Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия учебное пособие 2015-2016 гг.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.15 Mб
Скачать
  1. Бақылау сұрақтары:

1. Осмос дегеніміз не?

2. Диффузия дегеніміз не?

3. Неліктен кейбір заттар ерігенде жылу бөлінеді, ал кейбіреулері ерігенде жылу сіңіріледі?

  1. Тест тапсырмалары:

1. Сольваттар дегеніміз не?

1) еріген зат бөлшектерінің еріткіш молекулаларымен араласу қүбылысы

2) еріген заттың еріткішпен әрекеттесуінен түзілген құрамы тұрақты болатын қосылыс

3) еріген зат молекулаларының еріткіш молекулаларына қарай бір бағытта қозғалуы

4) еріген зат бөлшектерінің еріткіш молекулаларымен әрекеттесуінен түзілген құрамы ауыспалы болатын қосылыс

5) еріген зат бөлшектерінің ассоциациялануы,

2. Қандай құбылыс гидраттану деп аталады?

1) тұз иондары мен су бөлшектерінің әрекеттесуі

2) еріген зат бөлшектерінің ерітінді молекулаларымен әрекеттесуі

3) тұз иондарының су молекулаларымен әрекеттесуі

4) еріген зат бөлшектерінің су молекулаларымен әрекеттесуі

5) су молекулаларының бір-бірімен әрекеттесуі

3. Қандай заттар кристаллогидраттар деп аталады?

1) сумен әрекеттесе алатын заттар

2) еріген зат бөлшектерінің еріткіш молекулаларымен әрекеттесуінен түзілген қосылыс

3) еріген зат бөлшектерінің су молекулаларымен әрекеттесуінен түзілген гидраттар

4) тұз иондарының су молекулаларымен әрекеттесуінен түзілген заттар

5) құрамында су молекулалары болатын қатты заттар

4. Заттың еру жылуы дегеніміз не?

1) кез-келген зат ерігенде сіңірілетін жылу мөлшері

2) 1 моль зат ерігенде бөлінетін жылу мөлшері

3) заттың еруі кезінде бөлініп шығатын немесе сіңірілетін жылу мөлшері

4) зат еріген кезде кристалдық торды бұзуға жұмсалатын жылу мөлшері

5) гидраттану кезінде бөлінетін жылу мөлшері

5. Еру кезінде байқалатын жалпы жылу мөлшерін қандай формуламен өрнектейді?

1) ΔН = ΣΔНөнім + ΣΔНбаст.заттар

2) ΔН = ΔG + TΔS

3) ΔН = ΔН2 - ΔН1

4) ΔН = - Q

5) ΔНE = ΔНГ + ΔНК

6. Қаныққан бу деп қандай буды айтады?

1) конденсациялану жылдамдығы булану жылдамдығынан көп болған кездегі бу

2) булану жылдамдығы конденсациялану жылдамдығынан көп болған кездегі бу

3) Еріткіш молекулаларының булану жылдамдығы конденсациялану жылдамдығына теңескен жағдайдағы бу

4) ерітіндінің булану жылдамдығы конденсациялану жылдамдығына тең болған жағдайдағы бу

5) 1000 С температурада қайнаған еріткіш буы

7. Ерітінді бетіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымының төмендеуін қалай белгілейді?

1)

2)

3)

4) С = k·p

5)

8. Не себебтен калий гидроксиді суда ерігенде жылу бөлінеді?

1) гидраттану жылуы мен кристал торды бұзуға арналған жылудың қосындысы нөльге тең болады

2) гидраттану кезінде бөлінетін жылу мөлшері кристалды бұзуға жұмсалатын жылудан аз болады

3) гидраттану кезінде бөлінетін жылу мөлшері кристалды бұзуға жұмсалатын жылуға тең болады

4) кристалды бұзуға жұмсалатын жылудан гидраттану кезінде бөлінетін жылу мөлшері көп болады

5) гидраттану жылуы мен кристал торды бұзуға арналған жылудың қосындысы нөльден үлкен болады

9. Аммоний нитратын суда еріткенде жылу:

1) бөлінбейді

2) бөлінеді

3) сіңіріледі

4) жұтылмайды

5) алдымен жұтылып кейін бөлінеді

10. Ерітінді бетіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымының салыстырмалы төмендеуін қалай белгілейді?

1)

2)

3)

4) С = k·p

5)

11. Раульдің 1-ші заңының математикалық өрнектелуі:

1) Δtқайнау = ЕС

2) С = k·p

3)

4) Δtқайнау = t1қайнау - tқайнау

5)

12. Ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылауы қай формуламен өрнектеледі?

1) Δtқайнау = t1қайнау + tқайнау

2) Δtқайнау = t1қайнау − tқайнау

3) Δtқайнау = ЕС

4) Δtқайнау = КС

5) Δtқайнау = КС + ЕС

13. Ерітіндінің қату температурасының төмендеуі қай формуламен өрнектеледі?

1) Δtқату = КС

2) Δtқату = t1қату + tқату

3) Δtқату = ЕС

4) Δtқату = t1қату - tқату

5) Δtқату = КС + ЕС

14. Криоскопия дегеніміз не?

