Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
китап Перизат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.84 Mб
Скачать

5.1. Жақ сынықтарының уақытша иммобилизациялау әдістері.

Жақтардың уақытша иммобилизациясын жарақаттанғандарды тасымалдау кезінде немесе операцияға дейін жарақаттанған адам саны көп және өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек қажет ететіндерге жасайды. Уақытша иммобилизация ауыз сыртылық немесе ауыз ішілік бекітулер арқылы жасалынады.

Жақтардың уақытша иммобилизациясының ауыз сыртылық әдістері.

Гиппократ кезінде белгілі болған,ең қарапайым әдіс, дәкелік шүйде-иекастылық таңғыш, ол шайқас алаңында жасалануы да мүмкін. Мұнда ол екі рөлді атқарады:сынған жақты ұстап тұрады және қан тоқтатуға қатысады. Уақытында Гиппократ ескерткен, төменгі жақ сынығына жасалынатын таңғыш, қысып басып тұрмау керек,себебі ол жақ сынықтарын орнынан жылжытып, асфиксияны тудыруы мүмкін. Сол уақытта жоғарғы жақ сынығында қысып тұратын таңғыш ұсынуға болады,ол қанды жақсырақ тоқтатып,түсіп тұрған жоғарғы жақты көтеріп,асфиксия мен ликвореяны болдыртпайды. Бірақ қысып тұратын таңғышты тек тістер немесе тіс протездері бар болғанда ғана салуға болады.

Шүйде-иекастылық таңғыштардың көптеген түрлері ұсынылған,бірақ ең кең таралғаны Гиппократ ұсынған таңғыш. Басқа шүйде-иекастылық таңғыштардың кемшіліктері олардың нашар фиксациясы мен вертикальды оралған дәкенің бастан алға немесе артқа түсіп қалуы. Ал Гиппократ таңғышында вертикальды оралатын дәке горизонтальды оралымдардың бұдыр беткейлерінің арасында қысылады,бұл оның бірнеше күн бойы жоғары беріктілігін қамтамасыз етеді. Соғыста атқаратындардың барлығы да бас пен бетке таңғыш салуды білуі тиіс,себебі ол қанды тоқтатып,жараны ластанудан қорғайды және асфиксияны тудыратын сынықтарды ұстап тұрып,олардың қозғалғыштығын азайтады,шок пен қан кетуден сақтайды.

Померанцева-Урбанская авторымен шүйде-иекастылық эластикалық таңғыш ұсынылған, ол жоғарғы және төменгі немесе екі жақтың да уақытша иммобилизациясын қамтамасыз ете алады. Бұл таңғыш үш қабатты қағаз мақтадан тігілген доғал алаңнан тұрады.

8.1. сурет. Померанцева-Урбанская ұсынған стандартты эластикалық иекастылық таңғыш.

Жоғарғы жақ сынығында төменгі жақ таңғыштарының тартылуы аса маңызды болу керек, себебі ол жоғарғы жақтың жоғарыға жылжып ликвореяны азайтады. От жарақаттарынан кейінгі жақ сынықтарының иммобилизациясы үшін арнайы қатты иекастылық шеңдеуіш таңғыш бас киімімен бірге ұсынылған,оның өлшемдері қажеті бойынша өзгертіледі,себебі арнайы ілгіштерден және самай жақ аймағындағы екі цилиндрлі горизонтальды қалталарға ие.

8.2.сурет. Жақ бекітуге арналған стандартты қатты эластикалық транспортты таңғыш.

