- •1. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы
- •2. Иондық байланыс Мысалдар 169 бет
- •3. Алюминий гидроксиді (Al(oh)3) құрамындағы элементтердің массалық үлесін есепте
- •1 Заттардың және олардың физикалық қасиеттері
- •2 Ковалентті байланыс дегеніміз не? Мысалдар.
- •3 Темір (III) оксидінің Fe2o3 40 грамында қанша грам темір бар екендігін табыңдар
- •1 Атом молекулалық ілімнің қағидаларын мысалдар келтіре отырып осы ілімнің қалыптасуына қай елдің ғалымдарының үлесі болды?
- •2 Атомның құрамы және құрылысы 143, 145 бет
- •3 Алюминий оксидінің Al2o3 қандай массасында 15.5 г алюминий болады
- •1. Атомдар, молекулалар дегеніміз не? 44 бет
- •2. Тотығу тотықсыздану реакциялары мысалдар 144 бет
- •1. Химиялық элементтер, олардың таңбалары және атауы. Оны кім шығарды?
- •2. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар дегеніміз не?
- •3. 1.5 Моль натрий сульфаты Na2so4 берілген. Осы тұздың массасын тап.
- •1. Жай және күделі заттар. Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса анықтама және мысал келтір
- •2. Негіздер: құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері, алынуы. 119 бет
- •1. Химиялық формула. Химиялық элементтердің валенттілігі дегеніміз не және валенттілік термині нені білдіреді? 35 бет.
- •2. Қышқылдар: құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері, алынуы.Мысал келтір 87, 90, 122 бет
- •Қышқылдардың химиялық қасиеттері
- •3. Массасы 22г көмірқышқыл газының зат мөлшерін есепте.
- •1. Физикалық және химиялық құбылыстар дегеніміз не және айырмашылығы Химиялық реакциялар. Мысалдар
- •2. Оксидтер: алынуы, жіктелуі, химиялық қасиеттері. 114-116 бет.
- •Жай және күрделі заттарды жағу арқылы:
- •3. Құрамындағы элементтердің массалық үлесі мынадай: к39.69% Mn 27.87% o 32.46% тұздың қарапайым формуласын есепте.
- •1. Сутекке жалпы сипаттама. Алыну жолдарын реакция теңдеуі арқылы өрнекте.
- •2. Сілтілік металдар және галогендердің периодтық жүйеге орналасуы. Мысалдар.
- •3. 30Г тұзды 170г суда еріткенде түзілетін ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай болады?
- •1. Химиялық реакциялардың теңдеулері, зат массасының сақталу заңы.
- •2. Натрий пжо (периодтық жүйедегі орны) және оның маңызды қосылыстары. Мысалдар
- •2. Оттектің аллотропиясы деген не? Озон және озон қабатының жердегі тіршілік үшін маңызы қандай?
- •3. CuSo4 5h2o-ның салыстырмалы молекулалық массасын есепте.
- •1. Химиялық элементтердің қасиеттерінің периодтық орны бойынша сипаттамасы Периодтық жүйедегі орнына қарай элементті және оның қосылыстарын сипаттау
- •Химиялық элементтердің электртерістілігі
- •2. Хлор пжо (периодтық жүйедегі орны) бойынша сипатта. Олардың маңызды қосылыстарының мысалдары
- •Химиялық қасиеттері
- •Cl2-нің алынуы және қолданылуы
- •1. Атомның құрамы және құрылысы дегеніміз не? Ол қандай бөлшектерден тұрады?
- •Мазмұны
- •Электрон
- •Атом құрылысы[өңдеу]
- •2. Тұздар: құрамы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы 92 бет.
- •3. 20%-Тік 500г ерітінді даярлау үшін қанша грамм тұз қанша грамм су қажет?
- •1. Химиялық элементтердің жіктелуі мысалдар келтіріп заттардың формуласын жазыңдар.
- •2. Жай және күрделі заттардың жіктелуі. Генетикалық байланысты қалай қалпына келтіруге болады? Металдар және бейметалдар.
- •3. Массасы 12,6 г азот қышқылын бейтараптау үшін мыс(II) гидроксиді қанша массасы және мөлшері қажет екенін есептеңдер.
- •1. Химиялық элементтердің электр терістігі ұғымдарының айырмасы неде?
- •2. Ерігіштік дегеніміз не? Ерігіштік өлшемін қандай шам алар арқылы анықталады?
- •3. Массасы 620г натрий оксиді әрекеттескенде сілтінің қандай массасы және қанша мөлшері түзілетінін есептеңдер.
- •1. Заттың аморфты және кристалды жүйелері
- •2. Ерітінділер концентрациясы дегеніміз не және оны қандай тәсілдермен көрсетуге болады? Тұздардың алыну жолдары ...
