- •Беті, лор-мүшелері мен мойны жарақаттанғандарға медициналық эвакуация кезеңдерінде медициналық көмек ұйымдастыру.
- •4.1. Алғашқы медициналық көмек.
- •4.2. Дәрігерге дейінгі көмек.
- •4.3. Алғашқы дәрігерлік көмек.
- •4.4. Квалификациялы(білікті) хирургиялық көмек.
- •4.5. Арнайы хирургиялық көмек.
- •5 Тарау
- •5.1. Жақ сынықтарының уақытша иммобилизациялау әдістері.
- •5.2. От жарақатынан кейінгі жақ сынықтарының тұрақты (емдік) иммобилизациясының консервативті әдістері.
- •5.3. Жақтың отжарақаты сынықтарын оперативті бекіту әдістері. (остеосинтез).
- •5.3.1. Жоғарғы жақ остеосинтезі.
- •5.3.2. Жоғарғы жақты бассүйектің зақымдалмаған сүйектеріне бекіту (Адамс әдісі).
- •5.3.3 Жоғарғы жақты ғаныш қалпақшасы, тістік шендеуіштер және байламдар арқылы репозициялау және бекіту (Дингман әдісі)
- •5.3.4 Киршнер біздері арқылы иммобилизациялау.
- •5.3.5 Сынықтарды сүйекүсті металлды шағын табақшалар және бұранда шегемен бекіту.
- •5.3.5 Сынықтарды сүйек тігісі арқылы ажырату.
- •5.3.6 Төменгі жақ остеосинтезі
- •5.3.8. Сынықтарды сүйекті тігіспен бекіту
- •5.3.9. Металл шағын пластинкалар мен бұранда шеге көмегімен иммобилизациялау
- •5.3.10. Сынықтарды металл қапсырма арқылы алдын ала берілген қасиеттері бойынша бекіту.
- •5.3.11 Ауыз сыртылық аппараттардың жiктелуi
- •5.3.12. Сүйек сынықтарын статикалық аппараттар арқылы бекіту.
- •5.3.13 Компрессиялық-дистракциялық аппараттар көмегiмен остеосинтездеу
- •5.4. Төменгi жақ оқ жарақаттарын хирургиялық өңдеу.
- •5.5. Жоғары жақтың оқжарақатын хирургиялық өңдеу.
- •5.6. Реперативті регенерацияны дәрі-дәрмекпен коррекциясы
- •5.6.1. Жақтың репаративті процесін оптимизациялау
5.3.3 Жоғарғы жақты ғаныш қалпақшасы, тістік шендеуіштер және байламдар арқылы репозициялау және бекіту (Дингман әдісі)
Дингман әдісінің маңыздылығы – жоғарғы жақтың түсіп қалған фрагментін ғанышты қалпақшаға сым доға, сым (немесе пластмассалы) лигатуралар және тіс үсті тегіс шендеуіш – қапсырма арқылы бекітеді (5.13сур.).
Практика көрсеткендей, ғаныш қалпақшаны дайындау қиындық тудырады. Оның дайындау техникасы: науқасты бөлменің ортасына қарай орындыққа отырғызады, еденге бірнеше төсемдерді жаяды. Диаметрі 6-7мм темір сымды доға тәрізді майыстырып, науқастың басына кигізіп көреді. Доға жазықтығында және науқастың маңдайынан 6-8см төмен, ал оның ұшы самайға кішкене жанасып, құлақ қалқанының үстінде орналасуы керек.
5.13-сур.
Ғанышты қалпақша, лигатуралар және
тісүсті шендеуіштер көмегімен жоғарғы
жақты Дингман бойынша иммобилизациялау.
Сым доғаның айналуынан сақтау үшін оның ұштарын 180 градусқа бұрып,өрім жасайды.
Науқастың бетінің жартысы жабық болу үшін 4 қабатты дәке бөліктерін конус тәрізді етіп орап, науқастың басына кигізеді. Қалыңдығы 2см мақтаны жолақ қылып маңдайына қояды, ал құлақ қалқанына мақта жгуттарды қояды. Ғаныш таңғыштарды қойғаннан кейін ойылу пайда болмау үшін ыстық суға 4-5 ғаныш бинттерді малады. 2 бинттен айналмалы таңғыш қояды, бинттің турлары шүйде төмпесінен, қастан, құлақ қалқандарынан төмен орналасуын қадағалайды. 6-8см қашықтықта маңдайдан бұл таңғышқа сым доғаны жазық қылып орналастырады және ғаныш таңғышты орайды. Бинттер біткен соң бетке түскен дәкені жоғары көтеріп, ал төбеге шығып кеткен жағын төмен түсіреді. Сулы дәкені ғаныш таңғышқа орналастырып,ғанышпен бекітеді. Бұл әдіс науқастың көзіне таңғыш гипстің түсіп кетуін болдырмайды. Ғаныш таңғыш қатаяды және 24 сағат ішінде кебеді. Бұл уақыт аралығында науқас оның үстіне жатпауы керек, өйткені бұл аралықта ол оңай өзгеріске ұшырап,жарамсыз болып қалуы мүмкін.
Қалпақшаны орнатқаннан кейін немесе орнатпас бұрын тегіс шендеуіш-қапсырма майысуы және жоғарғы жақ тістерге бекітуі мүмкін.
4|4 және 66 проекциялы ұрт қалыңдығына лигатураларды орналастыру үшін анестетик ерітіндісін еңгізеді. Иненің қалың енімен шендеуіш-қапсырмаға және тістерге қарай ауыз қуысының сыртқы тінінен теседі. Оның нүктесінен диаметрі 0,5-0,6мм тат баспайтын темір сым (пластмасса) лигатураны өткізеді. Инені алып тастап, ал сым ұшын шендеуішке бекітеді. Бұл операцияны әрбір көрсетілген тістің әрқайсысының аймағына жасайды. Сыртқы лигатура ұштарын өрім қылып жасайды, оларға 3-4 резеңке сақина қояды. 4 S-тәрізді ілмек қылып майыстырады. Әр ілмектің 1 ұшын резеңке сақинаға кіргізеді, ал басқа жағын доғаға кигізеді(5.14-сур).
5.14-сур. Дингман бойынша иммобилизация.
Жоғарғы жақ сынығы. А-науқастың сыртқы
түрі. Б-ауыз кіре берісі.
Ілмектерді доға ішінде ауыстырып, резеңке тартылысын өзгерте отыра, жоғарғы жақтың сынған кескінін дұрыс бағытқа орналастырады. Сүйек баспалдақтарының сынық аймағында биіктігінің жоқ болуы немесе аз ғана кішіреюі және тістемнің қалпына келуі, сонымен қатар мұрыннан ликвореяның тоқтауы (егер болса) сынықтар жағдайының репозициясын көрсетеді.
Сынықтың қозғалтқыш деңгейін тексеру үшін 2-3аптадан кейін ілмектерін ажыратуын және бекітуін жалғастыру қажеттілігі туралы сұрақтарын шешу керек.
