- •2.Емдеу сауықтыру ұйымдарындағы санитарлық - эпидемияға қарсы тәртіп
- •Науқастың төсеніштерін ауыстыру, сақтау
- •Асептика және антисептика
- •Зарарсыздандыру шараларын өткізуге арналған заттар және ол заттарға қойылатын талаптар:
- •3.Емдеу мекемелерінді тазарту түрлері.Тазарту жиһаздарын өндеу. Стерилизация (залалсыздандыру) . Стерилизация алдындағы тазарту
- •Залалсыздандыру алдындағы тазалау V кезеңнен тұрады:
- •Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды) Азопирам сынамасы
- •Сынама жүргізу
- •Фенолфталеин сынамасы
- •Ыстық, құрғақ ауамен залалсыздандыру
- •4.Қабылдау бөлімшесінің құрылымы және қызметтері Науқастарды қабылдау және санитарлық тазалықты ондеу.
- •1) Дезинсекция - науқасты қарағанда анықталған зиянды жәндіктерді (биттерді) кұрту;
- •2) Гигиеналық булау, душ немесе науқастың денесін сүрту;
- •3) Науқасқа таза ауруханалық киімдерді кигізу.
- •1) Жедел жәрдем көлігімен (сәтсіздік жағдайларда, мертігулерде, жедел ауруларда және созылмалы аурулар өршігенде);
- •2) Бөлімшелік дәрігердің жолдамасымен (үйде емдеу нәтижесіз болғанда) - жоспарлы жатқызу;
- •3) Басқа емдеу-профилактикалық мекемелерден ауыстыр ақылы (әкімшіліктің келісімімен);
- •4) «Өздігінен» (ауруханаға жақын жерде жағдайының нашарлауына байланысты науқастың өз бетімен келуі).
- •Қабылдау бөлімінің құрылысы:
- •Науқасты ауруханаға қабылдау
- •5.Науқастарды бөлімшеге тасымалдау
- •6. Емдеу--қорғау тәртібі және аурухана бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру.
- •1. Қатаң төсектік (аурудың жедел сатысында біраз уакытқа тағайындалады, 1-3 күн), науқас
- •1. Анық сана - науқас сұрақтарға жылдам және нақты жауап береді.
- •1. Науқастың қолын шыбық артериясынан Рs анықтайтындай
- •2. Екінші қолын кеуде торына (кеуделік типті тыныс
- •3. Тыныс алу санын 1 минут ішінде есептеңіз.
- •8.Науқастың функциональді жағдайын бағалау :пульсін есептеу,артериялық қысымын өлшеу.
- •18 Жастан жоғары адамдардағы ақ деңгейінің жіктелуі (артериялық гипертензия бойынша воз, моаг, лчс VI және Ресейдің ұлттық ұсыныстарына сәйкес, 2001) мына кестеде берілген.
- •1 Дәреже 140-159 90-99
- •2 Дәреже 160-179 100-109
- •1. Пациентті ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
- •0,5% Гидрокарбанат натрий немесе 0,5% перманганат калий, ауыз кергіш, тіл ұстағыш, астауша, пинцет, дәкелі салфетка, дәкелі немесе мақталы тампон, шпатель.
- •1. Құлақтың ішін дәкеден жасалған таяқшамен, оны айналдыра отырып тазалаңыз.
- •1. Қолғапты кию
- •1.Науқасты процедура мақсатымен, жүргізу кезеңдерімен таныстыру,
- •12Литр бөлме температурасындағы су,сиымдылығы 1литр
- •100Мл 10%-NaCl-ерітіндісі немесе 20-30% 50мл магний
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру және келісімін алу.
- •1. Науқасты шалқасынан, тізесін бүгіп, шат аралы-
- •1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, колғап киіңіз.
- •1.Науқасты жайлап бір қырына жаткызыңыз, жастықты алып тастаныз.
