Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия Билет.docx
Скачиваний:
428
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2. Тұздар: құрамы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы 92 бет.

Тұздар– химиялық қосылыстар класы; қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОН топтарына ауысқан қосылыстар; қалыпты жағдайда иондық құрылымдағыкристалл заттар.[1]

'Тұздар- Тұздар - қатты кристал заттар, біразы суда жақсы еріп, мөлдір ерітінді түзеді. Суда ерімейтін тұздарға BaCO3,BaSO4,AgCl, және тағы басқлары жатад. Азот қышқылының тұздары түгелдей суда ерімтал. Натрий мен калий тұздарының барлығы дерлік суда жақсы ериді.

Тұздар ерте заманнан белгілі. 1812жылыЯ.Берцелиустұздардыңэлектрхимиялықтеориясын құрды.Электролиттік диссоциациялану теориясышыққаннан кейін, тұздардың суда ерігенде металл атомдары катиондарын және қышқыл қалдығы аниондарын түзетін күрделі заттар екені анықталды. Мысалы, NaNO3Na+1+NO31.

3. 20%-Тік 500г ерітінді даярлау үшін қанша грамм тұз қанша грамм су қажет?

Шешуі:

Массалық үлесті табу формуласы бойынша тұздың (заттың) массасын табамыз

500г*0.2=100г

Судың массасы 500г-100г=400г

Жауабы: 100 грамм тұз және 400 грамм тұз қажет.

15 Билет

1. Химиялық элементтердің жіктелуі мысалдар келтіріп заттардың формуласын жазыңдар.

Ғылымның кез келген саласында деректердің жиналып молаюына байланысты, оларды жіктеп, жүйелеу мен өзарабайланыстарын айқындау жұмысы жүреді.

Химиялық элементтерді жіктеудің қажеттігі туды, себебі олардың саны XIX ғасырдың басынан біртіндеп арта бастады. Сондықтан оларды қасиеттеріне қарай топтастыру жұмысы басталды. Жіктеу элементтерді металдар менбейметалдарға бөлуден басталды; оны шведтің ұлы ғалымы Й.Я. Берцелиус жүзеге асырды. Олардың генетикалыққатарлары мынадай:

металдар → негіздік оксидтер → негіз бейметалдар → қышқылдық оксидтер → қышқыл

Енді нағыз металл мен бір бейметалды алып, олардың өздерінің және қосылыстарының қасиеттерін салыстырасипаттайық: мысалы, натрий мен күкіртті алсақ:

1) Натрий - металл, металдық жылтыры бар, электр тоғы мен жылуды жақсы өткізеді. Ал күкірт - сары түсті ұнтақ зат, бейметалл - жылу мен электр тоғын өткізбейді.

Ал қосылыстарының қасиеттерін салыстырып көрсек:

2) Натрий оксиді Na2О - негіздік оксид, оған суда еритін негіз (сілті) сәйкес келеді (NaOH).

Күкірт оксидтері SО2, SО3 қышқылдық оксидтер, оларға қышқылдар H23, H24 сәйкес келеді.

3) Оксидтерінің химиялық қасиеттерін еске түсірсек: Na2О + Н2О = 2NaOH Na2О + SО3= Na24 Na2О + H24= Na24+H2О

3+H2О=H24 SО3+CaO = CaSО4 SО3+2NaOH = Na24+H2О

4) Қышқылдарды анықтайтын индикаторлар:

көк лакмус → қызарады метилоранж → қызарады

Негіздерді анықтайтын индикаторлар:

метилоранж → сарғаяды фенолфталеин → таңкурай түске боялады

Осы екі үлкен қатардан басқа олардың аралығында орналаса алатын қосылыстарының қасиеттері екіжақтыэлементтер де көптeн табыла бастады (Zn, Al, Be).

Бериллий оксиді тұз қышқылымен әрекеттескенде негіздік оксидтің қасиетін көрсетеді:

ВеО + 2HCl = ВеСl2+ Н2O

ВеО + 2NaOH= Na2BeO2+ Н2O

Екінші реакцияда ВеО қышқылдық оксидтің қасиетін көрсетіп, екідайлылық танытады.

Екідайлы оксид пен гидроксид түзетін металдардың өздері де екі түрлі қасиет көрсетеді; мысалы, беткі қабатыжаңадан тазартылған алюминий кесегі қышқылмен де, сілтімен де сутегін бөле әрекеттеседі.

2Al+6NaOH=2Na3AlO3+3H2

2Аl+6НСl=2АlСl3+ЗН2

Аl2O3+6НСl=2АlСl3+ЗН2O

Al2O3+6NaOH=2Na3AlO3+3H2O

Оксидіне сәйкес гидроксиді де екідайлы қасиет көрсетеді.

Аl(OН)3+ЗНСl=АlСl3+ЗН2O

Al(OH)3+3NaOH=Na3AlO3+3H2O

Осы мысалдардан элементтерді металдар мен бейметалдар деп нақты бөлуге болмайтынын көреміз.

Табиғатта қасиеттері ұқсас элементтер кездеседі, оларды элементтердің табиғи топтары деп атайды. Мысалы,галогендер — фтор, хлор, бром, йод. Олардың молекулалары екі атомды, нағыз бейметалдар (Ғ2, Cl2, Br2, I2).

Олардың барлығы ұшқыш сутекті қосылыстар береді, ерітінділері қышқылдар. Салыстырмалы атомдық массаларының мәндері артқап сайын әлементтердің белсенділіктері кемиді.

Галогендер сияқты элементтердің тағы бір табиғи тобы - халькогендер. Олардың салыстырмалы сипаттамаларынқарастырамыз.

Халькогендердің химиялық реакциялардағы белсенділіктері галогендерге карағанда төмендеу. Салыстырмалыатомдық массалары артқан сайын сутекті қосылыстарының тұрақтылығы кемиді, ал оксидтері - қышқылдык оксидтер, оларға сәйкес қышқылдарының қышқылдылығы әлсірейді.

Қасиеттері карама-қарсы топсілтілік металдар тобы — литий, натрий, калий, рубидий, цезий. Бұлардың молекулалары бір атомды, өте активті, оңай балқитын, сумен шабытты әрекеттесетін, қосылыстарында бір валенттілік көрсететін әлементтер.[1]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]