- •1) Қазақстан аумағындағы тас ғасыры дәуріндегі адамзат дамуының эволюциялық сипаты.
- •3.Сақ тайпаларының орналасуы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, материалдық және рухани мәдениеті.
- •4.Үйсіндер (усун) мен қаңлылардың (кангюй) қоныстануы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, материалдық және рухани мәдениеті.
- •10.Түркі өркениетіндегі Оғыз мемлекетінің орны мен ролі.
- •15.Монғол дәуіріне дейінгі әдебиет пен ғылым. Шығыстың ұлы ғалым энциклопедияшылары.
- •16.Қазақстан аумағында түрік кезеңінде ислам дінінің таралуы.
- •17.Ұлы Жібек жолы және оның орта ғасырдағы түркі халықтарының экономикалық және мәдени өміріндегі маңызы.
- •18.Монғолдардың Қазақстан жерін басып алуы және ұлыстардың құрылуы.
- •19.Алтын Орданың құрамындағы және оның құлауы кезіндегі Қазақстан.
- •24.Қазақ хандығының құрылуы – хіv-хv ғғ. Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының заңды нәтижесі.
- •25.Қазақ мемлекетінің алғашқы билеушілер тұсында нығаюы. Мұрындық (Бұрындық) (1480-1511) және Қасым хан (1511-1523).
- •27.Хақназар хан (1538-1580) және Тәуекел хан (1586-1598) билік еткен кезеңдегі Қазақ хандығы.
- •30.Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі. Ұлт-азаттық күрестің батырлары.
- •33.Хvііі ғ. Бірінші ширегіндегі Қазақстандағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай
- •34.Кіші жүз жерінің Ресей империясына қосылуының негізгі алғы шарттары.
- •36.Абылай хан саяси және мемлекет қайраткері.
- •39.Хіх ғ. Екінші жартысында капиталистік қатынастардың таралуы және оның Қазақстан тұрғындарының шаруашылық өмірі мен әлеуметтік жағдайына әсері (1867-1868 жж. Әкімшілік-аумақтық реформа).
- •40.Хіх ғ. Екінші жартысында Қазақстандағы Ресей империясы саясатының жер мәселесіндегі отаршылдық сипаты.
- •41.Хіх ғ. Екінші жартысындағы Ресей мен Қытайдың
- •43.Хх ғ. Басындағы патша үкіметінің Қазақстанға қоныстандыру саясаты: қажеттілігі, даму барысы және нәтижелері.
- •45.Бөкей хандығының құрылуы. И.Тайманов пен м.Өтемісов бастаған қазақтар көтерілісі.
- •46.Қазақ халқының Кенесары Қасымұлы бастаған отаршылдыққа қарсы күресі.
- •48.Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Қоқан және Хиуа феодалдарына қарсы күресі.
- •49.Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Әдістері және нәтижелері.
- •51.Ш.Уәлихановтың, ы.Алтынсариннің, а.Құнанбаевтың ағартушылық қызметі.
- •52.Хіх ғ. Соңы мен хх ғ. Басындағы қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •58.Қазақстандағы азамат соғысы. Кеңестердің «әскери коммунизм» саясатының мәні.
- •60.Қазақ акср-гі білімнің қазақ халқы үшін маңызы.
- •69. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарындағы өшпес ерліктері – Кеңес халқы патриотизмінің жарқын көрінісі.
- •80.Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы .
- •88.Қазақстандағы экология: жай-күйі және
- •93.Астана – тәуелсіздік символы
- •95.Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы 2012 ж. 14 желтоқсан.
- •96.Қазақстан – «экспо-2017» көрмесін ұйымдастырушы ел
- •97. Қр Президенті н.Назарбаевтың «Елбасының елдік сабағы» дәрісі. 2013 ж. 3 қыркүйек.
- •98.«Нұр Отан» партиясының «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» атты жаңа саяси доктринасы. 2013ж. 18 қазан.
- •99.Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына « «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы 2014 ж. 11 қараша.
95.Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы 2012 ж. 14 желтоқсан.
"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;
Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;
Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;
Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;
Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Мен өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп білемін. Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика. Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз. Үшіншіден, біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз. Төртіншіден, біз дәйекті түрде саяситежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып,
96.Қазақстан – «экспо-2017» көрмесін ұйымдастырушы ел
Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.
Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.
ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. ХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады.
Дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Көрмені өткізу үшін елорданың оңтүстік-шығысында жер учаскесі бөлінген. Осы учаскеде павильондар, сонымен қатар жаңа спутниктік қалашық және энергетика саласындағы ең заманауи технологиялармен жабдықталатын инновациялық кластерлер салынады.
ХКБ-мен бірге көрме қалашығының дизайнын жасап шығаруға халықаралық байқау жарияланған, жеңімпазы 2013 жылдың қазан айында жарияланады, құрылысы 2014 жылы басталады деп жоспарлануда.
Осындай іс-шараны ұйымдастыру үлкен күшті қажет етеді. Сәуірдің жиырма екісі Назарбаев жауапкершілікті тиісті Астана Экспо 2017 Ұлттық компаниясына арта отырып, Экспо 2017 көрмесіне дайындық шараларының басқарылуын жеңілдету бойынша жоспарлар туралы жариялады. Осы компания Республика үкіметіне тікелей бағынышты және Астана қаласының әкімдігімен бірге түрлі салаларды, соның ішінде көліктік жоспарлауды жасап шығарумен айналысады.
1851 жылы Лондондағы алғашқы дүниежүзілік көрмені өткізу үшін Хрусталь сарайы салынғаннан бері дүниежүзілік көрмелер ұйымдастырушы-қаланы ерекшелейтін, ерекше сәулетті құруға бағытталған. Көрмені өткізгеннен кейінгі аса әйгілі құрылыс Парижде 1889 жылы салынған Эйфель мұнарасы болды. Астанада бастапқыда белгілік құрылыс ретінде көрме кешеніне кіре берісте уақытша арканың құрылысы жоспарланған болатын, Бұдан басқа, өзге өрескел ғимараттардың құрылысы жоспарлануда.
Дүниежүзілік көрмені өткізгеннен қалатын мұраға көрмені ұйымдастырушы-қалалардың және олардың елдерінің халықаралық алаңдағы маңызын арттыру жатады. Қазақстан көрменің өткізілуіне зор қаражаттар жұмсауды жоспарлауына қарамастан (шамамен 1,5 млрд. АҚШ доллар), сәтті дүниежүзілік көрме әдетте ұйымдастырушы-ел жұмсағаннан артық инвестицияларды тартады. Мұнай мен газдың орасан зор қорына қарамастан, Қазақстан Экспо 2017 көрмесін өзі үшін және ХКБ өзге мүшелері үшін баламалы энергия және энергиялық тиімділік саласындағы инновациялық технологияларды көрсету мүмкіндігі ретінде қарастырады. Қазақстан үкіметі болашақта энергияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында жел, күн және өзге баламалы энергия көздерінің қолданылуын көрсетпекші.