- •Ойылып қалуға әкелетін факторлар: қысым мен үйкелу
- •Ойылудың даму кезеңдері
- •Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылудың жіктелуі
- •13.Қызбасы бар науқастардың жалпы күтімі.
- •1) Тұрақты (febris continua) - қызудың ұзақ уақыт көтерілуі гс-тан аспайтын тәуліктік тербелумен;
- •1. Терморегуляция
- •2. Дене қызуын өлшеу
- •1. Термометрдің бүтіндігіне көзіңізді жеткізіңіз!
- •1.Науқасқа мәжбүрлі жағдай жасау қажет: аяғын жоғары көтеріп, басынан
- •4. Тері астына егу үшін 10 % сульфокамфокаин ерітіндісін дайындау
- •5. Емделушінің жағдайы жақсарғанда оны кұрғатып сүртіп, дене киімін
- •1. Емделушіні жылыту;
- •14. Науқастарды тамақтандыру
- •15.Ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру
- •Зонд көмегімен тамақтандыру
- •Науқасты асқазан тесігі (гастростома) арқылы қоректендіру
- •Пациентті асқазан тесігі /гастростома / арқылы тамақтандыру
- •Ректальды немесе тамақты тік ішекке клизма арқылы жіберу
- •Парентеральды немесе қоректік заттарды қан тамыры арқылы жіберу
- •16.Науқасты күткенде және оның жанұясымен танысып тіл табысу.
- •1. «Қауіп келтірме». Әрбір ем барлық іс-әрекеттер, дәрігердің нұсқаулары аурудың жағдайын жеңілдетуге бағытталып, оған пайда әкелу керек – бұл басты этикалық принцип.
- •2. Ең жоғарғы байлық – адам өмірі.
- •3. Дәрігер әрбір науқастың жеке өмірін сыйлау керек, моральға жатпайтын қылықтардан аулақ болу керек.
- •4. Дәрігер кәсіби этикасын, өзінің мамандығын сыйлауға тиіс.
- •1. Жеке адамды құрметтеу.2.Автономия.3.Жақсылық жасау.
- •4. Зиян келтірмеу.5.Шындықты айту.6. Құпияны сақтау.7.Әділдік.
- •1. «Мейірбикелік үрдіс,мейірбикелік диагноз »ұғымы.
- •Бағалау
- •Медбикелік диагноз (диагностика)
- •Мейірбикелік көмекті жоспарлау
- •Жоспарлауды жүзеге асыру
- •Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау
- •«В » тізіміне кіретін кейбір (әсері күшті дәрілер) дәрілік заттар:
- •3.Дәрілік заттарды энтеральді және сыртқа енгізу жолдары.
- •Пероральды қабылдаудың кемшіліктері:
- •Ингаляциялық енгізу жолдарының тиімділігі:
- •Ингаляциялық енгізу жолдарының кемшіліктері:
- •1. Тез сіңірілуі және мөлшерлеудің туралығының жоғары болуы
- •2. Дәрі ферменттердің әсеріне ұшырамайды, өйткені тік ішекте ферменттер болмайды, және, дәрі төменгі геморраидальды көк тамырлар арқылы сіңіріліп, бауырға соқпай бірден төменгі қуыс көк тамырға түседі
- •4.Егу бөлмесінің жұмысын ұйымластыру.
- •Егу бөлмесін жинау
- •Жеке қауіпсіздік барьерлері
- •Егу жасауға дайындалу
- •Дәріні ампуладан, флаконнан алу алгоритмі. Антибиотиктерді еріту. Инсулин дозасын есептеу
- •Антибиотиктерді еріту
- •1:1 Тәсіл мен антибиотикті еріту:
- •5.Тері асты,бұлшықетке ,көктамырға егулер жүргізу.
- •Көк тамырға тамшылатып енгізулерге дайындау және жүргізу.
- •I. Көк тамырлық инъекция жасаудың реті.