- •3. Массасы 7,4 г кальций гидрооксиді қанша грамм фосфор қышқылымен әрекеттеседі.
- •1. Кристалл торларының түрлері және оның түйіндері дегеніміз не? Заттардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі
- •2. Отттекті зертханада қалай алуға болатынын түсіндір.
- •3. Массасы 4,6 г натрийді 150 г суда еріту арқылы алынған ерітіндідегі натрий сілтісінің массалық үлесі
- •1. Ауа-газдар қоспасын қалай түсінесің? Атмосфералық ауаны ластанудан қалай қорғаймыз?
- •2. Зертханада хлордың алыну жолдарын реакциялар теңдеуі арқылы өрнекте.
- •3. Массасы 28 г. Литий суда ерігенде сутектің қанша көлемі түзіледі?
- •1. Оттегі химиялық элементінің аллотропиясы қалай аталады? Қандай зат екендігін түсіндір.
- •2. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш туралы түсінік
- •3. Массасы 0,1 моль барий хлориді қанша моль күкірт қышқылымен әрекеттесе алады?
- •1. Табиғаттағы судың маңызы және физикалық/химиялық қасиеті және қолданылуы
- •2. Химиялық реакцияның жылу эффекті деген не? Өлшем бірлігі
- •3. 50 Г 16%-тік сілті ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм сілті алу керек?
- •1. Табиғаттағы тірі организмдердегі және адам тіршілігіндегі химиялық реакциялардың биологиялық маңызы қандай? Мысал келтір.
- •2. Изотоп деген не? Сутектің изотоптары қалай аталады? Молекулалық фолрмуласын жаз және аттарын ата.
- •3. 78 Г калий сумен әрекеттескенде калий гидроксидінің қандай массасы және қанша мөлшері түзіледі?
- •1. Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. HCl физикалық-химиялық реакция теңдеуі.
- •2. Зат мөлшері деген не? Өлшем бірлігі. Авагадро саны нені көрсетеді?
- •3. Дәріханада 500 г 9%-тік ерітінді дайындау үшін ас тұзының және судың қандай массасы қажет?
- •1. Бейтараптану реакциясын теңдеулер арқылы көрсет
- •2. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс деген не? Мысалдарды теңдеу арқылы өрнекте.
- •1. Галогендердің атом құрылысы қандай агрегаттық күйінде қандай заңдылықтар болады?
- •2. Металдардың кернеу қатарын және оны қалай түсінесің?
№1 Билет
1. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы
Химия ғылымының негізгі даму кезеңдері
Химия дамуының барлық тарихы оның негізгі алдыға қойған мәселесін шешу жолында әдістеме-тәсілдердің ауысып отыруымен сипатталады. Химия ғылымының даму деңгейіне байланысты материя құрылымы, табиғаттағы заттардың құрамы, олардың бөлшектері - молекулалардың құрылымы туралы ұғымдар да өзгеріп отырды.
XVIII ғасырға дейінгі химияның даму кезеңінде қажетті қасиеттері бар заттарды алу мәселелері көп жағдайда оңды нәтиже бере қойған жоқ. Табиғаттағы денелердің қасиеттерінің пайда болуы туралы екі ұдай пікір айтылған болатын. Антикалық уақыттың ұлы ғұламалары Демокрит (б.э.д. 470-380 ж.), Эпикур (б.э.д. 341-270 ж.) атомистік теорияны ұсынды. Олардың көзқарасы бойынша, барлық денелер көлемдері мен формалары әр түрлі атомдардан тұрады, ал бұл атомдар олардың сапалық өзгешеліктерін түсіндіреді деген данышпандық көзқарасты ұстады.
Ал Аристотель (б.э.д. 384-322 ж.) мен Эмподокл (б.э.д. 490-430 ж.) табиғатта кездесетін денелердің әр түрлілігі олардың қасиеттерінің: жылу мен суықтың, құрғақтық пен ылғалдың, жарық пен қараңғының тағы басқа тіркесіп келуі арқылы түсіндіріледі деп айтты. Кейінірек осы көзқарасты ортағасырлық алхимиктер де дамытты. Бұл кезеңде табиғат туралы білім жүйесін құраған — натурфилософия мен кәсіптік химия жеке-жеке дамыды.
Ал заттардың қасиеттерінің мәселесін шешу тәсілдері XVII ғасырдың екінші жартысында Р.Бойлдің еңбектерінде көрініс тапты.
