Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия Билет.docx
Скачиваний:
428
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2. Ерітінділер концентрациясы дегеніміз не және оны қандай тәсілдермен көрсетуге болады? Тұздардың алыну жолдары ...

Ерітіндінің концентрациясын химияда әр түрлі тәсілдермен көрсетуге болады. Мысалы: проценттік, молярлық, т.б.Ерітіндінің концентрациясын көрсететін ең қарапайым әдіс проценттік концентрацияны қарастырайық. Күнделікті өмірде және іс жүзінде ерітіндінің концентрациясы процентпен көрсетіледі.

Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі дегеніміз- еріген зат массасының ерітінді массасына қатынасы болып саналады.

Тұздарды алу жолдары:

1) Металл мен бейметаллдан: Мg + Сl 2 = Мg СI 2

2) Негіздік оксид пен қышқылдық оксидтен : МgО + ЅО 3 = Мg ЅО 3

3) Негіздік оксид пен қышқылдар : СаО+ 2 НСІ = CāCỊ 2 + H 2О

4) қышқылдық оксид пен негіздің әрекеттесуінен : СО 2 + Са (ОН) 2 = CаCO 3 + H 2О

5) қышқыл мен негіздің бейтараптануынан H 2SО 4+2NaОH =Νa 2ЅО 4+H 2О

6) Тұз бен қышқылдың әрекеттесуінен : Ва СІ 2 + Н 2 ЅO 4 =BaЅО 4 + 2HCI

7) Тұз бен тұздың әрекеттесуінен СaCI 2+Аg 2СО 3=СaСО 3+ 2AgCI \

8) Тұз бен сілтінің әрекеттесуінен CūЅО 4+2ŃaОH= Ńa 2ЅO 4+ Cū(OH) 2

9) металдың қышқылмен әрекеттесуінен Zň+2HCĪ=ZňCĬ 2 +H 2

10) металл мен тұз әрекеттесуінен : Си + НgCI 2=CuCI 2+ Hq

3. Массасы 7,4 г кальций гидрооксиді қанша грамм фосфор қышқылымен әрекеттеседі.

Шешуі:

 7,4             х Ca{OH}2 + H3PO4  74                98 x= 7.4*98/74= 9.8 грамм

№18 Билет

1. Кристалл торларының түрлері және оның түйіндері дегеніміз не? Заттардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі

Кристалдық тордың базисіндегі бөлшектердің орналасуы, олардың табиғаты мен өзара әсерінің сипатына тығыз байланысты. Бірақ барлық жағдайда , кеңістік тордың түйіндеріндегі бөлшектер, өзара әсерлесу энергиясы ең кіші мәнге ие болатындай шартта жайғасады.

Егер, көрші молекулалардың әсерлесуі кезіндегі центрлерінің ең жақын ар қашықтығы  d, r қаықтықтан үлкен  болса, молекулалардың арасындағы тартылыс күштері басым жәнеолардың жалпы потенциалдық энергиясы теріс. Ал кері жағдайда, яғни, молекулалар біріне- бі рі жақындаған сайын олардың арасындағы тебіліс күштері – оң күштер арта бастайды және потенциялдық энергиялары жоғарылайды. Көбінесе бұл тебіліс күштері электрондар емес атом ядроларының есебінен пайда болады. Екі молекулалардың ара қашықтығы  ro ге теңелгенде олардың жалпы потенциялдық энергиясы минимум болады, яғни, молекулалардың арасындағы тебіліс күштер және тартылыс күштері теңеледі.

Жалпы, атомдар мен молекулалардың арасындағы әсерлесу күштері, гравитациялық және магниттік күштердің өте аздығына байланысты,  таза электрлік деп саналады. Кристалдық тордың түйіндеріндегі атомдардың арасындағы  химиялық байланыс энергиясы, олардың сыртқы қабаттарындағы валенттік электрондардың есебінен жүзеге асады.

Бұл химиялық байланыс энергиясының мөлшері электростатикалық байланыс энергиясымен шамалас, яғни, 10-10 Дж  жуық екендігі білінеді.