- •II. Көк тамырға құюды жургізудің реті.
- •1. Науқасқа жасалатын іс-шараны хабарлаңыз;
- •1.Дәріні енгізуді тоқтату,
- •Кальций хлоридін қолдану ерекшеліктерін.
- •Инсулинді енгізу ерекшелігі
- •7.Инъекциядан кейін байқалатын асқынулар
- •7.Науқас жағдайын сараптау
- •1. Анық сана - науқас сұрақтарға жылдам және нақты жауап береді.
- •8.Лабораториялық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау.
- •10.Инструментальды зенрттеуге науқастарды дайындау (ренгенологиялық,эндоскопиялық).
- •12 .Гипертониялық криз,өкпе ісінуі,жүрек аймағында ауырсыну.
- •1 .Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу;
- •III. Мейірбикелік іс-әрекеттер сипаты:
- •I. Мейірбикелік диагноз: Қыжылдау
- •I. Мейірбикелік диагноз: Тәбеттің болмауы
- •I. Мейірбикелік диагноз: Асқазан - ішектен қан кету
- •1. Егер олар ішке қабылданған болса, онда асқазанды шаю жүргізіледі.
- •16.Өкпелік -жүректік реанимациялық шаралар.
- •17.Клиникалық өлім түсінігі.Майітпен жұмыс істеу.
- •1. Преагония
- •2. Агония
- •3. Биологиялық өлім
1.Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы.
Адам - көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар біртұтас жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты түсіне білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.
Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.
Мейірбикелік үрдісті жүзеге асыру үшін мейірбике білуі қажет:
• әртүрлі аурулардың қауіп факторларын, клиникалық көріністерін, асқынуларын, алдын алуды;
• шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету шараларын;
• ішкі мүшелер аурулары кезіндегі науқастардың мәселелерін, мейірбикелік үрдістің мәнін.
Мейірбике істей білуі қажет:
• мейірбикелік үрдіс бойынша науқастардың мейірбикелік күтімін ұйымдастыруды;
• емдеу-диагностикалық және алдын алу шараларын жүргізу кезінде жауапкершілікті аткаруды;
• алғашқы медициналық көмекті көрсетуді; жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуді, паллиативті көмек көрсетуді;
• күтім мен өзін-өзі күту сұрақтары бойынша науқасты және туыстарын үйрету;
• кәсіптік қызмет барысында науқастармен, әріптестермен қарым-қатынаста болу.
Осы оқу құралында нақты жағдайлардағы мейірбикелік үрдістің үлгілері, мейірбикенің кейбір іс-әрекеттері ұғынылады. Оларды меңгеру -терапевтік науқастармен жұмыс істеу кезінде жауапсыздыққа және немқұрайлыққа жол бермейтін мейірбикенің кәсіпкерлілігінің кепілі.