Оның зерттеулері денелердің қасиеттері абсолютті емес, олар оны құраушы материалдық элементтердің сипаттарына байланысты екендігін көрсетті. XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың басына дейін заттардың құрамы туралы ілім барлық сол кездегі химияны қамтыды. Ол қазір де химияның бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Химия ғылымдары дамуының екінші кезеңі немесе құрылымдық химия XIX ғасырды қамтиды. Химия дамуының бұл кезеңі өндірістің мануфактуралық сипатының техникаға, кеңейтілген материалдық-шикізат базасына негізделген фабрикалық сипатпен алмасуы арқылы сипатталады.
Сол кездегі химия өнеркәсібінде өсімдік пен жануарлардан алынатын заттарды өңдеу орын алды, олардың әрқайсысының ерекше сапалық ерекшеліктері болды, дегенмен, құрамы бірдей: яғни көбінесе сутегі, оттегі, көміртегі, күкірт, азот, фосфордан тұрды. Сонымен, заттардың жеке қасиеттері олардың химиялық құрамымен анықталмайтындығы белгілі болды.
Ал енді, осыдан кейін заттың құрылымы деген ұғым ғылымға енді. Химиктер заттардың қасиеттері мен сапалық жағынан әр түрлілігі олардың құрамымен емес, молекулаларының құрылымымен анықталатындығына көз жеткізді.
Ал, зат құрылымымен таныс болғаннан кейін оны құрайтын молекулалардың атомдары қайсысы химиялық байланысқа жақсы қатысады, қайсысының қабілеті төмен деген сурақ туды. Себебі, зат құрамына кіретін барлық атомдар химиялық айналымға бірдей дәрежеде қатыспайды екен. Осыдан келіп, «реакцияға қабілеттілік» деген тағы бір ұғым химия ғылымына енді.
Өзінің екінші даму деңгейінде химия аналитикалық ғылымнан синтетикалық ғылымға айналды. Бұл кезең органикалық синтез химиясының дамуымен байланысты.
Осы кезде тоқыма өнеркәсібіне арналған бояулар шығару, дәрі-дәрмек, жасанды жібек алу мүмкіндігі туды.
Бұл кезең — құрылымдық химия кезеңі деген шартты атауға ие болды, оның басты жетістігі — молекула құрылымы мен заттардың функционалдық белсенділігінің арасындағы байланысты анықтау болды.
Химия дамуының үшінші кезеңі — XX ғасырдың бірінші жартысын қамтиды.
XX ғасырдың алғашқы жартысындағы автомобиль өндірісінің, авиацияның, энергетикалық, құрал-жабдық шығарудың дамуы материалдар шығаруға жаңа талаптар қойды.
Жоғары октанды мотор отынын, арнаулы синтетикалық каучук пен пластмасса, беріктігі аса жоғары изоляторлар, органикалық және бейор-ганикалық полимерлер, жартылай өткізгіштер шығару қажеттілігі туды. Бұндай материалдарды алу үшін бұрыннғы заттың құрамы мен құрылымы туралы химиялық білім жеткіліксіз болды. Құрылымдық химия зат қасиеттерінің температураның, қысымның, еріткіштердің тағы басқа факторлардың әсерінен өзгеретіндігін есепке алмаған болатын.
Осыған байланысты, осы кезеңде химия ғылымы процестер мен заттардың езгеру механизмі туралы ғылымға айналды. Осының нәтижесінде қурылыс жумыстарына қажетті ағаш пен металдың орнына синтетикалық материалдар, тамақ шикізаттарын, олиф, лак, жуғыш заттар тағы басқа өндіруді қамтамасыз етті. Ал каучук, этил спирті, жасанды талшық өндіру мұнай шикізатына, азот тыңайтқыштарын алу — ауа азотына негізделді.. Енді үздіксіз жүйемен жұмыс істейтін мұнай-химия өнеркәсібі дамыды.
Егер 1935 жылы тері, резина, талшық, жуғыш заттар, лактар, олиф, сірке қышқылы, этил спирті толығымен тек жануарлар мен өсімдіктер шикізатынан алынатын болса, ал XX ғасырдың 60-шы жылдарында техникалық спирттің 100%-ы, жуғыш заттардың 80%-ы, олиф пен лактың 90%-ы, талшықтың 40%-ы, каучуктың 70% және тері материалдарының 25%-ға жуығы газ және мұнай шикізаттарынан алынды. Сонымен бірге химия жылына мыңдаған тонна малға азық-түлік ретінде қолданылатын мочевина мен белок және миллиондаған тонна тыңайтқыш берді.
Сонымен, химия өзінің дамуының үшінші кезеңінде заттар туралы ғылым емес, заттардың өзгеруі мен өзгеру механизмдері туралы ғылым болды.
Химия ғылымы дамуының төртінші кезеңі — XX ғасырдың екінші жартысы. Бұл кезеңді эволюциялық химия кезеңі деп атайды.