1) ерітіндінің қату температурасының температурасына теңелуін

2) ерітіндінің қайнау температурасын өлшеу

3) ерітіндінің қату температурасының төмендеуі

4) ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылауы

5) ерітіндінің қату температурасын өлшеу

15. Эбулиоскопия деп нені айтады?

1) ерітіндінің қату температурасын өлшеуді

2) ерітіндінің қайнау температурасын өлшеуді

3) ерітіндінің қату температурасының төмендеуін

4) ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылауын

5) ерітіндінің қайнау температурасының қату температурасына теңелуін

16. Эбулиоскопиялық және криоскопиялық тұрақтылар неге тәуелді болады?

1) еріткіштің тегіне

2) ерітіндінің табиғатына

3) еріген заттың табиғатына

4) еріген заттың құрамына

5) ерітіндінің концентрациясына

17. Қандай су кристалдық су деп аталады?

1) кристаллогидратты ерітетін су

2) қатты (кристалдық) затты қайта кристалдауға жұмсалатын су

3) кристаллогидрат құрамындағы су

4) еріген зат бөлшектерін гидраттайтын су

5) тұз иондарын гидролиздейтін су

18. Қай қосылыс кристаллогидратқа жатады?

1) CO2·5H2O

2) Na2SO4+H2O

3) CuSO4·5H2O

4) NH3·3H2O

5) NH3 +3H2O

19. Газдардың еріткіштегі ерігіштігі температура өскен сайын?

1) артады

2) кемиді

3) алдымен артады одан кейін кемиді

4) алдымен кемиді одан кейін артады

5) өзгермейді

20. Қандай құбылыс осмос деп аталады?

1) еріген зат бөлшектерінің су молекулаларымен әрекеттесуі

2) еріген зат молекулаларының ерітінді бойына біртекті таралуы

3) жартылай өткізгіш арқылы өтетін біржақты диффузия

4) ерітінді бетіндегі қаныққан бу қысымының салыстырмалы төмендеуі

5) қаныққан бу қысымының еріген заттың мольдік үлесіне тәуелділігі

21. Қандай құбылысты диффузия деп атайды?

1) қаныққан бу қысымының еріген заттың мольдік үлесіне тәуелділігі

2) жартылай өткізгіш арқылы өтетін біржақты диффузия

3) еріген зат бөлшектерінің су молекулаларымен әрекеттесуі

4) ерітінді бетіндегі қаныққан бу қысымының салыстырмалы төмендеуі

5) еріген зат молекулаларының еріткіш молекулаларының арасына біркелкі таралуы

22. Газдардың еріткіштегі ерігіштігі қысым өскен сайын?

1) өзгермейді

2) алдымен артады одан кейін кемиді

3) кемиді

4) алдымен кемиді одан кейін артады

5) артады

23. Еріген заттың молярлық үлесін қай формуламен анықтайды?

1)

2)

3)

4)

5) N = υNA

24. Генри заңының математикалық өрнегі:

1) N = υNA

2) C = kp

3)

4) Δtқату = t1қату + tқату

5) Δtқату = КС

25. Диффузия:

1) қайтымды процесс

2) өздігінен жүрмейтін құбылыс

3) жоғары температураның әсерінен жүретін құбылыс

4) өздігінен жүретін құбылыс

5) қысымды арттырғанда жүретін құбылыс

26. Раульдің 2-ші заңының математикалық өрнегі:

1) Δtқату = КС Δtқайнау = ЕС

2) С = kp Δp = p0 – p

3)

4) Δtқату = t1қату + tқату Δtқайнау = t1қайнау + tқайнау

5)

27. Кристалдық торды бұзуға жұмсалатын энергия қалай өрнектеледі?

1) ΔН298

2) ΔНГ

3) ΔНЕ

4) ΔНК

5) ΔН

28. Осмос құбылысы қай уақытта тоқтайды?

1) ерітіндідегі екі жақтың концентрацияларының айырмашылығы артқанда

2) біржақты диффузия құбылысы аяқталғанда

3) ерітіндідегі екі жақтың концентрациялары теңескенде

4) диффузия құбылысы тоқтағанда

5) ерітіндідегі еріген заттың концентрациясы азайғанда

29. Диффузия дегеніміз:

1) молекула аралық байланысты күшейтетін құбылыс

2) ерітіндідегі еріген заттың концентрациясын азайтатын құбылыс

3) ерітіндідегі екі жақтың концентрацияларының айырмашылығын арттыратын құбылыс

4) броундық қозғалысқа кедергі жасайтын құбылыс

5) концентрацияларын теңестіруге әкеп соғатын заттардың өздігінен жүретін қозғалысы, яғни орын ауыстыруы

30. 2,5 г глицеринді 100 г суда еріткенде ерітіндінің қату температурасы 0,506 градусқа төмендеді. Судың криоскопиялық тұрақтысының мәні 1,86. Глицериннің молекулалық массасын табыңыз:

1) 95

2) 92

3) 76

4) 96

5) 90

11 дәріс. Ерітінділердің жалпы қасиеттері. Электролит ерітінділері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]