Емдеу мекемелері және олардың қызметінін түрлері
Адам денсаулығы - бұл психикалық, физикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың косындысы. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау кұқығы Конституциямен бекітілген және Қазақстан Республикасының 19.05.1997 жылғы (17.12.1998 жылғы өзгерістермен, толықтырулармен) "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы " заңында жүзеге асырылған, Амбулаторлық көмек:
1) амбулатория (шағын поселоктың, өнеркәсіптік кәсіпорынның немесе ауылдық жердің тұрғындары үшін) немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде); амбулаторияда ауруларды қабылдау тек негізгі мамандықтар бойынша жүргізіледі (терапевт, хирург, стоматолог, гинеколог);
2) ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда медициналық көмекті медико-санитарлық бөлім (МСБ) көрсетеді (онын кұрамына стационар, емхана, здравпункт, профилакторий кіруі мүмкін);
3) здравпункт - МСБ немесе емхананың кұрамдас бөлігі (кәсіпорындарда, құрылыстарда, жоғары және орта оқу орындарында), мұнда алғашқы медициналық көмектен басқа аурушылықтың алдын-алу және төмендету үшін жоспарлы санитарлы-гигиеналык әрі емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі;
4) емхана - келген науқастарға, сондай-ақ үйде, аурулардың және олардың асқынуларының алдын-алу бойынша емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі; барлық мамандық дәрігерлері қабылдайды; лабораторлық, диагностикалық және емдеу бөлмелері бар; науқастарды анықтау, квалифицирленген көмек көрсету, аурушылықты зерттеу, профилактикалық қарау, диспансеризация - аурулардың белгілі бір бөлігінің денсаулығын белсенді бақылау - бойынша жұмыс жүргізеді;
5) диспансерлер - диспансерлік әдіспен жұмыс істейтін ерекше мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекеме, белгілі бір аурумен сырқаттанатын адамдарды емдейді (онкологиялык, психоневрологиялық және т.б.); емдеу және алдын-алумен қатар патронаж (науқастарды үйінде жүйелі белсенді түрде бақылау), санитарлы-насихатты жұмыс жүргізеді;
6) жоғары квалифицирленген медициналық көмек керсететін мамандандырылған кенестік-диагностикалық орталық (көбінесе ірі көпсалалы ауруханаларда, медициналық университеттерде және т.б.);
7) әйелдер консультациясы - гинекологиялык ауруларды емдеу және алдын-алу, жүктілерді бақылау жұмыстары жүргізіледі; акушерка дәрігерге кабылдау ксзіндс кемектеседі, жүктілер патронажын жүргізеді, оларды нәрестелерді күтуге және жеке бас тазалығына үйретеді;
8) жедел жәрдем станциясы тәулік бойы жұмыс істейді, тұрғындарға шұғыл кезде көмек көрсетеді; бригаданы шақыруға өзі баратын, өзі алғашқы көмек көрсететін және науқасты ауруханаға жатқызатын фельдшер басқаруы мүмкін; жедел жәрдем көлігіндегі казіргі кездегі құралдар стационарға дейінгі жолда шұғыл көмек көрсетуге және реанимациялық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.
Стационарлық медициналық көмек жүйелі бақылауды, емдеу мен тексерудің күрделі түрлерін қажет ететін науқастарға көрсетіледі.
Стационардың турлері:
1) аурухана - медицина ғылымы мен техникасының соңғы жетістіктерінің негізінде тұрғындарға жоғары квалифицирленген көмек көрсетеді; кеп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін) және мамандандырылған (инфекциялық, психиатриялық және т.б.) болуы мүмкін; облыстық және республикалық ауруханалар ауыл тұрғындарын жоғары квалифицирленген медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;
2) госпиталь - әскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана;
3) клиника - науқастарды емдеумен қатар ғылыми-зертгеу жұмыстары және студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді окыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме;
4) шипажай - науқастардың емін жалғастыратын стационарлық мекеме; негізінде оны минералдық сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты жерлерге (курортта) салады.
Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге арналған. Аурухана мекемелеріне шұғыл медициналық көмекті, сондай-ақ жүйелі бақылауды (науқастың клиникалық жағдайын бағалау, ренгендік, электрокардиографиялық, эндоскопиялық тексерулерді, қан мен зәр анализдерін және т.б. кайталау) немесе амбулаторлық жағдайда жургізілуі қиындау немесе мүмкін емес емдеу түрлерін (операциялар, көк тамырға, бұлшық етке, тері астына және т.б. жиі егулер, кан мен кан алмастырушыларды құю, физиотерапия және т.с.с.) қажет ететін науқастар жатқызылады.
Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бірсалалы (мамандандырылған) және кұрамына әртүрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және г.б.) бөлімшелер кіретін көпсалалы ауруханалар болады.
Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен белімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты (кабылдау белімінің, гастроэнтерологиялық бөлімшенің мейірбикесі және т.б.). Қазіргі аурухана - бұл қажетті емдеу-диагностикалық аспаптармен және құралдармен жабдықталған медициналық мекеме. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлігі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі кұрамдас бөліктері болып табылады.
Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық және емдеу бөлмелері, операциялық, емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді. Сонымен қатар емдеу бөлімшелерінің құрамына жүретін аурулардың демалуына арналған жерлер, асхана және қосымша бөлмелер (санитарлық, булау бөлмелері, дәретхана, төсек-жабдықтық бөлме) жатады.
Аурухананың әрбір белімшесінде емдеу және диагностикалық іс-шараларды (көк тамырға құюды, кан мен оны алмастырушыларды кұюды, жұлын пунциясын жасауға арналған құралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге кан алуды) орындайтын іс-шаралық мейірбике болады.
Палатадағы ауа жылуы 18-20°С болуы қажет. Тұрақты жылуды және ауа тазалығын қамтамасыз ету үшін палатаны үнемі желдетіп отырған жөн. Қыста күніне 2-3 реттен кем емес, ал жазда тор болған жағдайда терезелер тәулік бойы ашық тұруы керек. Желдету кезінде мейірбике науқастарды жақсылап кымтауы қажет. Палаталарда тек өте кажетті жиһаз ғана тұрғаны жөн төсектер, төсек жанындағы тумбалар, орындықтар (төсек санына байланысты) және мүмкіндігінше ортақ үстел. Есіктің жанына халаттарға арналған ілгіш және қалдықтарға арналған бөшке қойылады. Палатаның ішкі қабырғасына ауа жылуын көрсететін термометр орнатылады. Әрбір төсектің жанында мейірбикені немесе кіші медициналық қызметкерлерді шақыру үшін тетік және радиокабылдағыш құлақшалары болады. Жиһаз палатаны жуып, тазалауға ыңғайлы болатындай етіп қойылады.Төсектер терезелері бар сыртқы қабырға бойымен көлденең қойылады. Науқастарды қарау, оларды аудару, іс-шараларды орындау женіл болуы ушін төсектер арасы 1 метрдей болуы қажет. Сондай-ақ, үш қозғалмалы бөліктен тұратын функционалдық тесектер болады. Төсектің жанындағы үстелде науқастың жеке заттары жатады. Бұл үстелдегі нәрселерді мейірбике анда-санда тексеріп, ал кіші мейірбике күнделікті сүртіп отырғаны жөн. Ауыр науқастар үшін төсектерінің жанында қозғалмалы үстелдер болады.
Елімізде тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау және өз үйлерінде емдеуге арналған көптеген емдік – сауықтыру мекемелер жүйесі құрылды. Емдеу мекемелері негізгі екі түрге бөлінеді: амбулаториялық және стационарлық типтегі мекемелер.
Мекемелердің амбулаториялық түріне жататыны:
Емхана
Амбулатория
Мед сан бөлім
Емдік пункттер
ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт)
Диспансер
Әйелдер консультациясы
Жедел жәрдем станциясы
Стационарлық типтік емдеу мекемелеріне жататыны:
Аурухана
Клиника
Госпиталь
Санатория мен курорттар
Мед сан бөлім
Хоспис
Амбулатория деп халыққа медициналық көмекті мекемеде де, науқастың үйінде де көрсететін медициналық мекемені айтамыз. Емханадан амбулаторияның айырмашылығы ондағы қызметкерлердің саны аз және жүргізілетін тексерудің көлемі аз. Амбулатория аудандық емханаларға қарасты болады. Амбулаториялық дәрігерлер ФАПтың жұмысын бақылайды. Амбулатория ауруларды емдейді, тексереді, алдын алу жұмыстарын жүргізеді, науқастарға үйінде де ем жүргізіледі. Амбулаториядағы фельдшер мен акушерка медбике дәрігерге қабылдау кезінде көмек көрсетеді.