Периодтық жүйеде  элементтер, олардың атомдарындағы электрондар мен ядролардың әсерлесу сипатына сәйкес, екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа сыртқы  валенттік электрондары өзінің ядросымен әлсіз байланысқан элементтер,мысалы, сілтілі металдар жатады. Бұлар валенттік электрондарынан оңай айырылып, оң  иондарға айналады. Электронды атомнан жұлыпалуға тең энергия байланыс энергиясы деп аталады және  ол электронвольтпен өлшенеді.

Екінші топқа сыртқы валенттік электрондар саны төрттен асатын элементтер жатады. Электронды қосып алу энергиясы өте жоғары элементтер галоидтар.

Жалпы кристалдарды, өзара әсерлесу сипатына сәйкес, бір бөлшекке  келетін байланыс энергиясы 0.1-ден  7 эВ аралығында өзгеріп отырады. Бұл энергия кристалдан электронды бөліп алу жұмысының мөлшерін көрсетеді. Кристалдар, өздерін құрайтын бөлшектердің табиғатына  және олардың өзара әсерлесу сипатына төрт құрылымды  төрге бөледі.

Кристалдық тордың түйіндернде орналасқан бөлшектердің табиғатына және бөлшектердің арасындағы әрекеттесу күштерінің сипатына байланысты кристалдық торларды төрт түрге бөледі және осыған баййланысты кристалдардың төртеуі бар:

  1. иондық

  2. атомдық

  3. металдық

  4. молекулалық

I Иондық кристалдар. Кристалдық тордың түйіндерінде түрліше таңбалы  иондар орналасқан. Олардың арасындағы өзара әрекеттесу күштері негізінен электірлық (кулондық) болып табылады. Түрліше зарядталған иондардың арасындағы электростатикалық тартылыстан туатын байланыс гетерополярлық  немесе иондық деп аталады.  Иондық тордың мысалы ас тұзының (Na Cl) торын келтіруге болады. Бұл тор кубтық жүйеге жатады. Ақ шеңбер шектер оң зарядталған натрий иондары да, ал қара шеңбер шектерімен хлордың теріс иондары белгіленген. Иондық кристалл молекулалардан емес иондарынан тұрады. Тұтас кристаллды аса зор бір молекула деп қарастыруға болады.

II Атомдық кристаллдар. Кристаллдық тордың түйіндерінде бейтарап атомдар орналасқан. Кристаллдағы бейтарап (сонымен молекуладағы да) атомдарды байланыстыратын байланыс гомеополярлық немесе коваленттік деп аталады. Гомеополярлық байланыс күштері де электірлік сипатта болады (бірақ кулондық емес). Ол күштерді тек кванттық механика негізінде ғана түсіндіруге болады.

III Металдық кристаллдар. Кристаллдық тордың барлық түйіндерінде металдың оң иондары орналасқан. Олардың арасында газ молекулаларына ұқсас, иондар  түзілген кезде атомдарда үзіліп қалған электрондар бейберекет қозғалып жүреді. Бұл электрондар оң иондарды шашыратпай ұстап тұратын «цемент» рөлін атқарады; басқаша болса, оң иондар арасындағы тебілу күштерінің әсерінен тор быт-шыт болған болар еді. Сонымен қатар иондар да электрондарды сыртқа шығармай тор ішінде ұстап тұрады.

Металдың көпшілігінің торларын негізіне үш түрге жатады: көлемдік, центрленген куб, жағы центрленген куб және тағы тығыз гексогоналдық деп аталатын торлар.

IV молекулалық (торлар) кристаллдар. Кристаллдық тордың түйіндерінде белгілі түрде бағдарланған молекулалар орналасады. Кристаллдағы молекулалардың арасындағы байланыс күштерінің тегі де газдарды идеалдықтан ауытқытатын молекулалар арасындағы тартылыс күштерімен бірдей. Сол себебтен оларды Ван-дер-вальстық күштер депатайды. Мысалы, мына заттардың молекулалық торлары болады: H2 , N2 ,O2 , CO2 ,H2 O. Сөйтіп, байырғы мұз да, құрғақ мұз да (қатты көмір қышқыл) молекулалық кристаллдар болып табылады екен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]