Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 сын. .т. 1-2 чтв саб. ж. 2013-14.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.85 Кб
Скачать

III. Жаңа сабақ.

Адам баласының алғаш қолданған еңбек құралдары тастан жасалған. Еңбек құралдарын тастан жасау, оны қолдану дәуірі өте ұзаққа созылған. Сондықтан адамзат тарихының осы кезеңі тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі үшке бөлінеді деп темендегі кестенің көмегімен тас дөуірінің кезеңдерімен таныстырамын.

Тас дәуірі

Ежелгі тас дәуірі (палеолит) (б.з.б. 2 млн 500-12 мыңжылдыктар)

Орта тас дәуірі

(мезолит)(б.з.б.12-5мыңжылдықтар)

Жаңа тас дәуірі

(неолит) (б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар)

Ерте палеолит ( б.з.б. 2 млн 500-140 мыңжылдықтар)

Ортаңғы палеолит (б.з.б. 140-40мыңжылдықтар)

Соңғы палеолит (б.з.б. 40-12мыңжылдықтар)

Тас кезеңі өте ұзаққа созылды. Осы уақытты еңбек құралдардың барлығы дерлік тастан жасалды. Еңбек құралдары арқылы біз қазіргі уақытта сол кездегі адамдардың рухани және материалдық мәдениетінің деңгейі туралы біле аламыз. Алғашқы адамдардың пайдаланған еңбек құралдары: тескіш, кескіш (чоппер), қырғыш, чоппинг, қол шапқы, пышақ, найза, болас.

Тас дәуіріндегі табиғаты мүлде басқаша болатын еді. Б.з.д. 100-80 мың жылдай бұрын ауа райы күрт суи бастаған. Жер бетін мұз басты. 12-13 мың жыл бұрын мұздық ери бастаған. Топан сулар толып жатты. Топан сулардың басудан кейін қазіргі ауа райы, флора мен фаунасы қалыптаса бастады. Адамдардың өмір сүру жағдайлары біршама жақсара бастады.

Ежелгі Қазақстан табиғаты

Қазіргі Қазакстан табиғаты

Мезолиттегі өзгерістер:

  • Мұздың еріп, табиғаттың өзгеруі,

  • Ірі жан-жануарлардың құрып кетуі,

  • Жебелі садақтың, бумерангтың, кақпан мен тұзақтың пайда болуы,

  • Балық аулаудың көбеюі қайықтың пайда болуына түрткі болды,

  • Мал шаруашылығы мен егіншіліктің алғашкы белгілері пайда бола бастады,

  • Тас өңдеудің жетіле түсуі,

  • Еуразия, Қиыр Шығыс, Америка құрлығының адам мекенінің игілігіне айнала бастауы.

Неолит дәуірінің жаңалықтары:

  • Тас өңдеу әдістері жетіліп, жоғарғы дәрежеге жетті,

  • Ыдыс жасауды үйренді,

  • Жабайы аңдарды қолға үйрете бастады,

  • Егіншілікпен айналыса бастады,

  • Кен өндірісінің негізгі белгілері пайда болды. Мезолит пен неолит дәуіріндегі жетістіктерді тактаға ілінген тас дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің суреті аркылы сипаттап шығамын. Картадан оқушыларға тас дәуірінің ескерткіштері шоғырланған аймақтарды көрсетемін.

Қорытындысы: Тас дәуірі біз көріп отырғандай адамзат дамуының ең ұзакка созылған дәуірі. Мұз басу дәуірі Қазақстан аумағына жетпегенмен, мұздың еруі Қазақстанның табиғатына әсер етті. Мезолит дәуірі палеолит пен неолит кезеңі арасындағы жалғастырушы көпір болса, ал неолит кезеңіндегі жеткен жетістіктерінің маңызының зор болғандығы соншалық, тарихта оны ғалымдар «неолит төңкерісі» деп атады.

V. Бағалау:

  1. Даукенов М. - ­­­­­­­_________;

  2. Нұржанова А. - ­­­­­­­_________;

  3. Смағұлова Г. - ­­­­­­­_________.

VI.Үйге тапсырма: 14-параграфты оқу. Параграфтың соңындағы сұрак-тапсырмаларға ауызша дайындалып келу.

Сынып: 5 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жеріндегі қола дәуір кезеңі.

Сабақтың мақсаты:

  • Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дөуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.

  • Қола дәуірінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, кола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артыкшылығы пен ерекшелігін ашып көрсете білу, картаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын аныктай білу кабілеттерін дамыту.

  • Адамзат дамуындағы ұлы жетістіктердің еңбектің аркасында келгендігін айта отырып, оқушыларды еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі екенін үғыну.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: шағын дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: «Ежелгі Қазақстан» картасы, қола дәуірінің еібек құралдарының суреттері

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Ежелгі тас дәуірінде қоршаған орта, табиғат кандай болды?

  2. Орта тас дәуірінде қандай аң аулайтын құралдар шықты?

  3. Мезолит дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?

  4. Мезолит аңшылары кандай жетістіктерге жетті?

  5. Жаңа тас дәуірінде қандай ірі жаңалықтар болды?

Жаңа такырыптың жоспары:

  1. Қола дәуірі.

  2. Қола дәуірінің ерекшелігі.

  3. Қола дәуірі (мық) мәдениеті.

  4. Ескерткіштері.