Емхана деп өздігінен жұмыс жасайтын немесе аурухана қарамағында жұмыс істейтін емдеу және алдын алу мекемесін айтамыз. Емханада лабораториялық және диагностикалық кабинеттер бар. Емханада барлық мамандық бойынша дәрігерлік қабылдаулар жүргізіледі. Емханада лабораториялық, рентгенологиялық және функциональды тексеру тәсілдері орындалады. Егу бөлмелерінде емдік процедуралар жасалады. Емханаларда диспансерлік тізімге науқастарды алып, оларға сауықтыру шаралары өткізіледі. Емханада амбулаториялық карталармен жұмыс жүргізіледі. Олар тіркеу бөлімінде сақталады.
Диспансерлер бұл мекемелерде бірдей аурулармен (туберкулез, онкологиялық, тері-венерологиялық диспансерлер т.б.) ауыратын адамдар емделеді. Емдеу мен алдын алу жұмыстарынан басқа диспансерде патронаж жұмыстары да жүргізіледі.
Әйелдер консультациясы бұл гинекологиялық аурулар мен жүкті әйелдерді қадағалау мен емдеу жүргізетін емдеу және алдын алу мекемесі. Бұл мекемеде акушерка дәрігерге көмекші ретінде қызмет етеді. Жүкті әйелдерді патронаж жасап қадағалайды. Олармен ағарту жұмысын жүргізеді. Жаңа туылған нәрестені күту ережелерін және жеке бас гигиенасын үйретеді.
Жедел жәрдем станциясы бұл халыққа жедел түрде қажетті көмек көрсететін мекеме. Стационарда фельдшер бригада жұмысын басқаруы мүмкін. Ол науқасқа үйінде жедел түрде көмек көрсетеді. Кейде науқасты ауруханаға жеткізеді. Қиын жағдайларда арнаулы медициналық көмек көрсетуге тасымалдауға көмектеседі. Жедел жәрдем станциялары жолда жедел көмек және реанимация шараларын көрсету үшін арнаулы аспаптармен, көліктермен жабдықталады.
Аурухана кез келген уақытта емдеуді және күтімді талап ететін науқастарға арналған емдеу мекемесі. Аурухана қабылдау бөлімінен емдеу бөлімшелерінен және шаруашылық бөлімінен тұрады.
Госпиталь- әскери адамдар мен мүгедектерді емдеу үшін арналған мекеме.
Клиника – науқастарды емдеумен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарын және студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді оқыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме.
Санаторийлер мен курорттар (шипажай) климаты ыңғайлы минералды суы бар және емдік балшықтары бар жерлерге орналастырылады. Бұл жерлерде емдеу процедураларымен қатар түрлі физиопроцедуралар жүргізіледі.
Хоспис- ауыр жағдайдағы науқастарға медициналық-психологиялық паллиативты көмек көрсететін мекеме. Әсіресе онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар өмірінің соңғы күндерінде өмірін ұзартуға, өмір сапасын көтеруге көмек береді.
Ауруханадағы орта медицина қызметкерлердің көпшілігін мейірбикелер алады. Олардың негізгі бағыттары:
Емдеу диагностикалық жұмыс: дәрігерлік шолуға қатысу, дененің қызуын, қан қысымын өлшеу, ауыр науқастардың тамыр соғуын, сырқаттың жалпы күйін және ағзаның физиологиялық қызмет атқаруын, қажет болғанда дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету, дәрі тарату және оны қабылдауын қадағалау, лабораториялық зерттеуге арналған материалдарды алу, түрлі манипуляцияларды жасау мен дәрі құю.
Сырқат күтімі: киіндіріп шешіндіру, ішкі киімдерін ауыстыру, ауыз қуысын, терісін күту, ойылған жерлеріне алдын алу шараларын жүргізу, ауру науқастарды шомылдыру, тамақтандыру т.б.
Дайындық жұмысы: медициналық аспаптарды жуу және зарарсыздандыру, дәрі-дәрмектерді, жұмыс орнын дайындау.
