Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС АЗАСТАН ТАРИХЫ 104.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.13 Mб
Скачать

15.Монғол дәуіріне дейінгі әдебиет пен ғылым. Шығыстың ұлы ғалым энциклопедияшылары.

1) Ерте орта ғ.да түркілердің өзіндік сына жазуы қалыптасты.Ол Орхон Енисей сына азуы д.а.Ежелгі түркі жазуы түркі тілінің фонетикалық ерекшеліктерін толық жеткізе алатын 37 не 38 белгіден тұрады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өз-ң құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталдыВ.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді.Могилян жазба ескерткіші — Орхон езені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғ.соны). Ескерткіш Күтлүғ(Капаған) кағаннын баласы Могилянға арналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапкан Н. М. Ядринцев, алғаш рет окыған В. В. Радлов. Жазуда Могиляннын, Күлтегіннін, Тоныкөктын жорыктары баяндалған.Орта ғасырлық мәдениеттің аса көрнекті өкілі философ әрі ғалым энциклопедист,Отырардан шыққан Әбу Насыр әл Фараби болды.Ол философия,математика,геодезия,сәулет өнері,медицина сияқты салалары бойынша іргелі зерттеулерімен танылды.Ол «Екінші ұстаз» деген атаққа ие болған.Ол жастық шағында туған қаласы Отырардан,Бұқарада,Мервте,Каирда,Шамда,Бағдатта ізденіп білім алады.Шамда(Дамааск)қайтыс болады.Ол шығармашылық қызметінде араб,парсы,грек,үнді,түркі мәдениеті мен ғылымын дамытты.Оның «Музыканың үлкен кітабы», «Ғылымның жіктелуі туралы сөз», «Даналық геммалары»,т.б. еңбектері бар.Орта ғасырларда Қарахан мемлекеті тұсында түркі тілі мен әдебиетінің аса құнды ескерткіштерін мұраға қалдырған Жүсіп Баласағұн мен Махмұд Қашқари өмір сүрген.Ж.Баласағұн 1015жылы Баласағұн қаласында туып өскен.

Ол текті отбасында тәрбиеленіп,жақсы білім алған.1069-1070ж жазылған «Құтты білік» дастаны бар.Бұл еңбегі терең философиялық мәндегі этикалық-моральдық трактат.Түркі халықтарының тілі,фольклоры,этнографиясы туралы шығармалардың авторы М.Қашқари.Тегі Қарахан ақсүйектерінің әулетіне жатады.Жас шағынан Қашғар,Бұхар,Нишапур қалаларында білім алған.Оның «Диуани лұғат ат түрік» атты еңбегі 1072-1074ж жазылған.Бұл еңбекте түркі тілдес тайпалардың лингвистикалық,тарихи мәдени,этнографиялық,географиялық материаллдары жинақталып,оларға жан жақты талдау жасалған.Орта ғасырлық мәд.пен ғылымның тағы бір аса көрнекті өкілі Қожа Ахмет Иассауи б.т.Ол исламдағы сопылық бағыттың негізін салушы,ойшыл,әрі ақын ретінде бүкіл түркі әлеміне мәшһүр болған.А.Иассауидың ең басты еңбегі «Диуани хикмет» д.а.Ол сопылық тәжірибені толық меңгеріп,ислам ғылымын,араб,парсы әдебиеттерін жетік меңгерген.

2) Отырар(Фараб)ойшылдарының ең атақтысы,топ жарғаны-«Шығыстың Аристотелі»атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби(870-950жж.). Араб,парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда,әл-Фараби 870жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар)қаласында,отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған.Әл-Фараби логика,әуез,астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. сонымен қатар педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп,мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан.Әбунасыр метофизика,тіл білімі, логика, география, этика,т.б.ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазып қалдырыпты. Махмұд Қашқари-түркі халқының XIғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі.Ол Жүсіптің замандасы. Махмұд Талас-Шу алқабындағы Барысхан қаласында туған. Бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз,ғалымдар оның атақты шығармасы «Диуани лұғат ат-түрік»(«Түркі сөздерінің жинағы»)1072немесе 1078жылдары жазылған деп шамалап жүр. Бұл «жинақ» «орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы» деп атауға тұратын шығарма,сол кездегі тайпалар туралы нақты материалдардан құрастырылған үш томдық әйгілі еңбек.Қожа Ахмет Йасауи Халқымыздың руханиятына үлкен әсер еткен ортағасырлық ақын,философ,дін уағыздаушы.Ортағасырлық Орталық Азия мұсылмандары үшін аса жауапты кезең болатын.Ахмет Йасауидің туған жылы белгісіз,1166жылы өлген,XII ғасырдың өкілі.Жасаған жасын өлген жылынан шегеріп тастап,зерттеушілер оны 1093жылы дүниеге келген деп жобалайды.Түркістан маңында туып,ер жеткен соң,Түркістан қаласында өзінің шығармашылық,діни қызметін бастаған. Қожа Ахмет Яссауи ата-анасынан ерте айырылған,бірақ өте талапты,дарынды жас түркі елінің атақты шейхтары Арыстанбаб және Жүсіп Хамаданидан тәлім,білім алады.Кейін білімін Бұхарадағы діни орталықтарда жалғастырып,діндар адам болып Йасы қаласына оралады.Ахмет Йасауидің қаламынан туған көлемді шығарманың бірі-«Диуани хикмет»-«Даналық кітабы».Ол оғыз-қыпшақ тілінде жазылған.Сонымен Қожа Ахмет Йасауи-XIIғасырда өмір сүрген үлкен философ,ғұлама ойшыл,ақын,мейірімге,кішіпейілділікке уағыздаушы діндар бүгінде халқымыздың қасиетті әулиесіне айналып отыр.Жүсіп Баласағұни(1015-1075жж.).-XIғасырдағы аса көрнекті ғалымдардың бірі.Толық аты-Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни.Ғалым өзінің атақты дастаны «Құтадғұ білік»еңбегімен белгілі.Ғалым еңбегінде түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық-саяси өмірі,әдет-ғұрпы,наным-сенімдері туралы мағлұматтар береді. Жүсіптің басты көңіл бөлген мәселесі-мемлекеттің саяси- қоғамдық және мәдени мәселелері болған.Ол өзінің еңбегінде: «Арабша,тәжікше кітаптар көп,ал бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы»,-деп,түркі тіліндегі кітаптардың жоқтығын айтады.Бұл кітап ел арасында тез тарап,авторы тірі кезінде-ақ абыройлы атаққа ие болған.

Источник: http://reftrend.ru/802196.html