Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 сын. .т. 1-2 чтв саб. ж. 2013-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.85 Кб
Скачать

Сынып: 5 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Сабақтың тақырыбы: Тарих туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

  • «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер» курсының мазмұны мен маңыздылығымен таныстыра отырып, тарих ғылымының жалпы ғылым ретінде қалыптысу тарихымен таныстыру.

  • Қоғамдық ғылымдардың ішінде тарих пәнінің ұлттық қасиетті танытудағы өткенді саралап, болашақты бағдарлауда әрбір адам үшін қажетті екендігінің мәнін ашып көрсету.

  • Оқушыларға сабақты түсіндіріле келе Отанын, әнұранын жатқа білу Отан алдындағы парызы деп оқушыларды туған жерді, елді сүюге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: шағын дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың алғашқы кезеңін әңгіме түрінде өткізге отырып, қалған бөлігінде оқушыларды оқулықтың құрылымы және мазмұнымен , оқулықтың сыртқы мұқабасының мағынасын түсіндіріп, авторларын жазғызып қою.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Тарих ұғымы, тарих пәні.

  2. Тарих ғылымының қалыптасып, дамуы.

  3. Тарихты оқып, білу не үшін қажет?

  4. Қазақстан тарихынан әңгімелер пәнінің құрылымы.

III. Жаңа сабақ.

Адамзат баласы пайда болғаннан қазіргі күнгег дейін неьір қызықты оқиғалар. Мен үлкенді-кішілі соғыстар басынан кешірді. Осынының бәрін тарих абағымызда үйренеміз. Тарих – ол ең алдымен, жекелеген ұлы тұлғалардың, халықтар мен мемлекеттердің басынан өткен оқиғала мен ерлік істері. «Тарих» сөзін алғаш қолданған арабтар болды. «Тарих» сөзі – «зерттеу», «оқиғаларжайлы әңгіме», деген мағынаны білдіреді. Тарих адамзат қоғамының өткенін жан-жақты зерттейтін ғылым саласы. Тарих ғылымы – астрономия, арифметика ғылымдары сияқты ең көне ғылымдардың бірі. Ежелгі заманнан бастап тарихи оқиғаларды есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болды. Қазақтарда оларды «шежірешілер» деп атады. «Шежіре» сөзі - есте сақтау, жадыдағы білім, рухни қазына дегенді білдіреді. Жазба таризтің негізін салушы ежелгі грек тарихшысы, жиһангез Геродот болып есептеледі. Оны Батыс әлемінде «тариз атасы» дейді. Ал Шығыста тарих атасы Сыма Цянді атайды.Тарихты жазудың құндылығын жекелеген елдерде патшалар мен хандар түсінді. Олар өз сарайларда жылнамашыларды ұстаған болатын. Біздің тарихты білудің маңызы ол ата-бабаларымыздың қандай болғандығын олардың ерлік істері, тыныс-тіршіліктері туралы білу үшін орасан зор.

Қорытынды.

Осылайша сабақты әңгіме түрінде өткізіп шығып былайша қорытындылаймын. Тарих сабағы сендер аса назар аударып аңғарсаңдар өте қызықты пән. Сондықтан әр сабаққа тыңғылықты дайындалып отырсаңдар ғана сендер өздерің бұрын-соңды білмеген қызықты әңгімелерді біліп, оқып шығатын боласыңдар. Тарих – ең көне ғылымдардың бірі, соған қарамастан бүгінде оның маңызы зор және ешқашан жайылмайды, себебі кез-келген ғылым саласын алсақ, ең алдымен оны оқып меңгеру үшін оның пайда болу тарихын білу қажет.

Қарапайым адамнан үлкен ғалымға дейін жақсы азамат болу үшін тарихты сүю керек. Ағаш тамырымен, адам өз тарихымен өседі.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. «Тарих» сөзнің мағынасы қандай ?

  2. Шежірешілер мен жылнамашылар кім болды ?

  3. Тарихты оқып білудің қандай артықшылықтары бар ?

V. Бағалау:

  1. Даукенов М. - ­­­­­­­_________;

  2. Нұржанова А. - ­­­­­­­_________;

  3. Смағұлова Г. - ­­­­­­­_________.

V І Үйге тапсырма: §1, оқу.

Сынып: 5 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Сабақтың тақырыбы: Тарихи жәдігерлер, түсініктер.

Сабақтың мақсаты:

  • Тарихи дерек дегеніміз не, оның түрлері, олар қалай пайда болады. Археология, этнография ғылымдары нені зерттейтіндері, олардың тарих ғылымын терең меңгерудегі маңызы туралы білім беру;

  • Оқушыларды өз ойларын жеткізіп, пікір айтуға бейімдеу, ойларын қорытындылап салыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Өткен сабақтың материалдарымен байланыстыра отырып, деректердің ерекшелігі мен айырмашылығын, ұқсастығын айырып таба білу сияқты ойлау қабілетін дамыту;

  • Тарих пәнінің салаларының тарихты жазудағы маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: шағын дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Тарих» сөзі қандай мағынаны білдіреді ?

  2. «Тарихтың атасы» деп кімдерді атаймыз ?

  3. Шежірешілер мен жылнамашылар деп кімдерді атаймыз ?

  4. Тарихты оқып білу бізге не үшін керек ?

  1. Жазба тарихтың негізін салушы кім ?

А) Геродот; В) Рашид ад-Дин; С) әл-Фараби; Д) Алаша хан.

2)Шығыс әлеміндегі «тарих атасы» деп кім болып есептеледі ?

А) Геродот; В) Сыма Цянь; С) әл-Фараби; Д) Қадырғали Жалайыри.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Тарихи дерек көздері.

  2. Тарихи дерек көздерінің түрлері.

  3. Аузша деректер.

  4. Жазбаша деректер.

  5. Тарихи деректердің басқа түрлерге сипаттама.