүз жылдарға дейін созылды. Жаңа дін бірінші оңтүстік аудандарда дамыды. Х ғасырда ислам Жетісу мен Сырдария өңірлерінде кең тарады. Алдымен Х ғасырда мұсылмандықты қабылдаған Қарахандықтар әулетінен Сатық, ал оның баласы Боғра хан Харун Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады.Аймақтың исламдануы басқа да діндердің болуына қарамастан бейбіт мақсатта жүрді. Ұлы Жібек жолы көптеген дін үйретушілердің даңқты жолы болды, оларға христиандықты, буддизмді, зороастризмді жатқызуға болады. Алқаптағы түркі жұртшылығына кең тараған теңгірлікті де айтуға болады. Жұртшылық арасында исламның таралуы ешқандай қанаушылықсыз-ақ таратылып жатты. Ислам мәдениеттің дамуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл дінге бейімделу Таяу және Орта Шығыс елдерімен рухани, ғылыми, мәдени байланысуға септігін тигізді. Әртүрлі ұлт өкілдерінің қарым-қатынасы білім мен өнер саласының өркендеп, мұсылмандықтың Ренессанс дәуіріне негіз салды. Жалпы, IХ-ХII ғасырлардағы араб-ислам әлеміндегі мәдениеттің дамуын осылай атайды.
2)Ислам VIII-IX ғ-да Оңт.Қаз.да кең тарады.Ислам діні алғаш рет қарлұқтар арасында таралған(760ж).Қарахандықтар 960 жылы исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады.XI-XII ғ.да бұл дін қыпшақтар арасында кең тараған.Ең алғашқы мұсылман бейіттері Отырардан (9-10ғ) боран қала жұртынан (10ғ)табылды.Ең алғашқы мешіттер Кедер мен Күлтөбеде салынған.Ежелгі кесенелер:Бабаджа хатун,(X-XI)Айша бибі.(XI-XII) Қарахан кесенелері.XV-XVII ғ-да ислам дінінің таралуына суфистік миссионерлер елеулі үлес қосты. Суфизмнің түркі дәстүрін Қожа Ахмет Йассауи таратты: «Диуани хикмет» еңбегінде исламның негізгі қағыйдалары қарастырылды. Көшпелілер арасында тәңірге, табиғатқа, ата баба аруағына табыну сақталды. Отқа табыну ерекше болып, От-Ана үйдің қамқоршысы деп саналды. Ата-баба аруағын құрметтеп көптеген әулиелер атымен қоғамның топтарын байланыстырды: Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатима ана- әйелдер мен балалар қамқоршысы. Қорқыт ата- қазақ бақсыларының, әнші күйшілердің қамқоршысы. Түкті Шәшті Әзиз Баба –қазақ батырларының қамқоршысы. Диқан баба –егіншілер қамқоршысы. Қыдыр ата-игілік, молшылық, бақыт әкелуші
17.Ұлы Жібек жолы және оның орта ғасырдағы түркі халықтарының экономикалық және мәдени өміріндегі маңызы.
VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді. Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар». VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес. Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған
