Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия учебное пособие 2015-2016 гг.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.15 Mб
Скачать

Азаматтық авиация академиясы химия

АЛМАТЫ 2013

УДК 54

Құрастырушылар: Ысқақова Р. А., Әлібекова Р. А., Алдамжарова С. Х. Химия. Оқу құралы. – Алматы: Азаматтық авиация академиясы, 2013 – 196 б.

Оқу құралы «Химия» курсы бойынша қойылған талаптарға сәйкес құрастырылған. Бұл құралда химияның маңызды сұрақтары – химияның негізгі түсініктері мен заңдары, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары, химиялық реакциялардың жалпы заңдылықтары, ерітінділер, электр энергиясының қайнар көзі болып табылатын тотығу-тотықсыздану реакциялары, металдардың физикалық және химиялық қасиеттері –бойынша теориялық материалдар берілген және оларды бекіту үшін әрбір тақырыпқа тест тапсырмалары құрастырылған.

Оқу құралы бакалавриат және колледждің авиациялық мамандықтарының студенттеріне арналған.

©Ысқақова Р. А., Әлібекова Р. А.,

Алдамжарова С. Х. 2013ж

Мазмұны

Кіріспе

4

№ 1 дәріс

Химияның негізгі түсініктері мен заңдары

5

№ 2 дәріс

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

18

№ 3 дәріс

Атом құрылысы

34

№ 4 дәріс

Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

45

№ 5 дәріс

Химиялық байланыс

58

№ 6 дәріс

Химиялық процестердің энергетикасы

71

№ 7 дәріс

Химиялық кинетика

80

№ 8 дәріс

Химиялық тепе-теңдік

91

№ 9 дәріс

Ерітінділердің жалпы қасиеттері. Ерітінділер концентрациясын анықтау жолдары. Ерігіштік

101

№10дәріс

Ерітінділердің жалпы қасиеттері. Сұйылтылған бейэлектролит ерітінділерінің физикалық және химиялық қасиеттері

111

№11 дәріс

Ерітінділердің жалпы қасиеттері. Электролит ерітінділері

121

№12 дәріс

Тотығу- тотықсыздану үрдістері

133

№13дәріс

Сулы ерітінділердегі тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрохимиялық үрдістер

146

№14дәріс

Сулы ерітінділердегі тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электролиз

156

№15дәріс

Металдар мен құймалардың қасиеттері. Коррозия және металдар мен құймаларды коррозиядан қорғау

166

Әдебиеттер тізімі

178

Қосымша деректер

179

Кіріспе

Әрқашанда химияның адамға деген маңызы зор. Ежелде химиялық құбылыстардың арқасында адамдар металл, шыны, бояулар жасайтын.

Жалпы химия химиялық өзгерістердің барлығына қатысы бар заңдылықтар мен теориялық мәселелерді зерттейді. Химияның негізгі міндеттеріне осы ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып өнеркәсіпке, көлікке, ауыл шаруашылығына, тұрмысқа қажетті өнімдерді химиялық жолмен өндіру жатады.

Көптеген химиялық реакциялар энергия бөлу арқылы жүреді. Осы энергияны отын ретінде, іштен жанатын қозғалтқыштарда, космос ракеталарында қолдану химияның міндеттеріне жатады.

Өнеркәсіпті химияландыру техникалық үрдістердің негізгі шарттарының бірі. Химияның осы кездегі жетістіктерін пайдаланудың нәтежесінде өнеркәсіп пен көлікке қажетті жоғары сапалы болаттар және балқымалар, ұшақтар мен автомобильдердің дөңгелектеріне қажетті өте шыдамды резиналар, әртүрлі жартылай өткізгіштер, электротехникаға қажетті оқшаулаушы заттар, атом энергетикасы мен ғарыш техникасына қажетті материалдар мен жоғары калориялы жанғыш қосылыстар, пластмассаның, жасанды талшықтардың көптеген түрлерін өндіру мүмкін болды.

Қазіргі кезде дүние жүзілік маңызы бар мәселелердің бірі - қоршаған ортаны қорғау. Сондықтан химияның бұл саладағы мақсаты өнеркәсіптер мен көліктің жұмыс істеуі кезінде бөлінетін улы заттарды залалсыздандыру немесе пайдалы қосалқы өнімдерге айналдыру.

Жоғары оқу орнында химиядан берілетін білім - қазіргі дүниенің ғылыми бейнесін түсінуге үлкен үлес қосады. Ол бүкіл әлемді құрайтын заттарды, олардың құрамы мен құрылысын, бір-біріне айналу жолдарын, адамзат қажетіне пайдалану мен күнделікті тұрмыста қолдану тәсілдерін қөрсетіп береді. Мұндай түбегейлі мәселелерді жүйелі түрде оқыту студенттердің танымдық көзқарасын қалыптастыруға тікелей әсер етеді.

Студенттер алған білімдерін өздерінің алдағы тәжірибелік қызметінде жаңа құрылымдық материалдарды таңдау барысында, авиациялық техниканы қолдануда, химиялық электр энергия көздерін талғау және коррозиядан қорғану әдістерін жасауда, авиациялық техникаға сенімділікті арттыру, сонымен бірге ұшуда қауіпсіздік әдістерін іске асыра алады.

1 дәріс. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]