Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС АЗАСТАН ТАРИХЫ 104.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.13 Mб
Скачать

33.Хvііі ғ. Бірінші ширегіндегі Қазақстандағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай

.XVI ғасырда Қазақ хандығы Қасым ханның тұсында (1511-1521) ең жоғарғы қуаттылығына жетті. Ішкі жағдайымыз тынышталып, қазақ рулары Қасым ханға қосыла бастады. Сыртқы жағдайымыз біршама алаңдарлықтай еді. Территориясы: Жайық өзені, Сырдария, Ұлытау, Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі. Негізгі мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды өзіне қарату.Қасым ханның соғыс жорықтары:1510 – М. Шайбани Сығанаққа шабуыл жасап жеңіліс тапты, Самарқанға қашты.1510 – Шайбани Мерв түбінде ирандықтардан қаза тапты.1513 – Қасым хан Сайрамды алды.1513 – Ташкент билеушісі Сүйінішке Қаттабекпен бірігіп соғыс ашты.Ташкент түбінде Қасым хан жараланып, Сайрамға шегінді. 1514 жылы Моғолстан ханы Сұлтан Саид Шығыс Түркістанға кеткен соң, Жетісу Қазақ хандығына өтті.Қазақ саны 1 млн.-ға жетті.Алғаш орыс мемлекетімен (Василий ІІІ. 1505-1513) дип. Қатынас орнатты.«Қасым ханның қасқа жолы» атты заңдар жинағы болды. Заң 5 бөлімнен тұрды (мал-мүлікке б/ты, қылмыс, әскери қызмет, елшілік,дәстүрлерді өткізу туралы) .Қасым ханның билігінің соғында тыныштық заман орнады. Сауран қаласы сауда орталығына айналды. 1521 жыл – Қасым хан Сарайшықта қайтыс болды.Қасым ханның өлімінен кейін Қазақ хандығында тартыстар пайда болып, хандық әлсіреп қалды. Қасымның мұрагері Мамаш тартыс барысында қаза тауып, Тақыр (1523 - 1533) хан болды. Ол қырғыздармен одақтасып, 1524 жылы Моғолстанға қарсы соғысты. Тақырдың дипломатиялық, әскери таланты болмады. Хан Ноғайлардан жеңілді, Сыр қалаларын қайтарып ала алмады. Тақырдан кейін Бұйдаш хан болды (1533 - 1534) Оның тұсында да тартыстар тоқтамады. Нәтижесінде, өзбектер мен Моғолстан бірігіп Жетісуды жаулап алды.Осы тартыстардан елді құтқарып, жағдайды қалып қа келтірген Хақназар хан (1538- 1580) болды. Негізгі мақсаты: Қасым хан тұсындағы иеліктерді қалпына келтіру. Территориясы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағалауы . Хақназар тұсында ноғайлар Қазақ хандығына кірді. Хақназарды «қазақтар мен қырғыздар ханы» деп атайды.1560 – моғолдар қазақ-қырғыз одағын жеңді. Соның нәтижесінде, ойраттар шабуылы әсерінде Жетісу жері қазақтардан алына берді.Башқұрт деректерінде Хақназарға башқұрттардың да бағынғаны айтылады.Хақназар тұсында Орыстармен саяси және сауда қатынасы дамыды (1569 ж. Семен Мальцев; 1573 ж. Чебуков).1563 жылдан Сібір хандығын билеген Көшім хан Қазақтармен дұшпан болды1573 ж. Орыс елшісі Чебуков Көшімнің бұйрығымен өлтірілді.Жағдайдың ауырлығы Хақназарды одақтас іздеуге итермеледі. ІІ Абдаллах пен Хақназар одақтас болды. Хақназар Баба сұлтан мен Абдаллах арасында бірде бірін, бірде екіншісін қолдап, айла жүргізді. Нәтижесінде:Абдаллах Сыр қалаларын қазақтарға берді.Баба сұлтан сойырғал ретінде Йассы мен Сауранды берді.Хақназар хан Баба сұлтанның тыңшысының қолынан 1580 жылы қаза тапты. Хақназар ханның саясатының маңызы:Хандық аумағы кеңейді.Дербес мемлекет ретінде танымал болды.Хан билігі күшейдіІшкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақты болуы.Хақназардан кейін оның немере інісі Шығай (1580 - 1582) хан болды. Шығайдан кейін оның баласы Тәуекел (1582-1598) елді биледі. Бұл кезде Сыр бойындағы Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалалары ІІ Абдаллахтың иелігінде болды. 1586 – Тәуекел Түркістанды алып, Ташкентке қауіп төндірді.1586-1594 – Тәуекел хандық үшін Хақназар ұрпақтарымен күресті.1594 – Мәскеуге Құл-Мұхаммед бастаған елшілік жіберді. 1595 – Мәскеуден Степанов бастаған елшілік келеді.XVI ғ. Ойраттар қазақ әскерінен жеңіліп, тәуелділікке түседі. Тәуекел хан өзін қазақ пен қалмақтың ханы деп санады.1598 жыл – Абдаллах өлімінен кейін Орта Азияға жаңа соғыс бастады. Тәуекел хан Бұқар түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды. XVI ғасырда Қазақ хандығы өзінің сыртқы саясатында біршама жетістіктерге жетіп, белгілі бола бастады. Ішкі жағдайы да біршама тұрақты болатын.

2) Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Мал өнімдері оларды тамақ, киім кешек, тұрғын үй матералдары, сонымен бірге көлік қызметімен қамтамасыз етіп отырды. Мал және мал өнімдері көрші халыөтармен айырбас жасайтын өаражат көзі де болды. Қазақ жерінің табиғи жағрапиялық ерекшеліктеріне байланысты қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылыөпен айналысты. Көшіп қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды. Қазақстар егіншілікпен де айналысты. Қазақ хандығының түрлі аумақтарында егіншіліктің дамуы әркелкі болды. Негізінен отырықшы егіншілікпен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан халықтары айналысты. Қазақтар көбіне тары дақылын екті. XVI ғ.ң соңына қарай Ресей мемлекеті Қазақ хандығы және Орта Азия мемлекеттерімен сауда байланысын жандандырды. Сырдария, Түркістан қалаларында дәстүрлі сауда дамыды. XVI XVII ғ.да бұл қалалар саяси орталықтарға айналып, онда қазақ хандары мен сұлтандары қоныстанды. Сыр бойындағы қалаларда дүкендер, базарлар, ақша сарайлары жұмыс істеді. Қазақ хандығы тұсында қазақ қоғамы негізгі екі әлеуметтік топқа бөлінді: ақсүйектер мен қарасүйектер. Ақсүйектерге: Шыңғыс ханның тұқымдары сұлтандар, төрелер және Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтары қожалар жатты. Шыңғыс ханның ұрпақтарының әрқайсысы ханндық билікке үміткер саналды. Қарасүйек тобынан ерекше құқықтар иеленген тек билер ғана болды. Яғни, ру биінің қолына соттық, әкімшілік билік шоғырланды. Билер құрылтайға қатысты. Батыр деген құрмет тек танытқан ерлігі мен соғыс қимылыдағы шеберлік үшін ғана берілеген. Қазақ әлекметтік қоғамында ешбір құқығы жоқ құлдар болды. Бұл топ өкілдерін негізінен соғыс тұтқындары құрады. Қоғам мүшелері мүлкінінің мөлшеріне сай бай кедей болып бөлінді. Осы кезеңде қазақ қоғамы әлеуметтіе топтардың иерархиялық ұйымдасқан құрылымынан тұрды.