Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС АЗАСТАН ТАРИХЫ 104.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.13 Mб
Скачать

34.Кіші жүз жерінің Ресей империясына қосылуының негізгі алғы шарттары.

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1693-1748ж.) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайыр ханнын мақсаттары.1.Қалмақтармен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату. 2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу. 3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау. 4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру. Ханның ен басты мақсаты - жонғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату. Әбілхайыр осыған дейін, 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз калдырған болатын.1730 жыл - Кіші жүз билері Әбілхайырға Жонғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды. Алайда, хан 1730 жылғы қыркүйекте Петербургкке аттандырылған елшілеріне әскери одақ күру емес, Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпан - елшілер Сейітқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна кабылдады. Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілхайырдан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз салдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды. 1731 жылғы 10 қазан - Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдін қол астына кіруге ант берді. Кіші жүздің Хиуа хандығымен аудандары Ресей империясына косылмады. Қазақ тарихындағы осы маңызды процесті тарихшылар әртүрлі бағалайды: - М.Макшеев, И.Завалишин т .б. Әбілхайырдың іс - әрекеттерін тұтасынан ақтайды. - А.И.Левшин бұл бодандықты Әбілхайырдың жеке бас мүддесін ойлағаннан туыңдаған іс - әрекет деп түйіндейді. Кіші жүз Ресей кұрамына кіргеннен кейін де жағдай күрделі күйінде қалды: жоңғарлардың басқыншылық әрекеттері тоқтамады. Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, Патша үкіметінін мақсаты - қазақ - жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.

35.Әскери линиялар мен бекіністердің салынуы – патша үкіметінің Қазақстандағы әскери отарлау әрекетінің басталуы.қазақ-жоңғар соғысы қызу жүріп жатқан кезде, патша үкіметі Ертіс өзенінің бойындағы аймақта әскери бекіністер шебін салуды одан әрі жалғастыру ісін қолға алды. Бұл міндетті орындау үшін И.Д. Бухгольцтің экспедициясынан басқа бірқатар ғылыми- барлау және әскери экспедициялар жіберілді. Оларды А.Д. Бекович-Черкасский 1715—1716 жылдары Хиуа хандығына, И.М. Лихарев 1719—1720 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысына карай бастап барды. 1716 жылы Ертістің оң жағалауында Жәмішев және Омбы, 1717 жылы Железинка, Колбасинская, 1718 жылы —Семей, 1720 жылы — Өскемен, Черноярская және Коряковская бекіністері салынды. Ке- йінірек олардың ара-арасында шағын бекініс-қамалдар мен редуттар (ұсақ-түйек далалық бекіністері) пайда болды. Мұндай бекіністердің салыну себебін Сібірдегі орыс өкімет орындары Жоңғар қалмақтарына қазақтардың шапқыншылығынан қорғану үшін, ал қазақтарға жауынгер жоңғарлардың шапқыншылығынан қорғану үшін салынып жатыр деп түсіндірумен болды. Ал істің шын мәніне келгенде ол бекіністер патша үкіметінің Ертіс өзені бойындағы жағдайын күшейту үшін өте қолайлы плацдарм еді. Ондағы негізгі мақсат алдағы кезде қазақ хандығының аумағын да, жоңгар қонтайшыларының қол астындағы жерлерді де басып алып, өзіне карату болатын. Бұл жөнінде белгілі орыс ғалымы Н. Коншин былай деп жазды: «Ертіс бойындагы бекіністер шебі осылай құрылды. Оның міндеті оң жагалаудагы жерлерді жоңғарлардан, ал одан соң көп ұзамай-ақ қыргыздардан (қазақтардан) қорғау еді».