Бас киімді қолданбас бұрын осы қалталарға мақталы валиктерді енгізу керек,олар резеңке жгуттарды беттен тартып,ұрт терісіндегі іздерін болдыртпайды. Бас киімнің әрбір жағында резеңке тарқыш жгуттарды бекітуге арналған үш ілмегі болады. Шеңдеуіш таңғыш доға тәрізді иілген, бірнеше ойықтары мен көтеріңкі жерлері болады,олар ауыздан бөлінетін сұйықтықтың бөлінуі мен резеңке тартқыш жгуттардың және тілдің бекітілуі үшін керек. Шеңдеуіш таңғышты салған кезде оны таңғыш матамен толтырып иекастыға салады да,арнайы көтеріңкі жерлерге резеңке жгуттарды кигізеді. Керек болған жағдайда алдын ала тігілген тілдік лигатура арқылы шеңдеуіш таңғыштағы арнайы көтеріңкі жеріне бекітуге болады. Шеңдеуіш таңғыш жақ сынықтарын қанағаттанарлық ұстап тұрады,бірақ жарақаттанған адамға белгілі бір ыңғайсыздық туғызады. Аталып кеткен бас киім жоғарғы жақ иммобилизациясына арналған шеңдеуіш қасықпен бірге қолданылуы мүмкін. Шеңдеуіш қасық бұл-жоғарғы жақ тістерінің және оның алдыңғы бөліміне бекітілген металл стерженьдерінің көшірмесін алуға арналған ортопедиялық қалып алатын қасық болып табылады. Бұл негіздер (стерженьдер )доға тәріздес артқа иілген. Біздің елімізде бұл шеңдеуіш « мұрты бар шеңдеуіш қасық» деген атқа ие,ал шет елдерде оны « бұға мүйізі шеңдеуіші» деп атайды. Жоғарғы жақ сынықтарын бекіту үшін немесе зақымдалған жақтағы от жарақаты ақауын жабу үшін шеңдеуіш қасыққа йодоформ(сынық кезінде) немесе Вишневский(жарақат болғанда) жақпасына малынған дәкені салып,ауызға кіргізіп,жоғарғы жақ тістеріне немесе жарақатқа орналастырады. Оны алдын ала бас киімде бекітілген резеңке тартқыш жгуттарға кигізеді.

8.3-сурет. Иекастылық қатты таңғыш.

8.4-сурет. Жоғарғы жақ иммобилизациясына арналған мұрты бар шеңдеуіш қасық.

Тартқыш жгуттар мұртты қасықты,жоғары жақты жоғарыға тартады. Шеңдеуіш қасық қолдануда ыңғайсыз,ол жеңіл тербеліп жылжиды және жоғарғы жақтың тек алдыңғы бөлімін ғана ұстап тұрады. (Збарж,1951). Збаржа аппараты жоғарыда аталған құрылғының жаңартылған түрі болып келеді,бірақ жаман қасиеттері сол қалпында қалған.

Жақ сынықтарын бекітудің ауызішілік әдістері.

Жақ сынықтарын бекітудің танымды әдісі-жақаралық лигатуралық бекіту болып табылады. Бұл әдістің көптеген түрлерінен американдық БЖА хирургы Робверт Айви әдісін ерекше атап кетуге болады. Айви бойынша жақаралық лигатуралық бекітуді салу үшін жарақат адамның берік тұрған төрт жұп антагонист тістері болу керек. Сымның шетінде орналасқан,периодонтит,пульпит белгілері бар тістерді қолданбаған жөн. Дәрігер крампонды қысқыш,қан тоқтататын Бильрот зажимі,анатомиялық пинцет,металл кесетін қайшы,алқа алюминий сымы, 0,5-0,6мм жұмсақ сымға ие болу керек. Керек болса,сымды тесіп,жұмсартуға болады. Ұзындығы 10-12 см сым лигатураны 2/5,3/5 бөлікке бөліп,оны крампонды қысқыштармен алады және сағат тілі бойымен сым шеттерін орнымен ауыстырып , сағат тілі бойымен 360 градусқа айналдырады,нәтижесінде диаметрі 2 мм ілмек алынады. Бір жарақаттанған адам үшін кемінде төрт ілмек керек. Сынықтарды бекітпес бұрын жарақаттанған адамға өткізгіштік немесе бағаналық жансыздандыру жасайды.Керек болғанда науқасқа шұғыл жұқа сым лигатураларын жай қайшымен болса да кесіп,аузын ашқызу керек(құсық,жөтел,қан) Әдетте жақаралық лигатуралық бекітуді 2-3 күннен артық салуға болмайды,себебі периодонтқа артық салмақ түсіп тістер қозғала бастайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]