Құжаттармен жұмыс: дәрігерлік белгілеулер қағазын жүргізу: лабораториялық аспаптармен зерттеуге, қан алу және кеңес беруге жолдама жазу, дәрігерлік шолуға дейін ауру тарихын дайындау, ауруханадан шығу қағазын толтырып беру.
Әрбір диспансер мейірбикесі сырқат есебін жүргізеді: алдын алу шаралардың дер кезінде жүргізілуін қадағалайды, сырқаттың дәрігер қабылдауына келуін ұйымдастырады, патронажды жұмыс атқарады, үйлерінде үнемі санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді.
Мейірбике барлық дәрігерлік тағайындауларды (оңқа, қыша қағазы, қыздыратын компресс, сүлік қою) орындайды.
Амбулаториялар мен емханалардың мейірбикелері жұмыс бөлмесін дайындайды, жұмыс үстелінің жағдайын тексереді, дәрігер қабылдауын бастамас бұрын 15 минут ерте келуі тиіс.
Қабылдау кезінде дәрігерге көмек: дәрігердің айтуымен рецепттер жазу, сырқатқа қанды, нәжісті, зәрді қалай жинап, қайда тапсыру керек екендігін және басқа зерттеулерді, дәріні қалай ішу керек екенін немесе ішек қарын т.б. рентгендік зерттеуге қалай дайындау керек екендігін түсіндіреді.
Диспансерлік есепте тұрған сырқат құжаттарын тәртіпке келтіру және олардың дәрігерге уақытылы келуін қадағалау.
Мейірбике үнемі цехтарда басқа да жұмыс істейтін жерлерде еңбек шарттарын және қауіпсіздік техникасын сақталуын бақылайды, өндірісте зақымдануды болдырмау үшін алдын алу жүргізеді. Дәрігерге дейінгі жәрдем көрсетеді, медициналық құжаттарды толтырады.
2.Емдеу сауықтыру ұйымдарындағы санитарлық - эпидемияға қарсы тәртіп
Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіп дегеніміз ауруханаішілік инфекцияның таралмауының алдын алуға бағытталған санитарлық алдын алу және эпидемияға қарсы іс шаралар жиынтығы. Емдеу сауықтыру мекемесінің санитарлық эпидемияға қарсы тәртібі оның бағытына қарай анықталады.
ЕПҰ-дағы мейірбике қызмет міндеттерінің ең негізгі бағыты санитарлы – эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету және орындау.
ЕПҰ санитарлық эпидемияға қарсы тәртіп оның профилімен қамтамасыз етіледі. Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіптің негізгі талаптары ҚР ДСМ инструкцияларымен, бұйрықтарымен қамтамасыз етіледі:
ҚР заңы «Тұрғындардың санитарлық эпидемиологиялық саулығы тура лы» 4. 12. 02. № 361. 11-30 к.
Сан Норма мен Ереже № 3.01.083.02. ұйымдардың және ана мен баланың ауруханалық қорғау ұйымдастыруы және құрамына талаптар.
Сан Норма мен Ереже № 8.01.013.03 от 31.01.03 ж. «Медициналық құрал-саймандардың залалсыздандыру және зарарсыздандыру сапасына санитарлық гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптары».
ҚР ДС бұйрығы № 661.26.10 ҚР «Вирусты гепатиттердің ауруханадағы алдын алу шаралары».
ҚР ДС Министрлігінің № 476.11.10.1999 ж бұйрығы «Аурухана ішіндегі инфекцияларға инфекциялық бақылауды ұйымдастыру».
ҚР ДС Министрлігінің № 462.17.09.97 ж бұйрығы «Бөртпе сүзек және Брилл ауруы ошағында эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және орындау».
ҚР ДС Министрлігінің № 49.19.01.04 ж бұйрығы ҚР «Қышыма ауруын анықтау және емдеу шараларын жетілдіру».
ҚР № 445.23.11.94 ж бұйрығы «ЖИТС ауруын алдын алу».
ҚР № 471. 18.05.01 ж бұйрығы «Туберкулезбен күресті күшейту шараларымен жағдайлар»
ҚР № 720.31. 07.78 ж бұйрығы «Іріңді хирургиялық аурулары бар науқастарға медициналық көмекті жақсарту және аурухана ішіндегі инфекциямен күрес іс шараларын күшейту».
№.528.15.10.1977ж бұйрық «Сіреспе ауруымен күрес шараларын жетілдіру».
ҚР № 148. 26. 05.1992 ж бұйрығы «Зарарсыздандыру ісінің алдын дамуының іс әрекеттері».
ҚР № 224. 3.11.05 ж бұйрығы «Залалсыздандыру ісін күшейту».
ҚР №533. 07.06.2008 ж бұйрығы «Медициналық қалдықтарды жинауға зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы жалпы ережелерді әрбір медицина қызметкерлері білуі тиіс.
Санитарлық - алдын алу іс шаралардың жиынтығын ұйымдастыру мен жүзеге асыру жауапкершілігі емдеу сауықтыру ұйымының бас дәрігеріне, бас мейірбикесіне және емдеу бөлімдерінің аға мейірбикелеріне жүктеледі.
Санитарлық эпидемиологиялық тәртіп шаралар жинағына кіреді:
Аурухана жайларының орналасуы, қалдықтарды жинау және санитарлық ережелерін орындау Сан Норма мен Ережелер бойынша жүргізіледі.
Инфекция ошағында (ауруханада) зарарсыздандыруды жүргізу.
Медициналық құрал-саймандарды залалсыздандыруды жүргізу.
Асептика және антисептика талаптарын орындалуын қатаң сақтау және бақылау.
Аурухана қала жанындағы аймақта орналасуы қажет. Темір жол мен автокөлік жолдарынан тыс жерде болуы керек. Аурухана территориясы көгертілген және жақсы жабдықталған болуы қажет. Қоқысты және тұрмыстық қалдықтарды шығару күнделікті жасау міндетті. Оларды арнайы бөлінген жерде жинап отырады.
Тері-мерез ауруханасы, онкологиялық, хирургиялық соның ішінде акушер гинекологиялық бөлімшелерде қалдықтарды жабық ыдыста шығарылып, арнайы бөлінген жерлерде жағылып, жойылуы керек.
Науқастар палатасында, дәрігерлер бөлмесінде, егу бөлмесінде, таңу бөлмесінде, операция жасайтын бөлмеде, әйелдердің босану бөлмесінде, мейірбике постында, нәрестелер палатасында қол жуғыш болуы керек. Онда барлық уақытта ыстық, жылы су болуы қажет. Палаталарда әр кереуеттің жанында тумбочкалар, орындықтар болу керек. Бөлме ылғалдылығы 55-60% болуы міндетті. Терезе форточкалары арқылы күнде желдету жасалып тұру керек. Күн сәулесі науқас бетіне тіке түспеу керек, науқасқа ыңғайлы болуы қажет. Палатада қысқы уақытта t 20˚С төмен болмауы керек, ал жазда t 23-24˚С аспауы қажет. Палаталардың санитарлық жағдайын мейірбике қадағалайды. Палатаны ылғалды жинау күніне 2 реттен кем өткізбеу керек. Ол кезде жуу ерітінділерін және зарарсыздандыру ерітінділерін қолданып отыру керек.
Аурухана жайларында құрт құмырсқалар пайда болған жағдайда олар жойылады. Оны дезинсекция деп атаймыз. Кеміргіштерді жоюды дератизация деп атаймыз. Сонымен ауруханадағы жайларда қажет санитарлық жағдайды сақтау медицина қызметкерлермен, науқастардың жеке басының тазалығын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.